Сабақ 7"А" сыныбы Семей қаласы "№9 жалпы орта білім беретін мектеп"



бет2/2
Дата13.02.2017
өлшемі361,13 Kb.
#9277
түріСабақ
1   2




Сөздік 
салауатты өмір салты – здоровый образ жизни  ұғу – понимать 
серуен – прогулка  зиян – вред 
ұйықтау – спать  қадағалау – соблюдать 
зор – огромный  жағдай – условие 
тиіс – положено  тиімді – полезный 

Оқылым әрекеті: 
Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер. 
Салауатты өмір салтына дене шынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз. 

Сөйлесім әрекеті: 
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер: 
1.Мәтінде не туралы айтылады? 
2.Салауатты өмір салтына нелер жатады? 
3.Ұйқының пайдасы қандай? 
4. Неге салауатты өмір салтын сақтау керек? 
Тыңдалым әрекеті: 

Дәйексөз Сабақта талқыланып отырған мәселенің адам ағзасына тигізетін әсерін, адам денсаулығының құнды екенін ұғындыру мақсатында оқулықта берілген халық мақалы сабақтың дәйексөзі ретінде талқыланады.

Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде! Мақал

Ойын “Жалғасын тап”
1. Ұзартқың келсе ғұмырды,
Таста арақ пен шылымды.
2. Темекінің кермегі – Еріккеннің ермегі.
3. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр,
Одан кейін өзгелерді сақтандыр.




Грамматикалық тақырып 
Есімдік 
Есімдік басқа сөз таптарының (зат есім, сын есім, сан есім) орнына қолданылатын жалпы мағыналы сөздерден тұрады. Мысалы: Айгүл келді дегеннің орнына – Ол келді, журналды оқы – мынаны оқы, Арманнан сұра – одан сұра т.б 
Есімдік бірнеше мағыналық топтарға бөлінеді. 

Мағынасына қарай 7 түрі бар. 

Жіктеу Мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар. 
Сілтеу Сол, мынау, аналар, міне т.б 
Сұрау Кім, не, қашан, неше, қайда, неге т.б. 
Өздік Өз, өзім, өзіміздің, өз-өзінше т.б. 
Жалпылау Барлық, бәрі, күллі, барша, тегіс т.б. 
Белгісіздік Кейбіреу, қайсыбір,әлдеқайда, әлдеқандай т.б. 
Болымсыздық Ешкім, ешқайда, ешбір, ешқашан т.б., ештеңе, ешнәрсе 

Жазылым әрекеті: 
Үлгі: Мен тыңдаймын Біз тыңдаймыз 
Сен тыңдайсың Сендер тыңдайсыңдар 
Сіз тыңдайсыз Сіздер тыңдайсыздар 
Ол тыңдайды Олар тыңдайды 
Мен түсінемін  Біз
Сен  Сендер
Сіз Сіздер
Ол Олар
IV.Сергіту ойыны. 
2-тапсырмаЖақшаны ашып, сөйлемдерді аударып, жазу. 
1.(Күнде, таңертең) я занимаюсь гимнастикой. 
2. (Сенбі күні) с семьей выезжаем в горы. 
3. (Аптасына екі рет ) хожу в спортвный зал на тренировки. 
4.Тренировки (5-6сағат) проводятся. 
5.Заниматься спортом(ұнатамын). 
3- тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып жазыңдар. 
..... дене шынықтырамын. ..... салауатты өмір сүреміз. ..... таза ауамен демаласыз. ..... дұрыс тамақтаныңдар. ....... денсаулығыма зиян келтірмейді 
V.Сабақты қорыту: 
- Салауатты өмір салтына нелер жатады? 
- Неге салауатты өмір салтын сақтау керек? 
- Есімдік мағыналық жағынан неше түрге бөлінеді ? Қандай? 
- Мысал келтіреміз 

ІІІ «Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою.
1- топ:  Денсаулықты нығайту жолдары.

1-    топ: 1. Д…… і (дәрі)


2. в…та…н (витамин)
3. ….ны…..у (шынығу)
4. с….ау……т (салауат)

2- топ: Денсаулыққа зиянды әдеттер. 
2-    топ: 1. З…я…ы (зиянды)
2.ту…ку….ез (туберкулез)
3. тұ……у (тұмау)
4.ш...р....п (шарап)

VI Бекіту: Тренинг «Қолшатыр...»

 Ей досым, алдыменен мені ұқ.
Досың спорт, таза ауа, өсімдік.
Ала жүріп, осылардың сыйлығын –
Жаңа ғасырға біз берейік көріктік
-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі. 
Тренинг «Денің сау болсын десең...» 
Бір оқушы «Денің сау болсын десең...» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды. 
Қорыта келгенде, академик Н. М. Амосов айтқандай: "Денсаулығың мықты болуы үшін мәнді өз күшің болу қажет, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды.”
VI . Үйге тапсырма : 79-бет , 2- тапсырма, ереже жаттау 

VIІ. Бағалау.



 
Каталог: uploads -> doc -> 0802
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0802 -> Сабақ тақырыбы : Векторларды қосу және оның қасиеттері Мектеп : «№2 Ақсуат орта мектебі» кмм
0802 -> Сабақ 5-сынып Сабақтың тақырыбы: «Тоғыз құмалақ»
0802 -> Сабақ жоспары сыныбы: 5 Сабақ тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары Өткізетін орны: спорт зал
0802 -> Сабақ «Кел, ойнайық!»
0802 -> Перпендикулярные прямые. Перпендикуляр, наклонная и её проекция
0802 -> Сабақтың тақырыбы: Менің елім-Қазақстаным Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет