С. Парпиев*, У. Омарова



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата22.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#198403
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
ары 
қарай
– КДП) саяси жетекшісіне айналуына 
жағдай жасады. Осы кезеңнен бастап Ирак 
күрділерінің саяси топ, саяси күш ретіндегі 
қалыптасуы мен ұлттық қозғалысының құрылуы, 
жүзеге асуы тікелей Мұстафа Барзани мен 
Күрді демократиялық партиясының қызметімен 
тікелей байланысты болды. (Edmonds, 1971:96) 
1940-50 жылдар аралығында КДП Ирак 
Күрдістан аумағындағы өзге идеологиялы 
кішігірім саяси топтарды ығыстырып, ирак 
күрділерінің басын біріктіруге әрекет етті. Бұл 
миссияда КДП-ның басты қарсыласы Ирак 
коммунистік партиясы (
ары қарай
ИКП) еді. 
Себебі, ИКП-ның құрамында да беделді күрді 
тайпаларының жетекшілері мен ағартушылары 
болды. Жаңадан құрылған саяси күш КДП-ға 
өз статусы мен әлеуетін нығайту үшін алдымен 
ИКП-мен қарым-қатынасты сақтауға тура келді. 
ИКП жалпы Ирак мемлекеті аумағындағы 
тайпалық бөліну, тайпа басшыларына негізделген 
саяси консервативтік құрылымдық жүйемен 
күресті қолға алды. Әсіресе, күрділерге қатысты 


43
С. Парпиев, У. Омарова
ИКП 
«Ағаның»
(тайпалық ақсақалдарға) саяси 
рөлі партияның коммунистік идеясына қарсы 
келеді деп жариялады. Ирак Күрдістанның 
басты қалалары Эрбил, Духок және Сулеймания 
қалаларындағы күрді агаларына қарсы науқан 
басталды. Бұл істе ИКП күрділер арасындағы 
жұмысшылар табының қолдауына ие болды. 
ИКП-ның бұл радикалды әрекеті Ирак күрділері 
тайпа басшыларының наразылығына алып 
келді. Алайда, КДП күрді ағаларын ИКП-ның 
әрекеттері партияның бақылауында болады деп 
сендірді. 1956 жылы ирак күрді ағалары мен 
КДП-ИКП арасындағы антагонизм шарықтау 
шегіне жеткендігі соншалықты ирак күрді 
ағалары бірінші болып Мосулдағы Британдық 
консулға Ирактың солтүстігінде «анти-
коммунистік қозғалыс және тәуелсіз Күрдістан» 
құру үшін қару-жарақ пен қаржымен қамтамасыз 
етуін сұрады. (McDowall, 2004:300)
1958 жылы 14 шілдеде генерал Абд әл-Кәрім 
Касем және оның жақтастары Иракта мемлекеттік 
төңкеріс жасап, Ирактағы Хашимиттік монар-
хиялық жүйені құлатты. Нәтижесінде Ирак 
Республикасы құрылды. Касем жаңа құрылған 
үкімет құрамына бекітуде КДП және ИКП 
өкіл дерін қоспады. Үш адамнан тұратын 
«Егемендік кеңес» – 1 суннит, 1 шиит және 1 
күрді өкілінен құралды. Касем жаңа құрылған 
Ирак Республикасының тәуелсіздігіне үлкен мән 
берді. [McDowall, 2004:302] Себебі, сол кезеңде 
Мысыр президенті Нассердің араб халықтары 
арасындағы беделі нығайып, панарабтық 
қозғалысының өршіп тұрған кезі болатын. Тіпті, 
1958 жылы Мысыр мен Сирия бірігіп Біріккен 
Араб Республикасын (
ары қарай – 
БАР) құрды. 
Касемнің орынбасары Абдул Салам Ариф және 
өзге де панарабтық ұлтшылдар Касемді БАР-
ға бірігуге белсенді түрде шақырды. Касемнің 
күрділерге қатысты позитивті қарым-қатынасы 
панарабтық ұлтшыл өкілдерінің наразылығын 
туғызды. Касем КДП және оның жақтастарын 
панарабтық ұлт өкілдері мен ИКП-ның күшін 
әлсіретуде пайдаланды. Ал, Мұстафа Барзани 
Касем берген карт-бланшты Ирак күрділері 
арасындағы КДП идеологиясы және Барзани 
статусына наразы топтарды әлсірету мен жоюға 
бағыттады. Нәтижесінде 1950 жылдары Мұстафа 
Барзани бәсекелес тайпалар – харкис, сурч, 
барадустис және зибарис тайпаларының саяси 
күштерін жою арқылы өз позициясын нығайтты. 
[McDowall, 2004:306]
Касем мен Барзани арасында жасалған келісім 
аясында Касем күрдтерге Барзанидің саясатын 
қолдау үшін аймақтық автономия беруге уәде 
берді. Қабылданған Ирак Республикасының 
Уақытша конституциясы күрділерді Ирак 
мемлекеттілігін құрайтын бір бөлігі ретінде 
қарастырды, ал елтаңбада Араб қылышының 
орнына күрді қанжары бейнеленді. 1959-1960 
жылдары КДП-ның Ирактағы саяси мәртебесі 
заңдастырылды және партия басшысы ретінде 
Мұстафа Барзани заңды түрде бекітілді. 
Касемнің күрді ұлтының автономиясына 
қатысты уәдесінің орындалуының кешеуілдеуі 
және Мұстафа Барзанидың бұл мәселеге қатысты 
әрекетсіздігі КДП сапындағы басқа да басшылар 
мен ағартушы қауымның наразылығын кү-
шейтті. Оның үстіне, Мұстафа Барзанидың өз 
күрді тайпалары арасындағы жүргізген «саяси-
идео логиялық тазалау» әрекеті КДП ішіндегі 
Жалал Талабани және Ибрахим Ахмед сынды 
әлеуетті басшылардың қарсылығын туғызды. 
Бұл 1975 жылы КДП-ның екіге бөлінуіне алып 
келді. Жалал Талабани мен Ибрахим Ахмед 
жақ тастарымен КДП-дан бөлініп, Күрдістан 
Патриоттар Одағын (Yekîtiya Nîştimaniya Kurd
-
istan, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет