Сабақ №1. Микробиологиялық зертханада жұмыс жасау ережелері. Микроскоптау техникасы. Тірідей препараттар дайындау



бет22/27
Дата22.11.2023
өлшемі9,05 Mb.
#192778
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
зертханалық сабақ
C.М. Жакупов Жалпы психология, 2.Апта

Зертханалық сабақ № 12.


Бактериялардың систематикасы. Зерттелетін культураларды қоректік орталарға егу. Колонияларды сипаттау.
Зертханалық жұмыстың мақсаты: - бактерияларды практика жүзінде идентификациялау үшін колонияларды сипаттау.
Зертханалық жұмыстың міндеті: - бөлініп алған бактериялардың культураларын қоректік орталарға егу және олардың колонияларын сипаттау.
Бактериялардың колониясын зерттеу. Микроорганизмдер тығыз қоректік ортаның бетіне өсіп шыққан кезде колония түзіп, штрих (ирек сызық) бойымен немесе тегіс газон болып өсуі мүмкін. Колония деп – микроорганизмнің бір түрінің клеткалар жиынтығын айтады. Ол клетканың қоректік ортаға қалай өскеніне байланысты болады. Біреулері қоректік ортаның бетіне, келесілері ортаны бойлай өседі, ал кейбіреулері ортаның түбіне қарай өседі. Осыған байланысты колонияның беттік, тереңдік және түптік түрлері болады. Микроорганизмдердің колониясын зерттеу үшін оларды алдымен тазалығына көз жеткізу керек. Ол үшін тығыз қоректік ортаның бетіне он еселік сұйылту әдісін қолдану арқылы культура сұйықтығы дайындалады. Содан кейін залалсыздандырылған пипеткамен 0,1 мл алып, тығыз қоректік орта құйылған Петри табақшасына тамызады және Дригаль шпателімен тамшыны қоректік ортаның бетіне біркелкі етіп жаймалайды. Егу жүргізіп біткен соң 28-30 оС температуралы термостатқа 2-3 тәулікке қалдырады. Өсіп шыққан колониялар әртүрлі болып келеді (сурет 8-11). Оларды сипаттаған кезде келесі белгілеріне көңіл бөледі:
Колония пішіні – дөңгелек, амеба тәрізді, дұрыс емес пішінді, тармақталған (ризоидты) және т.б., үшін өсіп шыққан колонияларын сипаттау.
Колония түсі – түссіз немесе пигменттелген (ақ, сары, қызыл т.б)
Колонияның беті - тегіс, кедiр-бұдырлы, қатпарлы, қыртысталған, концентрлi шеңберлерлермен қоршалған, радиалды сызбалы.
Колония профилі – жалпақ, дөңес, кратер тәрізді, конус тәрізді және т.б.
Колонияның жалтырауы мен мөлдiрлiгі жылтыр колония, жылтыр емес (матовая), бұлыңғыр, ұнтақты, мөлдір.
Колония шеті – тегіс, иректелген, тістелген, шашақталған және т.б.
Колония құрылымы – біркелкі, майда немесе ірі, сорғалаған (струйчатая)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет