Сабақ барысында балалардың тілін дамытуда әр сабақта жаңа сөздерді тек, жай жаттау емес,сол сөздердің мағынасын сапалы ұғындырып, сөз ішінде дұрыс дағдыландыруға үйрету



бет6/12
Дата01.06.2017
өлшемі5,61 Mb.
#17461
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Ей, балалар, балалар, Мені жақсы көреді,

Нан қоқымын шашпаңдар. Күдей күліп келеді,

Жерде жатса баспаңдар Көп ертегі біледі,

Теріп алып қастерлеп, Маған айтып береді.



Торғайларға тастаңдар


Халық ауыз әдебиетінің тағы бір түрі-өтірік өлеңдер. Мен өз тәжірибемде өтірік өлеңдерді көп қолданам. Балалар өтірік өлеңдерді жаттай отырып, ойлайды, қиялдайды, ненің дұрыс, ненің дұрыс емес екенін ойлап отырып, саралайды, тілдері дамып, байланыстыра сөйлеуі қалыптасады.

Мен бұл әдістемемде өлең,тақпақтардың сызбасын алдым. Сызбалар әр түрлі топтың балаларына арнап дайындалған. Балалар өлең,тақпақты жаттағанды өте жақсы көреді. Тыңдағанды,әңгімелегенді ұнатады. Бірақ, барлығы тез ұғып алмайды: кейбіреуінде қиыншылықтар туындайды, тез шаршайды. Балалардың өлең, тақпақ жаттауға деген қызығушылығын арттыру үшін, мектепке дейінгі балалардың көрнекі - бейнелік кеңістігін бағдарлауға арналған мнемотехника тәсілдерін қолданамыз. Мнемосызбада кейіпкерлердің сызбалық бейнелері салынған, табиғат құбылыстары, кейбір іс-әрекеттер, яғни,керек деп саналатын жайттар бейнеленеді. Сызба-суретке қарасаңыз бәрі қарапайым, түсінікті. Жаңа тақпақты үйренгенде де алдымен шығармада кездесетін жаңа сөздер талқыланады.

Көкте құсша самғадым, Алдым жұлдыз есебін

Көрдім әлем жан – жағын. Айға кілем төседім.

Қырық көлдің суына, Найзағайды қамшы етіп,

Шөлдегенде қанбадым. Бұлттан арқан есемін.



Тәжірибе көрсеткендей, тақпақты әртүрлі сарында,әртүрлі әуезде жаттауға болады. Мысалы: тәрбиешінің қолында әртүрлі заттар бейнеленген белгілер бар. Тәрбиеші қоңыраудың суретін көрсеткенде - балалар тақпақты көңілді айтады, ал, тасбақаның суретін көрсеткенде - балалар баяу айтады. Осылайша, балалар көрсетілген белгілерге қарай отырып, тақпақты қайталайды. Балалар логикалық біртінділік символдық бейнелер арқылы тез жаттап алады. Әдістемеде өлең,тақпақтар әртүрлі тақырыпты қамтыған. Лексикалық тақырыптарды мәтіндерді сызба түрінде үйретемін. Мысалы: «Қоян», «Түлкі» т.б.

Қоян - үй жануары емес, жабайы аң. Ол орманда тұрады. Оның төрт сирағы бар. Терісі қалың. Қыста ақ түсті, күзде сұр тусті болып өзгертеді. Қоян көжектерін сүтпен қоректендіреді. Ол қатқабат, сәбіз, жейді.


Түлкі - үй жануары емес, жабайы аң. Ол орманда тұрады. Денесі – сопақша, басы домалақ. Төрт сирағы бар. Оның терісі колың. Құйрығы – үлкен. Түлкішектерін сүтпен қоректендіреді. Ол қоян, тышқан, тауық жейді.



Сондай - ақ, тиым сөздерді, әңгімелерді мнемосызбалар түрінде үйретемін, ұсынып отырмын. Қазақтың алғашқы ұстазы - Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап көптеген әңгімелер жазған. Ол балаларды еңбекке, адамгершілікке, достыққа, қарапайымдылыққа шақырған. Мысалы, «Мақтақыз бен мысық» ертегісі, «Бір уыс шие» әңгімесі, «Асыл шөп», «Қарлығаш, өрмекші, құмырсқа», «Қисық ағаш» т. б. Сол әңгімелерді мен жұмысымда қолданып, тірек - сызбаларын жасадым.

Мнемотехника тәсілі балаларға өте тиімді, есте сақтау қабілетін дамытып қана қоймай, балалардың көркем шығармаға деген қызығушылық сезімін арттырады, оқиға желісін оңай әңгімелеп беруге көмектеседі. Сонымен қатар, қазақ ертегілерін де мнемосызба түрінде қолдауға болады. Мысалы: «Түлкі мен қырғауыл», «Биші ешкі», «Ауырған арыстан», «Кім күшті» т. с. с.

Көркем шығармамен балаларды таныстырмас бұрын онда кездесетін жаңа сөздерді талдау керек. Сол шығармада кездесетін кейіпкерлердің символикалық бейнелерін қарап, талқылау керек. Тәрбиешіде тақтада сол ертегі мазмұнына байланысты сызба бейнеленген. Баламен ертегіні таныстырып, оқып шыққан соң, тәрбиеші балаға мынадай тапсырма береді: «Ойықша терезе арқылы мен айтқан жердегі ертегі бөлігін осы ойықша терезе арқылы көрсетіп, әңгімелеп бер». Бұл жерде техникалық құралдарды қолдануға болады. Шығарманы әңгімелеуде оқиға желісінің бейнесін бірнеше бөліктерге бөліп, балаларға құратуға болады. Тапсырманы екі, үш деңгейлі етіп беруге болады. Топпен, жұппен жұмыс түрінде беріледі. Балалар өз бетінше әдеби шығармаларды айтып, шығарманың мазмұны мен ойын дұрыс жеткізіп, диалогтағы адамдардың немесе кейіпкерлердің сөздерін мәнерлі жеткізуге икемделеді. Балалар автордың сөз өнерін қолданып, сөз мәнерін өздері машықтануы тиіс. Серіктестері айтып отырған әңгімені тыңдап отыруға, мазмұнын түсінуге әдеби кейіпкерін атымен атауға үйретіледі. Табиғи құбылыстардағы ақиқаттылықты сипаттаған кезде нақты және дұрыс сөз қолдануға, үлкендердің көмегімен бір нәрсеге тиісті белгілерді табуға, әңгімеде ой - өрісін жеткізуге үйрету керек. Балалардың сипаттау әңгімелері түрлі сөз мәнерінде, тілдік метафора, теңеу, балама қолдануда сөз өнері өзіндік ерекшелігін ашу керек. Ойыншықтарды қолданып, суретке қарап әңгіме құрастырады.

Әңгімелеп беру - монологтық тілдің жеңіл түрі. Ол авторлық позицияны қолдайды. Онда дайын авторлық сюжет бар тілдік формалар мен әдіс-тәсілдер дайын. Бұл тілдің бейнелі, көркем болуына әсер етеді. Сәби топтарында балалар әңгіме құруды ұнатады. Балаларды ертегінің басын, ортасын,аяғын көре білуін қалыптастыру керек. Суреттерді қоюда, реттілікті сақтауға, мысалы: ұйықтайды - жаттығу жасайды, ұл бала тұрды-төсегін жинайды, балалар орманға барады, үйге себет толы саңырауқұлақпен келеді. Ол үшін мынадай ойындар ойнату керек: «Не істейді?» «Содан кейін не болды?» Мысалы: Сөз қос ойынында тәрбиеші іс – әрекеттің басын айтады, ал, бала жалғастырады. Қоян қорқып кетті де...жүгірді, тығылды. Қыз ренжіді де...кетті, жылады т.с.с. Мұндай ойындарда көбінесе дауыс ұрғағына көп көңіл бөлінеді. Бірлесе әңгімелеуді жоспарлауды тәрбиеші өз мойнына алады. Ол сызба бойынша сұрақтар қояды, ал, балалар әр түрлі мазмұнмен толықтырады. Өз бетінше әңгімелетіп үйретуде тәрбиеші мына таныс ертегілер мазмұны бойынша сахналатады. Мысалы: «Жеті лақ», «Маша мен аю», «Қоянның үйі» т.б. Тіл дамыту сабағында реттілік сақталады. Сонымен қатар,тілдік міндеттер жүзеге асады: дыбыстық мәдениеттілікке тәрбиеленеді, сөздік қоры молаяды,грамматикалық тұлғада дұрыс сөйлеуі қалыптасады.



«Мнемотехника», «мнемоника» - бұл әртүрлі әдіс-тәсілдер жүйесі. Қосымша ассоциация түріндегі білім арқылы зейіннің өсуі және есте сақтауын жеңілдету. Суретті – графикалық жоспар көмегімен пиктограмм түрінде беріледі, заттық сурет түрінде балалар мәтінді әңгімелеп береді. Әрбір белгіде бір мазмұн бар. Оқиғада кездесетін кейіпкерлердің іс - әрекеттері белгілі бір символдармен бейнеленеді. Мысалы: «Кейіпкер жол жүріп кетті. Ол қиыншылыққа тап болды, үйіне аман-есен сау оралды», - деп әңгіме аяқталады. Әрбір әңгіме ертегі желісіне байланысты белгілер қойылып отырылады.Ертегі желісін ойдан шығаруға болады. Мысалы: Жанұя ойынында тақтада жануарлар бейнесі тұр. Ал, балалардың алдында да сол бейнелер бар, бірақ, керісінше жатыр. Балаларға тапсырма беріледі. Пиктограммаға сүйене отырып, тәрбиеші көрсеткен сөзді ашу. Осы сияқты пиктограммаларды сабақтарда да қолдануға болады. 5-6 жастағы балалар қиялдағанды ұнатады, өздері ертегілер, мен әңгімелерді құруда сауатты түрде құру үшін не істеу керек. Балаларда әңгіме құруда оның құрылымы жайлы түсініктер пайда болады. Мысалы: басталуы, соңы, ортасы. Олар өз тілінде сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс қолдана бастайды. Әңгіме құруда бірнеше кестелерді қолдануға болады. «Мен кіммін?» «Немен?» «Орны мен уақыты». «Не болды?» «Кім кездесті?» «Соңы» деген бөлімдерден тұрады. Әрі қарай бала өзі үстел үстінде суреттерді ретімен қояды Суреттер әңгімелеу жоспарында мазмұнды дұрыс беруге көмектеседі. Басынан аяғына дейін. Балалар әңгімелеуді ұнатады. Оны алдымен тыңдайды және әңгімелейді. Бірақ барлық балалар тез есіне сақтай алмайды. Міне, сондықтан да сіздерге үш карта - кестені ұсынып отырмын. Бұл кестелер балалардың ойлай отырып, ойша құрастырып, оқиғаны өздерінің ойдан құрастыруына арналып, құрылған. Кесте түрінде кейіпкерді бейнелеу, табиғат құбылыстарын, кейбір іс - әрекеттерді, яғни, қажет деп санаған іс - әрекеттерді бейнелеуге болады. Бұл кестелер балаға түсінікті, жас ерекшелігіне сай жасалынған. Балалардың логикалық біртінділік символдарын есіне сақтауға көмектеседі, әңгімелеу элементтерін үйренуге баулиды.

  • «Мен кіммін?» шаршысы. Қыздың беті бейнеленген.немесе ұл, әртүрлі кейіпкерлерді таңдау: сиқыршы,жалмауыз, хан, аңдар т.б.

  • « Немен?» шаршысы. Көліктердің суреттері сызба түрінде бейнеленген. Әртүрлі көліктер жинағын қолдану және сиқырлы көліктер:ұшатын кеме,ұшатын тәрелке, мыстан кемпір көлігі т. б.



  • «Орны мен уақыты» шаршысы. Сызба түрінде ағаш бейнеленген, күннің көзі, қыз көк шалғында келе жатыр. Суреттерді таңдау керек: орман, теңіз, шаһар, ай, ертегі ауласы т.б.

  • «Не болды?» шаршысы.Сұрақ белгісі салынған, кейіпкерге не болған? Кімді кездестірді?



  • «Кім көмектесті?» шаршысы. Сызба түрінде қоян,айна, гүл, көзілдірік т.б. Қажетті суреттерді таңдау:әртүрлі аңдар, жын, ақшақар, ұшатын кілем т. б.

  • «Соңы» шаршысы. Сызба түрінде күліп тұрған, жылап тұрған бейне, қажетті суреттерді таңдау: үйлену тойы, ата мен әже т.б. Таңдалып алынған шаршылар арқылы заттық және мазмұнды суреттерді қолдана отырып, балалар шығармашылық оқиғалар құрап үйренеді.

Екінші, үшінші кесте-карта бойынша да балаларға тәрбиеші көмектесіп отырады. Тәрбиеші бірінші суреттен екінші суретке көшерде көмектесіп отырады, сөздік -байланыстармен мысалы: «содан кейін не болды?», «кенеттен», «ал, бұл кезде» ...т.с.с. Әрбір оқиғада баланың ойлап тапқан аты,мазмұны, басы, ортасы, аяғы болу керек. Сөйлем түрлерінің бірнеше түрлері және сөйлем дұрыс құрылуы керек. Баланы асықтырмау керек. Баланың талқылауын тыңдау керек. Баланың қатесін жұмсақ түзеп, қажетті ақпаратты айту және баланы мадақтап отыру керек. Осы карта - кестенің бірнеше түрлерін ұсынамын.

-1-түрі. (4-5 жастағы балалар үшін) Мақсаты: 1-ші карта-кестеге сүйене отырып,шығармашылық әңгіме құруға үйрету. Карта-кестенің үш суретін қолдану. Ойын үшін «Мен кіммін. Не болды.Соңы» шаршыларынан заттық, мазмұнды суреттер керек.

Ойын барысы: Бала үстел үстіне «Мен кіммін. Не болды. Соңы» суреттерін қажетті біртінділіктері бойынша қойып шығады, бұл суреттердің оқиғаның басы,ортасы, аяғы екенін түсіндіреді. Әрі қарай ұстаз бұл суреттерді басқа заттық және мазмұнды суреттерге ауыстыруға көмектеседі. Мысалы:бірінші сурет «Мен кіммін?» Қыздың суретін тауып алу. Екінші сурет- «Не болды?» Құстың суретін тауып алу.Үшінші сурет- «Соңы». Ата мен әженің суретін тауып алу.Суреттер әңгіменің өзіндік жоспары міндетін атқарады,мазмұнды басынан аяғына дейін тоқтамай айтып шығуға көмектеседі.Әрі қарай ұстаз қыз суретін көрсетіп,кейіпкер атын ойлап табуға ұсынады. Мынадай сұрақтар қояды: «Бұрын қыз қайда болды? Ол не істеді?»

Содан кейін ертегіні бастау үшін керекті сөздер мен тіркестерді еске түсіру керек. 3-ші карта-кесте. Бала тәрбиеші көмегімен немесе өзі ертегі басын ойлайды.Тәрбиеші «Торғай» деген суретті көрсетіп,балаға ертегі аяғын ойлауды ұсынады. Мынадай сұрақтар қоюға болады: «Қызға не болды? Ол нені көрді? Неге қыз торғайды ұстағысы келді? Неге ол жылап тұр?»

Бала өздігімен немесе ересектердің көмегімен ертегі ортасын ойлайды. Тәрбиеші «Ата мен әже» суретін көрсетеді және ертегіні аяқтауды ұсынады. Мынадай сұрақтар қоюға болады: «Олар бұрын қайда болды? Немересіне қалай көмектесті? Оқиға қалай аяқталды?» Бала өздігімен немесе ересектер көмегімен ертегіні аяқтайды. Тәрбиеші бүкіл ертегі желісін сызба-тірек арқылы әңгімелетеді. Содан кейін ертегіні аяқтау үшін қажетті сөзді табу керектігін айтады.

3-ші карта-кесте.

Торғай суреті бойынша әңгіме құру. Бұл жазда болған еді. Айгүл атасы мен әжесімен ауылда тұратын. Бірде Айгүл аулаға серуенге шықты. Бір кезде ол кішкене торғайдың балапанын көрді. Айгүл оны ұстайын деп еді өзі құлап түсті, ал, балапан ағаштың басына ұшып кетті.Осы кезде атасы мен әжесі немересін іздеп жүрді.Айгүл жылап отыр,тізесі ауырып қалыпты,торғай да ұшып кетіпті. Атасы мен әжесі қызды тынышталдырды және құсты ұстамау керектігін айтып түсіндірді. Міне, осылай ертегі тәмам болды.

2-ші түрі.(5-6 жастағы балаларға арналған) Ойын мақсаты: 1-ші кесте-картаға сүйене отырып, шығармашылық әңгіме құрау. Ойын үшін жалпы 1-ші карта - кестедегі алты карточка керек және заттық, мазмұнды суреттер.

Ойын барысы: 1-ші кесте-картадағы барлық карточкаларды қарап шығу керек және әңгіме құруды ұсынамын. Бұл суреттерді басқа заттық, мазмұнды суреттермен ауыстыруға көмектесемін. Мысалы: 1-ші сурет- «Мен кіммін?» Патшаның суретін қою. 1-ші кестедегі сияқты. Әрі қарай бала үстел үстінде қажетті суреттерді ретімен қойып отырады, «неге мына суретті солай қойдың?» - деп баладан сұрап отыру. Суреттер әңгіменің немесе ертегінің әртүрлілігі үшін қызмет атқарады. Ертегі мазмұнын басынан аяғына дейін тоқтамай әңгімелеп шығуға көмектеседі. Қазір әңгімені құруға болады. 1-ші бала 1-2 суреттер арқылы әңгіменің басын «Мен кіммін?» «Немен?» шаршысы бойынша құрайды. 2-ші бала 3-4сурет пен «Орны мен уақыты», «Не болды?» шаршысы бойынша әңгімені жалғастырады. 3-ші бала 5-6 суретпен «Кім көмектесті?» «Соңы» шаршысы бойынша ертегі соңын құрып,аяқтайды. 4-ші бала бүкіл ертегі желісін карта-кестеге сүйене отырып, әңгімелеп береді. Содан кейін 3-ші карта-кестедегі ертегіні аяқтайтын сөзді табу, еске түсіру.

Үлгілеу көрнекілігін жұмыста қолдануда біз балаларды неге үйретеміз:


  • Ақпаратты талқылауға, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, салыстыра білуге , ақыл - ойына кіші жоспарды айқын түюге, тілдік сөйлеуге үйретеді.

  • Талқылай білуге,ақыл-ойға салуын қалыптастырады.

  • Сөйлеу тілі емес: зейіні, еске сақтау қабілеті, ойлау үрдістеріне жағымды әсер етеді.

Зерттеу жұмыстары көрсеткендей,жаңа материалды талдай отырып, оның белгілерін анықтай отырып, бала шыдамдылығы дамиды, өз ісінің жоспарын көзбен көріп, қабылдайды. Оның жауапкершілігі артып, қызығушылығы пайда болады,өз ісіне деген қанағаттанушылық сезімі оянады, психикалық түйсіктері, яғни: есте сақтау,ойлау,кемшілігін жою жұмыстарында да біршама өзгерістер болады. Балалардың тіл байлығы артады. Мнемотехниканы сонымен қатар, бүкіл топ балаларымен де өткізуге болады. Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда сөздік жұмысы, сөйлем әңгіме құрастыру жұмыстары жүзеге асады. Сурет жинақтары бойынша әңгіме құрау, ертегіні сахналау,суретті кітаптар қарау. Бұрын оқылған шығармалар бақылаған көріністерді жүйелі әңгімелей білу, монологтық сөйлеу арқылы жүзеге асады. Бұл баланың адамды тыңдай білу, әңгімелеу кезінде сұраққа дұрыс жауап беруге ықпал етеді. Ертеде ата - бабаларымыз мақалдап жауап берген. Балаларды мақалдап сөйлеуге үйрету, оның мағынасын түсіндіру, ана тілінде таза сөйлеуге үйрету, ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ересек, даярлық тобының балаларын адамгершілікке тәрбиелеп, тілінің дамып, сөздік қорын байытуда халық ауыз әдебиеті, классик жазушылардың шығармаларын таңдап алып, балалардың күнделікті әрекеттерімен сабақта салыстыра оқу, ойнату тәсілдері көзделеді. Бұл үшін нені ескеру керек?



  • Баланың жас ерекшелігін ескеру.

  • Тәрбие жұмысын сабақтастыру.

  • Ұлттық психикалық ерекшеліктерді ескеріп,ойын - ермектер түрінде ұйымдастыру, ертегілерді сахналау, кейітендіру, т.б. жайларға көңіл бөлу.

  • Балаларды тіл дамытуға, байланыстыра сөйлеуге үйретуде: ауыз әдебиеті жанрларын, мақал-мәтел, жұмбақ, әңгіме, тақпақтарды тәрбиенің мақсат-міндетіне сай қолдану.

  • Бала өздігінен орындауға тиісті ойын-жаттығуларды түрлендіріп, сахналау, кейіптендіру, қуыршақ, көлеңке театры, мазмұнды - желілі ойындар т.б.

  • Баланы жасынан ата - баба дәстүріне, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеуде жүзеге асыру.

Мынадай кешенді әдістерді қолдану:

- Оқып-түсіндіру,әңгімелесу,әңгімелеу,тыңдату,

- Сахналық көріністерді кейіптендіру, ойын-жаттығулар,өздеріне қандай кейіпкерлер ұнады соны бейнелеу. Өз қиялы бойынша ертегі, әңгіме құру, мазмұнды - желілі ойындар ойнату.

Шығармашылық - адамзаттық өмір шындығына, өзін-өзі тануы болып табылады. Бала дұрыс ой түйіп, өздігімен шешім қабылдауға үйренеді. Балалардың шығармашылын дамытуы үшін ұстаз ең алдымен мына жағдайларды да еске алған жөн. Әрбір шығармашылық тапсырмаларды бала жасына сай алу керек. Шығармашылығын дамытуда тәрбиеші мен ата - ана арасында сабақтастық болуы шарт, қолайлы жағдай туғызу. Бұл жерде ұстаздың рөлі ерекше. Баланың қиялын дамытуда әртүрлі ойын жаттығуларын, мнемотехниканың элементтерін қолдануға болады. Шығармашылы бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырады. Ол үшін ұстаздың қолданатын әдіс-тәсілі балаға қызықты, тартымды болуы керек. Әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану балалардың ойлауын,қиялын ойын дағдысын меңгеруге үйретеді. Бала бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың жан-жақты болып өсуіне көмектеседі. Балалардың шығармашылығын дамытуда,олардың белсенділігі, қызығушылығы артады,қиялы дамиды. Ол үшін мұндай әдіс- тәсілдерді сабақта, сабақтан тыс кездерде де қолдана береді. Шығармашылықты дамытуда мынадай шарттарды орындау керек:


  • Шығармашылық қабілетін ерте бастан бастаған дұрыс.

  • Жұмысты жүйелеу.

  • Барлық қажетті жағдайларды жасау.

Диалогтық сөйлеуге үйрету. Ұрпағымыздың парасатты да білікті,мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын жалпы азаматтық деңгейде дамыту барысында егеменді елімізде ана тілін тереңдетіп оқыту өмірлік мәнге ие. Ана тілін тереңдете оқытуда айрықша көңіл бөлінеді. Балалардың грамматикалық тұлғада дұрыс сөйлеуін қалыптастыруда сызба-тіректермен жұмыс жасалады,тақпақтар жатталады. Тіл- адамның қатынас құралы болғандықтан,ана тілін үйретудің басты мақсаты-балаға өзі қоршаған ортаны, заттарды, құбылыстарды таныстыру көзделеді. Бұлардың бәрі де балаға белгілі бір тақырып айналасында, екінші біреудің сөзін есту арқылы онымен әңгімелесу, сөйлеу немесе сұрақ-жауап, яғни, диалог түрінде меңгеріледі. Ана тілінде таза сөйлеуде диалогтық сөйлеу талаптары балалардың төмендегі сөйлеу қызметтерін анықтайды:



  • Танымдық: түрлі фактілер туралы хабар беру, суреттер, сұрау, анықтау, қарсы келу, жауапты мақұлдау.

  • Күнделікті өмірде: түрлі сұрақтар түрін қою,өтініш жасау, кеңес беру, шақыру т.б.

  • Бағалап - бағдарлау: өз пікіріңді айту, өз пікірің бойынша суреттер беру, өз бағалауың бойынша әңгімелеу.

Үлгілеу көрнекіліктері-талқыланған нысанның сапасын қабылдау,оның қосшысын құру және олармен жұмыс жасау. Бұл мектепалды балалары үшін маңызды,себебі,ақыл-ойы дамиды,көре отырып,әңгімелейді.Үлгілеу көрнекілігі арқылы неге қол жеткіземіз?

  • Бала өте зерек, қағілез болады.

  • Бір мәселені шеше білуге үйрету.

  • Символикалық аналогия балалардың есте сақтау қабілетін дамытады, өтілген материалды есте сақтауға көмектеседі, есте сақтау тәсілдерін қалыптастырады.

Есте сақтауды бекітудің ережесінде былай делінген: «Оқығанда -жазып ал, сызбасын сал, диаграммасын, кестесін салып ал».Үлгі элементтерінің үш түрі мыналар:

  • Геометриялық пішіндер арқылы ертегі құру.

  • Силуэттік бейнелер арқылы ертегі құру.

  • Заттық сызбалық үлгілеу.

Үлгі элементтері арқылы әңгімелеуде мынадай ертегілерді геометриялық пішіндер арқылы кіші топтарда қолдануға болады. Геометриялық пішіндерді қолданғанда балалар қарапайым пішіндерді қолдана отырып, олардың көлемін, түстерін ажыратады. Кейіпкерлердің мінез-құлқын,сыртқы пішінін ересектердің көмегімен ажыратып, ертегіні әңгімелеп береді. Мысалы: Шалқан ертегісін әңгімелегенде үлгі элементтері арқылы былай қолдануға болады:

Бұл жерде «Шалқан» ертегісін шалқан - сары түспен, үлкен пішінмен, басқа кейіпкерлердің пішіндері бірдей,бірақ көлемдері әртүрлі, түстері де әртүрлі. Бала геометриялық пішіндерге қарай отырып, шалқанның сары түсті екенін тез ойлайды, әңгімелейді. Ал, «Қоянның үйі» ертегісінде түлкіні - тоқсары түспен, қасқыр - сұр дөңгелек түспен, аюды-қоңырмен, әтешті –қызыл дөңгелек түспен бейнелейді, түлкінің үй і- қоңыр шаршымен, ал, қоянның үйін – көгілдір шаршымен белгілейді.



Ал, «Жеті лақ» ертегісінде қасқырды-үлкен дөңгелекпен,ешкіні - сұр үшбұрышпен,лақтарды кіші сұр түсті үшбұрышпен белгілейміз.



«Үш торай» ертегісінде қасқыр- сұр үлкен дөңгелекпен, ал, үш торай - кіші қызғылт түспен белгілейді.

Силуэттік бейнелермен шығармашылық ертегі құру.



Баланың шығармашылығын дамыту машықтарының бірі - силуэт бейнелері арқылы ертегі құру. Үлгі элементтерінің сапасы ретінде аңдардың, өсімдіктердің, адамдардың, табиғат құбылыстарының бейнелері алынады. Силуэттік бейнелерге сүйене отырып, тәрбиеші бір ертегінің басын бастайды, ал балалар аяқтайды. Мысалы: Ерте, ерте, ертеде күннің көзі түспейтін қап - қараңғы орманда бір әдемі гүл өсіп тұрыпты т.с.с.

Силуэттік бейнелердің суреттік материалдан ерекшелігі-нақты мазмұнын ашпай, мінез - құлқы, көңіл - күйі тіпті кейіпкердің сыртқы пішіні-балаға таныс болу керек. Балалар силуэттерін анықталған мағыналық сапасына қарай анықтайды. Келесі бөлімде бала өзі берілген ертегі тақырыбы бойынша ертегі мазмұнын өзі ойлап табады.

Мазмұнды сурет бойынша хабарлы монолог құру.



Сурет бойынша әңгімелеудің өзі үш бөлімнен тұрады:

  • Сурет мазмұны бөліктерін бөліп алу.

  • Олардың арасындағы байланысты анықтау

  • Бір толық мазмұн шығаруда бөліктерін қосу.

«Нұрсәуле» атты әңгімеде алдымен балаларға осы әңгімеде әңгіменің алдымен жеке бөліктерін жеке - жеке әңгімелеп, содан кейін бүтіндей әңгімелету керек. Олардың арасындағы байланысты анықтау.

Деп, нұрсәуленің әтешке түсуінде-күннің әтешпен байланысын, одан соң торғайға түскендегі екеуінің арасындағы байланысты, одан әрі күннің балаға түсуін, яғни, нұрсәуленің адамды оятуы, арадағы байланысты, әңгіме соңында ұйықтап жатқан арыстанға түсіп, оянып, тамағын табуға кеткені баяндалады.



Осы сияқты басқа да әңгімені бала жасына сай таңдап, осы әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Бұл әңгімеде тек бұл әдіс-тәсілге ғана емес, артикулляциялық жаттығу жасауға да қолданылады. Мысалы, әтеш-шақырады, торғай - шиқылдайды, арыстан - ырылдайды т.с. с.

Әңгіменің соңында:

-«Міне, тағыда бір арайланып таң атты, тағы да бір жаңа күн келді», - деп әңгімені аяқтаймын.

Балалардың шығармашылығын дамытуда мнемотехника көмекке келеді.

Ертегінің бастапқы кейіпкері - көк түспен,қалғандары қосылған кейіпкерлер. Соңында барлық кейіпкерлер кетіп, бір ғана кейіпкердің қалғаны көрінеді.




Балалардың шығармашылық әңгіме құруында көрнекілік үлгі баланың алдындағы қорқынышын жояды. Бұл түрі - баланың әртүрлі бөліктермен және шығарманы толық әңгімелеуі. Балаға әңгіменің үлгісі беріледі, ол арқылы байланысты әңгіме құра білуі керек.Үлгі элементтерін ойша ойлап, байланыстық әңгіме құрау. Бұл біліктілік әңгіме құру машықтарына үйретеді.

Үлгілеуден әңгімелеуге көшу төмендегідей:


  • Іс-әрекетке байланысты эпизодты табу, Суретке қарап сол әңгіменің эпизодын табу.

  • Ересектерәрекетін әңгімелеу мысалы: тәрбиеші аюдың әрекетін ыммен көрсетеді, ал, бала табуы керек. Мазмұнды шығармашылық машықтарын қалыптастырудың реттілігі мынадай:

  • Тәрбиеші нақты әңгіме кейіпкерін ұсынады.

  • Балаға бір жағдай ойлату, белгілі бір орында нақты кейіпкерлермен өтетін, әңгіме үлгісі тәрбиешіге тапсырылады.

  • Нақты кейіпкерлер силуэттік бейнелермен алмастырылады.

  • Балаларға ертегіні немесе әңгімені құруға ұсынылады, нақты емес, кейіпкердің көмекшісі - геометриялық пішіндер.

  • Бала өз әңгімесіне өз бетінше кейіпкер ойлап табады.

Көркем шығарманы сызба бойынша әңгімелеудегі қадамдар:

Бірінші қадам - Бұл ұжымдық жұмыс шығармадағы детальдарды бірлесе ойлау, айта отырып,сызбасын салу. Мысалы: «Шұбар тауық» ертегісіндегі барлық кейіпкерлерді анықтаймыз:





  • Әрбір кейіпкерлерді белгілейтін белгілерін анықтау, оларға ары қарай белгілер ойластыру.

Содан кейін бір бөлігін тыңдаймыз,бірге суретін саламыз.Бала айтады, ал, тәрбиеші суретін салады.немесе үлгідегі барлық элементтерін салады.

Екінші қадам: Айтып отырып, салу: Балаларға бөліктерін салу ұсынылады, қатысушылардың және маңызды нысандарға көп көңіл бөлінеді. Бұл бөлімде балалар жұмыстың үлкен бөлігін орындайды.Тәрбиеші өзіне көп жүк артады,бірақ әрбір қимылын ұстаз айтып отырады. Мысалы: «Қызыл телпек» ертегісінде: Қызыл телпек орманда келе жатты, естеріңе түсіріңдерші орманды қалай белгілеп едік?Қызыл телпекті қалай бейнелеу керектігін ұмытпаңдар,көрсетіп беріңдер. Қараңдар,мен қалай белгіледім? Бөліктерде барлық кейіпкерлер біртүрлі белгілермен бейнеленеді. Басында қалай белгіледік - солай.



Үшінші қадам-конспектілеу. Ертегілердің немесе тақпақтардың анықталған эпизодтарын салу. Сызба - суреттер жинағы керек. Бұл бөлімде балалар өз бетімен жұмыс істейді.Тәрбиеші біраз үзіліс жасап отырады, суреттердің сызба түрінде болуын қадағалайды. Баланың қиялы мен шығармашылығы үшін кең орын берілуі тиіс.

Төртінші қадам: Көмекші жоспарлау. Сабаққа дайындықта шығарма бірнеше бөлікке бөлінеді. Балалар қағаз бөлігін дәл параллельді түрде толтырады, бірнеше үзіліс жасай отырып. Шығарманы оқымас белгілерін талқылау керек. Топпен бірге. Мысалы: «Түлкі мен қырғауыл» ертегісінде



Бесінші қадам. Өздігімен шығарманы сызу. Шығарма бөліктерін үлгілеу және жоспарлауға үйретеді. Балалар бөліктерге бөледі,тігінен және көлденең,түзу, ирек сызықтармен, белгілі бір ені бойынша - интервалмен. Шығарма соңында нүкте қойылады. Мысалы: «Әже мен немере» атты әңгімені былай бейнелеуге болады:



Алтыншы қадам. Сызбаны жоспар құра оқу, білу іскерлігіне үйрету. Бұл қадам балаларға сабақты қызықты өткізуге көмектеседі, монологтық байланыстыра сөйлеуге үйретеді. Монолог - сипаттау, хабарлы монолог, талқылау монологы міндеттерін шешуге көмектеседі. Балаларға алдын - ала карточкалар дайындау ұсынылады, әртүрлі тапсырмаларды қолдануға болады. Мысалы: «Қояның үйі» ертегісінде әрбір алты бала өз суреті бойынша әңгімелейді.

- Өздеріне ұнаған бөліктерін әңгімелеу.

- Қоянның итке кеп қандай көмек сұрағанда,әтешке келгендегі кезі. Көңіл-күйі қандай болды?

- Қоян итке оның үйін түлкінің алып қойғанын монолог- сипаттау арқылы айтып беру.

- Ертегі сөздермен әтештің қандай батыл екенін дәлелдеу. Монолог, талқылау арқылы дәлелдеу.

- Ертегі соңын әңгімелеу. Ретімен, уақыты, түсінігі. Хабарлы-монолог арқылы.

Әртүрлі кейіпкерлер атынан диалогтық сөйлеу тілі.

-Қоянға ақыры нелер көмектесті? Әңгімелеп бер.

-Логикалық байланысын құру.

Балалар әртүрлі сызба мен үлгілерді құруда әңгімелеп береді,оқиды, көркем шығармамен таныстыруда олардың жеке қабілеттеріне сай сызбаны, іс-әрекет негізінде қарастырады.

Жетінші қадам. Әртүрлі сызба үлгілерін құру. Сабақта балалардың белсенділік іс - әрекетіне көмектеседі. Бірақ, мұнда үлгінің реттілігін қабылдау емес, олардың кез - келген бөліктерін түсіну болып табылады. Шығарманың мазмұнын түсіну үшін жұмыс жүргізіледі. Ертегі не үшін әңгімеленді? кейіпкер ол қандай адам?

Уақыт және логикалық байланыстар, шығарманың тілі, мнемотехника әдісінің нәтижелерінің критерийлері:


  • Көп варианттар ішінен белгілерін таңдау шығармаға жақын болуы керек.

  • Шығарманың кейіпкерлерін анықтау. (Ата, әже, қыз, алтын балық, мыстан кемпір т. б. )

  • Шығарманы айтып отыру арқылы жеке бөліктерін салу.

  • Сызба-үлгідегі берілетін бөліктерді табу және оны мәтінге сәйкес әңгімелеу.

  • Өз бетінше сызба үлгісін салу.

  • Ұсынылған сызбадағы кеңістікті өз бетінше орналастыру.

  • Бейнелі сөздер мен сөз тіркестерін еске сақтау.

  • Мнемосызбаны тақпақты жаттауда, ертегіні құруда, әңгімелерді құруда ғана емес, балаларды айналамен таныстыруда да кеңінен қолдануға болады.

5-6 жастағы топтар арасындағы тіл дамыту.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы негізгі бағыттарға мыналар жатады:



  • Тіл байланысы мен қалыптасуы. Диалог және монолог.

  • Тіл байлығының мәнерлілігі, мәдениеттілігінің дамуы.

  • Әдеби оқулыққа, әдебиетке дайындық.

Тіл қатынасының дамуы. Балалар өз бетінше әдеби шығармаларды айтып, шығарманың мазмұны мен ойын дұрыс жеткізіп, диалогтегі адамдардың сөздерін мәнерлі жеткізуге тырысады. Балалар автордың сөз өнерін қолданып, сөз мәнерін өздері машықтануы қажет. Серіктестері айтқан әңгімені тыңдап отыруға, мазмұнын түсінуге, әдеби кейіпкерлерін атымен айтуға үйренеді.

Табиғи құбылыстардағы ақиқаттылықты сипаттаған кезде нақты және дұрыс сөз қолдануға, үлкендердің көмегімен бір нәрсеге тиісті белгілерді табуға, нақты бейнелеуге, әңгімеде ой - өрісін жеткізуге, үйрету керек. Балалардың сипаттау әңгімелері түрлі сөз мәнерінде,сонымен қоса тілдік метафора, теңеу, эпитет, балама қолдануда сөз өнері өзіндік ерекшелігін ашу қажет.

Ойыншықтарды қолданып, суретке қарап әңгіме құрастырылады. Баланың өзі құрастырған әңгімесінде жанрдың негізгі ерекшелігін таба білуінде. Сюжет ерекшеліктері мен әдеби шығармалардың мәнерлілігі. Ертегідегі жақсылықтың жеңгені, сиқырлық жайында, кейіпкерлерді басқа бір нәрсеге айналдырып, және т.б.қолдана отырып, ертегі құрастыруға үйрету.

Бұл жастағы балалар шығарманы қызығушылықпен тыңдайды, әңгімелерді түрлендіре біледі. Баланың шығармашылық қабілеттілігінен туындаған әңгімелерінде көңіл аударып, көмектесіп,қол ұшын береді, дұрыс емес жерін түзетеді.

Сабақ алдында балалармен алдын-ала жұмыс жүргізіледі:


  • Балалардың танымын кеңейту, танымын материалмен толықтыру.

  • Сабақ алдында табиғат құбылыстарын бақылау, немесе ауызша халық ауыз шығармашылығының шығармаларын еске түсіру.

  • Үлестірмелі заттар мен құралдарды дайындау, ақпаратты қолдану.

  • Ұстаздың әдіс - тісілдерді таңдауы балалардың қызығушылығын арттыруда керек.

Сабақ кезінде: «Ал,сен бұл жайлы не білесің?» немесе «Тағы да бұл жайлы не білесің?» деген сұрақтар қойылады. Сабаққа қимылды ойындарды қолдану, сөздік ойындарды, ән тыңдау, өлең тыңдау, халық болжамдарын, жаңылтпаштарды қолданған ыңғайлы. Сабақтың негізгі бөлігі - сипаттау әңгімесін құру болып табылады. Бұл үшін мнемосызба көмекке келеді.Т.В.Большеваның «Учимся по сказке» деген еңбегіне сүйене отырып, және Л.Е.Белоусованың «Весёлые встречи» атты кітабынан үлгі - сызбаларды қолданған ыңғайлы. Егерде Т.В.Большева әңгімені құруға дайын мнемокестелерді ұсынса, ал, Л.Е.Белоусова өз үлгі сызбасы бойынша символдарды өздері салу керектігін ұсынады. Л.Е.Белоусованың еңбегін ересектер тобында қолданған дұрыс. Мен өз еңбегімде осыларды кең қолданамын. Мектепке бейінгі жас балаларды көркем, әдемі, сауатты сөйлеуге үйрететін жас. Бұл баланың ақыл - ойын дамыту болып табылады.

«Мнемотехника» немесе «мнемоника» грек тілінен аударғанда, « есте сақтау өнері» деп аталады. Мнемотехника - бұл әдістер мен тәсілдер жүйесі екені бізге мәлім. Яғни, белсенді еске сақтауды қамтамасыз ететін, ақпаратты сақтау және қабылдау деген сөз. Баламен жұмыс істеуде байланыстыра сөйлеуін, меңгеруін, жеңілдетеді. Содан басқа сызба жоспарының нақты, байланысты және реттілігін көрсетеді. Мнемосызба - бұл нақты ақпарат салынған сызба. Сәби, орта топтарда түрлі - түсті мнемосызбалар қолданылады, сонда балалардың есінде заттың жеке бөлшектері сақталып қалады. Мысалы: Түлкі - тоқсары,т ышқан - сұр, шырша - жасыл түс т.с.с. Сабақ бірнеше бөлімнен тұрады:


  • 1-ші бөлім:Суретте не бейнеленген?Сызбаны қарау.

  • 2-ші бөлім: Ақпараттың құлпын ашу жүзеге асады. Символдан бейнеге ауысады. Мысалы:

үй - орман- аю-





  • 3-ші бөлім.Берілген тақырып бойынша ертегіні немесе әңгімені әңгімелеп беру құлпын ашудан кейін жүзеге асады. Сәби тобында тәрбиеші көмегімен, ал, ересек топтарда өз бетінше жүзеге асады. Балалардың есінде жеке бейнелер тез сақталып қалады. Мысалы: Балапан-сары түс,тышқан-сұр,шырша-жасыл.т.с.с. Қатынастан басқа тілінің функциясы дамиды, іс - әрекеттің ретімен және логикалыққұрылымы қалыптасады.

Балалардың байланыстыра сөйлеуін қалыптастыруда тек мнемосызбамен шектеліп қоймау керек. Бұл тек бастамасы ғана болып табылады. Себебі, балалардың есте сақтау, қабылдау қабілеті дамиды,көру ақпараты қайта қаралады, оны сақтап, қабылдайды. Сурет қарастыруда дидактикалық ойын барысында болсын, әр баланың жеке дамуына жол ашылады. Дидактикалық ойындағы танымдық деңгей ойынның ережесінде және ойынның әрекеттерінде байқалса, оқыта отырып ойнатуда не суреттер қарастырып оқытуда баланың әрбір тапсырманы дұрыс орындауға бағыттайтын шеберлігі ұстаздың тікелей нұсқауынан байқалады.Ұстаз түсіндіріп,нұсқау берген кезде даусының үнімен ең негізгі білуге қажетті мәселені ерекше екпін қойып айтады. Дидактикалық материал әрі мәтін, әрі сол мәтінге негізделген сурет болған жағдайда баланың сол материал мен әрекетіне баса назар аударылады.


Каталог: uploads -> doc -> 12fb
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12fb -> Сабақ барысында мына кестені толтырасыздар: Адам эволюциясы кезеңдерінің сипаттамалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет