Сабақ 14. Тақырып 14: «Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы»


Мемлекеттің бастамасымен құрылған ұйымдар және мемлекеттік органдар



бет2/7
Дата25.04.2020
өлшемі36,26 Kb.
#64652
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тоқтар Фазылұлы БГМУ-21 — Кәсіпкерлікті ұйымдастыру

1.Мемлекеттің бастамасымен құрылған ұйымдар және мемлекеттік органдар. Кәсіпкерлікті қолдау үшін мемлекеттің бастамасымен құрылған ұйымдардың ішінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ерекшеленеді.

2.Қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, салалық ассоциациялар.

Осы ұйымдардың функциялары:

мемлекеттік шешімдерді әзірлеуге қатысу;

дөнгелек үстелдер мен семинарлар ұйымдастыру;

сыртқы экономикалық байланыстарда көмек көрсету;

ақпараттық қолдау және т.б.



3.Халықаралық ұйымдар және шетелдік ұйымдардың өкілдіктері.

Халықаралық ұйымдардың бағдарламалары ұзақ мерзімді мақсатты сипатқа ие болады және бірінші кезекте кәсіпкерлікті дамытуға көмектесетін толыққанды инфрақұрылымды құруға және нығайтуға, қаржы қаражаттармен қамтамасыз етуге, ақпараттық және кеңес беру қызметтерін көрсетуге, мамандарды қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға, тақырыптық зерттеулер жүргізуге, инновациялық кәсіпкерлікті дамытуға арналған.

Кәсіпкерлік қызметте жаңа фирма ұйымдастыру анағұрлым жауапты және еңбекті көп қажет ететін кезең. Өз кәсіпорнын құруға шешім жасаған кәсіпкердің алдында тұрған мәселелердің толық емес тізімі мыналар — қызметтің дұрыс бағытын тандау, тиісті команда жинақтау, болашақ кәсіпорынның орналасатын жерін тандау, бизнестің ұйымдық түрін анықтау, фирманың маркетангтік мүмкіндікгерін талдау және кәсіпорынды тіркеу. Сондықтан шетелде бизнесті бастау алдында дайындық кезеңіне көп көңіл аударылуы кездейсоқ емес,кәсіпорынның келешекте сәтті жұмыс істеуі көбінесе осыған тәуелді. Кейбір авторлар дайындық кезеңіне 1 жылға дейін уақыт бөледі.

Кез-келген жаңа кәсіпорын идея туындату процесінен басталады. Жақсы бір идея кәсіпкердің қолындағы жай құралдан гөрі артығырақ мәнге ие. Бизнесті ұйымдастыру үшін қажетті идеяларды іздеп табу — бұл кәсіпкерлік қызметтегі алғашқы қадам. Егер шешім қабылдаудың жаңашыл әдістері пайдаланылса, идеяны туындату процесінің тиімділігі айтарлықтай көбеюі мүмкін. Өзін жақсы танытқан идея туындату әдістерінің бірі бұл "ми шабуылы әдісі", ол мынаған негізделген, адамдар проблемаларды бірге талқылаған кезде көбірек идея туындайды. Ми шабуылы әдісін өткізу кезінде келесі ережелерді сақтау қажет:

• сын айтулар мен кері тартпа ескертулерге жол бермеу;

• ойдың еркін айтылуын марапаттау: идея парадокс болған сайын жақсы бола түседі;

• идеялардың санын ынталандыру: неғүрлым идея көп болса, соғұрлым жақсы, соғұрлым ұтымды шешімдер табу мүмкіндігі көп болады;

• идеялардың комбинациясы мен жетілдірілуін марапаттау, осы жерде бірінің идеясы басқалармен дамытылып, келесі идеяларды туындатуға пайдаланылуы мүмкін.

Күнделікті туындайтын идеялар санының көптігі әлі олардың барлығының міндетті түрде қолайлы іске асу мүмкіндіктеріне ие екендігін білдірмейді. Шетел әдебиеттерінде идеяны (Оппортинент) іске асыру мүмкіндіктері туралы түсінік кең таралған. Қандайда бір салада бизнес идеяның қолайлы іске асыру мүмкіндігі дегеніміз не? Егер кәсіпкер сатып алушылардың жаңа қажеттіліктерін қанағаттандыратын немесе қазіргілерін толығырақ қанағаттандыратын өнім немесе қызмет көрсету түрлеріне тоқталса, бизнес-идея іске асқан болады. Тек осы жағдайда ғана кәсіпкер өзінің бәсекелестеріне қарағанда кебірек артықшылыққа ие болады және нарыктағы өз тауашасын табады.

Қазақстан Республикасының  «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес, Кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымы - бұл субъектiлердiң дамуына жәрдемдесетiн және оларға кәсiпкерліктің дамуы үшiн қажеттi қызмет көрсететiн және кәсiпкерлiк ортаның тыныс тiршiлiгiне орта мен жағдайды қамтамасыз ететiн ұйымдар мен бiрлестiктердiң жиынтығы.

Олардың қызметтеріне жеке кәсіпкерлік істі ұйымдастыруға жәрдемдесу, коммерциялық негізде құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент аясындағы ақпаратпен қамтамасыз ету, материалды-техникалық, қаржылық және т.б. ресурстармен қолдау көрсету кіреді.

Экономикалық дамудың осы кезеңiнде мемлекеттiң негiзгi рөлi кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымдарын жасау болуы тиiс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет