Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері. Сабақтың мақсаты



бет4/32
Дата06.12.2016
өлшемі4,75 Mb.
#3308
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Үйге тапсырма беру: Халық суретшілері жайлы әңгімелеп бер.

Сабақ: №11

Сабақтың тақырыбы:

Графика өнерінің түрлері.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Графика өнерінің түрлерімен оқушыларды жүйелі

түрде таныстыру.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу

қабілеттерін дамыту.


б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.


Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, тушь бояуы, перо, қылқалам және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Графика - грек сөзі, «жазамын», «суретін саламын» деген үғымды білдіреді. Графиканың ең қарапайым түрі ақ қағазға карындашпен, тушьпен орындалады.

Графика орындалу ерекшелігіне және салу тәсіліне (техникасына) байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Мұны біз 4-сыныпта жалпы таныстырып өткенбіз. Енді соның ішіндегі ең негізгі екі түрімен, яғни гравюра және линогравюрамен таныстырып өтпекпіз. Гравирлеу француздың grawer - «қию», «тырнау» деген сөзінен шыққан. Гравюра деп бетіне сурет ойып салынған тақтаны да, сондай-ақ одан алынған басылымды да айтамыз. Гравюра Қытайда шамамен 6 ғасырда пайда болды. Батыс Еуропада ол 13-14 ғасырларда шығып, 16 ғасырда кемеліне жетті. График суретшілер әр түрлі техниканың әдіс-тәсілдерін жетік пайдаланған. Оның түрлері: линолеум, пластикті гравюра, автолитография, офорт, т. б. Көптеген графиктерді байқасақ,
олар қарындаш, акварель, тушь сияқты колайлы әрі ыңғайлы материалды қолданған. Батыс Еуропа суретшілерінің әсерімен, графика өнерінде жаңа техника
- «сюрреализм» бағыты қалыптасты. Жаңа бағытта да графика өнері көптеген табыстарға жетті. Еліміздің графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген суретшілер деп И. Исабаев, Ә. Рахманов, М. Қисамединов,

А. Смағұлов, Б. Табылдиев, К. Баранов, Н. Гаев, В. Гурьев, Е. Сидоркин,

Т. Ордабеков, Қ. Қаметов, В. Тимофеев, т. б. атауға болады. Қазақстан суретшілерінің үлттық графикаға қосқан үлесі зор.



Гравюраның түрлері өте көп: металға жасалған гравюраны офорт дейміз; ағашқа жасалған гравюраны ксилография дейміз; линолеумге жасалған гравюраны линогравюра дейміз; тасқа жасалған гравюраны литография дейміз және т. б.

Линолеуммен жүмыс істеу бастауыш сынып оқушылары үшін емес, жоғарғы сынып оқушыларына арналған. Бұл арнайы шеберханаларда істеледі. Линолеуммен жұмыс істеу әдісін линогравюра деп атаймыз. Ол да гравюраның бір түріне жатады. Мұнда да сурет ақ және қара түстен тұрады.






Каталог: uploads -> doc -> 03e2
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03e2 -> Сабақ жоспары: Халық болып қалыптасу үдерісі. «Қазақ» атауы. Қазақ жүздерінің шығуы
03e2 -> Сабақ жоспары Сынып: 4 Пәні: Ана тілі
03e2 -> Сабақтың түрі : баяндама Сабақтың барысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет