С. Ж. Бахтиярова



Pdf көрінісі
бет4/124
Дата27.02.2023
өлшемі4,4 Mb.
#170339
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124
Байланысты:
БАХТИЯРОВА С.Ж. Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі (63-66 беттегі материалдарды қарастыру)
Компьютерлік модельдеу негізі, Глоссарий анатомия, Сор Койшыбай Ж (копия)
1.2.
 
Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы 
 
Қазақстанда жеңіл атлетика ҥйірмесі 1916 жылы Шығыс 
Қазақстандағы Семей қаласында қҧрылып, жҧмысын бастаған еді. 
Бірақ, ол Азамат соғысы жылдарында тарап кетіп, тек 1930 жылы 
ғана қайта қолға алынды. Совет ӛкіметі ӛзінің алғашқы кҥндерінен 
бастап-ақ жастар арасында дене тәрбиесінің ӛсуіне ат салыса бастады. 
Мҧндай игілікті жаңадан ӛрістеу ісі оңайға тҥскен жоқ. Кейбір 
деректердің айтуына қарағанда, Қазақстанда Совет ӛкіметінің 
алғашқы кҥндерінен бастап-ақ ҧлт спортынан ҥйірмелердің жҧмыс 
істегенін байқау қиын емес.



Қазіргі елордамыз Астана қаласында жеңіл атлетиканың дамуы 
1947-1948 жж. соғыстан кейін жылдары басталды. Осы жылдары 
«Динамо», «Локомотив», «Искра», «Пищевик», «Спартак» және т.б. 
жаңадан әртҥрлі спорттық қоғамдарда жеңіл атлетика спорты пайда 
бола бастады. 
Әрине, қалада ол жылдары жақсы стадион жҥгіру жолымен, 
кӛрермендік тамашалау орындарымен болмады, бірақ 1950 жылы
Қ. Мҧнайтпасов атындағы стадионда жҥгіру жолы, жеңіл атлетикалық 
секторлар, диск лақтыратын, ядро итеретін, ҧзындыққа және биіктікке 
секіретін шҧңқырлар орнатылды.
Целиноградта жеңіл атлетикадан арнайы мектеп ашылады
стадионда жҥгіріс жолын салып және «Автомобилистте» спорт зал 
ашылды және жеңіл атлетик манежімен бірге салынды.
2009 жылы стадионға яғни «Достық Спорткомбинатына» жеңіл 
атлетика спортын дамытуға берілді. 
Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс 
Бҥкілқазақстандық І-інші спартакиада 1928 жылы Петропавл 
қаласында ӛтті. Республикада жеңіл атлетикадан тҧңғыш рет КСРО-
ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943 жылы).
Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпиада ойындарында, дҥние-
жҥзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже-
лерді кӛрсетіп, жеңімпаздар мен жҥлдегерлер атанды.
Ғҧсман Қосанов
- КСРО қҧрамында Олимпиадаға қатысқан 
тҧңғыш қазақ желаяғы. 1960 жылы ХVІІ-нші Рим Олимпиадасынан 
4x100 метрлік эстафеташылар жарысынан кҥміс медалға ие болды. 
КСРО чемпионатының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының 
жеңімпазы (Киев, 1960 жылы), 100 метрге жҥгіруден КСРО 
чемпионатының кҥміс жҥлдегері (Днепропетровск, 1966 жылы), 
КСРО – АҚШ кездесуінің 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының 
жеңімпазы (Киев, 1965 жылы) болды. 
1967 жылдан жаттықтырушылық қызметпен айналысып, 1968 
жылы Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері атағына ие болды. 
Қосанов қҧрметіне арналған жеңіл атлетикадан ―Қосанов Мемо-
риалы‖ атты халықаралық жарыс 1991 жылдан бастап ӛткізіліп 
келеді.
Әмин Тҧяқов
- 1962 жылғы КСРО чемпионатында тҧңғыш рет 
КСРО чемпионы атанған қазақ желаяғы. 200 метр қашықтыққа 
жҥгіруден 6 рет КСРО рекордын жаңартты. 
Ә.Тҧяқов 100 метр, 200 метр қашықтыққа жҥгіруден және 100х4 
метр, 200х4 метр эстафетаға жҥгіруден 8 рет КСРО чемпионы атанып, 
10 мәрте кҥміс, қола жҥлдеге ие болды. Ә.Тҧяқов Еуропа кубогының 



жеңімпазы (1965 жылы), Еуропа біріншілігінің кҥміс жҥлдегері (1966 
жылы), 50-ге тарта ірі халықаралық жарыстардың жеңімпазы, әрі 
жҥлдегері болды. 
1965 жылы оған КСРО спортына еңбегі сіңген шебер жоғарғы 
атағы берілді және жеңіл атлетика саласында қазақ халқының даңқын 
әлемге аспандатқан желаяқ «Қҧрмет белгісі» орденімен марапат-
талды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет