Сабақ №1 Сынып: 3 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы



бет1/132
Дата10.01.2023
өлшемі447,48 Kb.
#165290
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132
Байланысты:
3 КМЖ


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: №174


Күні Мұғалімнің аты-жөні: Рахманбердиев Қ.
Сабақ №1
Сынып: 3 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі Денсаулық туралы негізгі түсініктер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.6. Оқытудың әр түрлі кезеңдерінде қауіпсіздік ережесін сақтау



Сабақ мақсаттары

3.1.6.1 - оқытудың әр түрлі кезеңдерінде қауіпсіздік ережесінің дағдылары мен қабілеттерін тану



Бағалау критерийлері

Оқушылардың бойында өзіне, құрбысына деген құрмет, жауапкершіліктің қалыптасуына ықпал ету

Тілдік мақсаттар

Жеңіл атлетикаға байланысты физикалық қасиеттер туралы түсініктерін көрсету және талқылау

Құндылықтарды дарыту

Оқу-үйренуге жауапкершілікпен қарау

Пәнаралық байланыстар

Дүние жүзі тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Ноутбук, проектор



Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
Оқушы назарын аудару
15 минут



Бой сергіту жаттығулары.
Біреуден сапқа тұру.
Сапта әдеттегі адыммен, оң және сол бүйірмен қосымша адыммен жүру.
Орташа қарқынмен жүгіру, тізелерді жоғары көтеріп жүгіру.
Жүгіруден кейін тынысты қалыпқа келтіру.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде санамақ айтуды ұсынады.

Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.



Сабақтың ортасы


20 минут


(Б, К) Қозғалмалы ойындардағы техникалық қауіпсіздік ережелері
(Ж, Т, К, Ф) Жерде түрлі пішіндегі сызықтар жүргізіледі ол – жолдар. Ойнаушылар олардың үстінен бірінен соң бірі жүгіріп, тепе-теңдік сақтай отыра күрделі бұрылыстар жасайды. Бір-біріне кедергі жасамай, алда жүгіріп келе жатқанға соқтығыспай, дәл сызыққа басып, жолмен жүгіру керек.
Ойынға қатысушылар саны әртүрлі болуы мүмкін. Жолдың ұзындығы суретте көрсетілгендей кез келген ұзындықта болуы мүмкін, бірақ 5 м кем болмауы тиіс. Бұл ойынды жарыс түрінде өткізуге болады. Пішіні бірдей бірнеше сызық сызылып, әр қайсысының соңына жалаушалар қойылады. Ойнаушылардың бірінші жалаушаға жеткені тез басынан жоғары көтеруі керек. Командалық ойын түрінде өткізуге болады.
СЕРГІТУ СӘТІ.
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет