С бөлімі «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жаңартылған оқу бағдарламасын, оқыту практикасына өзгерістер енгізу туралы рефлекция»


Педагог жетекшілімен ойын: «Әжеме арналған өлең»



бет2/4
Дата28.01.2022
өлшемі16,31 Kb.
#115371
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
С есебі Жолжанова Гүлназ
Билет сұрақтары ССТӨ, жи жауаптары (толық емес), 4 сим Шұғыл көмек Боранбай Айзада 2, дерматоневрология, 465270
Педагог жетекшілімен ойын: «Әжеме арналған өлең»

Мақсаты: дауыс ырғағымен мәнерлеп суреттер арқылы қайталап, өлеңді жатқа айта алады. Отбасы мүшелерін ретімен атауға үйренеді. Үлкенді сыйлап, құрмет көрсетуге үйренеді.

Тиімділігі: командада жұмыс жасау арқылы балалар бір-бірімен тығыз байланыста болды, сыни ойлауы қалыптасты. Креативті айтылым, тыңдалым дағдысы қалыптасты.

Тиімді тұстары: балалар өлеңді тыңдау арқылы жатқа айту қабілеттері дамыды.

Сәтсіз тұстары: отбасы мүшелері туралы әңгімелеу барысында балалардың арасында сөздерді байланыстыра алмай қалуы кездесті.

Алдағы уақытта байланыстырып сөйлеу дағдысы бойынша балалармен жеке жұмыстар жүргізуді жоспарладым.



Құрылымдалған ойын – ұйымдастырылған оқу қызметінің нақты тұстарын баланың игерген білімдерін бекітуге, қорытындылауға және нәтижеге жету үшін аса қажетті ойын түрі.

Құрылымдалған ойын: «Менің отбасым»

Мақсаты: өз отбасы мүшелерін есімімен, туыстық атауымен атап , сурет бойынша әңгімелей алады, байланыстырып сөйлеу дағдысы қалыптасады.

Тиімділігі: өз отбасын құрметтеуге, сыйлауға үйренеді. Отбасындағы тұрмыс туралы айтып беруге үйренеді. Отбасының маңыздылығын түсінеді. бірізділікпен сөйлеу дағдысы дамиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет