Сабақ №1 Күні: 13. 10. 2016ж. Тренер: Дельмухамбетова М. А. Өткізілетін орны: №11 мфмм каб. №205



бет1/11
Дата02.02.2017
өлшемі1,32 Mb.
#8533
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Апта: І

Сабақ №1


Күні: 13.10.2016ж.

Тренер: Дельмухамбетова М.А.


Өткізілетін орны: №11 МФММ

каб. №205

Уақыты: 3 сағат

1-сабақ- 1сағ. 30 мин.

2-сабақ- 1сағ. 30 мин.


Тақырыбы:

Күн тақырыбы: Кіріспе: оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізудің қажеттігін негіздеу.

1-сабақ: Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.

2-сабақ:Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару. Оқыту

және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу. Мұғалімдер мен

оқушылардың көзқарастары.


Мақсаты:

Мұғалімдер топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне талдау жасайды

және ынтымақтастықта оқыту туралы қорытынды шығарады.



Оқу нәтижесі:

Мұғалімдер топта формалды және сапалы түрде жұмыс істейтіндердің

арасындағы айырмашылықты ескере отырып, шағын топтағы жұмыс

моделін құрады жіне оқыту мен оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу керектігі

жөнінде негіздеме айтады.



Түйінді идеялар:

Мұғалімдердің бір-бірімен бірлескен жұмысының бірінші сабағын

ұйымдастыру сапасы оқудың бұдан әрі қалай жүретініне түбегейлі әсер

етеді. Осыған байланысты жұмысты сергіту сәтінен (разминка) бастап,

тренерлер сабақтарында қолданатын оқыту мен оқу тәсілдерінің негізінде

тиісті модельді құру арқылы шағын топтардағы жұмысты ұйымдастыру

әдістемесіне мысалдар келтірген маңызды.

ЭЫДҰ есептері мен білім беру саласындағы әлемдік көшбасшы елдердің

нәтижелері негізінде әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында оқушыларға

қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру. Мектептерге

олардың оқушыларын табысты жұмыс істеуге дайындау және өмірлік

жағдайларда олардың бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін

инновациялық кәсіби дағдылар мен білімдерді ұсыну.



Оқыту барысы

1-сабақ

5 мин.
10 мин.

10 мин.
10 мин.

10 мин.


30 мин.

15 мин.


2-сабақ

15 мин.


30 мин.

30 мин.


15 мин.

Тақырыбы: Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.

І. Зейінді күшейту.

1. Сергітудің А жаттығуы.

«Карусель» — участники образуют два круга, внутренний и внешний, и в ходе самопрезентации каждый человек из внешнего круга общается с каждым человеком из внутреннего круга. (Жазғы демалысты қайда өткіздіңіз?)


«Шаттық шеңбері». Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық

Уықтар боп иіліп

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.

Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің

мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

Топқа бөлу (жүрек, ай, жұлдыз суреттер бойынша үш топқа бөліну).


2. Сабаққа қатысатын адамдардың психологиялық ахуалын, олардың

мазасыздануының сипаты мен табиғатын анықтау. Тыңдаушылардың

мазасыздығын басуға болатын әдістер мен тәсілдерді іздеу және

шығармашылық жұмыс үшін қажетті атмосфера құру.

Ресурс: «Танысу» сергіту сәтіне арналған жаттығу (Білім беру платформасын

қара). «Танысайық» әдістемелік құралды тарату.



3. Шағын топта жұмыс істеу ережесі. Өзінше конструкциялау. Топта бірлесіп жұмыс жасауды ұйымдастыру.
«Алтын» ереже (үлгі).
* Ойымызды ашық айтамыз.
* Бір - бірімізді тыңдаймыз.

* «Қол көтеру» ережесін қадағалаймыз.
* Бір - бірлеп сөйлейміз.
* Мәселенің мәні бойынша сөйлейміз.
* Бір - бірімізді ұғынуға тырысамыз.
* Өзгелердің сезімін сыйлаймыз.
* Құпиялылықты қадағалаймыз.
* Уақытша шекараны қадағалаймыз.
* Бір - бірімізге сый көрсетеміз (сөзбен, шапалақпен) және т. б.
І І. Ақпарат.

1. Кинометафора. (видеоүзінді қарап) "How will you teach me in the 21st century?"

А. Видеоүзінді жайлы қандай ойда болдыңыздар?

(тыңдаушылар өз пікірлерін білдіреді).



Б. Топтық талқылау.Өзгеріс не үшін керек?

(тыңдаушылар өз пікірлерін білдіреді).


ІІІ. Тәжірибе:

1. Мига шабуыл: Бүгінгі тақырыбымыз: Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.

Сұрақ: Құрметті әріптестер, топтық жұмысты қалай түсінесіздер?

Осы сұрақты топта талқыланыз және әрбір топтан бір пікірді білдірсеңіздер.

2. Шағын топтарда жұмыс істеу артықшылықтарын түсіндіру және

негіздеу. Топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесі.

Ресурстар:

Таныстырылым: Ынтымақтастық пен өзара әрекеттестіктегі жұмыс (Білім

беру платформасын қара).

Топтық жұмыс туралы нұсқаулық (Білім беру платформасын қара).

• Топтық жұмысты бақылау және бағалау.

Шағын топтарда жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері.

Ресурс:

Топтық жұмыс туралы нұсқаулық (Білім беру платформасын қара).



Бейнежазба: Ауысып отыратын топтар (Білім беру платформасын қара).

Әлеуметтік өзара әрекеттестікті ұлғайту: топтық жұмыс жүргізу (Білім беру

платформасын қара).

• Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

Тыңдаушыларға тренерді таныстыру. Сергіту сәтін орындау.

Ұсынымдар: 15 адамнан екі сап құрыңыз, оларды беттестіріп

тұрғызыңыз. Әр жұпқа 20 секундтың ішінде мүмкіндігінше көп

адамдармен амандасып, сосын қарама-қарсы жаққа кетуді ұсыныңыз.



3. Топта жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықпен таныстыру үшін

мұғалімдердің жұп болып жұмыс істеуі.

Тиісті кестелерді қолдана отырып, шағын топтарда жұмыс істеп

отырған оқушылар туралы қысқа бейнежазбаларды қарау. Тиісті

нұсқаулық негізінде топтағы жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында

мұғалімдердің пікірлерін талқылау және оларға арналған ұсынымдар

бойынша шешім қабылдау.

Қосымша оқу: Мұғалімге арналған нұсқаулық.



Үзіліс 15 мин.

Тақырыбы: Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару. Оқыту

және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу. Мұғалімдер мен

оқушылардың көзқарастары.
І. Зейінді күшейту. Жоғары белсенділікті талап ететін жаттығу.

1. Сергітудің Б жаттығуы:"Crocodile" (қатысушыларды екі топқа бөлеміз (1,2 сандар арқылы) және парақта жазылған сөздерді топ мүшелері қимыл арқылы табу керек, мысалы: Кинг-конг, Бауырсақ, Сатушы, Ит т.б.
І І. Ақпарат.

1. Диалогқа көмектесу мақсатында бейнежазбаны көрсету:

http://www.youtube.com/watch?v=rvyP-cwpHN8&feature=colike.

Қосымша CISCO таныстырылымын пайдалану ұсынылады.

Ресурс: Таныстырылым: ХХІ ғасыр дағдылары. XXI ғасыр дағдыларының сипаттамалары. (Білім беру платформасын қара).

Стикер, қалам, флипчартқа арналған қағаз.

● Мұғалімдердің көзқарастары: төменде көрсетілген ресурстармен

танысыңыздар.

Ресурстар: Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек? (Білім беру платформасын қара).

Бейнежазба: «Оқушы үні» (Білім беру платформасын қара).

● Оқушылардың көзқарасы. Бейнежазбаны қарау.

Ресурстар:

Мінсіз оқушының сипаты (Білім беру платформасын қара).

Әртүрлі бес елдегі мінсіз оқушының сипаттамасы (Білім беру платформасын

қара).


ІІІ. Тәжірибе:

Топтық пікірталас:

● Мұғалімдердің құзыретті мұғалім туралы көзқарасы.Қазақстандық

мұғалімдердің құзыретті мұғалім моделі туралы көзқарасын басқа

елдегі мұғалімдердің пікірімен салыстыру.

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

• Бейнежазбалар мен таныстырылымды талқылау үшін ұстаздардың

топтарда бірлесе жұмыс істеуі.

• Әр қатысушы жұптың көргендері мен естігендерінің нәтижесі

бойынша өз сезімдерін сипаттайтын анықтауыштарды айқындауы

және жазуы. Топтағы жұмыстардың қорытындыларын талқылау және

көрсету.

• Қарсы пікір білдіретін әріптестер үшін және ойлану қажеттілігін

дәлелдеу және әріптестердің XXI ғасыр дағдыларына қойылатын

талаптарға қол жеткізу мақсатында оқыту және оқу тәжірибесіне

өзгерістер енгізу үшін постер немесе PowerPoint форматында

таныстырылым әзірлеу.



ІV. Кері байланыс:

Рефлексия «Мен үшін бүгін ... құнды болды, себебі ...»



Синквейн француздың «бес» деген сөзінен шыққан, яғни бес жолды өлең жазу әдісі.
- Бірінші жолда- тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
- Екінші жолда- тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)
- Үшінші жолда- тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)
- Төртінші жолда- тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз
- Бесінші жолда-4 сөзден тұратын бір сөйлем.

Синквейн стратегиясын қолданып параққа жазады


Тренер рефлексиясы

Тыңдаушылар саны – ( 16)

1-ші сабақ 13.10.2016ж күні өтті.



Күн тақырыбы: Кіріспе: оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізудің қажеттігін негіздеу.

1-сабақ: Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.

2-сабақ:Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару. Оқыту

және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу. Мұғалімдер мен

оқушылардың көзқарастары.

Мақсаты: Мұғалімдер топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне талдау жасайды

және ынтымақтастықта оқыту туралы қорытынды шығарады.



Оқу нәтижесі: Мұғалімдер топта формалды және сапалы түрде жұмыс істейтіндердің арасындағы айырмашылықты ескере отырып, шағын топтағы жұмыс моделін құрады жіне оқыту мен оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу керектігі жөнінде негіздеме айтады.

Түйінді идея: Мұғалімдер топта формалды және сапалы түрде жұмыс істейтіндердің арасындағы айырмашылықты ескере отырып, шағын топтағы жұмыс моделін құрады жіне оқыту мен оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу керектігі жөнінде негіздеме айтады.

Мұғалімдердің бір-бірімен бірлескен жұмысының бірінші сабағын ұйымдастыру сапасы оқудың бұдан әрі қалай жүретініне түбегейлі әсер етеді.

1 сабақ 3 сағатқа шақталды. 1-сабақ екі бөлімнен тұрады:

1-сабақ: Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.

2-сабақ:Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару. Оқыту

және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу. Мұғалімдер мен

оқушылардың көзқарастары.

Мектепішілік курсты Ақтау қ. ПШО филиалының директоры Қ Боранбаева ашты. Өз сөзінде тыңдаушыларды "Тәжірибедегі рефлексия" жалпы білім беретін мектептердегі педагог кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша курс оқуларының басталуымен құттықтады. Мұғалімдерге еңбектерінде табыс тілеп, курс бойынша алған білімдерін сабақтарда қолданып биіктерден көріне берулеріне тілек білдірді.





Каталог: uploads -> doc -> 0b99
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b99 -> Өткізу жоспары тақырыбы: Мұғалім жұмысындағы инновациялар – білім берудің жаңа сапасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет