Русский язык


Тақырып бойынша сөздік қорын байыту: Сөздердің мағыналық топтары. Сөздердің стилистикалық реңктері



бет76/154
Дата12.10.2020
өлшемі1,63 Mb.
#66868
түріПояснительная записка
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   154

Тақырып бойынша сөздік қорын байыту: Сөздердің мағыналық топтары. Сөздердің стилистикалық реңктері.

Грамматикалық материал: Құрылымдардың синонимдерін (1 ойды жеткізуге арналған сөйлемдер тобын) белсендіру; сөйлемдердің стилистикалық реңктері. Шылау, оның түрлері.

Орфографиялық және пунктуациялық материал: Үндестік заңының жазылу мен айтылудағы көрінісі. Тыныс белгілері. Төл сөз бен төлеу сөз.


Бақылау жұмысы: Диктант (1сағат).

Күтілетін нәтижелер: Жазбаша монологтық сөйлесім (көлемі 200-250 сөз, 6-7 тақырыпшадан тұрады), сипаттау және хабарлама элементтері арқылы пайымдау, пайымдау және хабарлама элементтері арқылы сипаттау.

Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі. Енбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің қалыптасуы, қоғамдағы өз орнын табу, әртүрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білу; өзін-өзі қалыптастыруға, дамытуға талпыну.

Бағалау параметрлері:

Тақырып бойынша отбасы бюджеті, оны құра білу, Қазақстандағы нарықтық экономиканың дамуы, Қазақстандағы туризмнің дамуы, туристік нысандар, сауда өнімдері, Қазақстан банктері, олардың қызметі, Ұлттық банк, ұлттық теңге туралы түсініктерінің болуы.

Алған білімдерін нақты өмірлік жағдаяттарда қолдана білу:


  1. Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:

- экономика мәселесіне байланысты өтілген тақырыптарды баяндау, мақұлдау;

- алған мәліметтерге өз көзқарасын білдіру, дәлелдеу, оларды талқылау барысында өз қабылдауы бойынша баға беру.

1.1. Монологтық сөйлесім бойынша:

- жағдаяттарды немесе оқиғаларды рет-ретімен өз көзқарасы бойынша сипаттау;

1.2. Диалогтық сөйлесім түрінде:

- тілдік жағдаяттарға тән этикеттік орамдарды орынды пайдаланып, сөйлеу мәдениетінің нормаларын сақтай отырып, меңгерген лексикалық тақырыптар аясында әңгімелесушімен еркін сұхбаттаса алу,

- әңгімеге негіз болған ой төңірегінде өз пікірін білдіріп, өз көзқарасын дәлелдеу.

1.3. Мына салалар бойынша тілдің дұрыс қолданылуы:

а) лексика;

ә) грамматика;

б) орфоэпиялық дағдылардың сақталуы.

1.4. Жазбаша түрде:

- тақырыптар мен тақырыпшалар арасындағы нақты жағдайларды сипаттау;

- лексикалық тақырыптар арқылы қалыптасқан экономикалық түсініктері бойынша шағын эссе жазу және қысқаша баяндама жасау;



Оқушы:

- әртүрлі тақырыптар бойынша образды сөздерді қолданып, ғаламдық мәселелерге баға бере отырып, өзгеше ой айта алуы;

- тақырыпқа сай алуан түрлі мәтіндерді басқа ел шығармаларымен салыстыра отырып, түрлі жаңалықтардың өзектілігіне талдау жасай алуы;

- грамматикалық, синтаксистік, стилистикалық нормаларға сәйкес және оларды тілді қолдану үдерісінде пайдалана білуі тиіс.


8-модуль. Қоғамдағы әлеуметтік мәселелер (8 сағат)

Отбасының қоғамда алатын орны.

ҚР-ның «Неке және отбасы» туралы Заңы. Отбасына байланысты ұлттық салт-дәстүрлер. Отбасының қоғамда алатын орны. Қазақстан Республикасында отбасын әлеуметтік қорғау. Қазақстандағы демографиялық жағдай. «Бала – адамның бауыр еті». Көп балалы отбасы. Қаладағы және ауылдағы тұрғын үй құрылысы. Тұрғын үй дизайны.



Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   154




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет