Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Сызу аспаптары мен жабдықтары. Сабақтың мақсаты



бет35/52
Дата20.06.2018
өлшемі8,7 Mb.
#43693
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   52
Үйге тапсырма беру: 109-суретте кескінделген дененің сол жақ және оң жақ көріністерін сыз. Олардың жергілікті көріністен айырмашылығына зер сал.

109-суреттегі нәрсенің тікбұрышты изометриясын тұрғыз.



Сабақ: №42

Сабақтың тақырыбы:

Нәрсенің негізгі екі көрінісі бойынша оның үшінші негізгі көрінісін салу.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Тетікбөлшектің берілген негізгі екі көрінісі бойынша үшінші

негізгі көрінісін тауып салуға, сызбада көріністерді

орналастыруға үйрету.



ә) Дамытушылық: Өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру, ой

қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, ойлау қабілетін

дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сызбаларды салауатты сызып, топпен жұмыс жасап, бір-бірін



тыңдай білуге үйрету, мәдениетті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және т.б.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Нәрсенің берілген негізгі екі көрінісі бойынша оның үшінші негізгі көрінісін салу - сызу пәнінің басты есептерінің бірі. Осындай есептер оқушылардың кеңістікті елестету қабілетін дамытуға әсерін тигізеді. Сондықтан бұл есепті оқушы шығара алатын болуы тиіс. Берілген екі көрініс бойынша үшінші көріністі тұрғызу үшін нәрсенің кеңістіктегі пішінін көз алдымызға елестетіп, түсініп алуымыз керек. Басқаша айтқанда, сызбаны оқи білу керек. Сызбаны оқудың екі әдісі бар. Бұлардың біреуі - талдау әдісі де, екіншісі - толықтыру әдісі. Бұл әдістердің екеуі де геометриялық қарапайым денелердің проекциялары қалай кескінделетінін білуге негізделген. Талдау әдісі. Бұл әдісті қолданғанда берілген күрделі нәрсені өзімізге белгілі қарапайым геометриялық денелерге ажыратамыз. Қарапайым геометриялық денелерге призманы, пирамиданы, конусты, цилиндрді және шарды жатқызамыз. Осы аталған геометриялық денелердің кескіндеріне тән сипаттық белгілерді есте сақтау керек. 1-мысал. 110, а-суретте алдыңғы және үстіңгі көріністері берілген нәрсені талдап, оның сол жақ көрінісін салу керек. Берілген нәрсені параллелепипедке және үшбұрышты призмаға ажыратуға болады. Тұтас нәрсенің және оның бөліктерінің аксонометриялары 110, ә-суретте келтірілген. Призманы параллелепипедке бір жағымен тақап қояды. Призманың келесі жағы параллелепипедтің сәйкес жағымен бір жазықтықта жатыр. Енді профиль проекцияның - сол жақ көріністің екіге бөлінген тіктөртбұрыш болатынын түсіну қиын емес (110, б-сурет).

2-мысал. 111, а-суретте кескінделген күрделі геометриялық дененің сол жақ көрінісін салу керек. Тапсырманы орындау үшін сызбаны оқып, күрделі денеге талдау жасайды. Алдымен оны өзімізге белгілі геометриялық денелерге ажыратамыз. Дененің алдынан қарағандағы көрінісінде төрт горизонталь сызық бар. Олар нәрсені үшке бөледі. Жоғарғы екі горизонталь сызықтың аралығындағы бөлігі (1) қиық конус екеніне, ортаңғы бөлігі (2) алтыбұрышты дұрыс призма екеніне көз жеткізу қиын емес (111, ә-сурет). Ал төменгі бөлігі екі жарты цилиндрден (3) және (5), параллелепипедтен (4) тұрады. Бұл аталған қарапайым геометриялық денелердің проекцияларын салу өткен тақырыпта (§21) қарастырылды. Берілген күрделі дененің сол жақ көрінісі оны құрайтын қарапайым денелердің сол жақ көріністерінен тұрады. Алдымен астыңғы бөлігінің сол жақ көрінісін салуға болады. Біз жарты цилиндрді (3) көреміз, ал параллелепипед (4) және жарты цилиндр (5), оның тасасында тұрғандықтан, көрінбейді. Аталған бөліктер (3, 4 және 5) профиль проекциялар жазықтығына олардың алдынан қарағандағы көрінісінің деңгейінде орналасқан тіктөртбұрышқа проекцияланады. Бұл тіктөртбұрыштың биіктігі алдыңғы көріністен, ені үстіңгі көріністен алынады. Сол жақтан қарағанда призманың үш жағы көрінеді. Бұл үш жақтың ортаңғысы деңгейлік фигура болғандықтан, бұрмаланбай натурал шамасын сақтап проекцияланады. Қалған екі жағы профиль проекциялар жазықтығына 60°-қа тең бұрыш жасап көлбейді. Сондықтан проекцияда бұл екі жақтың ені ортаңғы жақ енінің жартысына тең болады. Қиық конустың сол жақ көрінісі оның фронталь проекциясына тең трапеция болады. Сол жақ көріністі тұрғызуды оның симметрия осін салудан бастау керек.

3-мысал. 112, а-суретте бас және үстіңгі көріністері берілген тетікбөлшектің сол жақ көрінісін салу керек. Тапсырманы орындау үшін берілген көріністерге зер салып қарайық. Нәрсенің кеңістіктегі пішінін көз алдымызға елестетіп көрейік. Бұл жағдайда бізге өзімізге белгілі үшбұрышты призма мен цилиндрден тұратын тетікбөлшек беріліп отыр. Цилиндрдің де, үшбұрышты призманың да ойықтары бар (112, ә-сурет). 92-суреттегі призманы оның табанына параллель жазықтықпен ортасынан қиып, жоғарғы бөлігін алып тастайық. Енді призманың қалған бөлігін 112, ә-суреттегі ойығы бар призмамен салыстырып, олардың бірдей фигуралар екендерін көреміз. Енді берілген тетікбөлшектің сол жақ көрінісін салу оңай (112, б-сурет). Цилиндрдің сол жақ көрінісі вертикаль оське қарағанда симметриялы фигура екеніне, ал призманың сол жақ көрінісінде симметрияның жоқтығына көңіл аударған дұрыс.

Үйге тапсырма беру: Нәрсенің негізгі екі көрінісі бойынша оның үшінші негізгі көрінісін салуға бірнеше жаттығулар орында.

Сабақ: №43

Сабақтың тақырыбы:

Нәрсенің негізгі екі көрінісі бойынша оның үшінші негізгі көрінісін салу. Жаттығу.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Тетікбөлшектің берілген негізгі екі көрінісі бойынша үшінші

негізгі көрінісін тауып салуға, сызбада көріністерді

орналастыруға үйрету.



ә) Дамытушылық: Өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру, ой

қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, ойлау қабілетін

дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сызбаларды салауатты сызып, топпен жұмыс жасап, бір-бірін



тыңдай білуге үйрету, мәдениетті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және т.б.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Толықтыру әдісі. Бұл әдісті қолданғанда берілген нәрсенің пішінін түсіну үшін, оны бұрыннан белгілі қарапайым денеге дейін толықтырады. Одан кейін алынған қарапайым геометриялық денені жазықтықтармен немесе басқа беттермен қия отырып, бірнеше бөлікке ажыратамыз. Осы бөліктердің біреуі бізге берілген нәрсе болып шығуы керек. Толықтыру әдісін жоғарыда бірнеше рет қолдандық. 24-параграфта қиық пирамида, қиық конус және т.б. алу үшін толық пирамида, толық конус және т.б. қарастырылып, оларды жазықтықпен қидық. Ойығы немесе тесігі бар денелердің проекцияларын салғанда да толықтыру әдісін қолдандық. Тағы да мысалдар қарастырайық. 4-мысал.

113, а-суретте алдыңғы және сол жақ көріністері кескінделген дененің үстіңгі көрінісін салу керек. Берілген сызбаны оқып, заттың геометриялық пішінін түсіну үшін толықтыру әдісін қолданайық. Бұл мысалдағы денені параллелепипедке дейін толықтыруға болады (113, ә-сурет). Параллелепипедті алдымен екіге - А мен Б бөліктеріне бөлейік. А бөлігі - табаны тікбұрышты трапеция болатын призма, ал Б бөлігі - үшбұрышты призма. Б бөлігін алып тастайық. Сонда қалған А бөлігінен оған ұқсас кішілеу призманы ойып тастасақ, берілген геометриялық дене шығады (113, б-сурет). Үстінен қарағанда, біз оның үш жағын (1, 2, және 3) көреміз. Бұл жақтардың екеуі - горизонталь проекция жазықтығына параллель орналасқан тіктөртбұрыштар (1 және 2). Олардың фронталь және профиль проекциялары кесінділерге кескінделген. Үстінен қарағанда бұл екі төртбұрыш өздерінің натурал шамаларын (өлшемдерін) сақтап проекцияланады. Үстінен қарағанда көрінетін үшінші жақ (3) көлбеу орналасқан, ол сол жақ көріністе кесінді түрінде көрсетілген. Бұл жактың үстінен қарағандағы кескінін салсак, ол берілген дененің горизонталь проекциясын тіктөртбұрышқа дейін толықтырады (113, в-сурет).


5-мысал. 114, а-суретте бас және үстіңгі көріністері берілген нәрсенің сол жақ көрінісін салуды қарастырайық. Тағы да толықтыру әдісін пайдаланайык. Бұл жолы да берілген денені параллелепипедке дейін толықтыруға болады. Параллелепипедтен цилиндрді (1) оның ортасынан тесіп алып тастау керек

(114, ә-сурет). Одан кейін тесігі бар параллелепипедтен одан кіші және ойығы бар параллелепипедті (2) алып тастайық. Қалған геометриялық денеден үшбұрышты призманы (3) қиып алсақ, берілген нәрсе (4) шығады. Берілген нәрсенің пішінін осылайша талдап алған соң, оның профиль проекциясын салу қиын болмайды. Сол жақ көрініс тіктөртбұрыш түрінде кескінделеді (114, б-сурет). Оның биіктігі фронталь проекциядан, ені горизонталь проекциядан алынады. Бұл төртбұрыштың ішінде горизонталь орналасқан (оның еніне параллель) төрт кесінді жүргізілген. Осы кесінділердің жоғарғы үшеуі тұтас негізгі жуан сызықпен, ал төменгісі үзілме сызықпен сызылған. Аталған кесінділердегі нәрсенің аксонометриясынан тап. Берілген тапсырманы орындау үшін олардың аксонометрияларын салудың қажеті жоқ. Берілген нәрсені қарапайым денелерге талдау немесе толықтыруды ойша орындау керек. Сызбаны оқу тәжірибесі қалыптасқаннан кейін нәрсенің берілген көріністеріне қарап, оның пішіні мен өлшемдері туралы бірден түсінік алуға болады. Кеңістікті елестету қабілеті зор және сызу пәнін игерген
Каталог: uploads -> doc -> 0ba1
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ba1 -> Сабақ жоспары Күні: 12. 2015 Сынып: 2 «Б» Пән: әдебиеттік оқу Тақырыбы: Шана. Мақсаты: Білімділік
0ba1 -> 12 жылдық білім беруде бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілінен диалогтық ОҚыту
0ba1 -> Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімділік мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет