Сабақ №1. Тақырыбы: Фармакопея. Дәріханалардың құрылымы мен функциясы. Рецепт



бет3/9
Дата21.04.2022
өлшемі45,9 Kb.
#140253
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 апта ЖФ
Топырақ туралы алғашқы білім, 3-4 тәж.сабақтар СҚжДТ, биотехнология кітап, Темірқұл Алтынай 1912 зикр, СРСП 2, СӨЖ №1 биохимия,Тоқтарова Әсем, annotation88215, Алгоритм, Биотехнология 4-зертхана, СРС СӨЖ (4), Темірқұл Алтынай 19-12 зикр,1 практика тапсырмасы!), zadanie 1 (3) (1), 2020 referat 6842314 (1), СРСП 6апта Даярбек Диана, Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.2-апта,2-СӨЖ тапсырмасы!
Бақылау сұрақтар:

  1. Фармакопея.

  2. Дәріхананың құрылымы.

  3. Дәрі-дәрмектерді жазу (рецепт) бойынша дайындау кезіндегі жұмыс ережесі.

  4. Улы, күшті әсер ететін, күйдіргіш, от қаупі бар және жарылыс қаупі бар заттармен жұмыс істеу ережесі.

  5. Рецепт деген не? Рецептің құрылымы. Қарапайым және күрделі рецептерді жаздыру схемасы.

  6. Дәріхана және оның түрлері. Дәрілік заттарды дәріханада сақтау шарттары.

№1 зертханалық-практикалық сабақ
Тақырыбы: Қатты дәрілік түрлердің рецептурасы және технологиясы
Сабақтың мақсаты: ұнтақтарды, таблеткаларды және т.б. қатты дәрілік түрлерді рецепт жазу тәсілдерін меңгеру.
Өткізілетін орны: Ветеринариялық медицина кафедрасының Online сабақтары
Сабақтың ұзақтығы: 4 сағат
Ұнтақтар - Pulveres.
Ұнтақтар 3 түрге бөлінеді:
1. Ірі - P. Grossus
2. Ұсақ - P. Subtiles
3. Ұсақ - P. Subtilissimus
Мақсаты бойынша тағайындау:
1. Көктамыр ішіне
2. Сыртқы қолдану
Құрамы бойынша:
1. Қарапайым 2. Күрделі
Ұнтақтар-ыңғайлы дәрілік түрі: өлшемі кіші (портативті), тұрақты. Ұнтақтарда көптеген комбинациялар бар.
Кемшіліктерге жатқызуға болады: сұйық дәрілік түрлерге қарағанда әсері баяу көрінеді. Үлкен гигроскопиялық, кейде шырышты қабықтарға тітіркендіргіш әсер етеді.
Ішке қолдануға арналған ұнтақтар (Pulveres pro usu interno).
Ауыл шаруашылығы жануарлары ұнтақтары ішке сұйық жеммен беріледі немесе тілдің түбіріне себіледі. Ішкі қолдануға арналған ұнтақтар бөлінген немесе мөлшерленген (диспензациондық) немесе бөлінбеген немесе мөлшерленбеген ұнтақтар (дивизиондық) жазылады.
Мөлшерленген ұнтақтар бір қабылдауға қатаң белгіленген дозасы және жеке қаптамада (қағаз капсулада) берілген ұнтақтар деп аталады.
Бөлінген ұнтақтардың массасы 0,2-1,0 шегінде болады. Егер ұнтақ салмағы 0,2-ден аз болса, онда 0,3-0,5 салмағына дейін индифферентті (бейтарапты) ұнтақ қосады (saccharun talcum, amylum, bolus alba). Дозаланған ұнтақтарда әдетте улы немесе күшті әсер ететін заттар аз улы, бірақ ұсақ жануарлар үшін жазылады.
Қарапайым және күрделі бөлінген ұнтақтарға рецепт жазу кезінде диспензациондық және дивизиондық әдістермен жазып беруге болады, бірақ әдетте артықшылық диспензациондық тәсіліне беріледі, яғни desiqnatio materiarum дәрілік заттың бір реттік дозасын көрсетеді, ал subscriptio рецептіде – осы дозалардың санын (D.t.d. №) көрсетеді.
1 қабылдауға арналған доза мөлшері: 1 шай қасық - 4-5 г, 1 десерттік қасық - 8-10 г, 1 ас қасық 15-20 г, 1 стакан - 180-200 г.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет