Сабақ Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар: Тараудың тақырыбы: Сабақ тақырыбы



бет2/3
Дата13.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#149355
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
ашық сабақ

Жазылымалды тапсырмасы
Сөздікпен жұмыс. 7 минут
Мұғалім оқушыларға жазылымда қолдануға тиісті сөздер мен сөз тіркестерін таратып, мағынасын суреттер арқылы тақтадан көрсетеді. Оқушылар сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, ауызша сөйлемдер құрайды.

Сөз

Сөз тіркесімділік

Сурет

Өзен

Өзен жағасы



Демалушылар

Демалушылар демалады



Демалу, тынығу

Өзен жағасында демалады



Қоқыс

Қоқыстарды тастайды



Тазалау, тазарту

Қоқыстан тазалау
Қоқыстан тазарту



Қап

Қапқа салу



Риза болу, разы болу

Тұрғындар риза болды



Тақтайша

Арнайы тақтайша



1. Сусыз жасалатын тағамдарды білесіз бе?


2.Судың қандай пайдасы бар?
3.Күніне қанша литр су ішесіз?
4. Суды қалай үнемдеуге болады?
5.Судың адам өміріндегі маңызына тоқталыңыз.
6.Қазақстанда суды сақтау қорлары бар ма? Сіздің берер бағаңыз қандай?
Оқушылар «Молекула» әдісі арқылы 4 топқа бөлінеді.
Жазылым тапсырмасы


Тыңдалым мәтіні
Су- тіршілік көзі. Жер бетінің 70 пайызын су алып жатыр. Бірақ оның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды екен. Ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталғандықтан, ғаламшар тұрғындары тек бір пайыз суды ғана пайдалана алады. Сондықтан жер бетіндегі халық саны көбейген сайын тұщы су да жетіспейді.
Судың адам денсаулығына пайдасы өте көп. Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады», - деп жазады. Мысалы, су дене температурасын тұрақтандырады, ағзаға қажетті азық пен оттегіні тасымалдайды, ұйқыны реттейді, көздің көруін жақсартады, иммунитетті көтереді. Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды тазалап, ағзаға дәрумендер мен минералдардың таралуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, су - мидың жұмысын жақсарту үшін күш және электрлік энергия көзі. Ішіп жүрген суымыз денені жарақаттанудан қорғап, теріні ылғалдандырып, емдейді.
Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Ал, денеде 20 пайыз су жетіспеушілігі болса, адам денсаулығына үлкен қауіп төнеді екен.


Өзара бағалау
Оқушылар бағалау стикерлерін әр топтың постеріне жабыстыру арқылы жұмысты бағалайды.
Кері байланыс

  • Бүгінгі сабақта қиыншылық кездесті ме? Сіз оны қалай жеңдіңіз?

  • Бүгін не білгіңіз келіп еді, мақсатыңыз орындалды ма?

  • Сіз бүгінгі сабақтың оқу мақсатына жеттіңіз бе?



Сабақ соңы
5 минут



6 сөйлемді эссе жаздырады.
Тақырыпқа қатысты 6 сөйлемді эссе жазады.
Айтылым. Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет