Сабақ №14 Күні Пән аты: Информатика Сынып: 6 «А» Сабақтың тақырыбы: Модельдер түрлері



Дата19.02.2017
өлшемі45,38 Kb.
#10691
түріСабақ
Сабақ 14 Күні __________

Пән аты: Информатика

Сынып: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Модельдер түрлері

Сабақ мақсаттары:

Білімділік: оқушыларды модельдер түрлерімен таныстыру

Дамытушылық: объектінің ақпараттық және графикалық модельдерін құрастыра алуға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету

Тәрбиелік: топта жұмыс істеу кезіндегі ережелерді сақтау, ынтымақтастыққа жұмыс істеуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты ұсыну

Құралдар: интербелсенді тақта, оқулық, тұсаукуесер

Әдіс-тәсілдер: «Сұрақ-жауап», жұптық, топтық жұмыс әдістері.

Оқыту нәтижесі: оқушылар ақпраттық, графикалық, материалдық модельдер ұғымдарын меңгереді, деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін толықтырады

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Өткен материалды қайталау

Сабақтың тақырыбы: № 13 Модель және модельдеу

1. Модель дегеніміз?

А) қарапайым нысан

B) нақты нысан, құбылыс немесе үдеріс

C) нысан және оның қасиеттері

D) нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді
2. Модельдеу?

А) нақты нысан, құбылыс немесе үдеріс



B) нысандарды, үдерістері және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру

C) модельді сипаттау

D) нысаңды құбылысты жою
3. «Есептің қойылымы» модель кезеңі неге жауап береді?

А) есептің сипаттамасы, содельдеу мақсаты, нысанды талдау

B) ақпараттық модель, таңбалық модель, компьютерлік модель

C) модельдеу жоспары, модельдеу технологиясы, компьютерлік модель

D) модельдеу нәтижесін талдау


4. «Модель құру» модельдеу кезеңдінің құрылымы?

А) есептің сипаттамасы, содельдеу мақсаты, нысанды талдау

B) модельдеу жоспары, модельдеу технологиясы, компьютерлік модель

C) ақпараттық модель, таңбалық модель, компьютерлік модель

D) модельдеу нәтижесін талдау


5. «Компьютерлік модель» модельдеудің кезеңі неден тұрады?

А) ақпараттық модель, таңбалық модель, компьютерлік модель



B) модельдеу жоспары, модельдеу технологиясы, компьютерлік модель

C) модельдеу нәтижесін талдау



D) есептің сипаттамасы, содельдеу мақсаты, нысанды талдау


  1. Жаңа сабақты түсіндіру




Динамикалық модель – уақытының өтуіне байланысты нысан қасиеттерінің өзгерістерін көрсетеді.

Ақпараттық модель дегеніміз – объектінің, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.

Компьютерлік модель деп программалық орта көмегімен жүзеге асатын модельдерді атайды.

Сөздік модель иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.

Математикалық модель – объект немесе процестің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.


  1. Сабақты бекіту

Түйін

Ақпараттық модель дегеніміз – нысанның, үдерістің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы

Компьютерлік модель деп программалық орта көмегімен жүзеге асатын модельдерді атайды.

Компьютерлік модельдеу кезінде программалардың компьютерде жұмыс істеу технологиясын жақсылап меңгеру қажет.

  1. Үйге тапсырма

§ 14, 77-82 бет. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Каталог: uploads -> doc -> 1093
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1093 -> Сабақтың тақырыбы: ц дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты
1093 -> Сабақ Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімдері:
1093 -> Сабақтың тақырыбы Қоғамдық өмірді ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
1093 -> «Қазақ сахарасының ҚОҢырауы» (Қазақ биі «қамажай») 1-жүргізуші


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет