С. Парпиев*, У. Омарова



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата22.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#198403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
(2) Адами негізгі қажеттіліктерінің қамта­
масыз етілмеуі (deprivation of human needs)
Азардың концепциясы бойынша ұзақ мер-
зімді әлеуметтік қақтығыстарға мұрындық бо
-
латын екінші элемент деп санайтын мемлекет 
ішіндегі әлеуметтік немесе ұлттық топтардың 
адами негізгі қажеттіліктерінің қамтамасыз 
етіл меуі саналады. Бұл мемлекет ішіндегі жал
-
пы «әлеуметтік-саяси дамудың артта қалу-
шы лықты» азайтуға билік басындағы үстем 
топтың немқұрайлы қарауымен тікелей байла
-
нысты. (Azar & Chung In Moon, 1986) Жекелеген 
әлеуметтік, ұлттық топтардың мәдени және діни 
көзқарас тұрғысынан қауіпсіздікке, дамуға қол 
жеткізе алмауы, мемлекет ішіндегі саяси шешім 
қабылдау үдерістерге қатысу арқылы жеке ба
-
сына деген қажеттіліктерді шешуге бағытталған 
шараларға атсалысудан шеттетілуінің нәтижесі 
ұзақ мерзімді әлеуметтік қақтығыстарға алып 
келетіндігінің кепілі бола алады. Азар бұл қа-
жеттіліктер әлеуметтік, ұлттық топтар үшін 
ең маңызды элемент деп атайды. Сондықтан, 
егер бұл қажеттіліктер қанағаттандырылмаса, 
қоғамдық топтар сөзсіз құрылымдық өзгерістерді 
қалайды. (Azar, Jureidini & McLaurin, 1978:59) 
Құрылымдық өзгерістерге деген мұндай қажет-
тілік зорлық-зомбылық қақтығысына әкелуі 
мүмкін.
(3) Басқару және мемлекеттің рөлі 
(governance and the state’s role)
Белгілі бір көп ұлтты немесе көп қоғамды 
мемлекеттің үкіметі қоғамды реттеу, азаматтар
-
ды қорғау және ұжымдық игіліктерге қол жету 
құқығы, билікті бөлісу, саяси-экономикалық ре
-
сурстарды тиімді пайдалану, мемлекеттік бюд-
жеттің пропорционалды бөліну және басқару» 
сияқты құрылымдық үдерістерде әр түрлі 
топтардың мүдделері ескерілуін қамтамасыз етуі 
міндетті. (Ramsbotham, 2005:115) Азардың айту
-
ынша, ұзақ мерзімді әлеуметтік қақтығыстарды 
адамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыра 
алмайтын қабілетсіз, жергілікті, әлсіз және 
авторитарлық үкіметтік топтар тудырады. Сая
-
си құрылымдық тұрғыдан биліктік монополияға 
ие үстем топтар азшыл ұлттардың әлеуметтік 
мәселелерін шешуге ұмтылмайды. Керісінше, 
биліктік құрылымның плюрализациялануын 
мемлекет ішіндегі әлеуметтік-саяси дағдарысты 
күшейтеді деп санайды. (Azar, Jureidini & 
McLaurin, 1978:62) Оның үстіне, үстем топтар 
саяси билік құрылымының плюрализацияла
-
нуы үстем топтың сақталуы мен тұрақтылығын 
әлсірететін үлкен қауіп факторы ретінде 
қарайды. Бұл үстем топ өкілдерінің мемлекеттік 
жүйені басқаруда «заңдылық дағдарысын» ту
-
дырады. Үкіметтің құрылымын барлық азамат-
тарға бірдей қамқорлық жасайтындай және 
олар тең дәрежеде бейтарап немесе сыбайлас 
жемқорлықсыз ұсынылатындай етіп өзгерту 
қажеттілігі ескерілмейді. Соның нәтижесінде 
мем лекеттік үстем топ пен азшыл ұлттық, әлеу-
меттік топтар арасындағы қақтығыстар туын-
дайды. Әр тарап осы қақтығыста өзінде бар ре-
сурстарға жүгіне отырып, қақтығысқа қатысады. 
(4) Халықаралық байланыс (international 
linkages)
Азар ұсынған ұзақ мерзімді әлеуметтік 
қақтығыстардың алғышарты ретіндегі соңғы 
элементі халықаралық байланыс болып табы-
лады. Жаһандану үдерісі арқылы кірген 
мемле кеттер мен қоғамдардың өзара саяси-
экономиялық тәуелділігі қақтығысушы қос 
тараптың жанжалының мемлекет деңгейінен 
халықаралық деңгейге шығуына итермелейді. 
Мемлекет ішіндегі қақтығысқа үшінші тараптың 
тартылуы сөзсіз болады. Мемлекеттердің өзара 
саяси-экономикалық тәуелділігі бір мемлекеттің 
екінші мемлекетте болып жатқан жағдаяттарға 
араласуына мәжбүрлейді. Бұл мәжбүрлілік 
екінші бір мемлекеттің географиялық жақын 
орналасуына немесе халықаралық немесе 
аймақаралық үдерістердегі өзіндік мүддесіне 
байланысты болады. (Azar, Jureidini & McLaurin, 
1978:67) Бір мемлекет өзімен көрші мемлекетте 
болып жатқан саяси-әлеуметтік дағдарыстың 
созылуын қаламағандықтан қақтығысқа ара
-


41
С. Парпиев, У. Омарова
ласып, қақығысушы үкіметтің немесе азшыл 
топтардың мүддесін қолдайды. Сол арқылы 
қақығысты біржолата шешуге ұмтылады. 
Себебі, жаһандану заманында халықаралық 
үрдістердегі «шекаралардың» әлсіреуі кез кел
-
ген қақтығыстың бір аумақтан екінші аумаққа 
ауысу мүмкіндігін жоғарылатады. Сондықтан, 
араласушы өзге мемлекеттер қақтығыстың сол 
аумақтан сыртқа шығып кетпеуін қамтамасыз 
ету мемлекеттік қауіпсіздіктің басты міндеті са
-
найды. (Azar & Chung In Moon, 1986:399)
Кейде, керісінше, мемлекеттердің өзге 
мем лекеттегі ішкі қақтығыстарға араласуы – 
реалистік тәсілмен түсіндіріледі. Қақтығысқа 
араласу арқылы мемлекет көрші мемлекетті 
әлсірету, ондағы бар ресурстарды өз мүддесіне 
пайдаланып қалуға ұмтылады. Көрші мемле-
кеттегі дағдарыс арқылы сол мемлекеттің өзіне 
тәуелділігін күшейту қақтығысқа араласушы 
мемлекеттің негізгі мүддесі болуы да мүмкін. 
Осылайша, қақтығысушы екі тарап сыртқы 
байланыстар арқылы үшінші тараптан (жекеле
-
ген мемлекеттен немесе алпауыт держава дан
халықаралық ұйымдардан) көмек, қолдау алады. 
Үшінші тараптан көрсетілетін қолдау – қаржылай, 
әскери түрде, кейде саяси-эконо микалық санкция 
жасау арқылы жүзеге асады. Соның нәтижесінде 
қолдау алған екі тарап арасындағы қақтығыс одан 
әрі шиеленісе түседі. Сәйкесінше қақтығыстың 
мерзімі одан әрі ұзара түседі. 
Жоғарыда талқыланған тұжырымдарға 
сүйене отырып, бұл зерттеу Азардың ұзақ мер-
зімді әлеуметтік қақтығыстың туындау кон
-
цепцияларын Ирак күрділері сецессионистік 
қозғалысының алғышарты тұрғысынан талдауға 
ұсынады. Осыған байланысты, топтардың 
қоғам дық құрылымы (communal content), адами 
негізгі қажеттіліктерінің қамтамасыз етілмеуі 
(deprivation of human needs), басқару және 
мемлекеттің рөлі (governance and the state’s 
role), халықаралық байланыс (international 
linkages) элементтері негізінде Ирак күрділері 
сецессионистік қозғалысының қалыптасуы мен 
орын алуын сараптайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет