Сабақ №1 тақырып патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты



бет50/62
Дата19.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#103635
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   62
Байланысты:
ПОӘК-стом-2011-2012

Тәжірибелік жұмыс:

1 және 2 тапсырманы орындау немесе «Жүрек қызметі жеткіліксіздігін үлгілеуеу» бейнефильмін көру ( № 1 кассета)

1 тапсырма.

Миокардтың қысыммен зорығу жағдайында құрбақа жүрегі жұмысының өзгерістерін білу.







Әдісі: Жансыздандырылған бақаны арқасымен тақтайшаға бекітеді. Көкірек қуысын кеңінен ашып, жүректі перикардтан босатады. Аортаны және жүрекке төмен жақтан келетін көктамырды абайлап бөліп алып, аортаның астынан кезекші жіпті өткізеді. Аортаның сол жақ доғасын жіппен көтеріп, бір жанынан кесіп, оған шыны канюля енгізіледі. Аортаның оң доғасы байланады.

Іштің алдыңғы қабырғасын орталық сызықтан 0,5 см солға қарай ұзынынан кеседі, орталық сызықтың бойымен іш аортасы өтеді, ол семсер тәрізді өсіндінің деңгейінде жүрекке бағытталады. Көктамырға жүрекке қарай бағыттап рингер ерітіндісінің системасының инесін енгізеді. Енгізілген Рингер ерітіндісі іш көктамыры арқылы жүрекке келіп, канюлядан ағып шығады. Ағып шығу жылдамдығы минөтіне 20 тамшы.

Жүрек қызметінің көрсеткіштері анықталады (ЖСЖ, минөттік көлем, систолалық көлем).

Жүрек жеткіліксіздігінің зорығулық түрін алу үшін канюляны бүйірінде арақашықтығы 10 см өсінділері бар шыны деңгекпен резеңке түтік арқылы жалғайды. Қысқыштарды қолдана отырып шыны түтіктегі сұйықтықтың деңгейін 20, 30, 40см биіктікке дейін көтереді. Жүрек қызметінің көрсеткіштері діңгектің әрбір бөлігіне келгенде анықталып отырады. Алынған мәліметтер кестеге толтырылады және бір-бірімен салыстырылады.



Су бағанасының биіктігі см

1 минөттегі ЖСЖ

1 мл-дегі минөттік көлем

Систолалық көлем

Жүрек жұмысы мл/см

Бастапқы жағдай

10 см


20 см

30 см


40 см























Студенттер талдау жасағанда мына сұрақтарға жауап берулері керек :

1. Жүктемеден кейін жүрек қызметінің көрсеткіштері қалай өзгереді?

2. Жүрек гиперфункциясын қандай тетіктер қамтамасыз етеді?

3.Теңгерілген сатыдан теңгерілмеген сатыға өткенін қандай өзгерістер дәлелдейді?





2 тапсырма.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   62




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет