Сабақ 1 сағат Қатты дененің айналмалы қОЗҒалысының динамикасы



бет1/6
Дата03.01.2022
өлшемі152,5 Kb.
#108521
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 д р с ДИНАМИКА
10-дәріс. ҚҚС қаржылық институттардың төлеу механизмі, 2 тема КАЗ - престест (копия), Кунделік, Кунделік, Абай 175

1-дәрістік сабақ – 1 сағат

ҚАТТЫ ДЕНЕНІҢ АЙНАЛМАЛЫ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ

1.1. Ньютон заңдары
Динамика – денелердің қозғалыс заңдарын және осы қозғалысты тудыратын немесе өзгертетін себептерді зерттейтін механиканың бөлімі. Динамиканың негізінде көптеген тәжірибелік мәліметтерді қорыту нәтижесінде алынған Ньютонның үш заңы жатыр.

Ньютонның бірінші заңы: Егер денеге басқа денелер әсер етпесе немесе басқа денелердің тең әсер етушісі нольге тең болса, ол тыныштық күйін немесе өзінің бірқалыпты қозғалыс күйін сақтайды.

Денелердің тыныштық күйін немесе бірқалыпты қозғалысын сақтау қабілетін инерттілік деп атайды. Инерттіліктің өлшемі ретінде масса деп аталатын физикалық шама алынады. Массасы үлкен дене үлкен инерттілікке ие болады. Масса қалай өлшенеді? Ол үшін дененің берілген массасын бірлік үшін алынған массамен /эталон/ салыстырады.ХБЖ жүйесінде масса өлшемі үшін кг қабылданған. Бұл диаметрі және биіктігі 39 мм платина-иридий қоспасынан жасалған цилиндрдің массасы. Оның массасы 4С температурадағы көлемі 1000 см³ таза судың массасына жақын.

Ньютонның бірінші заңы орындалатын санақ жүйесі инерциалды деп аталады. Ньютонның бірінші заңының өзі инерция заңы деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет