Сабақ: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Мектеп: күні



бет4/18
Дата26.08.2017
өлшемі4,89 Mb.
#29081
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Оқу ресурстары: Тіл туралы, сөз өнері жайында слайдтар.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты өткен материалдармен сабақтастыру.

Тілдегі сөздердің жұмсалу аясы бірдей емес. Халық тіліндегі сөздердің көпшілігі әдебиетте жиі қолданылып, жалпы халықтық нормаға айналады да, біразы қолданылудан шығып қалады не сирек қолданылады.



Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер:


Диалектизмдер

Дөрекі, былапыт және жаргон сөздер

Қазақ тілінде баламасы бар термин сөздердің орысша атауларын қолдану

нормасы емес

нормасы

Шаттауық

Бойлай Рәуішті

Шібіш

Әммасы


жаңғақ

ылғи


тәрізді

балапан


барлығы

Көкмойын, шорт-морт,шурум-бурым, нені,нетіп,сілімтік,маскүнем,жезөкше,жексұрын,боғауыз сөздер және жаңағы сөзін бірнеше рет қайталап қолдану.

Строй (құрылыс), учебник (оқулық), состав (құрам), агитатор (үгітші), герой (кейіпкер, қаһарман, ер,батыр), план (жоспар)



4-жаттығу. Берілген сөздердің қандай жолмен жасалғанын түсіндіріңдер. Әдеби тілдің нормасына жататынын, жатпайтынын дәлелдеңдер.


Әдеби тілдің нормасына жататын сөздер

Әдеби тілдің нормасына жатпайтын сөздер






5-жаттығу. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіріңдер. Олар әдеби тілдің лексикалық нормасына жата ма?
Үлгі: жаны жақсы- адамгершілігі мол, бауырмал, қайырымды, ақылды, еңбекқор.

Етегін баспа-

Жолын қу-

Бетін қақпа-

Белін бу-

Нанға тар-

Өмірдің-

Арқауы-
Ой қозғау.

-Екпін дегеніміз не? (сөздің айтылған кездегі белгілі бір буынының ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы)

- Сөз екпіні дегеніміз не?

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не? Мысал келтіру.
6-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, қарамен жазылған сөздердің ауыспалы мағынасын тура мағынасымен салыстырып көріңдер.

Қай мағынасы көбірек қолданылады? Сөз екпінін дұрыс қойып оқыңдар.


Алтын да күміс балық, күміс қазан, тайдай тулаған, алтындай сары сазандар, алтын бидай, ақ маржандай, найза мұртты.
Шығармашылық жұмыс.

«Шалқыған Арал теңізі неге тартылды?» тақырыбына ойтолғау.


Сабықты қорытындылау.

  • Әдеби тілдің лексикалық нормасы дегеніміз не?

  • Қандай сөздер әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайды? Мысал келтір.


Үйге тапсырма. Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздерге көркем әдебиеттен мысалдар тауып жазып келу.
Қалыптастырушы бағалау ұпайларын жинақтау.

Сабақтың тақырыбы: Мәтін

Сабақта меңгерілетін оқу, дағдылық мақсаттары: Мұғалімнің көмегімен дидактикалық мәтін жайында кеңейтілген білімді меңгереді; мәтіннің танымдық сипатын, белгілерін, құрылымдық бөліктерін байқай алатын деңгейді бағындырады, оқып-түйгендері жайлы ой қортыныдысын айта алады. Тірек сөздерді қолдана отырып, әр түрлі жанрда шағын мәтіндер құрастырады.

Сабақ мақсаттары:

-барлық оқушылар білуге тиісті: мәтін туралы білім-біліктерін тереңдетеді, сөз мағыналарын ажыратады, мәтінге лингвистикалық талдаулар жасайды;

-көпшілік оқушылар білуге тиіс: мәтіннің мағынасын ашып, жан-жақты талдаулар жасайды;

-кейбір оқушылар білуге тиіс: тақырып аясында шығармашылық тапсырмалар орындайды, өз пікірін дәлелдейді.

Бұрыннан бар білімдері: мәтін туралы түсінікті біледі.

Оқу ресурстары: мәтіннің бірліктері мен белгілері туралы, түрлері жайлы сызба слайдтар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Бұрынғы білімді жандандыру (актуалдандыру)



  1. Тірек ұғымдар: сөз, сөйлем, абзац, мәтін.

  2. Проблеманы қою және оны шешу әрекеттері.

Проблемалық ситуация жасау:

Оқушы қызметі: тақтадағы слайдтарға назар аударады.

Мұғалімнің қызметі: тақтадағы мәтіннің бірліктері мен белгілері туралы кестеге назар аудартқызады.

Мәтіннің тұтастық бірліктері

Айырықша белгілері

  1. Сөйлем

  1. Мағына жағынан тиянақталған бірлік.

  2. Мәтіннің бастапқы (төменгі) сатысы.

2.Күрделі синтаксистік тұтастық

  1. Абзац. Құрамында бірнеше сөйлемі бар, өзара мағыналық байланыстағы бірлік.

  2. Мәтіннің екінші (орта) сатысы.

  1. Күрделі синтаксистік бүтіндік

  1. Бірнеше абзацтан, бөлім, тарау, параграфтан құралатын бүтіндік.

  2. Мәтіннің үшінші (жоғары) сатысы.

Оқушының қызметі: Проблеманы тұжырымдау үшін:

Жеке сөздер мәтін бола алам ма? Сөйлем неліктен мәтінге жатады? Абзац деген не? Абзац неліктен сөйлемнен жоғары тұрады?



Мұғалімнің қызметі: оларда қандай сұрақ пайда болғанын сұрайды. Егер сұрақ туындамаса, мұғалім сұрақты өзі қоюы тиіс.

Болжамдар:

  • Жеке сөздер мәтін бола аламайды.

  • Сөйлемнің мәтінге жататын себебі: ол тиянақты ойды білдіреді.

  • Абзац дегеніміз- бірнеше сөйлемнен тұратын күрделі тұтас ой.

  • Абзацтың сөйлемнен жоғары тұратын себебі де сонда: бірнеше сөйлемнің жиынтығынан құралады.

  • Болжамның дұрыстығын дәлелдеу үшін оқушылар мысалы:

  • Қазақстан,Астана, Ақмола бұрынғы қала. (Бұл сөздер жеке тұрғанда белгілі бір тиянақты ойды білдірмейді)

  • Қазақстанның астанасы-бұрынғы Ақмола қаласы. (Бұл сөйлем.қандай қала астана болғандығы жайлы хабарлап тұр)

  • Қазақстанның астанасы –бұрынғы Ақмола қаласы. Кейін атауы өзгертіліп, Астана деп аталды. Астана сөзі барлық тілдерге еркін аударыады. Мағынасы бәріне де түсінікті. (Бұл –абзац,4 сөйлемнен құралған, тұтас бір күрделі ойды білдіреді.)




Қарсылық:

-Жеке сөздер қандай жағдайда мәтін болады?

- Кез келген сөйлемдердің жиынтығы абзац құрай бере ме?

Мұғалім ойларын дәлелдеп шығуды тапсырды.





Қорытынды: Жеке сөздер мағыналық жағынан байланысып сөйлем болғанда, сөйтіп тиянақты бір ойды білдіргенде ғана мәтін бола алады. Сөйлемдер мағыналық жағынан өзара байланысып, тұтас бір абзац құрайды. Бірнеше абзацтың жиынтығынан бүтін мәтін құралады.
ІІІ. Жаңа білім мазмұнын меңгерту және жаңа әрекет тәсілдерін қалыптастыру.

Жаңа ұғымдар: сөйлем- мәтіннің төменгі сатысы;

Күрделі синтаксистік тұтастық- мәтіннің орта сатысы;

Күрделі синтаксистік бүтіндік- мәтіннің жоғары сатысы.


Мәтінге бір автордың, тіпті оқушының да жазған шығармасы, я шығарманың үзіндісі немесе музыкалық шығарманың жазылған сөздері, басылған мақаланың, ауызша жасалған баяндаманың тұтас мазмұны жататындығы әңгімеленеді.Бүтін мәтін( бүтін өлең, мақала, әңгіме т.б.) күрделі синтаксистік бүтіндік деп, мәтінді құрайтын абзацтар күрделі синтаксистік тұтастық деп аталады.
Шығармашылық тапсырма:

Марат Омаровтың орындауында «Астана» әні тыңдатқызылады. Ән сөзінің неше шумақтан (абзацтан), қанша сөйлемнен тұратындығы тапқызылып, оның күрдел синтаксистік тұтастық, не күрледі синтаксистік бүтіндікке жататындығы анықтатқызылады.



ІҮ. Шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

Ән сөзінің мазмұнын жазып шығу оқушыларға тапсырылады.



Мәтінмен жұмыс.

7-жаттығу.

  1. Мәтіннің тақырыбы ретінде алынған сөздерге (мағынасы мен қолданылу мақсатына) талдау жасаңдар.

  2. Мәтін неге бір ғана абзацтан құралған?

  3. Мәтіннен өз тұсында норма болып, қазіргі кезде орфографиялық нормаға жатпайтын сөздік қолданыстарды тауып, талдау.


8- жаттығу(ауызша)

  1. Мәтінде не жайында айтылған?

  2. Мәтінді көркем етіп тұрған қандай дыбыстардың қайталануы?

9-жаттығу (ауызша)

1.Қай ғылымның саласына қатысты мәтін екеніні түсіндіріңдер.



2. Қазіргі тіл нормасында қолданылмайтын қндай сөздер бар?
Сабақты қорытындылау.

  • Мәтін дегеніміз не?

  • Мәтін қалай жасалады?

  • Кез келген сөздер тізбегін мәтін дей аламыз ба?


Ү.Үйге тапсырма. 1. 10-11 жаттығу. 2. Ережені оқу. 3.Кері байланыс жазып келу: нені білдім, нені білгім келеді?
Сабақтың тақырыбы: Морфология. Зат есімнің түрленуі. Көптік жалғау

Сабақта меңгерілетін оқу, дағдылық мақсаттары: Зат есімнің түрленуі туралы түсінікті меңгереді, көптік жалғаулары туралы түсінікті терең меңгереді, зат есімнің қасиеттерін аша біледі; өздігінен іздену қабілеттерін дамытады, еркін сөйлеуге, ойларын дәл, нақты айтуға дағдыланады.

Сабақ мақсаттары:

-барлық оқушылар білуге тиісті: зат есімнің түрленуі туралы түсінікті меңгереді, жалғаулар жайлы білімдерін арттырады, сөздерге көптік жалғауын жалғап түрлендірелі, мағыналарын ажыратады, сөзге морфологиялық талдаулар жасайды;

-көпшілік оқушылар білуге тиіс: тілдік талдау жасау машықтарын арттырады, сөзді әр түрлі мағынада қолдана біледі, сатылай кешенді талдауларды түрлендіріп жасай алады;

-кейбір оқушылар білуге тиіс: тақырып аясында шығармашылық тапсырмалар орындайды, өз пікірін дәлелдейді.

Бұрыннан бар білімдері: морфология, зат есем, көптік жалғаулары туралы түсінікті біледі, нормалар туралы нақты теориялық білімі болмаса да, нормаға сай сөйлеп және жаза біледі.
Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын сұрау. 10-11-жаттығулардың орындалысын жеке оқушылардан сұрап, тексеру.

3. Жаңа сабақ.

Морфология (грек. «түр») - тілдегі сөздердің формаларын, сөзге қатысты гарамматикалық мағыналарды тексеретін сала; тілдегі сөздердің өзгеруі, түрленуі туралы тіл білімінің саласы.

Зат есімнің түрленуі
Ой қозғау

  • Зат есімнің мағыналық ерекшелігі неде, яғни зат есім нені білдіреді?

  • Жалқы есім мен жалпы есімнің ерекшеліктері неде?

  • Жалқы есімдер қалай жазылады?

  • Қазақ тілінде неше жалғау бар? түрлері














Зат есімді түрлендіретін тұлғалар оның жалғаулары болып табылады.



Жалғау

Көптік Тәуелдік Септік Жіктік


Жалғау:

  1. Өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстейді;

  2. Өзі жалғанған сөзді екінші сөзбен байланыстырады.


Зат есім


Көптеледі Тәуелденеді Септеледі Жіктеледі

(тек адамға байланысты)

Мысалы: Мен бала-мын, сен бала-сың, сіз бала-сыз, ол-бала


  • Кейде салыстыру үшін адам мәнінде қолданылған зат есімдер де жіктеледі.

Мысалы: Мен асқар таумын, сен төбесің;

Сен темірсің, мен көмірмін, еріткелі келгенмін.



Көптік жалғау 6 түрлі: -лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер


  1. Сөзге(зат есімге) үндестік заңы бойынша осылардың біреуі жалғанып, заттың көптігін білдіреді.

Мысалы: оқушы-лар, үй-лер, қаз-дар, мектеп-тер т.б.

  1. Көптік жалғау өзі жалғанған сө заттың тек көптігін ғана емес, сонымен бірге сол зат көпке ортақ екенін де білдіреді.

Мысалы: Үйлеріңе қайтыңдар, қонақтар шайларын ішті. Зейнептер есік алдында тұр (Зейнептің көптігі емес, Зейнептің қасында бірнеше адам бар екендігі туралы ой жинақтау түрінде)
Жаңа сабақты меңгерту тапсырмалары.

36-жаттығу.

  1. Мәтінді түсініп оқып, Тоныкөк өздеріңе белгілі Орхон жазуының авторы екендігін біліп алыңдар.

  2. Зат есімдерді тауып, оларға жалғанған жалғаулардың түрлерін ажырытыңдар.


37-жаттығу.

Тапсырма:

  1. Көп нүкте қойылған орындардың қажетті деген жеріне көптік жалғауларының тиістісін қойып жазып, қандай үндестік заңына бағынып жалғанғанын түсіндіріңдер.

  2. «Боз іңген» күйін тыңдау, алған әсерлерін жазбаша жазып шығу.



Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей тапсырмасы. Көптік жалғауын қабылдайтын зат есім қатысқан бір сөйлем құра және оған морфологиялық талдау жаса.
ІІ деңгей тапсырмасы. Көптік жалғауын қабылдайтын зат есімдері бар өлең шумақтарынан мысал тауып айт.

Үлгі:

Қазақтың ірілері,

Абайдың інілері-

Сәкен, Ілияс, Бейімбет.


ІІІ деңгей тапсырмасы. Төмендегі сұрақтарға жауап жазып, бұл кісілер саған кім болатынын және сол сөздер қай сөз табына жататынын айт.


Бұлар кімдер?

  1. Ағаларыңның жұбайлары саған кімдер?

  2. Әпкелеріңнің күйеуі ше?

  3. Шешеңнің туыстары ше?

  4. Әкеңнің балдыздары ше?

  5. Шешеңнің сіңілісінің баласы ше?


Каталог: uploads -> doc -> 0e8f
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e8f -> Сабақтың технологиялық картасы Биология. 9 сынып айы, күні: Тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы туралы түсініктердің қалыптасуы. Мақсаты
0e8f -> “Бақытты сәт” 6 “а,б,в” сыныптар Биология пәні мұғалімі Хасанова Назгуль Сафаргалиевна


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет