Р/с Тақырыптар Са ғат саны Мерзі мі Ескерту


Эссе жазуда ұстанатын қадамдар



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата29.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#166727
1   2   3   4   5
Байланысты:
эссе ктж

Эссе жазуда ұстанатын қадамдар:
1. Контексті анықтау.
Бұл эссенің көлемі, бірінші парағының үлгісі, т.б. Қандай талаптар қойылса да, 
оларды 
сақтау 
керек. 
Ең 
бастысы 

эссенің 
негізгі 
ойы.
2. Тақырыпты таңдау.
Берілген тақырыптың біз үшін маңызды, қызықтысын таңдауға қажет. Сонда эссе 
жазу қиынға соқпайды. Негізгі тезисті анықтап аламыз, бірақ ол тым күрделі болмау керек. 
Қажет болған кезде ойды жалғастыруға болады. Тезис – бұл эсседе бір нәрсені дәлелдеуге 
немесе түсіндіруге тырысу, мысалы «Менің отаным – гүлденген Қазақстан». Тезистің 
көлемі бір сөйлемнен артық болмау, эсседегі айтатын ойды сиғызу қажет.
3. Ақпаратты жинақтау.
Тезисті дәлелдемелермен толықтыру үшін, ақпарат қажет. Өзіміз білетін, оқыған 
ақпарттарды еске түсіру. Фактілер қай жерден басталатынын байқау. Көзқарасты жоққа 
шығаратын пікірлер мен фактілерге назар салмау. Жақсы эссе жазушы өз тезисі үшін 
дәлелдерді таба алады.
4 . Эссені жоспарлау.
Басты ойды фактілермен дәлелдеуге уақыт келді. Жинаған барлық ақпаратты мұқият 
оқып алу. Басты принциптер мен байқауларды көріп тұрсыз ба? Жазу барысында қандай 
тәртіпті сақтауды ойластыру. Эссе құрылымын жинақтау үшін, қысқаша жоспар құрастыру, 
параграфтарға 
атау 
ойлау.
5. Алдымен негізгі бөлімді жазу.
Мәтін тезисін бекітуге көмектесетін басты үш ой анықтау. Әрбір көзқарас мысал және 
дәлелдермен бекітілуі тиіс. Қысқаша эсседе әрбір абзац бір ойдың мән-жайын баяндайды. 
Көлемді эсседе көзқарасты негіздеу үшін бір бет қажет болады. Жоспарды сақтау
сөйлемдерді логикалық тәртіпке келтіру. Барлық негізгі идеяларды жазып болғасын
барлық үзінділерді байланыстыратын сөйлемдермен жазу.
6. Қорытынды жазу. 
Негізгі идеяларды жинақтау, оқырманға қай бағдарда оқып, оларды дамыту керегін 
ұсыныс 
жасау. 
Тезистен 
қандай 
қорытынды 
шығаруға 
болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет