Сабақ №1. Микробиологиялық зертханада жұмыс жасау ережелері. Микроскоптау техникасы. Тірідей препараттар дайындау



бет5/27
Дата22.11.2023
өлшемі9,05 Mb.
#192778
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
зертханалық сабақ
C.М. Жакупов Жалпы психология, 2.Апта
Адам микрофлорасын зерттеу (ауыз қуысының микрофлорасы).

Әр студент өзінің тіс жиегінен жұғынды дайындап, фиксациялайды да, бекітілген препарат жасап қарайды. Ауыз қуысында көбінесе коктар, таяқшалар, актиномицеттердің кейбір түрлері кездеседі.
Тіс жиегінен жұғынды дайындап, бекітілген препарат жасап, бактериялардың морфологиясын сипаттау, суреттерін салу.
Қажетті материалдар мен құралдар:
Ет-пептонды агар және Сабуро ортасы құйылған Петри табақшалары, залалсыздандырылған тұзақтар, заттық шыны, жабынды шыны, микробиологиялық тұзақ, қажетті бояулар, микроскоптар.
Тапсырмалар:

  1. Әр түрлі бөлмелерге қойылған Петри табақшаларындағы микроорганизмдердің 1 м3 аудағы санын анықтап, салыстырмалы түрде талдау жасау.

  2. Ауа микрофлорасымен танысу, колонияларды сипаттау.

  3. Препараттар дайындап, суреттерді салып, түсініктеме беру.

Бақылау сұрақтары

  1. Микроорганизмдердің табиғатта таралуы

  2. Ауада микроорганизмдердің таралуы және онда қандай микроорганизмдер тіршілік етеді?

  3. Адам микрофлорасы, адам организмінде қандай микроорганизмдер тіршілік етеді және олардың маңызы қандай?

Зертханалық сабақ № 4.

Культураларды бөліп алу.

Микроорганизмдердің макроморфологиясын зерттеу.


Микроорганизмдердің клетка морфологиясы.


Зерханалық сабақтың мақсаты – микроорганизмдердің таза дақылдарын бөліп алу және зерттеу.
Зертханалық сабақтың міндеті – ауадан микроорганизмдердің таза культураларын бөліп алу, микроорганизмдердің макроморфологиясын және клетка морфологиясын зерттеу.
Микроорганизмдердің физиологиялық, биохимиялық ерекшеліктерін зерттеу үшін сонымен қатар олардың туыстық, түрлік белгілерін анықтау үшін микроорганизмдердің таза культураларымен жұмыс жасалынады. Таза культура дегеніміз, ол бір клеткадан алынған және микроорганизмнің бір ғана түрінен тұратын культураны айтады. Таза культураны бөліп алатын нысан да әртүрлі болуы мүмкін. Ол топырақ, ауа, су немесе т.б болуы мүмкін. Соған сәйкес таза культура бөліп алу әдісі де әркелкі болады. Жалпы таза культураны бөліп алу үш кезеңнен тұрады. Жинақтаушы дақыл алу, таза культура алу және оның тазалығын тексеру.
Таза культураны жинақтаушы культурадан бір клеткадан немесе өсіп шаққан бір колониядан алады. Ол үшін тығыз қоректік орталарға егу жүргізеді. Қоректік ортада өсіп шыққан әр коло нияны бір клеткадан өсіп дамыған деп есептелінеді. Содан кейін өсіп шыққан жеке колониядан пробиркадағы қиғаш агарлы ортаға микробиологиялық тұзақ арқылы егу жүргізеді.
Бөліп алған микроорганизм культурасының тазалығын міндетті түрде тексеру қажет. Ол әдетте бірнеше әдістермен жүзеге асырылады: көзбен, микроскоппен бақылау арқылы және бірнеше рет тығыз қоректік ортаға егу арқылы. Соның ішінде, культуралардың тазалығын көзбен бақылау үшін қиғаш агарлы ортада өсірілген микроорганизм культурасын штрих бойымен (ирек сызық) өсуін қадағалайды. Егерде штрих бойымен өсу біркелкі болмаса, онда культура таза еместігін көрсетеді. Бұндай бақылау тек қоректік ортаның бетінде өсуге қабілетті микрорганизмдердің тазалығын зерттегенде ғана қолданады.
Әдетте микроорганизмдердің тазалағын микроскоппен бақылайды. Ол үшін микроорганизмдердің клеткасынан кептіріліп боялған препарат немесе тірі клеткалардың препаратын дайындап микроскоппен тексереді. Таза культуралардың клетка морфологиясы біркелкі болады. Бірақ кейбір бактериялардың клеткалары, мысалы: микобактериялар, нокардиялар, родококтар және т.б. полиморфты болады. Яғни олардың клеткалары өздерінің өсу циклдарында кокка пішінді түрден таяқша, жіпше пішінге дейін немесе керісінше өзгеріп тұрады. Осыған байланысты, олардың тазалығын микроскоп арқылы тексеру қиындықтар туғызатындықтан, міндетті түрде тиісті тығыз немесе сұйық қоректік орталарға егу жүргізу арқылы зерттеу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет