Сабақ №14 Сынып: 3 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы



бет1/2
Дата09.11.2022
өлшемі16,96 Kb.
#157272
түріСабақ
  1   2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:№2


Күні:03.10.2017 Мұғалімнің аты-жөні:Талгатова.А.А
Сабақ №14
Сынып: 3 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қозғалмалы және спорттық ойындардағы ролдер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.8. Қозғалыс белсенділігі нің мән мәтініндегі рольдер



Сабақ мақсаттары

3.2.8.1 - қозғалыс белсенділігінд егі рольдерді анытау және көрсету

Бағалау критерийлері

Оқушылардың бойында өзіне, құрбысына деген құрмет, жауапкершіліктің қалыптасуына ықпал ету

Тілдік мақсаттар

Қозғалу ойындарының қозғалу дағдыларын қалай дамытатынын түсінуді сипаттау және көрсету

Құндылықтарды дарыту

Өз құрбыларымен, өзінен кіші және үлкендермен қарым-қатынас орнатуда, ересектерден білім алуда, қоғамдық маңызы бар жұмыстарды орындауда, ғылыми, шығармашылық және өзге де іс-әрекеттерді орындау кезіндегі құзіреттілікті қалыптастыруды

Пәнаралық байланыстар

Ана тілі, математика

АКТ қолдану дағдылары

Ноутбук, проектор



Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
Оқушы назарын аудару


15 минут



Бой сергіту жаттығулары.
Біреуден сапқа тұру.
Сапта әдеттегі адыммен, оң және сол бүйірмен қосымша адыммен жүру.
Орташа қарқынмен жүгіру, тізелерді жоғары көтеріп жүгіру.
Жүгіруден кейін тынысты қалыпқа келтіру.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде санамақ айтуды ұсынады.

Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.



Сабақтың ортасы


20 минут



(Ж, Т, Ф) Оқушылар «Табан балық пен шортан» ойынын ойнайды. Дабыл бойынша «табан балықтар» келесі жаққа жүгіреді. Шортан оларды аулайды. Ұсталып қалған «табан балықтар» (төрт-бесеуі) қолдарынан ұстап, көлденең тұрып тор құрады. Енді «табан балықтар» тор арқылы алаңның келесі жағына жүгіріп өтуі қажет (Қолдарынан ұстап). «Шортан» тордың сыртында тұрып, оларды аңдиды. Ұсталған «табан балықтар» сегіз-тоғызға жеткенде олар себет — шеңберлер жасайды, одан жүгіріп өту қажет. Себет біреу ғана болуы мүмкін, оны 15-18 қатысушы қолдарынан ұстап бейнелейді. «Шортан» себеттің алдында тұрады және «табан балықтарды» ұстайды. Ұсталған «табан балықтар» ұсталмағандардан көп болғанда, ойнаушылар «төбені» бейнелейді» (үсталған табан балықтардың дәлізі, одан ұсталмағандар жұгіріп өтеді). «Төбенің» шығар жерінде тұрған «шортан» оларды ұстайды. Соңғы қалған жеңімпаз болып есептеледі. Оған жаңа «шортанның» ролін ойнау тапсырылады.
СЕРГІТУ СӘТІ.
Зал ортасына арқан тастау арқылы залды екіге бөледі. Командалардың арқайсысы өз алаңына орналасады. «Жүгір!» деген білгі бойынша балалар өз алаңымен тым-тырақай жүгіре жөнеледі. «Ауысыңдар!» деген белгі бойынша командалар орын алмасады. Қарсы жаққа толық құрамда бірінші жүгіріп өткен команда жеңімпаз болады.
«Аңшылар» ойыны.
Ойынға қатынасушылар араларынан біреуін ойын жүргізуші етіп сайлап алады да, кең жазық алаңға жиналады.
Жүргізуші күні бұрын белгіленіп сызылған шеңбердің (радиусы 5—10 м) бойына, қолына доп беріп, үш жерге үш ойыншыны тұрғызады,— бұлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болып, ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішіне жамырай жүгіріседі де, «Тоқта!» деген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректерге» доптан бұлтаруға болады, бірақ тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. «Өлген үйректер» аңшыны алмастырады, ал «үйректерге» тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды. Осылайша үш «аңшы» орындарын ауыстырғаннан кейін ойын қайта жалғасады.

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, конусы, ысқырық

Бор
Арқан


Ысқырық


Доп





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет