Сабақ №6 (1 сағ.) Сабақ тақырыбы. Таспа құрттардың өкілі ретінде сиыр цепенінің (Taeniarhynchus saginatus) дене құрылысы



бет2/13
Дата07.02.2022
өлшемі137,05 Kb.
#84739
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Зертханалық сабақ 6

Қажетті құрал-жабдықтар.
Табиғи құралдар: сиыр цепенінің макропрепараттары, сколекстің, мойынның, сақиналардың және финнаның микропрепараттары.
Суретпен бейнеленген құралдар: сиыр цепенінің құрылысы бейнеленген сурет, сиыр цепенінің сколексі, гермафродитті бунағы, жетілген сақинасы және финнасы бейнеленген сызбалар.
Қосымша құрал-жабдықтар: тұтқалы ұлғайтқыш әйнек, микроскоп.
Әдістемелік нұсқаулар.
Ересек сиыр цепені адам ішегінде, ал дернәсілдері мүйізді ірі қараның бұлшықеттерінде мекендейді. Шала пісірілген немесе шала қуырылған сиыр еті - цистицеркоз ауруының көзі. Сиыр цепенінің дене тұрқы 10 метрге дейін жетеді.
1-тапсырма. Сиыр цепенінің морфологиялық ерекшеліктерімен танысып, оның дене бөлімдерін анықтау.
Сиыр цепенінің бүкіл дене бөлімдері толық көрінетін макропрепаратпен танысып, одан сколексін, мойнын және бунақтарын ажыратуға болады. Сиыр цепенінің денесі өте созылыңқы, таспа тәрізді ұзын болып, бунақтарға (проглотид) немесе сақиналарға бөлінген. Денесінің алдыңғы ұшында кішкене басы немесе сколексін, одан соң бунақтарға бөлінбеген қысқа мойнын байқауға болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет