3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатыса алады.
Көптеген оқушылар: тыңдаған мәтін бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап бере алады.
Кейбір оқушылар: сөйлемді сөз таптарына талдай алады.
Ынтымақтастық атмосферасынқалыптастыру «Ізгі тілек» әдісімен өтеді.
Топқа бөліну «Таңдау» әдісі арқылы фигуралар таңдап өтеді.
Оқу материалын жариялау «Мюссенберг» әдісі арқылы жүреді:
-Берілген әріптер арасынан мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарыңдар.
Раэщнтнәтижештбгвдтеасабақпщпид
- Қандай сөйлем шықты?
- Олай болса, бүгінгі сабағымызда «Су –тіршілік көзі» бөлімінен алған білімді тексеруге арналған тапсырмалар орындаймыз.
Сабақ мақсаты жария етіледі.
Жаттығу жасайды.
Топқа бірігеді.
Тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап береді.
Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.
Жаңа білім
20 мин
2 мин
Бекіту
15 мин
(Ұ, Т) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс болады.
А) 1-жаттығу. Ертегіні мұқият тыңдаңдар.
Сұрақтарға жауап бер:
1. Ертегінің басқы бөлігінде жылдың қай мезгілі туралы айтылған?
2. Не жапырақ жайды?
3. Кенже бүршік қайтті?
4. Ол қандай жапыраққа айналды?
5. Жасыл Жапырақ табиғаттың қандай көріністеріне қайран қалды?
6. Қай мезгілде жапырақ мұздай бастады?
7. Жапырақтар қандай түске боянды?
8. Жапырақтың сұрағына анасы не деп жауап беруі мүмкін?
• Қарамен жазылған сұрау мағынасындағы сөздерге назар
аудар. Осы сөздерге жауап болатын сөздермен тірек сөздер қата
рын құра.
Үлгі: Көктем, аққайың, ...
2-жаттығу.
Ертегіге ат таңдаңдар.
3-жаттығу.
Жоспарға сәйкес ертегі бөліктерін табыңдар.
1. Жасыл Жапырақ.
2. Күннің суытуы.
3. Жапырақтың сұрағы.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға: - Мәтіннен бір сөйлемді алып сөз таптарына талда.
Сергіту сәтінде қазақ күйіне билейді.
(Т, Д) 2-тапсырмада дәптермен жұмыс жүзеге асырылады.
4-жаттығу. Жоспар және өзің белгілеген тірек сөздердің көмегімен «Жапырақ» ертегісінің мазмұнын айтып көріңдер.
5-жаттығу. Ертегідегі түсініксіз сөздердің беретін мағынасын түсіндірме сөздіктен тауып жазыңдар.
6-жаттығу. Ертегіден сын есімі бар сөйлемдерді теріп жазыңдар. Сын есімдерді былай белгілеңдер: сын е. Негізгі және туынды сын есімдерге ажыратыңдар.
7-жаттығу. Мазмұндама жазуға дайындалыңдар. Ол үшін оқулықтағы реттіліктерді
Басшылыққа алыңдар.
Дескриптор:
- Жоспар және өзің белгілеген тірек сөздердің көмегімен «Жапырақ» ертегісінің мазмұнын айтып береді-2балл.
Ертегідегі түсініксіз сөздердің беретін мағынасын түсіндірме сөздіктен тауып жазады-1балл.
- Ертегіден сын есімі бар сөйлемдерді теріп жазады, түрін ажыратады- 2балл.
-Нұсқаулықты басшылыққа алып мазмұндама жазады-3балл.