Сабақ №1: патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты


Сабақ № 3: ЖАСУШАНЫҢ ЖАЛПЫ ПАТОЛОГИЯСЫ



бет3/4
Дата21.07.2017
өлшемі1,14 Mb.
#21545
түріСабақ
1   2   3   4

Сабақ № 3: ЖАСУШАНЫҢ ЖАЛПЫ ПАТОЛОГИЯСЫ

Сабақтың мақсаты:

  • Жасуша зақымдануының жалпы этиологиясы мен патогенезінің негізгі сұрақтарын меңгеру

  • Ситуациялық есептерді шығару және патогенездік сызбанұсқаны құру барысында теориялық деректерді қолдану

  • Жасушалық деңгейде өтетін дерттік үрдістердің пайда болу себебі, даму тетігі және салдарларының патофизиологиялық анализін өткізу дағдыларын меңгеру

  • Осы тақырыпты талқылау барысында сөздіктерді меңгеру дағдыларын қалыптастыру

  • Эксперимент жүргізу барысында ҚР ДС № 442 және № 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану

Оқыту міндеттері:

  • жасуша зақымдануының этиология мен патогенезін меңгеру

  • Осы тақырыпта қолданылған сөздіктерді дұрыс қолдануды үйрену

  • Сабақтың тақырыбы бойынша патогенездік сызбанұсқаны құруды үйрену

  • Тәжірибеде жасуша бүлінісінің көріністерін анықтауды үйрену

  • Ситуациялық есептерді шешу барысында теориялық деректерді қолдануды үйрену

  • Эксперименттік жануарлармен жұмыс істеу барысында ҚР ДС № 442 және № 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Жасушаның бүлінуі, анықтамасы. Жасушаның бүлінісін туындататын себептер. Бүліністерге жасушаның төзімділігін анықтайтын жайттар.

  2. Жасуша бүліністерінің түрлері, сипаттамасы. Жасушаның жіті және созылмалы бүліністерінің сатылары.

  3. Жасуша өлімінің түрлері. Некроз және апоптоз, даму тетіктері.

  4. Жасуша бүліністерінің арнайы және арнайыланбаған (иондық дисбаланс, қажыммен қамтамасыз етілуінің азаюы, рН, мембраналық потенциалдың, сіңірулік қабілетінің өзгеруі) көріністері, даму тетіктері.

  5. Жасуша мембранасы бүлінулерінің патогенезі (МАТ, фосфолипаза және басқа гидролазалардың әсерленуі, осмостық және иммундық бүліністер).

  6. Бүліністер кезіндегі жасушадағы теңгерілулік тетіктер.

  7. Патогенді жайттардың әсеріне жасушаның төзімділігін арттыратын және зақымданған жасушада қалпына келтіру үрдістерін күшейтетін алдын алу және емдік шаралар.


Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері:

Оқытушының бақылауымен және студенттердің қатысуымен тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша пікірталас жүргізу және әңгімелесу, тәжірибелер жасау, тәжірибе нәтижелерін талқылау, есептер шешуін талқылау, бейнефильм көру.



Бақылау әдісі:

Ауызша сұрау, ситуациялық есептер мен тәжірибенің нәтижелері бойынша қорытындыларды дұрыс толтырылуын тексеру.

.

Тәжірибелік жұмыс

1 тапсырма. Қоян эритроциттерінің осмостық төзімділігіне температураның әсерін зерттеу



Әдісі: Дені сау қоян құлағының шеткі көктамырынан 0,5 мл қанды алдын ала 1 тамшы гепарин құйылған центрифугалық пробиркаға алады. Сали гемометрімен қанды әрқайсысына 5 мл 0,3%, 0,45%, 0,65%, 0,85% хлорлы натрий ерітіндісі құйылған 4 пробиркаға тамызады (бақылау сериясы).

Қалған қанды температурасы 500С су моншасында 5 минөт бойы ұстайды. Осыдан соң ысытылған қанды 0,02 мл мөлшерде басқа штативтегі хлорлы натрийдің сондай ерітіндісіне тамызады (зерттеудің тәжірибелік сериясы). 10 - 15 минөттен соң бақылау және тәжірибелік сериядағы пробиркалардың боялу қарқынын салыстырады. Алынған деректерді кестеге жазып, тұжырым жасайды.

Схема протокола

Тәжірибе сериялары

хлорлы натрий ерітіндісінің мөлшері




0,3%

0,45%

0,65%

0,85%

    1. бақылау

    2. тәжірибе













Ескерту: ерітінділердің боялу қарқынын + белгісінің әртүрлі санымен белгілейді.
2 тапсырма. Қоян қаны эритроциттеріне этил спиртінің зақымдаушы әсерін зерттеу.

Әдісі: Дені сау қоян құлағының шеткі көктамырынан қанды алдын ала 1 тамшы гепарин құйылған пробиркаға алады. Сосын пробиркаға бір тамшы этил спирті тамызылып, 370С термостатта 5 – 10 минөт ұстайды. Лаборанттар қанды әйнекке жағып жағынды жасайды, оны Романовский-Гимза бойынша бояйды.

Студенттер жағындыны микроскоптың иммерсиялық объективімен қарап, эритроциттердің пішіні өзгергенін анықтап тауып, олардың туындауын түсіндіреді.


3 тапсырма. Азот қышқылды күмістің әсерінен бүлінген бақа тілі тінінің бояуды қабылдау қабілетін зерттеу

Әдісі: Бақаны жұлынын зақымдау арқылы жансыздандырады. Тіл препараты жасалады. Оған бірнеше түйір азот қышқылды күмісті салады және сау тін мен зақымданған тін арасындағы айырмашылықты көзбен қарап ажыратады. Сосын тілге бірнеше тамшы метилен көгін тамызады және тез арада дистилденген сумен жуып тастайды. Тілдің зақымданған бөлігінің боялуын жай көзбен және микроскоппен салыстырады, тілдің көрінген өзгерістерінің суретін алып, тұжырым жасайды.
4 тапсырма Ситуациялық есептерді шығару

1 есеп.

Токсикологиялық зертханада бір химиялық өндіріс орнындарынан шығарылатын қалдықтардың құрамына кіретін уытты заттың жасушаға әсерін зерттеді. Жасанды ортадағы қалыпты эпителий жасушасына өнімнің уытты мөлшерін енгізеді. Жасуша зақымдалуының көріністерін 3 сағат бойына әрбір 30 минут сайын бақылады. 3 сағаттан соң 85% жасушаның тіршілігін жоғалтқаны анықталды.

Сұрақтар:


  1. Осы тәжірибедегі эпителий жасушаларының қайтымды (А) және қайтымсыз (Б) бүліністерін бағалау үшін қандай құрылымдық және биохимиялық нышандарды (белгілерін) ұсынуға болады.

  2. Жасуша жағдайын бағалауға ұсынылған нышандарды негізге ала отырып, жасушадағы дерттік өзгерістерді және олардың даму тетігінің бірізділігін келтіріңіз.

2 есеп. Тәжірибеде гемолиздік анемияның үлгісін алу үшін тышқандарға фенилгидразин енгізді, ол өз кезегінде жасушада бос радикалды тотығуды ынталандырады. Фенилгидразин енгізгеннен кейін жарты сағаттан соң жануардың қанында эритроциттердің мөлшерінің төмендегені, бос Hb және метгемоглобин анықталды.



Сұрақ

Эритроциттердің мембранасының зақымдануының даму тетігін және бос гемоглобин мен метгемоглобин түзілуін түсіндіріңіз.


3 есеп. Терінің эпителий жасушасына жаңа антибиотиктің уыттық әсерін зерттеу үшін тәжірибенің екі топтамасы жүргізілді (А және Б).

А. In vivo тәжірибесінде тәжірибелік сызықтық егеуқұйрықтарда алты сағат бойы жануардың терісіне антибиотиктің ертіндісі бар жапсырғышты таңып қойды (дәрінің мөлшері емдік көрсеткіштен өте жоғары болды). Дәрінің тиімділігін жапсырғышты алғаннан кейін 8 сағаттан соң өмір сүру барысында теріні микроскоппен қарау арқылы бағалады. Кейіннен арасы 8 сағат сайын екі рет микроскоппен қарады.

Б. In vitro тәжірибесінде зерттелетін дәрі бар ортада эпителиалды жасушасының дақылын өсірді. Дәрінің мөлшері in vivo тәжірибесіндегі мөлшерге сәйкес келеді. 6 сағаттан кейін дақылды жуып, дәрісі жоқ ортада ұстауды жалғастырды. Дәрінің әсерін жарықтық әдіспен және in vivo тәжірибесіне сәйкес, сол мезгілде электронды микроскоппен тексеру арқылы бағалады.

Тәжірибелердің нәтижелері

А. In vivo: Жапсырғаннан кейін 8 сағат өткен соң эпителийдің майда ошақты некрозы мен дистрофиясы анықталды. Кейіннен осы дерттік өзгерістердің теріде өскені байқалды.

Б. In vitro: зерттеудің барлық сатыларында тері эпителийінде зақымдану белгілері анықталған жоқ. Тек басында жасушалардың агрегациясы байқалды, кейіннен жүргізілген тексерулерде анықталған жоқ.

1. In vivo жүргізілген тәжірибеде эпителий жасушасының бүлінісі тікелей немесе жанама деп ұйғаруға болады ма? Өзіңіздің ұйғарымыңызды растайтын мәліметтер келтіріңіз.

2. Дәрінің жасушаға бүліндірігіш әсерінің даму тетігі қандай? In vitro жүргізілген тәжірибенің нәтижелерін ескере отырып. сіздің көрсеткен даму тетіктеріңіздің қайсысы (қайсылары) дұрыс болып табылады?

ӘДЕБИЕТТЕР:



Негізгі:

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 293-311.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 33-42.

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 136-162.

  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо и В.В.Новицкого. – Томск: Изд-во Том. ун-та, 1994. – С. 50-73.

  5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 16-48.

  6. Патофизиология бойынша тест тапсырмалары. Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.–688 б

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 66-89.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 89-140.

  3. Воложин А.И. Общая патология клетки // Общая патология клетки // патологическая физиология под ред А.И. Воложина и Г.В. Порядина. М.: МЕДпресс. – 1998. – с. 41 – 104.

БАҚЫЛАУ


Тест тапсырмалары – патофизиология пәнінен сынамалық тапсырмаларды қараңыз. Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б
Сабақ № 4: ШЕТКЕРІ ҚАНАЙНАЛЫМЫ МЕН МИКРОЦИРКУЛЯЦИЯНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ. ҚАБЫНУ

Сабақтың мақсаты:

  • Шеткері қанайналымы мен микроциркуляция бұзылыстарының этиологиясын, патогенезін, организмдегі маңызын меңгеру

  • Есептерді шешу барысында теориялық деректеді қолдану

  • Тақырыптың сұрақтары бойынша пікірталас жүргізу дағдыларын қалыптастыру


Оқыту міндеттері:

  • Микроциркуляция бұзылыстары: артериялық, веналық гиперемияның, ишемияның, ишемиядан кейінгі репефузияның, тромбоз, эмболияның, стаздың туындау себептері, даму тетіктері, ерекшеліктері, сыртқы көріністері, организм үшін маңызын зерттеу

  • Теориялық материалды талдау барысында медициналық сөздіктерді қолдану

  • Ситуациялық есептерді шешу барысында алған теориялық білімді қолдануды үйрету


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Артериялық гиперемия, анықтамасы, пайда болу себептері, түрлері, даму тетіктері, микроциркуляция жағдайлары. Артериялық қан кернеуінің (гиперемияның) сыртқы көріністері, олардың патогенезі. Артериялық гиперемияның салдарлары.

  2. Веналық гиперемия, анықтамасы, себептері. Микроциркуляция жағдайлары.Веналық гиперемияның сыртқы қөріністері, олардың патогенезі. Веналық гиперемияның салдарлары.

  3. Ишемия, анықтамасы, себептері. Микроциркуляция жағдайлары. Ишемияның сыртқы көріністері және олардың патогенезі. Ишемия кезіндегі теңгерулік тетіктер. Ишемияның салдарлары. Қан реперфузиясы туралы түсінік, анықтамасы, пайда болатын өзгерістердің патогенезі, салдарлары.

  4. Стаз, анықтамасы, түрлері. Нағыз капиллярлық стаз кезіндегі қан ағымы токтауының тетіктері. Стаздың салдарлары.

  5. Тромбоз,анықтамасы. Тромбоз этиологиясы. Қан қатпары пайда болуының паттогенезі. Тромбоздың зардаптары мен салдары Теңгерілулік үрдістер: шунтталу, жанама қанайналымы. Алдын алу мен емдеу жолдары.

  6. Эмболия, анықтамасы. Эмболия түрлері. Эмболдардың шығу тегі бойынша түрлері, сипаттамасы. Эмболияның салдары. Емдеу жолдары мен алдын алу

  7. Қанайналымының типтік бұзылыстары (қантамырішілік, қантамырлық, қантамырсыртылық) қылтамырлық-трофикалық жеткіліксіздігі туралы түсінік.


Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

Оқытушының бақылауымен және студенттердің қатысуымен тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша пікірталас жүргізу және әңгімелесу, ситуациялық есептерді шешу.



Бақылау әдісі:

Ауызша сұрау, ситуациялық есептер бойынша қорытындыларды дұрыс толтырылуын тексеру, сынамалау.

.Тәжірибелік жұмыс







1 тапсырма. Артериялық гиперемияның сызбанұсқасын құру.

2 тапсырма.




Веналық гиперемияның сызбанұсқасын құру.

3 тапсырма.




Ишемияның сызбанұсқасын құру.


4 тапсырма.

Ситуациялық есептерді шығару.


1. 25 жастағы науқас әсіресе суыққа қол саусақтарындағы ауыру сезіміне және жансыздануына шағымданады. Ауруы ұстағанда саусақтары мен қол басының терілері бозарып, жергілікті қызымы түсетіндігін, тері сезімталдығының бұзылатындығын сезеді.

Сұрақтар:

1. Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?

2. Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?
2. Сол жүрекше-қарыншалық тесіктің тарылуы бар науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені, саусақтары сипағанда суық екендігі анықталды. Тырнақ тамырларын биомикроскоптық қарап тексергенде вена тамырларының кеңейгендігі, қанағымының баяулағандығы анықталды.

Сұрақтар:

1. Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?

2. Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?
3. Созылмалы гепатитпен және бауыр циррозымен ауыратын 68 жасты Д есімді науқасқа құрсақ қуысындағы сұйықтықты сорып алу үшін іш перде пункциясын жасады. Ісшараның 15 минөтінде, 5 литр сұйықтықты сорып алғаннан кейін науқас бас айналуына, әлсіздікке шағымданды, бірақ ісшара жалғастырылды. Тағы 1,5 литр сұйықтықты сорып алған соң науқас есінен танды. Жедел жәрдем көрсеткеннен кейін біршене минөт ішінде есін жиды, бірақ науқас әлі де қатты әлсіздік, бас айналу, жүрек айнуына шағымданады.

Сұрақтар:


  1. Дәрігердің қателігін табыныз?

  2. Іш шемендік сұйықтықты сорып алудан кейін пайда болған талу тетіктері қандай? –

  3. Осындай жағдайларда мыйдағы қанайналым бұзылыстарының икемделістік тетіктері болуы мүмкін?

  4. Неліктен осы науқаста қанайналым жүйесінің икемделіс тетіктері әсерсіз болды?

4. 56 жастағы ер кісі емханадағы қабылдауда тез уақытта шаршау және жүргенде балтыр бұлшықеті ауыруына, тоқтағанннан кейін – «ауық-ауық ақсау» симптомына, аяқтарының мұздайтындығына, ұйып қалуына, «жыбырлайтындығына» және тыныштықта шаншуына (парестезиялар) шағымданды. Жас кезінен және көп мөлшерде шылым шегеді, мамандығы ұзақ мұздау кезеңдерімен байланысты (күз-қыс мерзімдерінде даладағы жұмыс). Қарау барысында: табаны боз, терісі құрғақ, суық, тырнақтары сынғыш; екі аяқтың табанының сыртқы және балтырының артқы артерияларында тамыр соғысы анықталмайды. Алдын ала диагнозы: «Бітелістік эндоартериит».

Сұрақтар:


  1. Науқаста жергілікті қанайналым бұзылысының қай түрі бар?

  2. Осы науқастағы дерттің даму тетіктері?

  3. Науқастағы қанайналымының жағымсыз салдарларын анықтаңыз?

  4. Белгілердің дамуының қандай ең мүмкіндік тетіктері келтірілген?

ӘДЕБИЕТТЕР:



Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 247 - 265.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. С. 87-92, 195-197

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 162-194.

  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо и В.В.Новицкого. – Томск: Изд-во Том ун-та, 1994. – С. 147- 152.

  5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 161-181.

  6. Патофизиология бойынша тест тапсырмалары. Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.–688б

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 182-200.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 195-214.

БАҚЫЛАУ

Тест тапсырмалары – патофизиология пәнінен тест тапсырмаларын қараңыз. Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б 96-110





Сабақ № 5: ҚАБЫНУ

Сабақтың мақсаты:

  • Жіті және созылмалы қабынудың этиологиясы мен патогенезін меңгеру

  • Ситуациялық есептерді шешуде алған теориялық білімді қолдану

  • Тақырып сұрақтарына пікірсайыс жүргізу машығын қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  • жіті қабынудың этиологиясы мен патогенезі зерттеу, жіті қабынудың организм үшін маңызы

  • Теориялық материалды талдау барысында медициналық сөздіктерді қолдануды үйрену

  • Ситуациялық есептерді шешуде алған теориялық білімді қалыптастыруды үйрену


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қабыну, анықтамасы, этиологиясы. Әлтерация туралы түсінік. Қабыну кезіндегі алғашқы және салдарлық әлтерация.

  2. Қабыну ошағында зат алмасудың өзгерістері. Олардың патогенезінде жасушалар мен жасушаішілік құрылымдар мембраналары бүлінуің маңызы. Қабыну ошағындағы физикалық-химиялық өзгерістер, олардың патогенезі, салдарлары.

  3. Қабыну дәнекерлері, түрлері, шығу тегі, қабыну дамуындағы маңызы. Қабынуды шақыратың және қабынуға қарсы цитокиндер туралы түсінік

  4. Қабыну ошағында қанағымы өзгерістерінің сатылары, олардың патогенезі.

  5. Экссудация, анықтамасы, даму жолдары. Жалқықтың түрлері. Ірінді жалқықтың құрамы мен қасиеттері.

  6. Лейкоциттердің эмиграциясы, анықтамасы, сатылары және олардың жолдары.

  7. Фагоцитоз, сатылары. Фагоцитоздің жеткіліксіздігі және оның қабынудағы маңызы.

  8. Пролиферация, оның тетіктері. Пролиферацияның түрткілері мен тежегіштері.

  9. Қабынудың жергілікті және жалпы белгілері және оның патогенезі

  10. Қабынудың организм үшін маңызы.

  11. Созылмалы қабынудың этиология және патогенезі

  12. Қабыну үрдісін алдын алу және емдеудің жалпы ұстанымдары.


Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

Оқытушының бақылауымен және студенттердің қатысуымен тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша пікірталас жүргізу және әңгімелесу, ситуациялық есептерді шешу, бейнефильм көру.



Бақылау әдісі:

Ауызша сұрау, ситуациялық есептер бойынша қорытындыларды тексеру.


Тәжірибелік жұмыс

1 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу

1есеп. Кәсіпорынның медпунктіне автоклавтың авариясы кезінде сирағынан күйік алған екі жұмысшы келді. Олар бас ауыруына,күйік аумағындағы домбығу және ашып ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: зардап шегуші А-да сирағы гиперемияланған, олардың терісі ісінген, зардап шегуші Б –да осы әйгіленімдермен қатар ашық-сары мөлдір сұйықтыққа толы көпіршіктер анықталды. Екі науқасқа да ауруханалық қағаз және емдік ұсыныстар берілді, бірақ екеуі де оларды орындамады.

3 күннен кейін зардап шегуші А-ң жағдайы қалыпқа түсті, ал Б-ң жағдайы біршама нашарлады: жайылған ісік, күйік шалған жерлерде ауыру сезімі күшейді және күйік аймағында көптеген іріңді көпіршіктер ( бактериологиялық зерттеуде алтын стафилококк табылды) пайда болды, дене температурасы 38,9 ◦С.

Сұрақтар:

1. Науқаста қандай дерттік үрдістер дамыды? Қабынудың сипатын анықтау үшін қандай қосымша зерттеулер тағайындауға болады?

2. Бір жайтпен шақырылған дерттік үрдістің әртүрлі ағымда өтуінің себептері қандай?

3. Зардап шегуші Б-да әйгіленімдердің даму тетігі қандай?

4. Зардап шегуші Б-да жұқпа емес дерттік жайт неге іріңді көпіршіктер пайда болуына әкелді?
2 есеп. Науқас тез шаршағыштық, ұйқышылдық, қолындағы ауыру сезіміне шағымданады. Дене температурасы 38,30С. Қарап тексергенде сол қол бас бармағындағы тырнақ бунағының көлемі ұлғайған, гиперемияланған, сипап сезгенде ауырады. Қанда солға жылжыған нейтрофильді лейкоцитоз (15х109/л), ЭТЖ 40 мм/сағ., жалпы нәруыз 77 г/л, әлбумин/глобулиндік коэффициент – 0,9, СӘН жоғарылаған.

1. Организмнің реактивтілік жағдайы мен дерттік үрдісті сипаттаңыз

2. Қабынудың жергілікті белгілерін тауып, олардың патогенезін түсіндіріңіз

3. Науқаста қабынудың қандай жалпы белгілері бар және олардың патогенезі қандай?


2 тапсырма. Сөзжұмбақты шешу

















1


































3





































1

























2





























































































































































3































































































































4














































5
























































































6

















































7




















































5































6













8






















10
















9































7










8


























































10

























11































12






































































13





































































































































11











































14











































15

























































































































16










12



























































































17

























13
















18






































































19









































































20








































21



















Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2012 -> Альберт эйнштейн
2012 -> Л. Г. Матвеенкова
2012 -> Абылай хан
2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет