Сабақ №6 (1 сағ.) Сабақ тақырыбы. Таспа құрттардың өкілі ретінде сиыр цепенінің (Taeniarhynchus saginatus) дене құрылысы



бет3/13
Дата07.02.2022
өлшемі137,05 Kb.
#84739
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Зертханалық сабақ 6

22-сурет. Сиыр цепені:
А-бүйір жағынан қарағандағы дененің алдыңғы ұшы, Б-алдыңғы жағынан қарағандағы сколексі: 1-сорғыштар, 2-мойны, 3-бунақтар.

Мойыннан кейін толып жатқан бунақтары орналасады. Мойыннан кейінгі үшінші дене бөлігі стробила деп аталады. Бунақтардың өсуі мойын айналасынан басталатындықтан, сиыр цепенінің мойнының айналасындағы бунақтары қысқа болып, денесінің ортаңғы бөлігінде шаршы, ал денесінің соңғы бөлігіне қарай бунақтары ұзарып, ені тарыла түседі.


Байқалған дене бөлімдерінің морфологиялық белгілерін сипаттап жазып, сиыр цепенінің суретін салу.
2-тапсырма. Сиыр цепенінің сколексі мен мойнының микропрепараттарын қарап, оған тән сколекстің сипаттамасын жазу.
Дайын тұрақты микропрепараттан сиыр цепенінің сколексін микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы қарап, одан ірі төрт дөңгелек жабысқақ сорғыштың орналасқанын байқауға болады. Көрінген жабысқақ сорғыштардың пішініне, орналасу тәртібіне назар аудару керек. Сиыр цепенінің жабысқақ сорғыштары анық көрінбеген жағдайда, микроскоптың микробұрандасын қозғау арқылы барлық сорғыштарын және мойын бөлімін де көруге болады. Мойны аздап қыртыстанып көрінуі мүмкін, бірақ оның бунақтардан тұрмайтынын есте сақтау қажет (22-сурет).
Зерттелген сколекс пен мойын бөлімдерін сипаттап жазып, олардың суретін салу керек.
3-тапсырма. Сиыр цепенінің жетілмеген және жетілген сақиналарының микропрепараттарын қарап, олардың айырмашылықтарын анықтап жазу.
Сиыр цепенінің гермафродитті бунағының бір сақинасының дайын тұрақты микропрепаратын тұтқалы ұлғайтқыш әйнек немесе микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы қарау керек.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет