Сабақ №2 Тақырыбы: Әдеби тіл және оның нормалары. Сабақтың мақсаты



Дата28.06.2017
өлшемі36,98 Kb.
түріСабақ
Сабақ №2

Тақырыбы: Әдеби тіл және оның нормалары.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Әдеби тілдің нормалары туралы мәлімет беру, түсіндіру. Ауызша және жазбаша тілдік нормалар туралы қайталау.
Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу.
Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, жүйелілікке, өз беттерімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, пікіралмасу , шолу лекция, түсіндіру,әңгімелеу, баяндау ,тапсырма орындау, тақтамен жұмыс

Сыныппен жұмыс түрі: даралап, жұппен, топпен, ұжымдық


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушыларды түгендеу;

  2. Сабаққа дайындықтарын бақылау;

  3. Зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

«Тіл тірлігімнің айғағы» тақырыбында шығарма жазу, 1 жатығуды 3 қатар бойынша мазмұндау, түсініксіз сөздердің мағынасын ашу.

Жаттығу бойынша сұрақтар: І бөлім бойынша



Әдеби тіл дегеніміз не? (тек қана көркем әдебиеттің ғана емесғ ғылымның барлық салсын қамтитын, халыққа өнер-білім беретін, тәлім-тәрбие үйрететін баспасөздің тілі.)

Әдеби тілдің негізі болатын нәрсе не? (халық тілі-фольклор)

Қазақ тілін жаңа сатыға көтеруге әсер еткен кімдер? (Ыбырай, Абай т.б.)

ІІ бөлімде жалпы қазақ халқының тек өз тілдерінде сөйлеуі үшін мемлекеттік билік орындарында отырған адамдардың өздері бірінші болып өнеге көрсетулері тиіс.



Тірек сөздер:

Фольклор, диалект, публицистика, тоталитаризм, философия, коммерциялық құрылым



ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі

А)Қызығушылықты ояту: Ой қозғау стратегиясы негізінде сұрақтар қойылады.

-Тілді кім жасайды, әркім өз білгенінше сөйлей бере ме?

(оқушылардың ойлары талқыға түседі, ой бөліседі)

Әрине тілді бір адам ғана жасамайды, әркім өз білгенінше сөйлей бірмейді. Тіл өзі қызмет ететін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті болуы керек. Ондай жалпыға ортақ тілді әдеби тіл дейміз. Әдеби тіл нормалары арқылы тіл көпшілікке түсінікті әрі бәріне ортақ болып келеді.

Ә)Мағынаны тану фазасы


Әдеби тіл нормалары

лексикалық

Грамматикалық

фонетикалық

Грамматикалық норма – сөзге алдымен жұрнақ жалғанады, содан кейін жалғау, сол жалғаулардың бірізділігі: әуелі көптік, сосын тәуелдік, сосын септік жалғауларының жалғануы

Осындай ережеге бағынбайтын сөздер де бар: апаларым-апамдар, әкелерің-әкеңдер, Яғни тек туысқандық қатысты білдіретін ата, әже, көке, аға, апа сияқты з.есімдерге жалғауларды норманы бұзып жалғауға болады.

Апаларым, аталарым- олардың көптігін білдірсе

Апамдар, атамдар-ол кісілердің қасындағыларын да қамтып солардың көптігін білдіреді.

Тақтаға мына сөйлемді жазып, грамматикалық нормаға сай түрін оқушыларға жаздыртамын.

Мысалы: а) Ағ үйдөн шыға гелді бір жас жігіт.

ә) Ақ үйден шыға келді бір жас жігіт.

Дыбыс үндестігіне, яғни Үндестік Заңына байланысты заңдылықты түсіндіріп өту.


  • Әдеби тіл екі түрде өмір сүреді. Оның бірі – ауызша тіл, екіншісі – жазбаша тіл.

Оқушылар екі тілдің қолдану аясын өздері айту керек. (ауызша тіл: үй іші, отбасында, теле-радио хабар, мұғалімнің сабақ түсіндіруі, сөйлесу, әңгімелесу, диалог түрінде көрінеді;

жазбаша тіл: ойды қағазға жазу арқылы көрінеді – кітап, көркем шығармалар, оқулық, газет-журналдыр, ғылыми еңбектер).

Ауызша тіл нормасы – орфоэпия.

Жазбаша тіл – орфография.

Жұлдыз – жұлдұз

Ақ лақ – ағ лақ

Гүлдер-гүлдөр

Б)Үш сөйлем жазылып, әдеби тіл нормасының сақталуына байланысты жұмыстар жүргізіледі.


ІҮ. Сабақтың қорытындысы, ой қорыту (рефлексия) ой толғаныс фазасы:

1) оқушылар мысалдар айтып, орфографиялық, орфоэпиялық нормаларын ажыратады.



Ү. Үйге тапсырма беру

3-жаттығу. Газет-журналдардан тіл туралы жазылған мақаланы жазып, әдеби тіл нормалары бойынша талдау жасау.



ҮІ. Бағалау
Каталог: uploads -> doc -> 04f5
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04f5 -> Сабақтың тақырыбы: «Тұрлаусыз мүшелер»


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет