Сабақ 3-4 Қатысқан оқұшылар Қатыспағандар Тақырыбы: Адамның ішкі әлемі



бет1/5
Дата06.02.2022
өлшемі23,89 Kb.
#80471
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
7,4 Адамның ішкі әлемі


Күні:21,09

2020ж

Мектеб;ЖШС «Низамхан Сулайманов»

Сынып:

7-Б,В,Г,Д,Е

Мұғалім:Сатимова Гулнура

Сабақ

3-4

Қатысқан оқұшылар

Қатыспағандар

Тақырыбы: Адамның ішкі әлемі

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: Жақсыдан жаманды ажырата білу, шыншылдық, ойдың, сөздің және істің бірлігі.




Мақсаты: оқушыларға жан дүниенің тазалығы мен оны кемелдендіру туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:

  1. Білімділік:Оқушыларды жақсыдан жаманды ажырата білуге үйрету.

  2. Дамытушылық:Оқушылардағы шыншылдық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік:Оқушыларды ойдың, сөздің және істің бірлігіне тәрбиелеу.

Ресурстар:
(материалдар, дереккөздер)
1. http://oilar.kz
2.http://sabaqtar.kz

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
5 Т – ережесі:
1. Тәртіп.
2. Талап.
3. Тыныштық.
4. Тазалық.
5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.
Жағымды көңіл – күйге келу. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет