С. Ж. Асфендияров атындағЫ


Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз



бет26/26
Дата21.11.2016
өлшемі5,28 Mb.
#2219
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

124. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.

а) Қазақ спортының даңқы арта берсін.

ә) Бүгін сағат екіден кейін келемін.

б) Бір айдан кейін келіңіз.

в) Біз бүгін асханадан тамақтандық.

г) Су – табиғатта ең көп тараған зат.



125. Атау септігінің шылауы қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Микробтар ағзаға тамақ арқылы енуі мүмкін.

ә) Түске таман ауа-райы күрт өзгерді.

б) Баспамен ауырған адам сұйық тамақ ішкені жөн.

в) Көктемге қарай адам тез шаршағыш болады.

г) Концертке менімен бірге Мұқтар да барды.


126. Сөйлемді аяқтаңыз.

Денсаулықты нығайтуда ауа мен судың маңызы зор екенін ..... ..... .

а) ежелгі грек дәрігерлері атап өткендер

ә) бұрынғы кездегі дәрігерлер

б) үлкен шаһарлардағы ғұламалар

в) ерте заман адамдары да білген

г) ағзаға таза ауаның әсерін

127. Сөйлемнің баяндауышы қай сөз табынан жасалған?

Спиртті ішімдіктердің ағзаға тигізетін зияны біліне бастады.

а) күрделі зат есімнен

ә) күрделі сын есімнен

б) күрделі етістіктен

в) күрделі үстеуден

г) күрделі сан есімнен

128. Толықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) зиянды зат

ә) темекіні әкелді

б) дарынды ақын

в) бактерияның түрлері

г) көршілес ел



129. Жуан буынды сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) көз жеткізу

ә) әбден жібіту

б) жүйке жүйесі

в) ежелгі гректер

г) адам ағзасы



130. Жіңішке буынды сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) таза ұстау

ә) іш киім

б) мұздатқышта сақтау

в) мың жыл

г) бас ауруы



131. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Іш киім мен сырт киімді отыру керек ауыстырып.

ә) Орта мектепті жылы өткен бітірдім.

б) Қазір медицина университетінде оқып жүрмін.

в) Университетте ұнайды оқу маған.

г) Мен болашақ дәрігерсің.



132. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.

а) Әке-шешем Семей қаласында тұрады.

ә) Асан зауытта жұмыс істейді.

б) Сіздің үйіңіз қай көшеде.

в) Бала ұйықтап жатыр.

г) Сабағым сағат бесте аяқталады.



133. Сұрау есімдігі қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Біздің сабағымыз бүгін ерте басталды.

ә) Науқастарды палаталарға орналастырды.

б) Ертең емханаға барасың ба?

в) Әсет үй тапсырмасын жылдам орындады.

г) Қайда оқып жүрсің?



134. Етістігі нақ осы шақтағы сөйлемді көрсетіңіз.

а) Дәрігер науқасты мұқият қарады.

ә) Бірінші курста оқып жүргенде ғылыми конференцияға қатыстым.

б) Науқастың кешеден бері дене қызуы көтеріліп тұр.

в) Жазда Үсенмен бірге ауылға барамын.

г) Шаң-тозаң еденге, үйдегі заттарға қонады.



135. Табыс септікті сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) науқасты қабылдады

ә) қаладан келді

б) тыныс алғанда

в) шаңсорғышпен тазарту

г) баласына берді



136. Дұрыс аударылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) живые клетки –тірілер жасушалар

ә) здравоохранения – денсаулықты құрту

б) окружающая среда - ортадан жоғары

в) уровень дохада – табысы жоғары

г) осуществлять - жүзеге асыру



137. Дұрыс құрылған сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.

а) Ауыру белгісі байқалды қашан?

ә) Қызуыңызды өлшедіңіз ба?

б) Қашаннан бері ауырады сен?

в) Жүрегіңіз айнып, көзіңіз қарауыта ма?

г) Дәрілер іштіңіз кімге?



138. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Атап көрсеткен ежелгі грек дәрігерлері.

ә) С.Мұқанов – қазақтан көрінекті жазушысы.

б) Медицина ғылымы қарқындың дамуда.

в) Халық медицинасы – халықтың ғасырлар бойғы жинаған тәжірибесінің жемісі.

г) Тазалық – денсаулыққа кепілі.



139. Сын есімнің күшейтпелі шырайы қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Көкөніс сақталатын қойманың іші құрғақ болуы тиіс.

ә) Тым ыстық тағам да денсаулыққа зиянды.

б) Тоңазытқышта тамақ ұзағырақ сақталады.

в) Қазақстанның шығысы – таулы аймақ.

г) Аралдың құрғауы ол аймаққа зиянын тигізуде.



140. Қимылды білдіретін сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) жұқпалы ауру

ә) айыппұл салды

б) ғылыми орталық

в) білімді дәрігер

г) дәрігердің бөлмесі



141. Шығыс септігі шылауы қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Сабақтан кейін Мұраттың үйіне бардым.

ә) Нұрланмен бірге біз де бардық.

б) Іш аурулары жазда көбейеді.

в) Күнде дене шынықтыру жасаған жөн.

г) Сондай-ақ науқастың қанын тексеру арқылы да диагноз қояды.



142. Өткен шақты білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.

а) Біз бардық.

ә) Сендер жазып отырсыңдар.

б) Сен ертең барасың.

в) Сен келмексің.

г) Біз әңгімелесерміз.



143. Дұрыс жіктелген етістікті көрсетіңіз.

а) Мен жаза жатырмын.

ә) Сен айтып жүрсіз.

б) Ол сөйлеп тұр.

в) Сен түсініп тұрсыз.

г) Біз сеніп отыр.



144. Дұрыс құрылған сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.

а) Бұрын баспамен ауырып па едіңіз?

ә) Қайсы асханамен тамақтандыңыз?

б) Сенің болды қанша сағатыңыз?

в) Сағатыңыз болды неше?

г) Жұмысқа сағат барасыз нешеде?



145. Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

Между организмом и внешней средой постоянно происходит обмен веществ.

а) Ағза мен сыртқы орта арасында үнемі жүріп тұрады зат алмасу.

ә) Ағза мен сыртқы орта арасында жүріп тұрады үнемі зат алмасу.

б) Ағза мен сыртқы орта арасында зат алмасу үнемі жүріп тұрады.

в) Ағза мен үнемі сыртқы орта арасында зат алмасу жүріп тұрады.

г) Ағза мен сыртқы үнемі орта арасында зат алмасу жүріп тұрады

146. Көмектес септік жалғаулы сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) маманның кеңесі

ә) дәрігермен ақылдасу

б) дәріні сақтау

в) сабақтан келу

г) ауруханаға жату



147. Сапалық сын есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) ащы дәрі

ә) орманды жер

б) қалалық емхана

в) пайдалы қазба

г) қысқы киім



148. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.

а) Біздің кітапхананың кітап қоры өте мол.

ә) Мен Алматы қаласында тұрамын.

б) Қарақат тосабы денсаулыққа өте пайдалы.

в) Солтүстік қазақстанның жазы өте қысқа әрі құрғақ болады.

г) Бөлменің ауасын жиі-жиі тазартып тұрыңыз.



149. Есептік сан есімді сөйлемді көрсетіңіз.

а) «Медеу» мұз айдыны теңіз деңгейінен екі жүз метр биіктікте.

ә) Ересек адамда бес литрдей қан болады.

б) Қала адамдар демалыс күндерінде Шыңбұлақ шатқалында демалады.

в) Қалыпты жағдайда адамның жүрегі минутына алпыс-жетпіс рет соғады..

г) Алматы табиғаты өте әсем жерге орналасқан.



150. Ыңғайлас жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Көліктер мен қоғамдық орындарда тәртіп сақтау керек.

ә) Олар қазақ жерінің азаттығы үшін жандарын қиды.

б) Түсте жаңбыр жауды.

в) Миға қан құйылу күрт басталады және ол өте қауіпті.

г) С.Асфендияров қазақ халқының тарихы туралы еңбек жазған.




Жағдайлық есептер


    1. Мекеменің санитарлық жағдайын тексеруге келдіңіз. Мекеме басшысымен қалай әңгімелесесіз?

    2. Демалыс күні «Медеу» мұз айдынында болдыңыз. «Медеудің» әсем табиғатын сипаттап беріңіз.

    3. Бала бақшада балалар гигиенасы туралы баяндама жасаңыз.

    4. Алматы қаласының көрікті жерлерін сипаттап беріңіз.

    5. Күнделікті қалай тамақтанатыныңыз туралы айтып беріңіз.

    6. Ретсіз тамақтанудың зияны туралы айтып беріңіз.

    7. Жазда жайлауда болдыңыз. Қымызды қалай дайындағанын көрдіңіз. Әңгімелеп беріңіз.

    8. Өзіңіз болашақта отбасыңызбен қандай үйде тұрғыңыз келеді? Әңгімелеңіз.

    9. Топтарыңызбен тауға демалуға барасыздар. Қандай азық-түлік алатындарыңыз туралы ақылдасыңыздар.

    10. Сіз Көкшетаудағы Бурабай көлінде демалып келдіңіз. Алған әсеріңізді әңгімелеңіз.

    11. Қайда демалғыңыз келеді? Ол жерді неге таңдадыңыз?

    12. Арал маңындағы ауылда болдыңыз. Ауылдың экологиясы туралы айтып беріңіз.

    13. Базардың санитарлық жағдайын тексеруге бардыңыз. Сатушылармен қалай сөйлесесіз.

    14. Бір асханада адамдар уланған. Сіз тексеруге келдіңіз.

    15. Қоғамдық тамақтану орындарының біріне барып, тамақтардың қалай сақталып тұрғанын тексердіңіз. Қалай әңгімелесесіз.

    16. Індет шыққан ауылға барып тексеру жұмысын жүргіздіңіз.

    17. Қалада тұмау індеті өршіп тұр. Індетке қарсы қандай іс-шара қолданасыз?

    18. Шет елден келген мейманға қазақтың ұлттық тағамдары туралы айтып беріңіз.

    19. Басқа ЖОО-да оқитын досыңызбен кездесіп қалдыңыз. Өз оқу орныңыз туралы айтып беріңіз.

    20. Университет кітапханасына барып, қажетті кітапқа тапсырыс беріңіз.

    21. Ауылда ауыз су мәселесі шешілмеген. Сіз тексеруге келдіңіз.

    22. Дүкеннің санитарлық жағдайын тексеруге келдіңіз. Сіздің іс-әрекетіңіз қалай болады?

    23. Емдеу мекемелерінің санитарлық жай-күйі туралы хабарлама жасаңыз.

    24. Қазақстандағы емдеу-сауықтыру орындары туралы не білесіз?

    25. Семей полигоны аймағындағы ауылда болдыңыз. Аймақтың экологиялық жағдайын сипаттаңыз.

    26. Мұнай орындарын тексеруге бардыңыз. Кемшіліктерді сипаттап айтыңыз.

    27. Арал аймағының тұрғындарымен кездестіңіз. Аймақтың ахуалын сипаттап беріңіз.

    28. Жеке бастың гигенасы туралы студенттермен сұхбат өткізіңіз.

    29. Тұрғын үйдің құрылысы сізді қанағаттандырмайды. Қандай ұсыныстар айтасыз?

    30. Әскери бөлімшеде болдыңыз. Көрген кемшіліктеріңізді сипаттап айтыңыз.

    31. Студенттер асханасында болдыңыз. Қандай кемшіліктер байқадыңыз?

    32. Өскеменнің өндіріс орындары қаланың экологиясын бұзуда. Кемшіліктерді жою жолдарын көрсетіңіз.

    33. Өндіріс орнының асханасындағы азық-түліктің сақталуын тексеріңіз.

    34. Базардың тамақ өнімдері сатылатын бөлімдерін тексеріңіз.

    35. Ой еңбегімен айналысатын адамға тамақтану туралы қандай кеңес бересіз?

    36. Қоғамдық көліктердегі санитарлық нормалар туралы ойыңызды айтыңыз.

    37. Дене еңбегімен айналысатын адам қалай тамақтануы керек?

    38. Салауатты өмір салты туралы баяндама жасаңыз.

    39. Ауа арқылы таралатын аурулардан сақтану туралы хабарлама жасаңыз.

    40. Іш ауруларынан сақтану туралы кеңес беріңіз.

    41. Қоршаған орта мен экологияны жақсартудың жолдарын көрсетіңіз.

    42. Қазақтың сүттен жасалатын тағамдары туралы шетелдік қонаққа айтып беріңіз.

    43. Ет тағамдарының сақталуы туралы айтыңыз.

    44. Сіз өзіңіздің еңбек құқығыңызды қалай қорғайсыз?

    45. Жұмыс істейтін орныңыздың тазалығы туралы ақпарат беріңіз.

    46. Шетелге қыдырып шықтыңыз. Оларға Қазақстан туралы мағлұмат беріңіз.

    47. Досыңыздың үйлену тойында болдыңыз. Қандай салт-дәстүрлер көрдіңіз.

    48. Жақын маңда дәріхана жоқ. Суық тиіп ауырған адамды қандай дәрілік шөптермен емдейсіз?

    49. Итмұрынның дәрілік қасиеті туралы баяндама жасаңыз.

    50. Ауру малды сойған адамдар ауру жұқтырып алған. Сіз қандай әрекет жасайсыз?

    51. Сізді індет ошағын жоюға жіберді. Жұмысты неден бастайсыз?

    52. Әскери жаттығу өтетін полигонның жай-күйін сипаттап, хабарлама жасаңыз.

    53. Темекіге қарсы акция ұйымдастардыңыз. Қалай өткізесіз?

    54. Ақын-жазушылармен болған кездесуге қатыстыңыз. Қандай әсер алдыңыз?

    55. Нашақорлыққа қарсы күрес туралы кеш ұйымдастыру керек.

    56. Досыңыз балалы болды. Шілдеханада қандай дәстүрлер жасалды?

    57. Қазақтың ұлттық мейрамдары туралы шетелдік қонаққа айтып беріңіз.

    58. Өзіңіз тұратын көше туралы айтыңыз.

    59. Халықтық емдеу тәсілдері туралы не білесіз?

    60. Балалардың жазғы демалыс орнының басшысысыз. Жұмысты қалай ұйымдастырар едіңіз?



Қазақ тілінен қоғамдық денсаулық сақтау факультетіне арналған емтихан сұрақтары

І

  1. Гигена.

  2. Жеке бастың гигиенасы.

  3. Коммуналдық гигиена

  4. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

  5. Әскер игигиена.

  6. Әлеуметтік гигиена. гигиена.

  7. Тамақтану гигиенасы.

  8. Еңбек гигиенасы.

  9. Ас - адамның арқауы.

  10. Тамақтану мәселелері.

  11. Ұлттық тағамдардың маңызы. Қымыз.

  12. Азық-түліктерді гигеналық сараптаудың негіздері.

  13. Тағамды дұрыс сақтаудың шарттары.

  14. Тамақтан улану.

  15. Тамақтану режиміне қойылатын талаптар.

  16. Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту.

  17. Интелектуалды еңбек қызметкерлерінің тамақтану режимі.

  18. Дәрумендер және олардың тамақта сақталуы.

  19. Ауыз су.

  20. Судың гигиеналық маңызы.

  21. Іш ауруларынан сақтану.

  22. Ауа арқылы таралатын аурулар.

  23. Тұмау індетінің алдын алу және одан сақтану

  24. Бактерия және оның түрлері.

  25. Иммунитет.

  26. Антисептикалық әдістер.

  27. Бүгінгі экологиялық проблемалар.

  28. Базардағы санитарлық нормалар.

  29. Темекі шегу ─ денсулыққа зиян.

  30. Менің Отаным – Қазақстан.

  31. Тұғыры биік – тәуелсіз Қазақстан

  32. Қазақтың ұлттық мейрамдары

  33. Қазақстандағы тарихи ескерткіштер.

  34. Тарихи тұлғалар

  35. Қазақтың батыр қыздары

  36. Халық қаһармандары – ел мақтанышы

  37. Қазақтың танымал қоғам қайраткерлері

  38. Қазақтың көрнекі ақын-жазушылары

  39. Адамзаттың Абайы

  40. Мәдениет және өнер қайраткерлері

  41. Қазақтың ән мен күйлері

  42. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері.

  43. Жастар - біздің болашағымыз.

  44. Университет – білім ордасы.

  45. Алғашқы қазақ дәрігерлері

  46. Қазақтың көрнекті дәрігер-ғалымдары

  47. Шығыс медицинасы

  48. Дене мүшелері

  49. Адам ағзасы – біртұтас құрылым

  50. Адам қаңқасы.

  51. Дәрігердің қабылдауында. Аурухана.

  52. Емхана. Дәріхана. Дәрігерлік этика.


ІІ.

  1. Дыбыс жүйесі. (фонетика)

  2. Үндестік заңы.

  3. Сөз жүйесі (лексикология).

  4. Омоним, синоним, антоним.

  5. Сөздердің тура және ауыспалы мағынасы.

  6. Сөз құрамы (морфология).

  7. Зат есім, жіктелуі, септелуі, тәуелденуі.

  8. Етістік, семантикалық мәні, лексика-грамматикалық құрамы, категориялары.

  9. Сын есім, қызметі, түрлері, шырайлары.

  10. Сан есім, қызметі, ерекшелігі, түрлері.

  11. Есімдік, түрлері.

  12. Үстеу, морфологиялық-семантикалық құрылымы.

  13. Көмекші сөздер.

  14. Синтаксис.

  15. Жай сөйлем, түрлері.

  16. Құрмалас сөйлем, қызметі, түрлері.


Тәжірибелік дағдылар тізімі:


  1. Оқылымда:




  • сөзді, сөз тіркестерін, сөйлемді, ережені дұрыс оқу;

  • дұрыс дыбыстай білу;

  • сөзді түсіне білу, грамматикалық белгілерін айыра білу;

  • сөздің мағынасын ажырата білу;

  • студент мәтінді оқып, мазмұнын және негізгі тақырыбын түсінуі тиіс. Мәтін көлемі 600-700 сөзден тұрады және мазмұнында 3-5 таныс емес сөз кездесуі ықтимал.




  1. Тыңдалымда:




  • дыбысталған сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді ажырата білу;

  • берілген сұрақты түсіне білу, оған тиісті жауап бере білу;

  • керекті ақпаратты ойға түйіп ала білу;

  • естігендерін түсіне білу;

  • студенттер бейтаныс көлемі: 300-400 сөзден тұратын мәтінді таспадан тыңдап, оның мазмұнындағы негізгі және қосымша хабарды түсіне білуі тиіс.



  1. Жазылымда:




  • сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді сауатты жаза білу;

  • тыңдаған, оқыған мәліметті, мәтінді дұрыс жаза білу;

  • жазбаша хабарлама жасай білу;

  • баяндама, мақала, реферат, сұхбат жаза білу;

  • өз ойын жазбаша жеткізе алу.



  1. Айтылымда:




  • тыңдаған, оқыған хабарды жеткізе білу;

  • өзінің ойын айта білу;

  • құптау, құптамау (интенциялық) әрекеттерін түрлі эмоциялық реңктер арқылы жеткізе білу;

  • студенттер өздеріне ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, сұхбат құра білуі тиіс.



  1. Тілдесімде:

- тілдік қатынасты жүзеге асыру, пікір алмасу, сұхбаттасу.


КІТАПХАНАДАҒЫ КІТАПТАР ТІЗІМІ

1. Ақыжанова А.Т. «Қазақ тілі мәтіндер мен жаттығулар». Алматы, 2005 ж.

2. Ақыжанова А.Т. Мемлекеттік тілді оқып үйренеміз. Алматы, 2004ж.

3.Аханов.К. Тіл білімінің негіздері. 1993

4. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі, лексика, фонетика, морфология. Алматы, 2006 ж.

5. Бектұров Ш.К. Казахский язык для всех. Алматы, 2004 ж.

6. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.

7. Исаева. Ж.Т.Қазақ тілі. 2011

8. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2001 ж.

9. Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі-Алматы: ЖШС «Таугул-Принг», 201146б

10. Суатай. С. Ісқағаздарымен жұмыс.-Алматы,2010.-104б ж.

11. Доскеева Б.Ж. Қазақша сөйлесеміз.Алматы, 2010.-220б.

12. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Алматы, 2002

13. Тұңғышбаева.Ғ.Ж. Қазақ тілі сабақтары.-Алматы,2008.-120б.

14. Сулейменова Э.Д. Сұхбат.Астана: «Арман-ПВ», 2007.-216б.

15. Сулейменова Э.Д. Үнжария.Астана: «Арман-ПВ», 2007.-240б.

16. Сулейменова Э.Д.Бейнежазба. Астана: «Арман-ПВ», 2007.-264б.

17. Дүйсембекова Л.Қазақ тілі іс қағаздарын жүргізу. Алматы: «Мемлекеттік

тілді дамыту институты» ЖШС,2011.-400Б

18. Қанапиянова Ә.Ж. Кәсіби қазақ тілі. 2008





МАЗМҰНЫ


  1. Силлабус.................................................................................................................

  2. Тәжірибелік сабақтардың әдістемелік нұсқаулары............................................

  3. Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулары..............................................................................................................

  4. Оқытушылардың жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулары.....................................................

  5. Бақылаушы-өлшегіш құралдар.............................................................................

  6. Әдебиеттер тізімі..................................................................................................



1-13

14-198
199-212
213-347

348-367

368





беттің беті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет