Сабақ №: 16 Тақырып: Митоз жыныссыз көбеюдің негізі екендігі, оның фазалары. Митоздың биологиялық мәні


Митоз. Митоз төрт фазадан түрады; профаза, метафаза, анафаза, телофаза Профазада



бет4/5
Дата05.02.2022
өлшемі118,97 Kb.
#17162
түріСабақ
1   2   3   4   5
Митоз. Митоз төрт фазадан түрады; профаза, метафаза, анафаза, телофаза
Профазада ядроның мөлшері ұлғаяды, хромосомалар ширатылып жуандай бастайды, Қосарланған центриоль екі полюске тарылады. Хромосомалардың ширатылуына байланысты аРНҚ-нын синтезделуі тоқтайды. Полюстердің арасында бөліну ұршығының кіпшелері түзіледі. Хромосомалардың ширатылуы, жуандауы жалғасады. Ядро қабыкшасы еріп, хромосомалар цитоплазмада ретсіз орналасады.
Метафазада хромосомалардың ширатылуы шегіне жетеді. қосарған хромосомалар экваторға жылжиды. Әрбір хромосома центромерасы арқылы байланысқан, екі хроматидадан тұрады. Олар центромераларымен беліну ұршығына жалғанады.
Анафазада әрбір хромосоманын центромерасы бөлінеді. Центромераларға бекінген ұршыктың жіпшелері хроматидаларды полюстерге тартады. Сөйтіп, анафазада хромосомалардың хроматидалары бір-бірінен ажырап, полюстерге жинақталады. Олар енді хромо-сомаларға айналады. Түзілген клеткалардың әркайсысында хромосомалардың диплоидті жиынтығы болады.
Телофазада полюстердегі хромосомалар таратылып, жіңішкереді, көзге айқын көрінбейді. Эндоплазмалық тордан ядро қабықшасы түзіледі. Жануарлар клеткаларында цитоплазма екіге бөлінеді. Өсімдіктер клеткаларында цитоплазманың ортасында жарғақша түзіліп, біртіндеп шетіне қарай жылжьш, клетканы екіге боледі. Содан кейін целлюлозалы клетка қабыкшасы түзіледі.
Митоздык бөліну 0,5—3 сағатқа созылады. ұрыктанған жұмыртка клеткасы — зигота осы әдіспен бөліне бастайды да, генетикалық ақпаратты бірдей етіп жаңадан түзілген клеткаларға береді. Олар кейін арнайы қызмет аткаратын ұлпалардың клеткаларына айналады.
Митоздың биологиялық мәні мынадай: ұрпактан-ұрпақка құрылысы бірдей клеткалардың жалғасуы, хромосомалар саны
тұрақты сақталуы, ұрықтык даму, есу, жарақаттанған ұлпа қалпына келуі; жойылған клеткалардың (эритроциттер, тері клеткалары, ішектің эпителий клеткалары) орнына жаңа клет-калардың түзілуі қамтамасыз етіледі.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет