Сабақ №1. Микробиологиялық зертханада жұмыс жасау ережелері. Микроскоптау техникасы. Тірідей препараттар дайындау


Бурри-Гинс әдісі бойынша капсулаларды бақылау



бет9/27
Дата22.11.2023
өлшемі9,05 Mb.
#192778
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Байланысты:
зертханалық сабақ
C.М. Жакупов Жалпы психология, 2.Апта
Бурри-Гинс әдісі бойынша капсулаларды бақылау.
Бурри әдісі бойынша препарат дайындалады. Ол үшін заттық шыныға қара туш бояуын тамызады, оның үстінен микроорганизмнің клеткасын араластырады. Содан кейін 96 % спирт тамызып, спирт шамының жалынында кептіріп бекітеді. Дайын болған препаратты 1/3 қатынасындағы Цильдің карбол фуксин бояуының сулы ерітіндісімен 2-3 минут бояйды. Препаратты сумен жақсылап шаяды да, ауада кептіреді және микроскоптан 40 объективпен қарайды. Нәтижесінде қара түсте қызғылт түске боялған бактериялардың клеткасын қоршап тұрған мөлдір түссіз капсулалар көрінеді. Бақылау ретінде коллекциядағы Azotobacter туысының бактериялары қолданылады. Алынған нәтижелерді қорытындылап, кестеге толтырады (19 сурет).

Грам әдісімен бактериялардың клетка қабықшасының боялу сипатын анықтау.


Бактериялардың клетка қабықшасы (0,01 -0,04 мкм) қорғаныс қызметін және клеткаға пішін беріп тұрады. Оның құрамына пептидогликан, сонымен қоса, тейхой қышқылдары, липопротеидтер, липополисахаридтер және фосфолипидтер болады. Микроорганизмдердің арасында микоплазмаларда клетка қабықшасы болмайды. Археяларда клетка қабықшасының құрамы әртүрлі болып келеді: бір бактериялардың клетка қабықшасының құрамында псевдомуреин ал, кейбіреулерінде липополисахаридтер және тағы басқа қосылыстар болады. Олардың клетка қабықшасының молекулалық ұйымдасу деңгейі мен химиялық құрамын клетка қабықшасының Грам тәсілімен боялуын байланыстырады. Грам тәсілімен бояуды дат микробиологы Грам (1884 ж.) бактерияларды ұсынған, бұл әдіс бойынша барлық бактериялар 2 топқа бөлінеді: грам оң және грам теріс. Грам оң бактериялар препаратты спиртпен өңдеу кезінде генициан көгілдірдің йодпен қосылысын ұстап қалады да, көгілдір түске боялады. Фуксинмен бояған кезде қызыл түсті қабылдамайды. Грам теріс бактериялар мұндай қабілетке ие емес, сондықтан спиртпен өңдегенде түссізденеді. Одан кейін фуксинмен бояғанда олар ашық қызыл түске боялады.
Грам әдісі бойынша бояу тәртібі:
Заттық шыны бетіне зерттелетін бактерия клеткасының кептірілген жұғындысын дайынап алады. Содан кейін бактериялардың жұғындысын келесі тәртіп бойынша бояйды.

  1. Бекітілген жұғындыны кристалды көгілдірмен бояп, 1-2 мин ұстайды да, бояуды төгіп тастайды.

  2. Люгольдің ерітіндісін тамызып, 1-2 мин кейін ерітіндіні төгеді.

  3. Препараты этил спиртімен 30 секунд өңдеп түссіздендіреді.

  4. Препаратты сумен шаяды.

  5. Сулы фуксинмен 1-2 минут бояйды.

  6. Сумен шаяды

7. Препаратты кептіріп құрғатады да микроскоптан қарайды.
Микроскоптан қараған кезде Грам оң бактериялар қою көгілдір немесе күлгін түске, ал грам теріс бактериялардың клеткалары ашық қызыл түске боялады (20 сурет).
Грам әдісімен бояу нәтижесі дақылдың жасына байланысты болады: ересек дақылдардағы өлі клеткалар грам теріс боялады. Сондықтан жас тәуліктік дақылдарды қолданған жөн. Алынған нәтижелерді кестеге толтырады.

Сурет 19 - Alcaligenes faecalis бактериясының боялған капсуласының микросуреті


Clostridium perfringens Вacillus subtilis Micrococcus luteus

Грам оң бактериялар



Escherichia coli Pseudomonas aeruginosa
Грам теріс бактериялар
Сурет 20 - Грам әдісімен бактериялардың клетка қабықшасының боялу сипатын анықтау.
Кесте 1 - Бактерия клеткаларын бояу әдістері.

Бояу әдісі

Бактерия клеткасында бақылайтын құрылым

Грам тәсілімен боялуы

Суретін салу
















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет