Сабақ: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Мектеп: күні



бет2/18
Дата26.08.2017
өлшемі4,89 Mb.
#29081
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18



ҚМЖ 7-сынып Қазақ тілі 3-сабақ

Сабақ: Әдеби тілдің лексикалық нормалары



Мектеп:

күні:

Мұғалімнің Т.А.Ә:

СЫНЫП: 7

Қатысушылар саны:

қатыспағандар:

Сабақтың оқу мақсаты:


Өткен сабақта алған білімдерімен сабақтастыра меңгереді; қазақ тілі заңдылықтарының жасанды еместігін, тілдің өз табиғатынан туып отырғанына көз жеткізеді, ана тілінің сұлулығын, байлығын, әуезділігін оқушылар өз бойына сіңіру арқылы танымдық қызығушылықтары артады; адамгершілікке, сауаттылыққа дағдыланады.

Тілдік мақсаты

Оқушылар: - басқаларды тыңдап, диалогке қатыса отыра әдеби тілдің нормалары туралы айта алады;

- тақырыптар бойынша сөздік қорын дамытады.









Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: -тілдік норма, -лексикалық норма, сөз мағыналары, ауыспалы және туынды мағына







Талқылауға арналған тақырып: қазақ әдеби тілінің тарихы, бүгінгі күйі, тілдің даму барысы







Жоспарланатын уақыт

Жоспарланған әрекет

Ресурстар







Басталуы

0-6 минут



Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару. Топтарға бөлінеді.


Топ аттары, ұраны










(Ұ, Ө) ой қозғау сұрақтары арқылы тақырып ашылады (норма туралы білімдерін еске түсіреді, синоним, антоним, омоним, көп мағыналы сөздер қолданылған сөз тіркестері, өлең жолдары интербелсенді тақтада беріледі), мақсат қойылады.

интербелсенді тақта

ортасы

7-13 минут



Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер:

Диалектизмдер

Дөрекі, былапыт және жаргон сөздер

Қазақ тілінде баламасы бар термин сөздердің орысша атауларын қолдану

нормасы емес

нормасы

Шаттауық Бойлай рәуішті Шібіш Әммасы

Жаңғақ ылғи тәрізді балапан барлығы

Көкмойын, шорт-морт, шурум-бұрым, нені,нетіп, сілімтік, маскүнем, жезөкше, жексұрын, боғауыз сөздер және жаңағы сөзін бірнеше рет қайталап қолдану.

Строй (құрылыс), учебник (оқулық), состав (құрам), агитатор (үгітші), герой (кейіпкер, қаһарман, ер,батыр), план (жоспар)



Интерб.тақта





14-25 минут

Ауызша. 5-жаттығу. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіріңдер. Олар әдеби тілдің лексикалық нормасына жата ма? Үлгі: жаны жақсы- адамгершілігі мол, бауырмал, қайырымды, ақылды, еңбекқор. Етегін баспа- Жолын қу- Бетін қақпа- Белін бу- Нанға тар- Өмірдің- Арқауы- (Т) 6-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, қарамен жазылған сөздердің ауыспалы мағынасын тура мағынасымен салыстырып көріңдер. Қай мағынасы көбірек қолданылады? Сөз екпінін дұрыс қойып оқыңдар. Алтын да күміс балық, күміс қазан, тайдай тулаған, алтындай сары сазандар, алтын бидай, ақ маржандай, найза мұртты.

Сөз тіркестері

Тура мағына

Ауыспалы мағына

Алтын да күміс балық




+

Күміс қазан

+




Тайдау тулаған







Алтындай сары сазандар







Алтын бидай







Ақ маржандай







Найза мұртты










Оқулықпен жұмыс

25-35 мин.

Шығармашылық жұмыс. «Шалқыған Арал теңізі неге тартылды?» тақырыбына ойтолғау.

Дәптер, тақта, бор

Соңы 36-41 мин.

Шағын диктант , қатемен жұмыс

Диктанттар жинағы

42-45 мин.

Сабықты қорытындылау. Әдеби тілдің лексикалық нормасы дегеніміз не? Қандай сөздер әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайды? Мысал келтір.

Үйге тапсырма. Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздерге көркем әдебиеттен мысалдар тауып жазып келу.

автор

Туындының аты

мысал










Бағалау.




Қосымша ақпарат



ҚМЖ 7-сынып Қазақ тілі 4-сабақ

Сабақ: Орфографиялық және орфоэпиялық нормалардың сақталу орындарын практикалық жұмыстар жүргізу арқылы қайталау



Мектеп:

күні:

Мұғалімнің Т.А.Ә:

СЫНЫП: 7

Қатысушылар саны:

қатыспағандар:

Сабақтың оқу мақсаты:


орфография мен орфоэпия туралы білімдерін практикалық жұмыстар арқылы жетілдіреді. Оқшау сөздер туралы білімін кеңейтеді.

Тілдік мақсаты

Оқушылар: - басқаларды тыңдап, диалогке қатыса отыра әдеби тілдің нормалары туралы айта алады;

- тақырыптар бойынша сөздік қорын дамытады.









Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: «Сөздердің орфоэпиясы мен орфографиясы бірдей емес.

Оқыту нәтижелері: орфография мен орфоэпия туралы білімі жатығу орындау барысында жетіледі. Оқшау сөздер туралы білімі кеңейеді.








Талқылауға арналған тақырып: қазақ әдеби тілінің тарихы, бүгінгі күйі, тілдің даму барысы







Жоспарланатын уақыт

Жоспарланған әрекет

Ресурстар







Басталуы

0-6 минут



Топтарға бөлінеді (2-3 топқа) бөледі.


Топ аттары, ұраны










(Ұ, Ө) ой қозғау сұрақтары арқылы тақырып ашылады, мақсат қойылады: оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

интерактивті тақта

ортасы

7-15 минут



(Т) Тапсырма шарты: Берілген оқшау сөздерді қатыстырып, шағын диалог құр.

І топ. Одағай. Әттеген-ай, туу, пұшайт-пұшайт, алақай, тәйт, жә.

ІІ топ. Қаратпа сөз. Қызым, шырағым, балам, балалар, әже,

ІІІ топ. Қыстырма сөз. Әйтеуір, әрине, сөзсіз, дау жоқ, рас, сірә.

(Т) 11-жаттығу. Берілген мәтінді аяқтау. Әр топ өзінің топ мүшелерінің мәтіндерімен танысып, үздігін таңдайды. (Әр топтан 1 оқушы).

«Адасқан сөздер» ( сөздерді орнына қойып, сөйлемнің мағынасын айту).

1. сынақ ертең оқушылар болады.

2. келмейтін сірә бүгін ол шығар.

3. шіркіннің па дауысын-ай!

«Оқшау сөздер туралы кестемен жұмыс жасайды.

Бейнеролик қарап отырып, жаттығуларды қайталайды.


Диктафон
интерб.тақта


16-35 минут

Барлық топ.12-жаттғу. Көп нүктенің орнына и,й әріптерінің тиістісін қойып жазады.

Күн қасиетті нұрын аямай төгіп тұр. Біз Майраны тазалықшы етіп сайладық.

Жан қиналмай жұмыс бітпес,

Талап қылмай мұратқа жетпес (мақал)

І топ.13-жаттығу. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің жазылуы мен айтылуын салыстырыңдар.

Жазылуы: Талдықорған, әлдекім, Қартбай, ақ ешкі, Алакөл.

Айтылуы:Талдығорған, әлдегім, Қартпай, Алагөл.

ІІ топ.14-жаттығу. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін құрамына қарай талдап, бұлардың арасындағы дыбыс үндестігін табыңдар. Бұрынғы. Аймангүл. Он бес. Орманбай. Тұзсыз. Көре алмадым. Көз сала жүр. Есенгелді. Амангелді. Досжан. Тас жол. Бос жүрмін.

ІІІ топ.15-жаттығу. Берілген сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырып, айтылудағы ерекшеліктерін байқаңдар. Торы ала ат. Жаңа ауыл. Қара күрең. Ала кет. Көк ала. Үлкен ғалым. Жүз жылқы. Бас штаб. Сенбі. Сәрсенкүл. Қазанқап.


Оқулықпен жұмыс

36-40 мин.

Қорытынды: Барлық топ.16-ж. Бағананың екі жағындағы сөздердің қайсысы орфографиялық норманы, қайсысы орфоэпиялық норманы білдіреді?Ойларыңның дұрыстығын дәлелдеңдер.

Берілген парақтағы баспалдақ бейнесі арқылы сабақтағы белсенділігін көрсетеді.



Дәптер, тақта, бор

Соңы 41-43 мин.

Бағалау

Диктанттар жинағы

44-45 мин.

Үйге тапсырма. Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздерге көркем әдебиеттен мысалдар тауып жазып келу.

Бағалау.





Қосымша ақпарат



ҚМЖ 7-сынып Қазақ тілі *-сабақ

Сабақ: Мәтін туралы түсінік. Мәтінге тілдік талдау



Мектеп:

күні:

Мұғалімнің Т.А.Ә:

СЫНЫП: 7

Қатысушылар саны:

қатыспағандар:

Сабақтың оқу мақсаты:


Мәтін жайында кеңейтілген түсінікті меңгереді; мәтіннің танымдық сипатын, белгілерін, құрылымдық бөліктерін байқай алатын нәтижеге жетеді, стилін ажыратады, оқып-түйгендері жайлы ой қорытындысын айта алады

Тілдік мақсаты

Оқушылар: - басқаларды тыңдап, диалогке қатыса отырып, мәтін және оның басты белгілері туралы айта алады;

- тақырыптар бойынша сөздік қорын дамытады.









Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: мәтін, құрылым, тақырып пен идея, стиль







Талқылауға арналған тақырып: Мәтін, ой, тақырып пен идея, құрылым, абзац







Жоспарланатын уақыт

Жоспарланған әрекет

Ресурстар







Басталуы

0-6 минут



Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

Топ аттары, ұраны










Өткенді қайталау сұрақтары арқылы бұрынғы білімді жандандыру. Проблемалық ситуация жасау: Оқушы қызметі: тақтадағы слайдтарға назар аударады. Мұғалімнің қызметі: тақтадағы мәтіннің бірліктері мен белгілері туралы кестеге назар аудартқызады (кесте №1). Қорытынды: Жеке сөздер мағыналық жағынан байланысып сөйлем болғанда, сөйтіп тиянақты бір ойды білдіргенде ғана мәтін бола алады. Сөйлемдер мағыналық жағынан өзара байланысып, тұтас бір абзац құрайды. Бірнеше абзацтың жиынтығынан бүтін мәтін құралады.

интерактивті тақта

ортасы

7-13 минут



Жаңа білім мазмұнын меңгерту және жаңа әрекет тәсілдерін қалыптастыру. Жаңа ұғымдар: сөйлем- мәтіннің төменгі сатысы; Күрделі синтаксистік тұтастық- мәтіннің орта сатысы; Күрделі синтаксистік бүтіндік- мәтіннің жоғары сатысы. Мәтінге бір автордың, тіпті оқушының да жазған шығармасы, я шығарманың үзіндісі немесе музыкалық шығарманың жазылған сөздері, басылған мақаланың, ауызша жасалған баяндаманың тұтас мазмұны жататындығы әңгімеленеді.Бүтін мәтін( бүтін өлең, мақала, әңгіме т.б.) күрделі синтаксистік бүтіндік деп, мәтінді құрайтын абзацтар күрделі синтаксистік тұтастық деп аталады.

диктафон




14-25 минут

Жазылым. Берілген мәтінге СКТалдау жасалады

Оқулықпен

25-39 мин.

Шығармашылық жұмыс. Марат Омаровтың орындауында «Астана» әні тыңдатқызылады. Ән сөзінің неше шумақтан (абзацтан), қанша сөйлемнен тұратындығы тапқызылып, оның күрдел синтаксистік тұтастық, не күрледі синтаксистік бүтіндікке жататындығы анықтатқызылады. мен дағдыларды қалыптастыру. Ән сөзінің мазмұнын жазып шығу оқушыларға тапсырылады.

Мәтінмен жұмыс. 7-жаттығу. Мәтіннің тақырыбы ретінде алынған сөздерге (мағынасы мен қолданылу мақсатына) талдау жасаңдар. Мәтін неге бір ғана абзацтан құралған?

Мәтіннен өз тұсында норма болып, қазіргі кезде орфографиялық нормаға жатпайтын сөздік қолданыстарды тауып, талдау.

Дәптер, тақта, бор

Соңы 40-42мин.

8- жаттығу(ауызша) Мәтінде не жайында айтылған? Мәтінді көркем етіп тұрған қандай дыбыстардың қайталануы?

Диктанттар жинағы

43-45 мин.

9-жаттығу (ауызша) 1.Қай ғылымның саласына қатысты мәтін екеніні түсіндіріңдер. 2. Қазіргі тіл нормасында қолданылмайтын қандай сөздер бар? Сабақты қорытындылау. Мәтін дегеніміз не? Мәтін қалай жасалады? Кез келген сөздер тізбегін мәтін дей аламыз ба?

Үйге: 1. 10-11 жаттығу. 2. Ережені оқу.

Бағалау.





Қосымша ақпарат


Мәтінге арналған кесте №1

Мәтіннің тұтастық бірліктері

Айырықша белгілері

  1. Сөйлем

Мағына жағынан тиянақталған бірлік. Мәтіннің бастапқы (төменгі) сатысы.

2.Күрделі синтаксистік тұтасты

Абзац. Құрамында бірнеше сөйлемі бар, өзара мағыналық байланыстағы бірлік.

Мәтіннің екінші (орта) сатысы.



  1. Күрделі синтаксистік бүтіндік

  1. Бірнеше абзацтан, бөлім, тарау, параграфтан құралатын бүтіндік.

  2. Мәтіннің үшінші (жоғары) сатысы.

Оқушының қызметі: Проблеманы тұжырымдау үшін:

Жеке сөздер мәтін бола алам ма? Сөйлем неліктен мәтінге жатады? Абзац деген не? Абзац неліктен сөйлемнен жоғары тұрады?



Мұғалімнің қызметі: оларда қандай сұрақ пайда болғанын сұрайды. Егер сұрақ туындамаса, мұғалім сұрақты өзі қоюы тиіс.

Болжамдар:

  1. Жеке сөздер мәтін бола аламайды.

  2. Сөйлемнің мәтінге жататын себебі: ол тиянақты ойды білдіреді.

  3. Абзац дегеніміз- бірнеше сөйлемнен тұратын күрделі тұтас ой.

  4. Абзацтың сөйлемнен жоғары тұратын себебі де сонда: бірнеше сөйлемнің жиынтығынан құралады.

  5. Болжамның дұрыстығын дәлелдеу үшін оқушылар мысалы:

  6. Қазақстан,Астана, Ақмола бұрынғы қала. (Бұл сөздер жеке тұрғанда белгілі бір тиянақты ойды білдірмейді)

  7. Қазақстанның астанасы-бұрынғы Ақмола қаласы. (Бұл сөйлем.қандай қала астана болғандығы жайлы хабарлап тұр)

  8. Қазақстанның астанасы –бұрынғы Ақмола қаласы. Кейін атауы өзгертіліп, Астана деп аталды. Астана сөзі барлық тілдерге еркін аударыады. Мағынасы бәріне де түсінікті. (Бұл –абзац,4 сөйлемнен құралған, тұтас бір күрделі ойды білдіреді.)




Қарсылық:

-Жеке сөздер қандай жағдайда мәтін болады?

- Кез келген сөйлемдердің жиынтығы абзац құрай бере ме?

Мұғалім ойларын дәлелдеп шығуды тапсырды.





Каталог: uploads -> doc -> 0e8f
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e8f -> Сабақтың технологиялық картасы Биология. 9 сынып айы, күні: Тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы туралы түсініктердің қалыптасуы. Мақсаты
0e8f -> “Бақытты сәт” 6 “а,б,в” сыныптар Биология пәні мұғалімі Хасанова Назгуль Сафаргалиевна


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет