Сабақ №1 27. 01. 2020 ж. Пән: Мәліметтер қорын бағдарламалау Курс, топ: 3 курс 1 аж



бет2/3
Дата11.02.2020
өлшемі0,89 Mb.
#57710
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
01 МҚБағдарламалау ОТС
1 курс 2 топ АС 27.01.2020, физика 34 сабақ, физика 34 сабақ, 37 сабақ, 37 сабақ, 37 сабақ, 38 сабақ, 38 сабақ, 05 МҚБағдарламалау ОТС, 05 МҚБағдарламалау ОТС, 05 МҚБағдарламалау ОТС, 05 МҚБағдарламалау ОТС, 05 МҚБағдарламалау ОТС, 40 физика ВЕТ
2 – тапсырма Желдеткіштерді ұқыптап ағыту.

Компьютерді қате қоректендірумен немесе бөлменің қатты ластануымен байланысты, желдеткіш әртүрлі дыбыстар шығара бастайды немесе тоқтап қалады. Бұл өз кезегінде процессордың дұрыс жұмыс жасауына кері әсер етеді. Желдеткіштің дұрыс жұмыс жасамауынан компьютер «тұрып қатып қалады».

Ең бірінші іс-желдеткішті ағыту керек. Қай жерде орналасқанына қарай, ол әртүрлі тәсілмен ағытылуы мүмкін. Егер желдеткіш қоректену блогында, жүйелік тақшасында, жетектердің біреуінде тұрған болса, оны ағыту қиын емес. Ол үшін оны ұстап тұрған бұранданы бұрап алу керек.


Егер желдеткіш радиаторда орналасқан болса (процессор



немесе графикалық процессорда), онда оны радиатордан

шешіп алу керек. Ережеге сай, желдеткіш оған төрт

кішкентай бұрандамен бекітіледі. Оны шешіп немесе

ағытып алып, одан қоректену блогын сөндіруді ұмытпай

желдеткішті алу керек.




Ескеретін жай, желдеткіш кулердің

құрылымы мен қиындығына қарай басқалай

да орналастырылуы мүмкін.


3 – тапсырма Желдеткіштерді арнайы маймен майлау.

Ережеге сай, компьютерде орнатылған желдеткіштер үлкен айналымды болып келеді. Айналудың үлкен жылдамдығы уақыт өте келе желдеткіштін майының кеуіп кетуіне әкеліп соғады, нәтижесінде дыбыстың жәй жиілігі пайда болып қана қоймай, сонымен қатар айналу жылдамдығы кемиді немесе желдеткіштің тұрақсыз айналуы басталады. Бұған қоса өзінің «қара қызметін» желдеткіштің ішіне кіріп кеткен шаң-тозаң жүзеге асырады.

Желдеткіштің ұяшығының төменгі жағында (кейде жоғарғы жағында), астында қатты механизм тұратын жабыстырма бар. Қалақша желдеткіштің ұяшығында тұруы үшін, оның темір табанының аяқталған жерінде сақина тәрізді тесік бар.

Оны ұяшыққа салғаннан кейін, осы тесікке қалақша ұстап тұратын пластикалық, кейде темір шайба кигізіледі. Шайба қалақшаның тесігіне қатты кіріп тұратындықтан оны алу қиынға соғады. Жіңішке түйрегіші бар қысқышпен, қалың инемен түйреп, сосын қысқышпен іліп алуға болады. Осыдан кейін қалақшаны тартып алуға жол ашылады. Спиртке малынып алынған мақталы таяқшаны алып ұяшықтың ішкі бөлігін сүрту керек. Қалақша арнайы тесікке орналастырылады және оны майлау керек. Майлау үшін белгілі бір жабысқақтығы бар арнайы май қолданылады.

Мұндай май жылуға төзімді болып келеді, ол желдеткішті орнықты ұстап тұрады және діріл пайда болуына жол бермейді. Уақыт өте келе, әрине, май өзінің қасиетін жоғалтады және тағы да шу пайда болады, бірақ бұл әдісті қайталауға болады.

Осылайша, майды қалақшаның белдігіне жағып, оны өз орнына қою керек. Осыдан кейін қалақшада май біркелкі таралу үшін бірнеше рет айналдыру қажет.

Нәтижесінде қалақшаның кигізілген жерінен айнала май шығуы мүмкін, оны сүртіп алу керек. Осыдан кейін тіреуіш шайбаны орналастырып, жапсырманы жапсырамыз.

Осымен желдеткішті тазалауды аяқтауға болады. 


4 – тапсырма Стандартты бағдарламадағы командалық жолдармен жұмыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет