С. С. Мейрамбаева А. Ж. Сагындыкова Д. М. Джумартова



бет2/4
Дата30.09.2023
өлшемі53,25 Kb.
#183108
1   2   3   4
Байланысты:
7 сынып қазақ т таңдау (1) (5)
Саясаттану және әлеуметтену. 2019-2020. І триместр (копия), копилка, Генезис концепции УР, Дәріс № 5, eeumkd mal az ktand ru (1), Эссе жұмыс дәптері , 10 дәріс. Саяси мәдениет (1)
Курстың өзектілігі: оқушыларды шығармашылық ізденіс жұмыстарына баули отырып, функционалды жеке тұлға ретінде қалыптастыру.
Бағдарламаның мақсаты: 7-сынып оқушыларының оқу сауаттылығына байланысты сауаттарын кеңейту. Мәтінмен жұмыс түрлері, мәтіннің негізгі ойын, оның құрылымдық мағыналық жағын терең меңгертуге жағдай жасау. Оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуін және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өзіндік пайымдау жасауға пайдалана білуге баулу, кез келген мәтіннің мән-маңызы мен өзіндік ерекшеліктерін, көркемдік сипатын танытып, оқушы бойында сананы қалыптастырып, мәтіннің идеялық – эстетикалық мән-мағынасын терең бойлып, тебірене қабылдауына мүмкіндік туғызу.
Міндеті:
Танымдык бағыт бойынша:
1.Көркем шығармалардағы сөз тереңдігін түсініп, бағалай білуге баулу.
2. Оқушыларға әдеби білімнің әр жақтылығын, жүйелілігін, мақсаттылығын түсіндіру.
3. Туындының адамгершілік түпкі мазмұн-мәнін түсіндіру,
4 Шығарманың тілдік, стильдік ерекшеліктерін, жеке сөз қолданыстардың шығармадағы көркем эстетикалык жүгін түсіне білулерін қамтамасыз ету.
5. Шығарма әлеміне оқушыны енгізе отырып, оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдылары арқылы қозғалысын жетелеу, көркем туындыға қызығушылығын арттыру.
Практикалык бағыт бойынша:
1. Оқушыларды өз бетімен ізденуге дағдыландыру;
2. Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол ашу шығармашыл тұлға қалыптастыру
3.Өзіндік ой пікірін айта білуге, дәйекті, жүйелі айта білуге, ұтымды шешен сөйлеуге баулу;
Күтілетін нәтиже:
Оқушының танымдық көкжиегі кеңейеді, оқылым, тыңдалым, жазылым аркылы шыгғармашылық белсенділігі артады, жаңа лексико-грамматикалық тапсырмаларды орындау кезінде өз бетінше жұмыс істеуге үйренеді, оқуга деген ынта-ықыласы оянады.Шығармашыл, сөзік қоры мол тұлға. Болашақта оқу сауаттылығы бойынша дайын окушы.
Оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өзіндік пайымдау жасауға пайдалана білуге баулу, кез-келген мәтіннің мән-маңызы мен өзіндік ерекшеліктері, көркемдік сипатын танытып, оқушы бойында сананы қалыптастырып, мәтіннің идеялық-эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, тебірене кабылдауына мүмкіндік туғызу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет