Сабақ: №3 Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері. Кескіндеме. Сабақтың мақсаты



бет2/2
Дата18.06.2017
өлшемі262,41 Kb.
#19385
түріСабақ
1   2
Үйге тапсырма беру: Жарық пен көлеңке реңдерін ажырата отырып кескіндемелік сурет сал.

Сабақ: №4

Сабақтың тақырыбы:

Мүсін. Графика. Сәндік-қолданбалы өнер.



Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерімен оқушыларды жүйелі

түрде таныстыру.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу

қабілеттерін дамыту.


б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.


Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Бейнелеу өнерінің келесі түрі - графика. Шығармалар тек бояулармен ғана орындалмайды. Олар қарындаш, тушь, қаламұш және басқа да графика құралдарымен бейнеленуі мүмкін. Егер шығармадағы басты әсерлегіш құрал сызық, штрих, дақ болып келсе, онда бұл - графика.

Ұлы итальяндық шебер Леонардо да Винчи өз портретін осылай салған. Көріп тұрғаныңдай ол түрлі түсті емес. Алайда нақты сызықтар мен штрих бет әлпетін жанды, әсерлі етіп тұр.



Мұнда суретші тек екі түсті штрихты пайдалана отырып қазақтың батыры, ақын-жыршысы Махамбеттің айбынды келбетін бейнелеп көрсеткен.

Графика туындылары тек ақ-қара түсті болып қана қоймай, түрлі түсті де болады. Бірақ түс графика шығармаларында маңызды емес. Мұндағы басты әсерлегіштер - сызық, және штрих.

Тіпті «түсті графика» деген түсінік те бар. Түсті графиканы сен әрдайым өзіңнің сүйікті кітаптарыңды ашып, ондағы суреттерді тамашалаған кезде көресің. Ал олардың дұрыс атауы - иллюстрация.

Д. Митрохин. Натюрморт
Графика туындылары көшіру арқылы да орындалады. Мұнда сурет белгілі бір материалда ойылып жасалынады да, оның бетіне бояу жағылып арнаулы станокта басып шығарылады. Мұндай жүмыстар гравюра деп аталады.

Мүсін бейнелеу өнерінің
түрі. Мүсіндегі басты
әсерлегіш құралдар пішін
мен көлем. Мүсін туындыла-
рын жан-жағынан қарап,
зерттеуге болады. Сондықтан
мүсінді бейнелеу өнерінің үш
өлшемді түрі деп атайды.

Мүсін туындыларын сен


тек мұражайлардан ғана
емес, сонымен қатар қала
көшелерін аралаған кезде де
көре аласың. Олар бақтар
мен алаңдарға көрік беріп
тұр. Қазақстандағы ең әйгілі
мүсіндерді білесің бе? Олар
Алматыдағы Абай, Шоқан,
Абылай хан ескерткіштері
және т.б. Осылардың ал-
ғашқы екеуін әйгілі мүсін-
ші Хакімжан Наурызбаев
сомдаған. Жолың түсіп Ал-

маты-ІІ вокзалына бара қалсаң, сәйгүлік тұлпар-


ға мінген қазақ ханы Абылайдың асқақ ескерткі-
шін көруіңе болады.

Ұлы итальяндық суретші әрі мүсінші Микеланджело Буонарроти мүсіннің асқан шебері болған. Оның «Давид» мүсінінде алып жауызбен айқасуға дайын тұрған сымбатты, ержүрек жас жігіт бейнеленген.


Баяғы заманнан бері адамдар өз тұрмысына қажетті заттар: ыдыстар мен жиһаздар, еңбек құралдары. кару-жарақтар жасады, кілем тоқып, киім тікті. Әр адамның бойында суретшілік қасиет табылады. Сол қасиет адамға тек пайдалы әрі берік заттар жасап қана қоймай, олар әдемі, тартымды етіп жасауға ұмтылдырады. (бұйымдарды кестелеп, қашап, өрнектеп әшекелейді. Ертедегі адамдар желден, аптап ыстық пен суықтан қорғану үшін теріні құрастырып, жөрмеп қана қоймай, оны суреттермен, өрнектермен сәндеген.

Казақ халқының сәндік-қолданбалы бұйымдары бай ою-өрнектерімен, құлпырған айшықты бояу түстерімен белгілі. Қарашы, суретшінің сиқырлы қолдары мына қару-жарақты, домбыраны қалай тартымды етіп өрнектеп әшекейлеген.
Үйге тапсырма беру: Бейнелеу өнерінің түрлерінің туындыларын зерттеу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет