Сабақ 31. 01. 2017ж. Мектеп тренері: Кадиева Айгүл Тақырыбы



бет2/2
Дата23.05.2017
өлшемі0,84 Mb.
#16582
түріСабақ
1   2

Эйфель мұнарасы- Париждің ең танымал сәулет туындысы. Өзінің әйгілі құрастырушысы Густав Эйфельдің атымен аталған. Париждің бұл нышаны уақытша ғимарат ретінде, 1889 жылғы әлемдік көрменің кіреберіс дарбазасы қызметін атқару үшін жобаланып, салынған болатын. Манхеттендегі Крайслер салынғанға дейін 40 жыл бойы әлемдегі ең биік мұнарасы болып саналды.

Teletex Holіday тур фирмасы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, әлемнің 7 кереметінің ішінде Эйфель мұнарасы екінші орында тұр. Осы уақытқа дейін мұнараның үшінші қабатына 200 млн адам көтерілген. Ол бүгінде Францияның

Символына ғана айналып қоймай, жылына 53 миллион евро әкелетін үлкен табыс көзіне айналды. 2007 жылы Эйфель мұнарасының 120 жылдық мерейтойы аталып өткен болатын. 2005 жылы осы мұнараның астына су қатырылып, мұз айдыны жасалынды.

Францияның символына айналған Эйфель мұнарасының биіктігі – оның құзар басындағы антеннасымен қоса есептегенде 322 метр. Ал салмағы он мың тонна. Алып мұнара үш бөліктен тұрады. Ең үстінде орналасқан үшінші бөлім 274 метр биіктікте орналасқан. Оның төбесіне не лифтімен, не 1792 баспалдақпен жаяу көтерілуге болады.

Кезінде Гитлер Францияны басып алғаннан кейін Эйфель мұнарасына шығуға келеді. Сол кезде лифті істемей қалып, ол 1792 баспалдақпен жаяу көтерілген деген аңыз бар.

Мұнараны бір мезгілде 10400 адам аралай алады. Оған жылына 6 миллион адам көтеріледі.





Бәйтерек – Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік...

Техникалық сипаттамасы


Металлданәйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т



«Хан Шатыр» - Қазақстанның астанасы Астана қаласындағы ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы. 2010 жылы 6-шілдеде Астана күніне орай ашылған.

Хан Шатыр, әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры болып, және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады.



Лорд Норман Фостердің қия­лынан шыққан сәулет ға­жайыбы – “Хан Шатыр” сауда және ойын-сауық орталығының ғи­ма­раты Орталық Азиядағы баламасыз әрі ең ірі архи­тек­ту­ра­лық жоба болып табылады. Тұ­ғыр­лы монолиттік сом құймалардан тұрғызылған бұл кешеннің биіктігі 200 метрді құрайды. Оның негізгі қаң­қасы фторполимермен қап­талған ұсақ торлы алып шатырдан тұрады. Қаптауға пайдаланылған фторполимер ETFE – жарықты молынан өткізіп, ғимараттың ішін ыстық пен суықтан қорғайтын ғажап құрылыс материалы болып табылады. Нысан негізінен берік те тұрақты монолиттік металл қондырғыларынан тұрады. Металл қондырғылардың жалпы салмағы 2300 тонна, ал тұтас тұғырға қондырылатын шатырдың биіктігі 150 метр. Бұл алып құрылыстың ішінде пайдаланылған арнайы жапқыштар мен орнатылған желдеткіш қондырғылар арқаның құбылмалы ауа райы кезінде кешендегі ауаның температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Құрылыс нысанының металл қаңқасы – 2300 тонна, шатырдың биіктігі – 150 метр.
Каталог: uploads -> doc -> 127a
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
127a -> Әдебиеттік оқу 4«А» сынып Адамның нашар мінезі Жаңа сабақ
127a -> Құлагер” әлем әдебиетіндегі классикалық поэмалар қатарында өз орны бар поэма, қазақ поэзиясының құдіретті туындысы
127a -> Жалпы редакциясын басқарған: Күлімхан Жәйшібекова
127a -> Сабақ Қазақ тілі : 1 сынып Тақырыбы : Бассейнде Білімділік: Оқушыларға сабақ аясында шағын мәтіндер негізінде жаңа сапалық атауларды меңгерту
127a -> Сабақ бойынша рефлективтік есеп


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет