С. Б. Темралиева (қолы ) (аты-жөні)


Бағалы балықтарды қолдан өсіру



бет7/13
Дата25.08.2017
өлшемі1,87 Mb.
#26665
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

2.3 Бағалы балықтарды қолдан өсіру:

Балықтар табиғи көбею кезінде шығыны көп болуынан мысалы сазанның (карп) 1 млн. дана дейін уылдырығынан 0,01% ересек сазанға жетуі мүмкін. Бұған көп жағдайда уылдырықтың ұрықтанбай қалуы, сапалы субстраттың табылмауы, су деңгейінің ауытқуы, температураның ауытқуы, су тазалығы, жыртқыш икра жегіштер т.б.

Балықты қолдан ұрықтандыру тарихы ХІХ ғ. Батыс Европадан бастау алған. Ресейде балықты ұрықтандырып өсіру тәсілі100 ж. астам тарихы бар. Осы қолдан ұрықтандырудың «орыстың құрғақ тәсілі» деп аталып кеткен тәсілді В.П. Врасский бастап өндіріске қосқан. Пісіп жетілген уылдырық суда ұрықтанғанда спермалар су қысымы, ағыны т.б. әсерден уылдырықтарды ұрықтандыра алмай қалуы басым болған, сондықтан түсімі онша болмаған. Врасский уылдырықты ауада оның үстіне аталық сүтін құйып еппен араластырып алып, үстіне су құйып әрі қарай уылдырықты ұрықтандыратын болған. Осыдан кейін астына су ағыны жасалған арнаулы аппаратқа (карптар үшін апарат Вейса) салып мамандардың бақылауында уылдырықтан дернәсілше шыққанға дейін (карпке +20º С судың жылуында 3 тәулік) болады. Одан соң эндогендік (уызын) қорегін алуы үшін арнаулы садокке 2-3 тәулік ұстап, одан соң арнаулы шабақ өсіретін тоғандарға жібереді.


  • одан, ірі шабақ өсіру тоғанына (1,5);

  • қысқы, шабақ қыстау тоғанына (3 м);

  • көктемде, нагуль-жайылым тоғанына;

  • күзде товарды магазинге; керегін

  • тұқымдық тоғандарына салады

уылдырықтан-товарлы балық алған шаруашылықты толық жүйелі шаруашылық деп атаған.

Осындай тоған шаруашылғының бірі-Орал тоған шаруашылғы 1965-1995 ж.ж. 30 жыл ішінде Орал қаласы мыңдаған тонна тірі балықтар: карп, ақ дөңмаңдай, ақамур т.б. балықтарын берген.



  • толық жүйелі тоған шаруашылғынан басқа

  • уылдырық шашып-шабақ өсіру (Нерество-выростные хоз-во НВХ) –УШӨ болды. Бұл тек бір жазғы маусымда, яғни маусымдық шаруашылық . Толық жүйелі шаруашылық-2 ж. немесе – 3 жылдық болып саналынады.

  • Үшінші түрі, тек уылдырықтан қолдан ұрықтандыру цех рыбцех, инкубациялық цех пен айналысатын шаруашылық. Бұл дернәсілді дайындайтын балық цех, немесе балық комбинаты.

НВХ – бір жазғы шабақты дайындайтын шаруашылық.

2.4.Бағалы кәсіби балықтарды жерсіндіру

60-шы жылдары ХХ ғ. азық-түлік мәселесі күн тәртібінде болды. Сол кезде балық аулау, тоған шаруашылығы, бағалы кәсіби балықтарды жерсіндіріп, тез өнім алу үшін үлкен күрес басталды. Осы азық-түлік программасының бір мәселесі жаңадан тың тыңайған жерлерге егістікті молайту, мал басын тез көбейту т.б. қалай дегенде де сол кездегі 180 млн. кеңістік адамдары азық-түлік пен қамтамасыз ету мәселесі өте қатаң тұрды.

Қазақстанда өндірістік жерсіндіру бекеті (ҚазӨЖБ) немесе Казахстанская Прооизводственно-акклиматизационная станция-КазПАС.

Орал тоған шаруашылығы (ОТШ) бастап іске қосылған жыл 1965, ал КАЗПАС 1950 ж. өмірге келді. (Рыбы Казахстана т.1 стр. 12) яғни 60 жыл ішінде 65 балық түрлерін жерсіндірілуге жіберілген. Бұның 32 түрі республикамызға жаңа әкелгендер. Осылардың 14 түрі Республика су қоймаларында жерсінгендер. 1969-1970 ж. Өзбекстаннан әкелінген өсімдік қоректі Қытайлық балықтар; ақамур, ақ және сұр дөңмаңдай балықтар дернәсілдерінен өсірілген шабақша , екі жаздық шабақтарынан Орал өзеніне жіберілген. (15000,10000) екі мәрте, жерсінгенін 1998 ж. бастап білдік. 2001 ж. бастап ақдөңмаңдай жөнінде материалдар жинадық. Жіберген үш түрлі өсімдікқоректі балықтардың ақдөңмаңдайы жерсінген белгісін айқын көрсетіп келеді. Бұл еті дәмді де майлы тез өсетін балық. Ол 30 кг дейін өсе алады. Қоректігінен ешбір Жайық өзені балығына бақталас емес.



2.Дәрістің мақсаты:

Омыртқалылар зоологиясындағы жануарлардың көпшілік өкілі және әлемде кеңінен тараған балықтардың табиғатта және адам өміріндегі маңызы зор. Балықтардың осы ерекшеліктерін табиғат пен әлеуметтік жағдайымызбен байланыстыра отырып түсіндіру, студенттердің көзін жеткізу. ­­Өлкелік бағалы отырып түсіндіру, студенттердің көзін жеткізу. Өлкелік бағалы балықтар, қоры, аулануы, оларды пайдалану деңгейіміз.

Балық байлығын сақтауға, қорғауға, жерсінгендерін мысалы: ақдөңмаңдай бағасы, кәсіби байлығын жайық арнасына толықтай жерсініп, ихтиофаунамызға еніп, ұрпақ қазынасына қосылуы туралы түсінік беру.

Өлкеміздің табиғи және тарихи аса бағасы бекіретектес балықтар Отаны-Жайық өзені, оның төменгі ағысы ғасырлар бойы әлемге әйгілі болып келген. Осындай жеріміздің, еліміздің атағын шығарып келген бекіретектестердің соңғы жылдары экологиялық жағы да, популяциядағы үйірлік қоры азайып баражатырғандарға ұқсайды. Осындай бағалы қазынамызды сақтау-ұрпақтарға, атсалысып қорғау мен тұрақты дамуға жету мақсат.



3.Дәрістің мазмұны:

Тақырып бойынша қаралған сұрақтардың бәріне тоқталып, осы заманғы талапқа сай дәлелдеуге тырыстық. Табиғатта түрлердің ұзақ не қысқа өмірде болуы: біріншіден табиғат құбылысы мен байланысты болса, екінші әрбір түрдің табиғат ортасына бейімделу қаблеттілігінен болатыны белгілі.

Қалай дегенде де табиғатқа бейімділігінің технологиясын бағалы жануарлардан үйрене ртырып оларды қолға үйрету, қолдан өсірудің үлкен болашағы бар. Осыдан келіп бекіретектестерді қолдан өсіру мәселесіне кіріскеніміз-бүгінгі таңның талабы.

Бар мақсат балықтар әлемін тиімді пайдалану.



4.Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Балықтың бағалы азық-түлік ретінде әлемдік халықтар күнделікті тұрмысында пайдалануы қандай пайыздық деңгейін айтар едіңіз?

2. Балықты аралдық адамдар ғана емес, өзен, көлі су қоймасы аз, шөл-шөлейт кеңістігінде мекендеген адамдарға дейін пайдаланғысы келеді, неге?

3. Балық аулаудың қандай түрі көбінесе дамыған?

4. Барлық әлемдік балық аулаудағы теңіздік балықтары қанша? Түрлерін атаңыз.

5. Өзен, көл, ішкі су қоймаларынан ауланатын балықтардың пайыздық көлемі? Балықтардың түрлерін атаңыз?

6. Бағалы балықтар және кәсіптік балықтар деп бөлуіміз неге? Мысал келтіріңіз.

7. Жалпы Қазақстан бойынша және Батыс Қазақстан облысы бойынша балықтардың қанша түрлерін неше отряд өкілдерін айтуға болады?

8. Балық етінде балаларға қажетті бағалы қандай дәрумен бар? және қандай емдік қасиеті бар?

9. Балықтарды қолдан өсіруді қандай шаруашылық деп атайды? Олардың түрлерін атаңыз: толық жүйелі, жартылай жүйелі, шаруашылықтар дегеніміз не?

10. Бағалы, кәсіби балықтарды жерсіндіру деген не? Батыс Қазақстан облысындағы жерсінген балық бар ма?

11. Қазақстанда ҚазӨЖБ бойынша 1929-1989 ж.ж. арасында (60 жыл ішінде) қанша түрлі балықтарды су қоймаларына жерсінуге жіберілген, оның қаншасы республикаға, жаңа басқа жақтан әкелінгендер?

12. Қазақстан териториясы бойынша басқа жерлерден әкелінген балықтардың қанша түрлері толық жерсініп болған?

6. Әдебиеттер

1.В.М.Константинов и.др. Зоология позвоночных. М.,2000. с.104-109.

2.С.П.Наумов. Зоология позвоночных. М. «Просвещение». 1982. 105-111.

3. Г.М.Духравец., В.П.Митрофонов. история акклиматизация рыб в Казахстане. В кн.: «Рыбы Казахстана». т. 5. с.6-44. Алма-Ата. «Ғылым», 1992.

4. В.А.Мельников. Подсемейство толстолобиков подобные. В кн.: «Рыбы Казахстана» т.5. с.198-221. Алма-Ата. «Ғылым»,1992.

6 Дәріс



1.Тақырыбы: Сүйекті балықтардың шығу тегі мен эволюциясы

2.Мақсаты:

3. Сұрақтар: 3.1.Бастапқы жақсыз қалқаншалылар

3.2. Алғашқы жақауыздылар

3.3. Ерте қалыптасқан сүйекті балықтардың екі тобы

4. Мазмұны:

5. өзін-өзі тексеретін сұрақтар

6. Әдебиеттер

2. Дәрістің мақсаты: Омыртқалылардың ең үлкен де, кең таралған Балықтар класс үсті (жақтылар) балықтәрізділер (жақсыздар) жалпы төменгі сатыдағы бассүйектілер филогениясы мен эволюциясы осыдан 490-250 млн. жылдар арасында қалыптаспаған жағдайда осы заманғы омытқалылар тағдыры не болары белгісіз болған болар еді. Сондықтан төменгі сатыдағы бассүйектілер жалпы омыртқалылар әлемінің ертедегі тарихының басын бастап, бүгінгі тағдырлас болып келген жылықандыларды қалыптастырғаны жағынан өте маңызды эволюциялық шешімге келгенін студенттердің білуі-дәріс мақсаты болмақ. Бұл бірінші мақсат сонда, төменгі сатыдағы бассүйектілердің тарихынсыз, осы заманғы жоғарғы сатыдағы бассүйектілердің, омыртқалылардың тарихы бүгінгі таңдағыдай болып қалыптасуы мүмкін болмас еді. Осы мүмкіндікті сатылы түсінер болсақ, адамның тарихының эволюциялық бастамасы осы жалпы омыртқалылардың даму эволюциялық желісінде жатқанына көз жеткізу.

3.1. Бастапқы (алғашқы) жақсыз қалқаншалылардың пайда болуы

Осы заманғы бассүйектілер (омыртқалылар) жануарлар ішінде неғұрлым қарапайымдылары дөңгелекауыздылар екені белгілі. Палеонтологиялық материалдар айтылған пікірге жауап бере алмайды да, жанама жауапты жалпы омыртқалылардың шығу тегінен қарастырамыз.Палеонтолоогиялық жылнама сүйенсек, онда сол ерте заманның су қоймаларыындағы (ордовик, силур, девон мұхитары) организмдердің сүйекті қаңқасы пайда бола бастағаннан соң, олардың қалдықтары жер қабаттарында сақталуына мүмкіндік болғаннан кейін, жинақтала бастаған.

Нағыз ертедегі қарапайым омыртқалыларды біріктіретін класс үсті Жақсыздар, олар Қалқаншалылар айдармен белгілі.

Олардың мықты дамыған сыртқы қаңқасы болды:


  • тұла бойын түгел жапқан, немесе

  • ірі сүйекті платиндерден тұратын, немесе

  • ұсақ сүйекті платиндерден тұратын, немесе

  • осы айтылған жабындылардың бәрі қатысып, қалқаншалы тұлға қалыптасқан. Осындай қалқаншалы балықтірізділер су түбіне мекендеп, ауыртқандай баяу қозғалысқа бейімделген. Бұлардың кейбірі денесінде ұсақ қабыршақтылардың болуынан және ұршықтәріздес пішініне орай тез қозғалатындықтан су қабатында тіршілікке бейімделген.

Сонымен, қалқаншалылар сол кезде жете дамып, көптүрлілікке жеткен: сүйекті қалқанды, әртүрлі қалқанды, қалқансыз және басқалары болып топтасқан. Осы қалқаншалылардың бірінші суреттелмек материалы-ордовик дәуіріне жатады. Бұлардың гүлденуі силур-девон дәуірінде болған. Девонның соңына таман құрып. Жақтылар мен конкуренттік жағдайлардан бірқатары құрып біткен. Десекте, осы заманғы жақсыздар карбон дәуірінде қалыптасы, ата-тегі сол девондағы қалқаншалардан басталған деген болжам бар. Осы заманғы жақсыздардың ертедегі қалқаншалармен кейбір мүшелерінің ұқсастықтары: жақтары жоқ, жұп қанаттары жоқ, ауызы сорғыш, екі жарты сақина құлақ капсулында ішкі қаңқасы шеміршекті (хорда), эндодермальді желбезегі, дара тануы.

Жақсыздар жалпы жануарлар эволюция линиясында барынша мамандалған омыртқалылардың қарапайым тобы болып қала берген.

3.2. Силурдың аяғына таман түрлі қалқаншалылардан Жақтылар қалыптасты деген пікір бар. Бұл Жақауыздылар осы заманғы жоғарғы ұйымдасқан омыртқалылардың ата тегін берген. Осы заманғы сүйекті балықтардың тікелей ата-тегі әлі табыла қойған жоқ. Бірақта жоғарғы силурдан табылған қазба қабыршақ қалдықтарын айтуға болады.

Девонның соңына таман алғашқы акула деп аталатын акула қалдығы табылған. Осы заман акуласы қалдығы силурдың соңына, девонның бастапқы деңгейінен белгілі.

Бүтінбастылар карбонның басынан белгілі болған.

3.3. Сүйекті балықтардың ертеректе екі тобы қалыптасқан: Сәулеқанаттылар класс тармағы және қалақшақанаттылар.

Ертедегі сәулеқанаттыларға Палеонисцидтер жатады. Оның ұқсастығы сыртқы сүйекті жабындысы, гетероцеркальды құйрығы, ростумы гонойдты қабыршағы т.б. бар. Осы белгілерінен палеонистидтерді осы заманғы бекіретектес балықтардың ататегі болуы мүмкін дей аламыз.

Осы заманғы қыстанақты балықтар ата тегі мезозой заманынан белгілі. Олардың эволюциясы тез және көптүрлі болып жүрген (өткен). Қазіргі кезде нағыз гүлденген балықтар тобы (сурет 65-66)

Қалақшақанаттылар (Sarcopterygii) екі отрядүсті: Саусаққанатты (Crossopterygii) және Қосқанаттылар (Dipnoi) Бұлардың ата тектері сөзсіз бір-біріне жақын тұрған балықтар. Екеуіде төменгі девонда қалыптасып, жоғарғы девонда, таскөмір кезеңдерінде гүлденген деңгейге жеткен. Қосқанаттылар қоректенуінің түрі мен пассивті сипатына, сутүбі омыртқасыздарға қарайлап активті жүзбегендіктен қанаттарының дамуы әлсіреген де, баяу және аз қозғалу ырғағына түскен. Осы қасиеттерін осы заманғы кейбір топтарынан жақсы байқаймыз.

Саусаққанаттылар ертеден жыртқыштық қасиеті басым болатын. Осы заманда сол тез қаблеттілігін, жыртқыштығын шыңдай түскен.Саусаққанаттылардың өте маңызы жағы-жер беті омыртқалы жануарларына пансырлы амфибиге (Stegocephalia) жақын балықтар әлемінің өкілі ретінде қымбат.

Сүйекті балықтар тұщы су қоймаларына пайда болып, соңынан әлемдік мұхиттарға тез тараған.

4.Дәріс мазмұны:

Қарастырылған тақырыпшаларға тоқтала отырып бүкілсалқын қандылар: дөңгелекауыз, балықтар әлемінің эволюциялық дамудағы күрделенуін сатылып, жердің геологиялық жылнамасына сүене отырып түсіндіру. Студенттерге ой салу, тіршіліктегі өткен ұзақ дәуірлер, кезеңдерде тірі организмдер өз ұрпақтарын қорғап қалу үшін биосфера заңын бейімделе өзгеріп, отырғанын ұғындыру Жер бетіне судағы балықтан-саусаққанаттылардан жаңа төртаяқтылар тегі-Стегоцифалалар, панцырлы амфибиялардың бастау алуы. Олардан жер беті қосмекенді, бауырмен жорғалаушылар, құстар, сүтқректілерідің пайда болуы құрсаққа кең таралуынан осы заманғы биологиялық алуантүрлілікке келуін ұғындыру. Сондықтан жануарлардың биокөртүрлілігін сақтай отырып, біз адамзат биосфераға бәрәмәзге ортақ тағдырлас табиғат кеңістігін, яғни биосфераны ұрпақтан-ұрпаққа сақтай білуге түсінік беру.



5.Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1.Сүйекті балықтар әлемдегі өте кең таралған омыртқалылар, сонда бұлар жердің геологиялық жылнамасының қанша млн. жылдар арасында қалыптасқандар?

2.Бүкіл әлемдік омыртқалылар эволюциясы басында қандай сатыдағы омыртқалылар тұр? Олардың су ортасында мықты бейімделуінің нәтижесінен қандай пікір айтар едіңіз.

3.Бассүйектілердің тарихының құндылығының себебі неде?

4.Палеонтологиялық материалдардан тікелей жауап аз да, ал жанама жауаптар көбірек болуы неліктен?

5.Нағыз ертедегі қарапайым омыртқалыларды біріктіретін класс үстін атаңыз? Оларды қалай атаған? Оның маңызы; қандай түрлері болған?

6.Қалқаншалылар дегеніміз не? Қай кезеңде қалыптасқандар?

7.Жақсыздармен жақтылардың конкуренттік кезеңдері болды ма? Нәтижесінде кімдер ұтылуы, кімдер ұтты?

8.Ертедегі жақсыздардың осы заманғы жақсыздарға ұқсастығы?

9.Жақтылардың қалыптасу кезеңі?

10.Осы заманғы сүйекті балықтардың тікелей ата-тегі табылды ма?

11.Алғашқы акула қалдығы табылды ма? Осы заманғы акула қалдығы қай мезгілден белгілі?

12.Бүтінбастылар қай кезеңнен белгілі болған?

13.Сүйекті балықтардың ертедегі екі тобы қалыптасқан, олар кімдер?

14.Ертедегі сәулеқанаттыларға қазбадан табылған қандай перм кезеңінің басының аталуын атаңыз?

15.Осы заманғы қылтанақты балықтар ата-тегі қай кезеңнен басталады?

16.Пансерлы амфибия дегеніміз кім? Оның Саусақ қанатты балыққа қандай қатысы бар?

Әдебиеттер:

1.В.М.Константинов и др. Зоология позвоночных М.,2000 стр.112-132

2.С.П.Наумов Зоология позвоночных М., 1982 стр.111-116

3.Г.В.Никольский Экология рыб. М., 1971 стр.7-9

4.К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов Омыртқалылар зоологиясы Алматы «Қазақ университеті», Алматы – 2007, 5-15 б.

7 Дәріс



1.Тақырыбы: Класс үсті III. Жер беті төртаяқты жануарлары (Tetrapoda).Класс Қосмекенділер (Amphibia)

2.Мақсаты:

3.Мазмұны: (Қарастырылатын сұрақтар):

3.1 Жануарлардың су ортасынан құрлыққа шығуы, төрт аяқтылардың пайда болуы (суреттер – 81,83)

3.2.Қосмекенділер класы ерекшелігіне жалпы сипаттама

3.3.Осы заманғы систематикалық жүйесіне қысқаша шолу

3.4.Биологиясына қысқаша шолу.Неотения

3.5.Қосмекенділердің маңызы және қорғау



4.Өзін-өзі қайталау сұрақтары

5.Әдебиеттер

2.Дәріс мақсаты:

Тірі организмнің негізгі қасиетінің бірі-өзі келген табиғат ортасына мейілінше бейімделу (өзгенгіштік заңына сәйкестік), екіншіден, келген табиғат ортасына тұқым қуалай отырып ұрпақ қалдыру, үшіншіден, сұрыптала отырып қауымдас ұрпақ шекарасын, табиғат ортаңды кеңейте түсу, таралу кеңістігін арттыру, үлкейту болып табылады.

Қосмекенділер осы тірішілік теориясын дәлелдегендердің бірі себебі хордалылар яғни бастапқы омыртқалылар су кеңістігінде (дөңгелекауыз, балықтар) болған мен жербеті кеңіп, құрлық кеңістігі өскен сайын, ауа мен тыныстап, қатты субстратта жүріп, тіршілігін жалғастырытын организмдердің алғашқылары – суда көбейіп, құрлық ортасынан – қоректеніп, екі ортаға да бейімделген қосмекенділер келіп құрлық кеңістігін (экспанциялады) игерді. Үлкен осы құбылысты тіршіліктің материалистік теориясына сүйене отырып дәлелдеу-мақсат.

3.Мазмұны: Қаралатын сұрақтар бойынша сатылы дәлелдеу. Су ортасы жер планетасының көпшілігін алып жатқанмен құрлық кеңістігін, ауа ортасын игеруге, оған бейімделіп таралуға ұмтылған прогрессивтік өзгерістер нәтижесінде омыртқалылардың бүгінгі келбеті өмірге келді. Бұған қосмекенділердің қазіргі кездегі систематикалық жүйесіндегі түрлер саны-куә. Осы кездегі ғылымға белгілі 4500 тарта түрлері 350 млн. жылдар бұрын яғни карбон кезеңінде палеозой эрасында бірден пайда болмағаны рас. Сондықтан, осы ұзақ уақыт ішіндегі гүлденуі биологиялық заңдылығы болатытын студенттерге үлкен нанымдылық сезім мен баяндап беру. Әсіресе, соңғысына студенттердің көзін жеткізу. Осы кездегі адамзат қоғамындағы өзгерістердің негізі сапалы тіршілікке жетудің айқын белгісі дей отырып, адамзаттың сәулетті болашағына жету үшін табиғат пен қоғамның, тіршілік арқауы омыртқалы жануарлар мен адамның тағдыры бір тұтас деп біліп, әлемдік биосфераны өзіміз үшін аялап, қорғау ұрпақтарымызға, сақтау әрбір Homosapinis-тің қасиетті міндеті болмақ. Осы мазмұнда қарастырылатын сұрақтарды студенттер санасына жеткізуге тырыстым

3.1.Жануарлардың су ортасынан құрлыққа шығуы, төртаяқтылардың пайда болуы.

Осы сұрақты ықшамды дәлелдеуге «Происхождение наземных позвоночных» И.Н.Шмальгаузен (1964) теориялық еңбегіне сүйене отырып, оның 81 және 83 суреттеріне (Константинов 2004) көңіл бөлдік. Бұл девон кезеңінің соңына таман (шамамен 410 млн жылдар бұрын) тұщы су жағалауында пайда болған. Оларды ихтиостига деп аталатын. Жануарлар пайда болған.

Бұлар академик И.И.Шмальгаузеннің ұзақ жылғы зерттеуі бойынша ертедегі Саусақ қанатты балық (целиканттар) мен алғашқы төртаяқты қосмекенділер арасынан пайда болған аралық форма болатын ихтиостегидтер пайда болды. Ихтиостегидтерде балыққа және қосмекендік ұқсас белгілер болған. Оларда балыққа ұқсас желбезек қақпаша рудиментті, нағыз балықтың құйрығы, кеуде белдеуінде клейтрум сүйегі, терісінде ұқсас, балық қабыршағы болған. Төртаяқты болып, жербеті жануарларына, олардың бессаусақты аяқтары, белдеулері қалыптасқаны – су және құрлық жануарларына ұқсастық жағын көрсеткен. (Сурет - 81). Кейбір таскөмір кезеңіндегі пайда болған лабиринттордан осы заманның құйрықсыз қосмекенділері пайда болған пікірі бар.

Палеозойдың таскөмір кезеңінде Ихтиостегидтерден бірқатар прогрессивті өзгерістерге жеткен лепоспондилер деп аталатын алғашқы қосмекенділердің екінші жаңа бұтағы пайда болған. Олардың көлемі ұсақтау, бірақта су ортасында жақсы бейімделген. Олардың кейбірінде аяқтары редукцияға түскен.Осы лепоспондилерден қазіргі заманның құйрықты ( ) және аяқсыз қосмекенділері пайда болған деген пікір көпшілікке айналып келеді.

Осы топтағы лепоспондияларға кейде Стегоцефал (қалқанша бас) деп атайды, ал бұлардың ата тегі саусаққанатты балықтар болған. Бұлар өкпемен тыныс алатын болған, аяқтарында қаңқалары таза сүйектеніп жетіскен. Бұны сурет -83 тен байқаймыз. Девон кезеңінің саусақ-қанатты балықтың кеуде (алдыңғы аяғы) қанат қаңқасы мен және пермдік стегостефаланың алдыңғы аяғының қаңқасын салыстыра отырып көз жеткіземіз.

3.2.Класс -3.Жер беті, немесе төртаяқты омыртқалылар. Қосмекенділер класына жалпы сипаттама.

Бұл класс үстіне белгілі дәрежеде жербетіне тіршілікке бейімделген: қосмекенділер, б/жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер жатады. Бұларға ортақ қасиет: өкпемен тыныс алуы, хоанасы аузына міндетті түрде ашылған, хоанасы болмағандарда - өкпесіз саламандрлар екінші мәрте суға қайтып оралғандық қасиет байқалады. Жұп аяқтары бессаусақты болып келеді, ал аяқтарынан айырылғандар – екінші мәрте оралғандар (кейбір кесіртке, жылан) Тетропойдтар қан жүйесінде қанайналу шеңбері қалыптасқан.

Қосмекенділер көпшілік емес егер басқа омыртқалылар жалпы түрлерімен салыстырсақ..Бұлардың аталуынан байқауымызға болады-тіршілік ырғағында екі мекендіге яғни суға және құрлыққа тәуелділік көрсетуде. Бұлар жылдық ырғағында міндетті түрде метоморфозға түсушілер: осы кезде: 1.желбезектіктен-өкпелік жүрекке,тыныс алуға 2.екі камералық жүректен-3камералық жүреккеқос қан айналым шеңберіне айналуы, 3.тірек қимылы төртаяқты сүйекті құрылымына түсіп, 4.сезім мүшелері жаңа сезім деңгейіне келетін болады. Жалпы жер бетіне емес бейімделу дәрежесі ересек қосмекенділерде онша мықты емес.

3.3. Сондықтан болса керек осы заманғы қосмекенділер түрлері 4500 аспайды. Оларды екі класс тармағына топтастырған: 1.жұқа омыртқалылар: 1.отряд құйрықтылар 2.отряд аяқсыздар 2.класс тармағы доға омыртқалылар. Бұлар әлемдегі омыртқалылар кластары ішіндегі аздары және бейімділіктерінің әлсіздіктерінен таралу аймаұтарына (тұщя су маңы мен ылғалды аймақта ғана таралған).

3.4.Биологиясына қысқаша шолу. Неотения.

1.Тері жабындысы бәріндеде жалаңаш, қабыршақты, сілекейлі

2.Қаңқасы әлсіздеу сүйектенген, омыртқа жотасы төрт бөлікті.

3.Иық жамбас белдеулерінде буындары шеміршекті байланыс

4.Ет жүйесі күрделенген тек қозғалыс мүшесінде

5.Ас қорытуы тірі ағзаға бейімделген. Тілі топсалы,сілекейлі

6.Тыныс алуы 50:50 терілі-өкпелі өкпесі: 2:3, сүтқоректілерде 50-100

7.Қан айналу жүйесі: 3 камера жүрек 3 жұп артерия доғасы бар.

8.Жүйке жүйесі 5 бөлігі күрделі. Ми, бүйір қарыншалары жетілген.

9.Сезім мүшелері балықтарға қарағанда жетілген.

10.Зәр шығару мүшесі шеміршекті балыққа ұқсас.Мезонефрос

11.Көбею мүшесі ♂-вольфов каналы, –мюллеров каналы мен байланыста



Процесс неотения

Кейбір жағдайда құйрықты қосмекенділердің ит шабақтарында (шұбар бақа, қызыл ала бауыры жұмыр тіл) ересек формасына айналмай итшабақ күйінде сақталып келеді. Бірақ денесі өскенмен көп жағдайда жыныстық көбеюге қаблетсіз. Бұл толық емес неотения, кей жағдайда қалқанша бездің жұмысы жақсаруынан итшабақтың көбеюге қаблеттілігі байқалған, бұл толық неотения. Бұған қаблетті кейбір тритондар, АҚШ амбистомы. Осы құбылысты жалпы аксолател деп атайды.

Көбеюге қаблтсіз жүрген аксолателдерге қалқанша бездің гормоны триоксинді ексе метоморфозы тез жүре бастайды. Осы құбылыстың бірқатар практикалық жағы бар.

3.5.Қосмекенділердің маңызы және қорғау

Биоценоздармен қоректік қосмекенділердің белгілі орны бар. Әсіресе зиянды шыбын, маса (безгек ауруы) т.б. құртып. Қара күзен (хор) енот итіне (65%), құстар (үйрек, құтан, тырнаға жем. Кейбір елдерде адамдар тамақ ретінде пайдаланады.

Бүкіл адамзат қоғамының ғылыми жетістіктері Қосмекенділерге қарыздар. Көптеген жаратылыстану (медициналық) ғылымдар қосмекенділерге жасаған тәжрибелер арқасында жетістіктерге жетті.

Әлемдік бағдар бойынша адамдардың жер, су кеңістігін (тұщы су аймағын) ланшафтыларды игеру нәтижесінде қосмекенділерге үлкен қысымға түсіріп келеміз. Олар азаюға түсті. Медиктерді, биологтарды т.б. әзірлеуге және ғылыми жоғарғы институттарда олардың көптеген тәжірибе жасаудан сирексуде.

30 шақты түрлерін қолдан өсіріп, тіршілік ортасына жіберіп отыру мәселесі қаралуда. Европаның 1/3 қосмекенділеріне қауіпті жағдайда тұр. Бір қатары (ХТҚҚ – МСОП) бірқатары «ҚҚ» енген: европа протейі, техас соқыр саламандрасы, уссури тырнақты тритоны, кіші азия тритоны, Кавказ крестовкасы, қамыс құрбақасы.

ҚР территориясында -11 түрі кездеседі. Біреуі – сібір бұрыш ісі. Жетісу өлкесінде ҚК 1978-1996 енген. БҚО 7 түрі құйрықсыздар отряд өкілі кездеседі.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет