Сабақ №2 Сынып: 4-сынып Сабақ тақырыбы



Дата26.01.2022
өлшемі163,01 Kb.
#114929
түріСабақ
Байланысты:
№2сабақ ҚМЖ
АСЛАН ОПДЭТ11, №8 Дүниетану 3-сынып, №8 Дүниетану 3-сынып

2 сабақ

Пән: Қазақ тілі

Мұғалімі: Хасенова Кенжегуль Нурхамитовна

Сабақ №2







Сынып: 4-сынып



Сабақ тақырыбы

2-сабақ. Ауызша және жазбаша сөйлеу.

Сабақ мақсаты

1.7 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

4.1.1.1 тыңдаған материал бойынша негізгі тұсын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту

4.1.3.1 сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.Ауызша және жазбаша сөйлеуді ұғындыру, белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу .

Бағалау критерийлері

  • Диалогке қатысады;

  • Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

  • Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.




Ресурстар

Оқулық, кері байланыс, стикер, слайд, флипчарт.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

Ұйымдас -

тыру кезеңі

- Сәлеметсіз бе, құрметті оқушылар! Бүгінгі сабағымызда фонетика әлеміне саяхат жасаймыз. Бейнероликті көрейік!

Түсіндірме

Ауызша сөйлеу адамдардың бір-бірімен тікелей дыбыс арқылы қарым-қатынас жасауы болып есептеледі.

Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгеріледі. Жазу кезінде адам қатты зейін қойып, сөзін ойлап жазады.

Өлеңді мұқият тыңда: Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»

Дескрипторы:

Өлеңді мәнерлеп оқиды.

Ресурстар

Сабақтың ортасы

Жазба жұмысы

Өлеңнің екінші шумағын жатқа жаз. Сөйлеудің қай түрін қолданасың?

Өлеңдегі “тілімдедім” сөзі қандай мағынаны береді?

Жұмсарттым

Жібіттім

Кестім


Көп нүктенің орнындағы сөзді тауып жаз, мақалдың мағынасын түсін.


Дескрипторы:

Жазбаша сөйлеу туралы мәтелді анықтайды және жазады


9-тапсырма

Сөз қуаты шығарар ел төріне,

Жер бетінен самғатар көк шегіне.

Екі нәрсе тірі адамға керегі:

Бірі – көңіл, бірі – тілдің желегі.

Көңіл – тілдің иесі, сүйенеді сөз тілге,

Сөз күйресе, күйгені көңіл мен тіл, көркің де.

Жүсіп Баласұғын.


Бұл өлеңдегі “сөз қуаты” тіркесі қандай мағынаны беретінін анықтайық.

1. Әдемі сөз 2. Дұрыс сөйлеу 3.Сөздің күші



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.


Оқулық


Жұмыс

дәптерлері,

Оқулық


Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.

Ой толғаныс кезеңі.



Еркебай әжесіне не деді?

Әжесі немересіне не деп жауап берді?

Еркебайдың өзгеруіне не әсер етті?
Дескрипторы:

Мәтінді оқиды. Сұрақтарға нақты жауап береді.
Рефлексия



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,



толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет