С. Парпиев*, У. Омарова



Pdf көрінісі
бет1/14
Дата22.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#198403
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


ISSN 1563-0285, еISSN 2618-1215 Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы №4 (96). 2021 https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/
© 2021 Al-Farabi Kazakh National University 
35
ҒТАМР 11.25.19 https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v96.i4.03
С. Парпиев* , У. Омарова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
*e-mail: syrym.parpiyev@kaznu.kz
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАҚТЫҒЫС
(PROCTRACTED SOCIAL CONFLICT) ИРАК КҮРДІЛЕРІ
СЕЦЕССИОНИСТІК ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АЛҒЫШАРТЫ РЕТІНДЕ 
Ұзақ мерзімді әлеуметтік қақтығыстар кейбір мемлекеттердегі сепаратистік немесе сецес-
сионистік қозғалыстардың негізі бола алады. Ұзақ мерзімді әлеуметтік қақтығыстардың салда-
рынан жекелеген мемлекетте азамат соғысы, геноцид, «ұлттық тазарту», сепаратистік соғыстар 
сияқты саяси-әлеуметтік зардабы орасан құбылыстарды тудырады. 
Осындай ұзақ мерзімді әлеуметтік қақтығыстардың болмысы мен табиғатын түсіндіретін 
зерттеулер жеткілікті болғанымен, дәл Э. Азар сияқты қақтығыс феноменінің шығу алғышарт-
тарын жете түсіндіре алатын зерттеулер кем де кем. Бұл зерттеу Э. Азардың ұзақ мерзімді қақты-
ғыстар тұжырым негізінде Ирак күрді сецессионистік қозғалысының шығуының алғышарттарын 
түсіндіруге тырысты. Зерттеудің сараптама критерий ретінде Э. Азар айқындаған топтардың 
қоғамдық қалыптасуы, адами негізгі қажеттіліктерінің қамтамасыз етілмеуі, басқару және 
мемлекеттің рөлі, сондай-ақ, халықаралық байланыс элементтері алынды. 
Зерттеу сараптамасының қорытындысы бойынша, біріншіден, ұзақ уақыт бойы саяси топ 
ретінде өзінің әлеуетін сақтай алды. Екіншіден, Ирак Үкіметі күрділердің базалық қажеттіліктерін 
қамтамасыз ете алмады. Үшіншіден, Ирак Үкіметі басқару және саяси шешім қабылдау 
үдерісінде күрділерді оқшаулап тастады. Төртіншіден, АҚШ және Түркия сияқты аймақтық және 
халықаралық державалардың қолдауы арқылы күрділердің сецессионистік қозғалыс жасау үшін 
батыл қадамға баруға мүмкіндік берді. 
Түйін сөздер: 
ұзақ мерзімді әлеуметтік қақтығыс, сецессионизм, ұлтшылдық, ирак күрділері, 
ұлтаралық қақтығыс.
S. Parpiyev *, U. Omarova
Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty 
*e-mail: syrym.parpiyev@kaznu.kz


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет