Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау


Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі



бет3/3
Дата14.04.2017
өлшемі1,8 Mb.
#13979
1   2   3


Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1.Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама. 5-11 сыныптар. А., 1999.

2.Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., 1985.

3.Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., 1969.

4.Ақшолақова Т. Көркем шығармаға талдау жасау. А., 1969.

5.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997.

6.Жұмажанова Т. Қ. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері. А., 1995.

7.Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. А., 2003.
Қосымша:
1Мемлекеттік білім стандарты. А., 2000.

2.Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдасы. А., 2000.

3.Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. А., 1979.

4.Дайырова Ә. Орта мектепте І. Жансүгіров творчествосын оқыту. А., 1969.

5.Қалиев С. Мектепте Ғ. Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдары. А., 1974.

6.Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., 1981.

7.Мақпыров С. Әдебиеттен шығарма жұмыстары. А., 1981.

8.Құрманбаева Г., Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері. А., 1999.

9.Қазақ әдебиетін жаңа технологиямен оқытудың кейбір жолдары /методикалық жинақ/.


  1. Құсайынов А., Оқулықтану мәселелері. А., 2000.


«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»пәнінен

СӨЖ орындау және тапсыру

КЕСТЕСІ

Р/с

СӨЖ тақырыптары

Бақылау түрі


Қабылдау уақыты

Аудитория

1

Қазақ әдебиеті пәні бойынша V сыныптарға арналған оқу бағдарламаларының мазмұнымен, оқулықпен танысу.

Конспект жасау, материал жинау

1 апта





2

Қазақ әдебиеті пәні бойынша VI сыныптарға арналған оқу бағдарламаларының мазмұнымен, оқулықпен танысу.

Конспект жасау, материал жинау

1 апта





3

Қазақ әдебиеті пәні бойынша VII сыныптарға арналған оқу бағдарламаларының мазмұнымен, оқулықпен танысу.

Конспект жасау, материал жинау

1 апта





4

Қазақ әдебиеті пәні бойынша VIII сыныптарға арналған оқу бағдарламаларының мазмұнымен, оқулықпен танысу.

Конспект жасау, материал жинау

2 апта




5

Қазақ әдебиеті пәні бойынша IX сыныптарға арналған оқу бағдарламаларының мазмұнымен, оқулықпен танысу.

Конспект жасау, материал жинау

2 апта





6

Қазақ әдебиетінен Х сыныптарға арналған оқулық, хрестоматиялармен танысу және талдау.

Конспект жасау, материал жинау

2 апта





7

Қазақ әдебиетінен ХI сыныптарға арналған оқулық, хрестоматиялармен танысу және талдау

Конспект жасау, материал жинау

3 апта





8

Мектеп бағдарламасы, оқулық, оқу құралдары негізінде V сыныптарға арналған әдебиет пәнінен бір жылдық күнтізбекті-тақырыптық жоспар құру.

Күнтізбекті-тақырыптық жоспар құру.

3 апта





9

Мектеп бағдарламасы, оқулық, оқу құралдары негізінде VI сыныптарға арналған әдебиет пәнінен бір жылдық күнтізбекті-тақырыптық жоспар құру.

Күнтізбекті-тақырыптық жоспар құру.

3 апта





10

Мектеп бағдарламасы, оқулық, оқу құралдары негізінде VII сыныптарға арналған әдебиет пәнінен бір жылдық күнтізбекті-тақырыптық жоспар құру.

Күнтізбекті-тақырыптық жоспар құру.

4 апта





11

Мектеп бағдарламасы, оқулық, оқу құралдары негізінде VIII сыныптарға арналған әдебиет пәнінен бір жылдық күнтізбекті-тақырыптық жоспар құру.

Күнтізбекті-тақырыптық жоспар құру.

4 апта





12

Мектеп бағдарламасы, оқулық, оқу құралдары негізінде IX сыныптарға арналған әдебиет пәнінен бір жылдық күнтізбекті-тақырыптық жоспар құру.

Күнтізбекті-тақырыптық жоспар құру.

4 апта




13

Мектеп бағдарламасы, оқулық, оқу құралдары негізінде X сыныптарға арналған әдебиет пәнінен бір жылдық күнтізбекті-тақырыптық жоспар құру.

Күнтізбекті-тақырыптық жоспар құру.



5 апта




14

Мектеп бағдарламасы, оқулық, оқу құралдары негізінде XI сыныптарға арналған әдебиет пәнінен бір жылдық күнтізбекті-тақырыптық жоспар құру.

Күнтізбекті-тақырыптық жоспар құру.

5 апта





15

Әдістемелік әдебиеттерде жарияланған дәстүрлі, дәстүрлі емес сабақ түрлерінің мазмұнымен танысу, талдау

Конспектілеу


5 апта





16

Базалық курсқа арнап өздігінен сабақ жоспарын (өзі таңдаған тақырыпқа) құру, дидактикалық материалдар дайындап, көрнекі құралдар жасау

Жоспар құру



6апта




17

Жоғары сыныптарға арнап, өзі таңдаған тақырыпқа сабақ жоспарын құрып, көрнекі, дидактикалық материалдар дайындау.

Жоспар құру



6 апта




18

Әдебиет сабағында ауызша тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру, оның жолдары

Жоспар құру



6 апта




19

Әдебиет сабағында жазбаша тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру

Жоспар құру


7 апта





20

Мазмұндама, шығарма тақырыптарын дайындау, бағалау, рецензиялау.

Жоспар құру


7 апта





21

Әдебиет пәнінің мұғалімі және оның адамдық, азаматтық, ұстаздық тәжірибелері, озық өнегелері жайында:

- Ы. Алтынсарин – тұңғыш педагог.


Реферат


7 апта





22

Әдебиет пәнінің мұғалімі және оның адамдық, азаматтық, ұстаздық тәжірибелері, озық өнегелері жайында:

- А. Байтұрсыновтың ұстаздық тәжірибелері.



Реферат


8 апта




23

Әдебиет пәнінің мұғалімі және оның адамдық, азаматтық, ұстаздық тәжірибелері, озық өнегелері жайында:

- Қ. Бітібаеваның ұстаздық келбеті.


Реферат

8 апта





24

°äiñòåìåëiê ¸äåáèåòòåðäi æàðèÿëàí¹àí ä¸ñò¾ðëi, ä¸ñò¾ðëi åìåñ ñàáຠò¾ðëåðiíi» ìàçì½íûìåí òàíûñó, òàëäàó.

Конспект жасау, материал жинау

8 апта





25

Áàçàëûº êóðñºà (V- IX ñûíûïòàð) àðíàï ¼çäiãiíåí ñàáຠæîñïàðûí (¼çi òà»äà¹àí òàºûðûïºà) º½ðó, äèäàêòèêàëûº ìàòåðèàëäàð äàéûíäàï, ê¼ðíåêi º½ðàëäàð æàñàó.

Көрнекіліктер дайындау

9 апта





26

Æî¹àð¹à ñûíûïòàð¹à (X - XI) àðíàï, ¼çi òà»äà¹àí òàºûðûïºà ñàáຠæîñïàðûí º½ðûï, ê¼ðíåêi, äèäàêòèêàëûº ìàòåðèàëäàð äàéûíäàó.

Көрнекіліктер дайындау

9 апта





27

°äåáèåò ñàáà¹ûíäà àóûçøà òië äàìûòó æ½ìûñòàðûí ½éûìäàñòûðó, îíû» æîëäàðû.

Жоба дайындау

9 апта





28

°äåáèåò ñàáà¹ûíäà æàçáàша òië äàìûòó, æ½ìûñòàðûí ½éûìäàñòûðó.

Жоба дайындау

10 апта





29

Ìàçì½íäàìà, øû¹àðìà жаздыру жолдары.

Жоспар құру

10 апта





30

°äåáèò ï¸íiíi» ì½¹àëiìi æ¸íå уақыт талабы.

Реферат

10 апта





31

Ìåìëåêåòòiê áiëiì ñòàíäàðòû – À., 1998æ ìàçì½íûìåí òàíûñó, òàëäàó.

Конспект жасау

11 апта





32

²àçຠ¸äåáèåòií îºûòó ò½æûðûìäàìàñû – À., 1997 æ ìàçì½íûìåí òàíûñó, òàëäàó.

Конспект жасау

11апта





33

Ìåêòåïòi ¼òêiçiëåòií áið ¸äåáè êåøòi» ñöåíàðèéií æàñàó, îíû æ¾ðãiçó æîëäàðû.

Сценарий құру

11апта





34

Әдебиет апталығын ұйымдастыру жолдары

Жоба дайындау

12 апта





35

Факультетивтік сабақтар ұйымдастыру.

Жоба дайындау

12 апта





36

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың түрлері.

Жоспар құру

12 апта





37

Оқушының көркем шығарманы қабылдауының психологиялық негіздері

Конспектілеу

13 апта





38

Эпикалық шығармаларды оқытуды ұйымдастыру:

  • поэманы оқыту әдістері.




Жоспар құру.

13 апта





39

Эпикалық шығармаларды оқытуды ұйымдастыру:

мысал жанрын оқыту әдістері.




Жоспар құру.

13 апта





40

Эпикалық шығармаларды оқытуды ұйымдастыру:

прозаны оқыту жолдары.




Талдау жасау

14 апта





41

Драмалық шығармаларды оқытудағы әдістемелік тәжірибелер

Конспектілеу

14 апта





42

Лириканы оқытудағы басты мәселе - мазмұн мен форма бірлігін сақтау.

Конспектілеу

14 апта





43

Кіріспе сабағын ұйымдастыру.

Жоспар құру

15 апта





44

Қайталау сабағын ұйымдастыру.

Сабақ жоспарын құру

15 апта





45

Қорытынды сабағын ұйымдастыру.

Сабақ жоспарын құру

15 апта






Ескерту:

Студенттердің білімін бақылау, бағалау: СӨЖ, тестілік бақылау (Т), рефераттар (Р), коллоквиум (К), глоссарий (Г) т.б. оқытушыға тапсыру кестесі әр аптаның


Сәрсенбі– 1500 – 1700 – 49 ауд.

Жұма - 1500 – 1700 – 49 ауд. күндері жүргізіледі



Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Негізгі:
1.Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама. 5-11 сыныптар. А., 1999.

2.Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., 1985.

3.Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., 1969.

4.Ақшолақова Т. Көркем шығармаға талдау жасау. А., 1969.

5.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997.

6.Жұмажанова Т. Қ. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері. А., 1995.

7.Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. А., 2003.
Қосымша:
1Мемлекеттік білім стандарты. А., 2000.

2.Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдасы. А., 2000.

3.Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. А., 1979.

4.Дайырова Ә. Орта мектепте І. Жансүгіров творчествосын оқыту. А., 1969.

5.Қалиев С. Мектепте Ғ. Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдары. А., 1974.

6.Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., 1981.

7.Мақпыров С. Әдебиеттен шығарма жұмыстары. А., 1981.

8.Құрманбаева Г., Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері. А., 1999.



9.Қазақ әдебиетін жаңа технологиямен оқытудың кейбір жолдары /методикалық жинақ/.

  1. Құсайынов А., Оқулықтану мәселелері. А., 2000.


БІРІНШІ РЕЙТИНГ

БАҚЫЛАУ

БІРІНШІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ







Тақырыптар

Ұпайлар

Апталар реті

Бақылау түрі

1

Орта мектепте әдебиетті пән ретінде оқыту мәселелері.




1-апта

Консультация


2

Қазақ әдебиеті пәнінің басқа ғылым салаларымен байланысы.




1-апта

Реферат


3

Жаңа білімді меңгерту технологиясы.

2,0

1-апта

Ой бөліс


4

Оқытудың ауызекі әдістері.




2-апта

Ой бөліс


5

Оқытудың көрнекілік әдістері.

1,0

2-апта

Тест

6

Оқытудың практикалық әдістері.

1,0

2-апта

Тест

7

Әдебиетті оқытудың шығармашылық оқу, эвристикалық, зерттеу және репродуктивтік әдістері.




3-апта

Семинар


8

Сабақтың түрлері, дәстүрлі емес сабақтар (баспасөз, сайыс, дуэт сабағы, конференция, саяхат, телесабақтар т.б.)





3-апта

Сабақ жоспары


9

Көркем шығарманы жанрлық ерекшелігіне қарай оқыту.

2,0

3-апта

Коллоквиум,

10

Драмалық шығармаларды оқыту.




4-апта

Глоссарий


11

Лирикалық шығармаларды оқыту.

2,0

4-апта

Сабақ жоспары


12

Эпикалық шығармаларды оқыту.

2,0

4-апта

Сабақ жоспары


13

Мәнерлеп оқу мәселелері.





5-апта

Ой бөліс, дебат


14

Пәнаралық байланыс.




5-апта

Реферат


15

Оқытудың түрлері (ұжымдық оқыту).

2,0

5-апта

Сабақ жоспары


16

Оқытудың түрлері (даралап оқыту).




6-апта

Сабақ жоспары


17

Оқытудың түрлері (саралап оқыту).


2,0

6-апта

Сабақ жоспары


18

Шығарма жаздыруға төселдірудің жолдары.


1,0

6-апта

Коллоквиум


19

Шағын эссе, сыр толғау жаздырту арқылы шығармашылық жұмыстарға бағыттау.





7-апта

Семинар


20

Көркем мәтінмен жұмыс.




7-апта

Ой бөліс


21

Әдебиет теориясынан берілетін ұғымдарды меңгерту, мысалдар жүргізу.

1,0

7-апта

Коллоквиум,

Барлығы: 30 ұпай

1-сабақ, 1-апта

1. Сабақтың тақырыбы: Орта мектепте әдебиетті пән ретінде оқыту мәселелері

2. Бақылау түрі: Консультация



3.Сабақтың жоспары:

1.5-9 сыныптарға,базалық курстарға арналған әдебиеттік оқу бағдарламалры мен оқулық, хрестоматияларды талдау

2. 10-11 сыныптарға,базалық курстарға арналған әдебиеттік оқу бағдарламалары мен оқулық, хрестоматияларды талдау

4. Теориялық мәлімет:

Методика - әдістеме (грекше методод – зерттеу жолы). Метод - әдіс жеткізу жүйесі. Әдебиет әдістемесі – қазақ әдебиетінің оқыту заңдылықтарын зерттейтін педагогикалық ғылым. Әдістеме әдістерден тұрады. Әдіс – «танымның одан әрі дами түсуіне қызмет ететін, танылған заңдылықтардың негізінде жасалған ережелер». Әдіс мақсатқа жетудің белгілі бір жүйеге түскен жолы. Әдіс – зерттеліп отырған нысанаға сай келетін таным құралы. Әдіс - әдебиетті талдау мен бағалау ісінде жинақталған ілімдер мен тәжірибелерге, қағидаларға, амалдарға, тәсілдерге негізделеді. Әдіссіз танып-білу мүмкін емес.

Тәсіл – оқушыларға тірек сигналдары арқылы жеткізу жүйесі. Олар: образды сөз өрнегі, көркем бейнелі сурет, графикалық көрнекіліктер.

Қазақ әдебиеті әдістемесі – жан-жақты дамыған, жетілген, теориялық, тәжірибелік негізі қалыптасқан. Оның зерттейтін нысанасы (обьектісі), мақсаты, зерттеу әдістері жүйеленген. Әдебиет әдістемесінің нысанасы – оқыту мәселесі. Әдебиеттегі көркем шығармаларды оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім мен халықтық даналық тәрбие беру жөніндегі туатын заңдылықтарды қарастырады. Бұл міндетті жүзеге асыруда педагогика ғылымының, оның теориясының жалпы қағидаларына, ережелеріне сүйенеді.

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі әдебиеттану ғылымымен, тіл білімімен, тарих ғылымымен, психологиямен, педагогиканың теориясымен, таным теориясымен, эстетикамен тығыз байланысты.

Мектепте өтілетін оқу пәндерінің ішінде қазақ әдебиеті тіл біліміне тікелей байланысты. Қазақ әдебиеті әдістерінің зерттейтіні – көркем әдебиет. Көркем әдебиет – сөз өнерінің туындысы, алтын қазынасы.

«Әдебиет сөзбен жасалады». Сөзді жасайтын халық.

Әдебиеттану ғылымынсыз әдебиетші мұғалімдер әдебиетті ғылымның әрі өнердің бір саласы ретінде оқыту мүмкін емес. Бұл пәнді оқытудың күрделілігі де қызықтығы да осында. Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркемсөз табиғатын ашатын заңдылықтарды білуі керек, көркем туындыны талдаудың ғылыми әдістемелерін жетік меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға тиіс.

Әдебиет ғылымының үнемі дамуының арқасында әдебиет әдістері жүйеленіп, молайып, қорланып, байып отырады. Мектепте оқылатын әдебиет пәні, қазақ әдебиеті әдебиет тану ғылымына енген теориялар мен әдістер арқылы дамиды. Қазақ әдебиетін оқыту – ғылым ретінде дамуын мына бағытта зерттейді:



  • ғылыми-әдеби эксперимент;

  • жаңартылған сабақтың түрлері;

  • шығармашылықпен оқыту жүйесі;

  • дидактикалық ұстанымдар.

Мектепте әдебиет сабағы оқытудың білім берудің жүйелі, жалғаспалы, бірізділік принциптерін басшылыққа ала отырып, жүргізілуі керек.

Ол төмендегідей кезеңдерден тұрады:

1-кезең: 1-4 сыныптар

2-кезең: 5-8 сыныптар

3-кезең: 9-14 сыныптар

1-кезеңнің негізгі мақсаты – оқуға, жаза білуге, мазмұндауға үйрету, көркем туындыға деген оқушы ынтасын қалыптастыру.

2-кезеңде көркем сөздің көркем шығармадағы ролі, маңызын танып-білу жұмыстары жүргізіледі. Оқу бағдарламасында талдауға ұсынылатын шығармалар жанрлық жағынан қамтылады. Көркем туынды туралы өз пікірлерін, ойларын айта білуге дағдыландыру.

3-кезеңге әдебиетті оқыту ауыз әдебиетін байытып, әдебиет тарихымен жалғастырылады. Оқушы өз беттерімен көркем туындыны оқытуға, талдауға баулу, әдебиет тарихы, сыны, әдебиеттік ғылымнан білім беру, ақын-жазушы стилі, тілі, әдеби әдістер туралы үйрету.


5. Бақылау сұрақтары.

  1. Білім мазмұны немен байланысты анықталады?

  2. Жалпы білім беру, политехникалық және кәсіптік білім беруді қалай түсінесіз?

  3. Қандай мемлекеттік құжаттар оқытудың мазмұнын анықтайды?

  4. Оқыту процесінде оқу жоспары,оқу бағдарламасының қызметі қандай деп ойлайсыз? Олардың құрылымына сипаттама беріңіз.

  5. Оқу пәні немесе оқулық дегеніміз не? Оқыту жұмысындағы, оның атқаратын қызметі қандай?

  6. Оқу жоспары, оқу бағдарламасы мен оқулыққа қойылатын қандай дидактикалық талаптарды білесіз?

  7. Y сынып оқулығының оқу көлемі оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келе ме?

  8. YI сынып оқулығының оқу көлемі қандай?

  9. YII сынып оқулығының оқу көлемі

  10. YIII сынып оқулығының оқу көлемі

  11. IX сынып оқулығының оқу көлемі


2-сабақ, 1-апта

1.Сабақтың тақырыбы: Қазақ әдебиеті пәнінің басқа ғылым салаларымен байланысы



2. Сабақтың жоспары:

- Әдебиетті адамзаттың ғасырлар бойы жасалған мұрасы сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшеліктеріне сүйене отырып, оны халқымыздың „Көркем тарихы”, „Өмір оқулығы” дәрежесінде оқып үйрету;

- Әдебиетті өмірмен байланыстыра, өзіндік табиғатын аша отырып, адамзат тарихымен тығыз сабақтастығын айқындау;

- Әдебиетті оқыту әдістемесінің теориялық, методологиялықн егіздерін жете түсіну;

- Әдебиетті оқыту әдістемесінің түрлі ғылым салаларымен: тарих, тіл білімі, музика, философия, әдебиеттану, педагогока т.б. байланыстылығын қарастыру.


3. Бақылау түрі: Реферат

4. Реферат тақырыптары:
1. Қазақ әдебитін оқыту әдістемесі пәнінің түрлі ғылым салаларымен байланысы

2. Әдебиетті оқыту әдістемесінің теориялық негіздері

3. Әдебиетті оқыту әдістемесінің методологиялық негіздері

4. Әдебиет – „өмір оқулығы”

5.Әдебиет – халқымыздың „көркем тарихы”

6. Әдебиетті оқыту әдістемесінің тарих ғылымымен байланысы

7. Әдебиетті оқыту әдістемесінің тіл білімі ғылымымен байланысы

8.Әдебиетті оқыту әдістемесінің музыка пәнімен байланысы

9. Әдебиетті оқыту әдістемесінің философия ғылымымен байланысы

10. Әдебиетті оқыту әдістемесінің бейнелеу өнерімен байланысы

11. Әдебиетті оқыту әдістемесінің әдебиеттану ғылымымен байланысы

12.Әдебиетті оқыту әдістемесінің эстетика ғылымымен байланысы

13. Әдебиетті оқыту әдістемесінің педагогика ғылымымен байланысы

14. Әдебиетті оқыту әдістемесінің психология ғылымымен байланысы

15.Мектепте әдебиеттен білім беру мақсаттары

16.Мектепте әдебиет сабағын оқытудың принциптері

17.Мектепте өтілетін оқу пәндерінің ішінде қазақ әдебиетінің тіл біліміне

тікелей байланыстылығы

18.Қазақ әдебиетін оқытудағы басты заңдылықтар мен ғылыми-зерттеу әдістері

19.Әдебиетті оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы

20.Қазіргі кезеңдегі қазіргі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:


  • Жоғарыда берілген тақырып бойынша (таңдаған тақырыбына) реферат дайындау, қорғау

  • Аталған тақырып бойынша ойларын ортаға салу;

3-сабақ 1-апта

1. Сабақтың тақырыбы: Жаңа білімді меңгерту технологиясы

2. Сабақтың жоспары:

1. Білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновацияның мазмұны

2. Инновациялық ізденістердің бағыттары

3. Педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының тарихы

4. Жаңа технология бойынша жұмыс жүргізу бағыттары

3. Бақылау түрі: Ой бөліс, дебат

(2 б.)

4.Бақылау сұрақтары:


1. Жаңа технологиямен оқыту ерекшелігі

2. Мақсаты – білімді, алғыр, жан-жақты дарынды, шығармашылық ізденіс, зерттеу

жұмысын жүргізе алатын оқушыны қалыптастыру.

3. Міндеті – оқушылардың өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

4. Құралдары – тірек конспект, тірек схема, карта.

5. Нысандары – ойын, сөзжұмбақ, тест, дидактикалық тапсырмалар,

шығармашылық жұмыс арқылы нысанаға жету, тақырыптың мәнін ашу.

6. Әдістер мен тәсілдер – деңгейлеп оқыту, дамыта оқыту, топтық, ұжымдық,

жұптық оқыту.

7. Нәтижесі - өз пікірін білдіре алатын, ой қорытынды жасайтын, қайталау арқылы

алған білімді есте сақтайды, ғылыми түрде талдай алады.

8. Жаңа технология бойынша жұмыс жүргізу бағыттары:

- Алдағы аптаға тапсырма беру.

- Тапсырма бойынша пікірлесу.

- Мәтінмен жұмыс.

- Қосымша әдебиетпен байланыстыра өту.

- Ғылыми еңбектермен байланыстыру.

- Өзіндік жұмыс.

- Жүйелеу, жинақтау.

- Жазу сызу бойынша модель жасау.

- Қорытынды.

- Жинақтап бағалау.

5. Студенттердің үйде орындайтын тапсырмасы:


  • «Жаңа технологиямен оқытудың ерекшелігі» деген тақырыпта конспект дайындау;

  • Деңгейлеп оқыту, дамыта оқыту, топтық, ұжымдық, жұптық оқыту түрлеріне теориялық мәлімет беру


4-сабақ 2-апта
1.Сабақтың тақырыбы: Оқытудың ауызекі әдістері

2. Сабақтың мақсаты:

-Оқыту әдістемесі бойынша оқытудың ауызекі әдістерін жүйелеу;

-Оқыту әдістерінің дәстүрлі және жаңа тәсілдерін мегеру;

- Әдебиетті өнер табиғатына сай оқыта білу;

- Шығарма әлеміне ену, оның идеялық-эстетикалық мән – мағынасына терең бойлау, қабылдай білу;

- Ғалымдар ұсынған оқыту әдістерінің жүйесі;

- Оқытудың ауызекі әдістері: әңгіме, баяндау, лекция, сұхбат т.б.



3. Бақылау түрі: Ой бөліс, дебат

4. Тапсырма сұрақтары:

  1. Әдебиетті оқытудың әдіс-тәсілдері

  2. Оқушылардың оқу -танымдық қызметін ұйымдастыру әдістері

  3. Оқушылардың оқу-танымдық қызметін көтермелеу әдістері

  4. Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері

  5. Мұғалімнің оқыту әдістерін таңдауына қойылатын талаптар

  6. Шығармашылықпен әдістерді қолдана білу жолдары

  7. Ю.К.Бабанский ұсынған оқыту әдістері

  8. И.Я.Лернер ұсынған әдістер топтамасы

  9. М.Н.Скаткин ұсынған әдістер жүйесі

  10. Оқытудың ауызекі әдістері

  11. Кез келген тақырыпты әңгіме әдісі бойынша жеткізе білу

  12. Баяндау әдісі бойынша сабақ жоспарын құру

  13. Сабақта лекция әдісін пайдалану

  14. Өзің таңдаған тақырыпқа сұхбат құру

15.Әдебиет сабағында әдіс-тәсілдерді таңдап алу жолдары

5-сабақ 2-апта



1. Сабақтың тақырыбы: Оқытудың көрнекілік әдістері
2. Сабақтың жоспары:

1.Көрнекіліктің маңызы, тиімділігі.

2.Көрнекілік түрлері.

3.Көрнекілікті пайдаланудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері


3. Бақылау түрі: Тест тапсырмалары

(1 б.)


4. Тест сұрақтары:

Әдебиет пәнінің өзіндік ерекшелігі

А) Өнер пәні болғандығы

В) тарихпен байланыстылығы

С) кезеңдерге бөлінуі

Д) эстетикалық тәрбие беруі

Е) дәстүр мен жаңашылдықтың болуы


  1. Мектепте әдеби білім беру, оқытудың принциптері?

А) жүйелі, жалғаспалы, бірізділік

В) ғылыми-танымдық

С) тарихи-салыстырмалылық

Д) салыстырмалы типологиялық

Е) жаңа технологиялық


  1. Мектепте білім беру оқыту қанша кезеңнен тұрады?

А) 3 кезең

В) 4 кезең

С) 5 кезең

Д) 1 кезең

Е) 2 кезең


  1. Әдебиет пәні қандай пәндермен байланысты?

А) гуманитарлық, эстетикалық циклдағы

В) тарихи, математикалық циклдағы

С) жаратылыстану циклындағы

Д) экономикалық циклдағы

Е) дене тәрбиесі, спорт циклындағы


  1. Мектепте оқыту процесі қалай жүзеге асады?

А) оқыту әдістері арқылы

В) эксперимент жасау арқылы

С) оқу-таным қызметін көтеру арқылы

Д) оқуды ұйымдастыру арқылы

Е) конференция өткізу арқылы


  1. Академик Ю.Н.Бабанский әдістерді қанша топқа жинақтайды?

А) 3

В) 4


С) 2

Д) 5


Е) 6

  1. Академик Ю.Н.Бабанскийдің еңбегі

А) “Оқу тәрбие процесін оптималдандыру”

В) “Әдебиетті оқыту методикасы”

С) “Современные образавательные технологии”

Д) “Мектеп және қазақ әдебиеті”

Е) “Әдебиетті оқыту әдістемесі”


  1. Оқу материалын қысқа мерзім ішінде барлық оқушыларды қамти отырып, ақпараттық сипатта әңгімелеу, түсіндіру әдісінің түрі

А) Түсіндірме-репродуктивтік

В) Эвристикалық

С) Зерттеу әдісі

Д) практикалық әдіс

Е) көрнекілік


  1. Оқушылардың таным белсенділігін ойлау қызметін дамытуда, жетілдіруде оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасатуға үйрететін оқытудың түрі

А) проблемалық оқыту

В) оптималды оқыту

С) кредиттік оқыту жүйесі

Д) интегративтік оқыту

Е) дифференциалдап оқыту


  1. Оқушылардың пәнге қызығушылығын, таным белсенділігін арттыратын әдіс

А) көрнекілік

В) сөздік

С) зерттеу

Д) мәнерлеп оқу

Е) өзіндік жұмыс әдісі


  1. Әдіс-тәсілдерді таңдап алу жолдары

А) үнемі бірлікте, үйлестіре пайдалану

В) жеке-дара

С) барлығын бір мезгілде

Д) топтап

Е) тиімдісін


  1. Оқушылардың көркем шығарманы оқытуға баулу неше сатыдан тұрады?

А) 3

В) 4


С) 2

Д) 5


Е) 6

  1. Кіші жастағы оқушылар қай сыныптарды қамтиды?

А) 5-7

В) 8-9


С) 9-11

Д) 4-6


Е) 7-9

  1. Ересек жастағы жасөспірімдер

А) 13-14 жас

В) 10-12 жас

С) 15-17 жас

Д) 10-13 жас

Е) 11-16 жас


  1. Үлкен жастағы жасөспірімдер

А) 15-17 жас

В) 13-14 жас

С) 10-12 жас

Д) 15-18 жас

Е) 14-17 жас


  1. Мінез-құлқы физиологиялық жағынан балалықтан кетсе де, әлі де қалыптасып толысып жетпегендер?

А) кіші жастағылар

В) ересек жастағылар

С) үлкен жастағылар

Д) орта жастағылар

Е) жасөспірімдер


  1. Мектепте көп шулайтындар, тез қимылдап, тез шешім қабылдайтындар?

А) 10-12 жастағылар

В) ересек жастағылар

С) үлкен жастағылар

Д) орта жастағылар

Е) жасөспірімдер


  1. Әдеби талдаудың басты мақсаты?

А) оқушының өзіндік қабылдауларын, пікірін әдебитеттану ғылымының талабына сай ғылыми арнаға бағыттау

В) әдеби шығармалар айналасында пікір таласын өткізу

С) тілдерін дамыту

Д) пікірлерін қорғай білу

Е) оқырман ретінде қарым-қатынас жасау


  1. Көркем мәтінді талдау нені талап етеді?

А) шығармашылық жұмысты

В) өзіндік пікір

С) дүниетанымы

Д) білім дәрежесі

Е) авторлық көзқарас


  1. Әдеби талдау үшін ең алдымен, неге назар аудару керек?

А) көркем туындыда баяндалған оқиғалардың тарихи негізін

В) композицияны

С) сюжетіне

Д) жазушы стиліне

Е) идеясына
6-сабақ 2-апта

1.Сабақтың тақырыбы: Оқытудың практикалық әдістері

2. Сабақтың жоспары:

-Оқыту әдістемесі бойынша оқытудың практикалық әдістерін жүйелеу;

-Оқыту әдістерінің дәстүрлі және жаңа тәсілдерін мегеру;

- Әдебиетті өнер табиғатына сай оқыта білу;

- Шығарма әлеміне ену, оның идеялық-эстетикалық мән – мағынасына терең бойлау, қабылдай білу;

- Ғалымдар ұсынған оқыту әдістерінің жүйесі;

- Оқытудың практикалық әдістері: ауызша әдеби жаттығулар, жазбаша әдеби жаттығулар, баяндама, рецензия, реферат қорғау т.б.



3. Бақылау түрі: Тест тапсырмасы

(1 б.)
4. Тест сұрақтары:

1.“Қалың елім, қазағым” өлеңін жазуға әсер еткен тарихи жағдай

А) 19 ғ. 2 жартысындағы қазақ қоғамының әлеуметтік жайы

В) Абайдың балалық шағы

С) Құнанбайдың қатал тәрбиесі

Д) Дәркембайлар тағдыры

Е) 19 ғ. әйел мәселесі

2.Суреткердің бір шығармасын басқа шығармалармен салыстыру

А) әдеби талдаудың тиімді тәсілі

В) тәжірибелік әдіс

С) зерттеу әдісі

Д) оқу-таным қызметін ұйымдастыру

Е) өзіндік жұмыс әдісі

3.Әңгімелеу әдісі қай сыныптарда жиі қолданылады

А) 5-7 сыныптарда

В) 5-8 сыныптарда

С) 1-5 сыныптарда

Д) 8-9 сыныптарда

Е) 10-11 сыныптарда

4.Әңгімелесу әдісінің қанша түрі бар?

А) 3

В) 2


С) 4

Д) 5


Е) 1

5.Әдеби талдау жасауға жетектейтін әрі күрделі, әрі маңызды тәсіл?

А) ауызша суреттемелер, бейнемелер, кескіндемелер жасау

В) мәтінге жуық әңгімелеу

С) шығармашылық жолмен әңгімелесу

Д) жазушы тіліне талдау жасау

Е) шығарманың әртүрлі нұсқасы туралы сөз қозғау

6.Көркем туындыны тұтастай қарастырып талдайтын талдаудың түрі?

А) жан-жақты талдау

В) шолу бағытындағы талдау

С) сұрыптап талдау

Д) көркем шығарманың жазылу тарихына қарай талдау

Е) салыстыра талдау

7.Проблемалық сұрақтар, проблеманы шешу айналасында ұйымдастырылатын талдау түрі?

А) сұрыптап талдау

В) шолу бағытындағы талдау

С) жан-жақты талдау

Д) салыстыра талдау

Е) тарихи талдау

8.“Шыңғыс пен оның әулетінің Отырарды алты ай бойы ала алмау, себебінің негізін қалай түсіндіруге болады?” деген проблемалық сұрақты қай шығармаға қоюға болады?

А) М. Шаханов “Отырар дастаны”

В) Д. Досжанов “Жібек жолы”

С) М. Мағауин “Бір атаның балалары”

Д) Ә. Әлімжанов “Отырар ескерткіші”

Е) Ә. Әлімжанов “Ұстаздың қайтып оралуы”

9.“Ертай мен Нартай өлімінің басты қылмыскері кім?” деген проблемалылық сұраққа қай шығармаға сүйеніп жауап бере аламыз?

А) М. Мағауин “Бір атаның балалары”

В) С. Жүнісов “Сонарда”

С) Ш. Мұртаза “Интернат наны”

Д) С. Мұқанов “Түсімде”

Е) М. Әуезов “Барымта”

10.“Бәріңнің де шешелерің бар шығар, тек біреуіңнің де шешелерің мынандай ақ топалаңның қолына түсе көрмесін деп, тілеп едім. Мен үш ауыз құрметті сөз естіп, өлгелі тұрмын... Ана...Азамат...Жолдас... бұл сөздер үшін өкінбей-ақ өлуге болады” деген монологты қай сыныпта оқылатын шығармадан алынды.

А) “Ананың арашасы”

В) “Ананың анасы”

С) “Ер ана”

Д) “Өлімді жеңген ана”

Е) “Ашынған ана”

11.Абайдың “Күз” өлеңі қай сыныпта оқылады?

А) 5 сынып

В) 6 сынып

С) 4 сынып

Д) 7 сынып

Е) 9 сынып

12.“Жастар күлмес, жүгірмес, бала шулай...” үзінді қай ақынның мектепте өтілетін өлеңінен алынды?

А) Абай

В) Ыбырай



С) Мағжан

Д) Әбу


Е) Ілияс

13.“Мырза, мынадай сапарыңа кінә түгіл, наз ертсем, оным білместік болар еді. Әйел еркекке ене бауырындағы құлындай жарасып жүріп те, не шеттеп, тайталасып жүріп те сүйеніп өседі. Ерден әйел жамандық та алады, қасиет те алады...” деген үзінді қай шығармадан алынып отыр.

А) “Абай жолы”

В) “Қараш-қараш” оқиғасы

С) “Қилы заман”

Д) “Ұлпан”

Е) “Ботагөз”

14.Мектепте әдеби талдаудың бұрыннан пайдаланып келе жатқан қанша жолы қолданылады.

А) 3

В) 4


С) 2

Д) 5


Е) 1

15.Көркем шығарма сюжеті, эпизодтары

А) Автор ізімен талдау

В) проблемалық талдау

С) тақырыпқа талдау

Д) кейіпкерлерге талдау

Е) салыстыра талдау

16.М. Әуезовтің “Көксерек” әңгімесі қай сыныпта өтіледі?

А) 7 сынып

В) 6 сынып

С) 8 сынып

Д) 5 сынып

Е) 9 сынып

17.Адамдар әлемі мен қасқырлар әлемін қатар алып суреттеген жазушы

А) М. Әуезов

В) С. Жүнісов

С) С. Мұқанов

Д) Ә. Кекілбаев

Е) М. Мағауин

18.Көркем туындыны образдар жүйесіне талдағанда “ұнамды”, “ұнамсыз” деп бөліп талдау тиімді тәсіл ме?

А) тиімді емес

В) тиімді

С) дұрыс

Д) әділ баға беру керек

Е) дәстүрге айналған тәсіл

19.Шығарманы кейіпкерлер жүйесіне талдаған жолдары

А) кейіпкерлердің бүкіл бітім-болмысын тұтастай қарастыру

В) ұнамды, ұнамсыз топтарға бөлу

С) жағымды, жағымсыз топтарға бөлу

Д) бөлмей қарастыру

Е) бөліп тастап, талдау

20.Оқушылардың танымын арттыратын ойлау беленділігін жетілдіретін өзіндік ізденістерге жетелейтін талдау түрі

А) проблемалық талдау

В) образдар жүйесіне қарай талдау

С) автор ізімен талдау

Д) салыстыра талдау

Е) тарих ізімен талдау
КОЛЛОКВИУМ ТАПСЫРМАСЫ


    1. Әдебиетті оқыту әдістері

    2. Әдебиетті оқыту процесі

    3. Оқытудағы әдістердің алатын орны, қызметі

    4. Әдебиетті оқыту әдістерінің мұғалім мен оқушының бірлескен еңбегін тиімді ете түсетіндігі

    5. Оқытудың ауызекі әдістері, олардың түрлері

    6. Оқытудың көрнекілік әдістері, олардың түрлері

    7. Оқытудың практикалық әдістері, олардың түрлері

    8. Олардың оқушының әдеби қабілетін дамытудағы орны

    9. Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары

    10. Әдебиетті оқытудың практикалық әдісі

7-сабақ 3-апта

1. Сабақтың тақырыбы: Әдебиетті оқытудың шығармашылық оқу, эвристикалық, зерттеу және репродуктивтік әдістері

2. Бақылау түрі : Семинар



3. Семинар сұрақтары:

1.Мұғалімнің оқыту әдістерін таңдауына қойылатын талаптар

2. Шығармашылықпен әдістерді қолдана білу жолдары

3. Түсіндірмелі – репродуктивтік әдіс

4. Теориялық мәліметтер:

Ұтқырлық мұраты, мұғалімдерден сабақтың мақсатын жинақты түрде айқындап, белгілеп алғаннан кейін, сол мақсатты жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін де таңдап ала білуді талап етеді. Ол үшін әр мұғалім оқыту әдістемесін жете біліп, әрі оны сабақ мақсатына қарай іріктеп алып, шебер пайдалануы керек. Бұл аса маңызды, мұғалімнен шығармашылық ізденісті, жүйелі, тиянақты жұмысты талап ететін мәселе болып табылады. Мұғалім әр әдіс-тәсілдің өзіндік ерекшелігін, мүмкіндіктерін де жете білуі қажет. Көпшілік жағдайда мұғалімнің өзінің төселген, дағдыланған әдіс-тәсілі болады. Мұндай мұғалімдер қай тақырып болмасын, оны қай сыныпта өткізбесін, сабақтың негізгі мақсатын да еске алмастан, «дағдыға» айналған әдіс-тәсілмен сабақ жүргізе береді. Бұндай сабақтар тиімді өтеді, ол оқушыларға өз дәрежесінде білім береді деп айту қиын-ақ. Оқу-тәрбие жұмыстарының барлық саласын бір өзі шешіп тастайтын әдіс-тәсіл жоқ. Сол себептен де мұғалім әдіс-тәсілдерді жете меңгеріп қоймай, оларды қай жағдайда, қалай пайдалануға болады, - соны да ерекше ойлануы керек. Мысалы, тәжірибе көрсетіп жүргендей, бір жағдайда тиімді болған, пайдалы деп танылған әдіс-тәсілдер екінші жағдайда кейде тиімді, пайдалы бола бермейді. Неге олай, себебі не? Оқушылардың таным белсенділігін, сөйлеу қызметін дамытуда, жетілдіруде, оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білуде проблемалық оқытудың маңызы ерекше. Оқытудың бұл түрі арқылы мұғалім оқушы алдында проблемалық жағдаят тудыратын танымдық-іздендіруші, шығармашылық сипаттағы зерттеу әдісіне бағытталған тапсырмалар береді және оны орындата алады.

Дегенмен де проблемалық оқыту әдіс – тәсілдерінің мүмкіншіліктері шексіз емес. Оқу материалының барлығы, барлық тақырыптар проблемалық жағдаятты талап етпейді. Сондай – ақ белсенділігі, білім дәрежесі орташа, не ортадан төмен сынып ұжымына проблемалы оқыту әр уақытта да жемісті болады деуге болмайды. Бұл әдіс- тәсілдер оның үстіне уақытты да көп талап етеді.

Өтетін тақырып аса күрделі емес, әрі оқушылар дербес, өздері шеше алмайтындай тапсырмаларға төселген жағдайда ғана проблемалық оқытуды басшылыққа алу тиімді болады. Түсіндірмелі-репродуктивтік әдістің де өзіндік ерекшелігі, мүмкіншілігі бар. Бұл әдіс-тәсілдің ең тиімді жағы мұғалім білімді қысқа мерзім ішінде, барлық оқушыларды қамти отырып береді. Оқу материалын ақпараттық сипатты, әңгімелеу, түсіндіру сипатында жеткізеді. Оқушылар да өз мүмкіндіктерінше ол білімді қабылдап алады. Бірақ репродуктивтік-түсіндірмелі әдісте оқушының дербес ойлауы арқылы жүргізетін өзіндік жұмыс түрлері әлсіз болып келеді. Сондай-ақ әдебиетті оқытуда тиімділігі ерекше, көрнекілік әдісінің де мүмкіндіктері әр түрлі. Көрнекілік оқушылардың пәнге қызығушылығын, таным белсенділігін арттырады. Дегенмен, оны үнемі пайдалану оқушылардың дерексіз түрде ойлауын тежейді, көркем тілінің дамуына кедергі жасайды. Міне, сондықтан тиімділік идеялары да сабақта мұғалімнің өзі төселген бір әдіс-тәсілмен жұмыс істеуін, немесе өзі білетін барлық әдісті бір сабаққа үйіп-төгуін жоққа шығарады, әрі бір сүрлеу, бір ізбен жұмыс істеудің тиімсіздігін дәлелдейді. Тиімділік идеялары оқыту әдістерін үйлесімді түрде, сол сабақтағы оқу-тәрбие мақсаты, тақырып ерекшелігі, сабақ өткелі отырған сыныптың жеке даралық, жағдайларын ескере отырып, таңдап, сұрыптап ала білуді талап етеді. Белгілі, нақтылы жағдайға байланысты тиімді, пайдалы деп сұрыпталынып алынған әдіс-тәсілдер екінші жағдайда тиімді болуы да мүмкін. Сол себепті әдіс-тәсілдерді үнемі бірлікте, үйлестіре пайдаланған дұрыс болады. Өзіндік әдісін көрнекілікпен, практикалық жұмыстармен астастырып немесе зерттеу әдісін түсіндірмелі әдіспен үйлестіре пайдаланудың маңызы зор болмақ (әрине, қай әдістерді қалай пайдалану сабақ мақсатына байланысты туындайды). Ал кейде практикалық, танымдық-іздендіруші әдістерді көрнекілік әдіспен үйлестіре пайдалануға болады. Әдіс-тәсілдерді үйлестіре қолдану – оқушылар еңбегін ғылыми, тиімді түрде ұйымдастырудың маңызды бір саласы. Бұндай сабақтардан оқушылар жалықпайды, әрі пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі артады. Сабаққа әзірлік үстінде өтетін тақырыпқа зер сала отырып, оны қандай әдіс-тәсілдер арқылы түсіндіргенде ғана оқушыға берік те тиянақты білім беруге болатынын әбден ойластыру қажет. Ал өзі таңдап алған әдіс-тәсілдердің нәтижелі болуы ол мұғалімнің қаншалықты дәрежеде оқыту әдістерін жете біліп, жете меңгеруіне байланысты. Егер мұғалім сөздік әдісінің теориялық білім берудегі тиімділігін ескермесе немесе оқушылардың теориялық білімдерін өмірге пайдалана білу үшін, оны практикалық әдістермен үйлестіргенде, нәтижесі болатынын білмесе, әрине, онда мұғалім таңдап алған әдіс-тәсілдер жүйесінің нәтижелілігі туралы сөз қозғаудың да қажеті жоқ.



5. Бақылау сұрақтары:

1. Әдіс-тәсілдер дегеніміз не?

2. Түсіндірмелі-репродуктивтік әдістің өзіндік ерекшелігі

3.Әдіс-тәсілдерді үйлестіре қолдануда оқушыларға берер әсері

4.Көрнекілік әдісті қолданылу жолдары

5.Әдеби талдауда көңіл аударатын басты мәселелер

6.Көркем шығарманы оқып-үйренудің әдіс-тәсілдері

7.5-8 сыныптарда жиі қолданылатын әдіс-тәсілдер

8.Әдіс-тәсілдердің үш топқа бөлінуі

9. Шығармашылық зерттеу әдісі қай сыныпта қолданылады?

10. Шығармашылық зерттеу әдісін қандай көркем шығармаға қолдануға болады?
8-сабақ 3-апта

1.Сабақтың тақырыбы: Сабақтың түрлері, дәстүрлі емес сабақтар (баспасөз, сайыс, дуэт сабағы, конференция, саяхат, телесабақтар т.б.)

2. Сабақтың мақсаты:

- Сабақта өтілетін көркем шығарманы алдын ала жоспарлаудың оқушының жүйелі әдеби-эстетикалық түсінігін қалыптастырудағы ролі;

- Дәстүрлі емес сабақ түрлерін өтілетін материалға байланысты таңдай білу;

- Әр сабақта жастарды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу мақсатын көздеу;

- Танымдық қабілетін арттыру;

- Шығармашылық іске ұмтылдыру;

- Зерттеушілікке, ізденуге бағыттау;

- Жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибелерін жинақтау.


3. Бақылау түрі: Сабақ жоспарын түзу

4. Тапсырма сұрақтары: Сабақ жоспарын құру
1.Баспасөз сабағы.

2.Сайыс сабағы.

3.Пәнаралық байланыста оқытуған негізделген сабақтар

4.Конференция сабағы

5.Саяхат сабағы

6.Телесабақтар

7. Айтыс сабақтары

8.Пікірталас сабағы

9. Концерт сабағы

10. Жәрмеңке сабағы

11.Сот сабағы (не билер тартысы сабағы)

12. Кездесу сабақтары

13. Семинар сабағы

14.Емтихан, есеп – сынақ сабақтары

15.Ойын сабақтары (әдеби ойындар)

16.Реферат қорғау сабақтары

17.Көкпар сабағы
5. Тест тапсырмалары:

9-апта 3-апта

1. Сабақтың тақырыбы: Көркем шығарманы жанрлық ерекшелігіне қарай оқыту

2. Сабақтың жоспары:

1.Көркем шығарманы оқытудың жолдары

2.Көркем шығарманы оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

3. Бақылау түрі: Коллоквиум сұрақтары

(2 б.)

4.Коллоквиум сұрақтары

1. Көркем шығарманы жанрлық ерекшелігіне байланысты оқыту барысындағы әдіс-тәсілдердің түрі

2.Ғылыми-зерттеу сипатындағы әдеби тапсырмалар

3. Болжам, оны дәделдеу

4.Салыстыру, тәжірибе жасау

5.Білімді толықтыру, жаңғырту мақсатындағы ізденушілік жұмыстар

6. Зерттеушілікке бағыттайтын жұмыстар

7.Шығармашылық қабілетіне байланысты өздік жұмысытар

8.Әдебиеттің тегі мен түрлері

9.Эпикалық шығармаларды анықта

10. Эпикалық шығармалардың жанрлары

11.Лирикалық шығармаларды анықта

12. Лирикалық шығармалардың түрлері

13. Драмалық шығармалар ерекшелігі

14. Драмалық шығармалардың түрлері

10-сабақ 4-апта



1.Сабақтың тақырыбы: Драмалық шығармаларды оқыту.

2. Сабақтың мақсаты:

1.Драмалық шығармаларды оқытудың жолдары

2.Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктері

3.Драмалық шығармаларды талдау әдістемелері



3. Бақылау түрі: Сабақ жоспарын құру
4. Теориялық мәліметтер:

а) Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшелігі:

Әдебиеттің басқа жанрына қарағанда драмалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол ерекшелік драмалық туындылардың жанрлық табиғатына тікелей байланысты болып келеді. «Пьеса-драма, комедия-әдебиеттің ең қиын формасы»,-дейді М. Горький. Себебі, әдебиеттің проза, лирика жанрларында айтатын ой, кейіпкерлер іс-әрекеті, көрініс, сахна бірінші кезекте болады. Орыс жазушысы Гоголь: «Пьеса тек сахнада ғана өмір сүреді» деуі осыған дәлел. Драмалық шығармаларда оқиғалар оқырман көз алдында жаңа өтіп жатқандай әсер қалдыруы керек. Күшті сюжет, ең бастысы, өткір, шиеленісті тартыс, өмірдегі қарама-қарсылықтар – драманың өзегі, негізгі арнасы. Драмада қаһарман белгілі бір мақсат үшін күреседі, сол себепті оның күші зорайып, іс-әрекет, қимыл арқылы көрінеді. Драмадағы тағы бір ерекшелік, қаһармандар іс-әрекеті әр жаққа шашырамай, бәрі бір жүйе, бір арнада өрбіп, дамиды.

ә) Драмалық шығармаларды талдау әдістемелері:

1. Талдауды бастамас бұрын, балаларға өтілгелі отырған драмалық шығармаларды алдын ала оқыту керек. Балаларға оқу барысында ақыл-кеңес, бағыт-бағдар беру міндетті түрде жүзеге асырылады. Әсіресе, ең негізгі, басты тартыстар, шиеленістерді көрсететін акт, суреттерге ерекше көңіл бөлінуге тиіс. Оны мұғалім үлестірме-нұсқау арқылы да жүргізеді. Мысалы, Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш -Баян сұлу» трагедиясын оқу барысында мынадай нұсқау ұсынуға болады:

- Трагедиядағы басты тартыстар, оқиғалар, соған назар аудар:

2. Трагедияда өзіңе, әсіресе, не ұнады, не ұнамады? Ойыңды, пікіріңді дәлелді айтуға тырыс, т.б.

Талдау алдында оқушыларға әдеби-теориялық ұғым берудің маңызы зор.

3. Талдауды драмалық шығармаларды күйтабақтан талдау, немесе, содан көрініс көрсетуден бастаудың маңызы зор.

4. Талдауда мәтінге сүйену, үнемі соған арқа сүйеу, әсіресе, драмалық шығармаларды оқытудың алтын арқауы болып табылады. Мұғалім ең негізгі көрініс, актілерді, монолог, диалогтерді бөліп ала отырып, сол бойынша жұмыс істеуі керек.

5. Мәнерлеп оқу, түсіндірмелі оқу, рөлге бөліп оқуға ерекше назар аударылады.

6. Талдау барысында жиі-жиі оқушыларды қозғау салып, олардың қиялы, ойына ерік беріп отыру да драмалық шығармаларды оқытудың тиімді жолдарының бірі.

Драмалық шығармаларды оқытудың басты мақсатының бірі, оның табиғатын, әдебиеттің басқа жанрларынан өзіндік ерекшелігін таныту. Осы мақсатта, мысалы, «Қозы Көрпеш» лиро – эпикалық жырын «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» трагедиясымен салыстырудың маңызы зор. Трагедияны талдау барысында төмендегідей сұрақтар қоюға болады:


  1. Жырда қандай кейіпкерлер бар? Олар трагедияда сақталған ба?

  2. Қандай кейіпкерлер трагедияда жоқ?

  3. Қандай оқиғалар жырдан алынған?

  4. Қайсысын автор қосқан?

  5. Жырдағы негізгі тартыстар трагедияда пайдаланылған ба?

Драмалық шығармаларды оқытудың жолдары көп. Ол - әр мұғалімнің ізденісі, шеберлігіне де байланысты шығармашылық жұмыс. Дегенмен, оның өзіне тән оқыту әдістері, сабақ түрлері болады. Концерт-сабақтар, композициялық сабақтар түрі – драманы өтудегі тиімді сабақ түрлеріне жатады.
5. Бақылау сұрақтары

  1. Драмалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктері және заңдылықтары

  2. Драмалық туындылардың табиғатына сай мәтінмен жүргізілетін жұмыстар

  3. Автордың идеялық-эстетикалық шешімін табу

  4. Драмалық шығармаларға тікелей қатысты акт, көрініс, монолог, диалог, шегініс, ремарка, тартыс т.б.

  5. Драмалық шығармалардағы әдеби-теориялық ұғымдар қызметі

  6. Драмадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті

  7. Драмалық қойылымдағы декорация, музыкалық көркемдеу т.б. жұмыстар

8. Драмалық шығармаларды оқытудың жолдары

9. Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктері

10.Драмалық шығармаларды талдау әдістемелері

6. Тоест тапсырмалары:
11-сабақ 4-апта

1. Сабақтың тақырыбы: Лирикалық шығармаларды оқыту.

2. Сабақтың мақсаты:

1.Лирикалық шығармаларды оқытудың жолдары

2 Лирикалық шығармаларды көркем өнер туындыларымен байланыстыра өтудің маңызы

3. Лирикалық шығармаларды 5-8 сыныптарда оқытуда көңіл бөлінетін мәселелер

4. Лирикалық шығармалардың жанрлық ерекшелігі

5. Лирикалық шығармаларды 9-10 сыныптарда оқытуда көңіл бөлінетін мәселелер

6. Лирикалық шығармаларды өтуде оқушылардың шығармашылық жұмыстары

3. Бақылау түрі: Сабақ жоспарын құру

(2 б.)

4. Сабақ жоспарларының тақырыптары: әр түрлі сабақ үлгілерін, әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып төмендегі тақырыптарға сабақ жоспарын құру
1. Қ.Аманжоловтың «Туған жер» өлеңі (8 – сынып)

2. С.Сейфулиннің «Ақсақ киік» (5-сынып)

3. А.Құнанбайұлы «Күз» өлеңі (5-сынып)

4. С.Сейфулиннің «Көкшетау» поэмасы

5. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы

6. С.Торайғыровтың «Кедей» поэмасы

7.С.Сейфулиннің «Альбатрос» поэмасы

8. І.Жансүгіровтің «Дала» поэмасы

12-сабақ 4-апта

1. Сабақтың тақырыбы: Эпикалық шығармаларды оқыту

2. Сабақтың мақсаты:

- Эпикалық шығармаларды оқытудағы тиімді әдістемелік тәжірибелер;

- Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктері;

- Эпикалық шығармаларды оқытуда, талдауда басшылыққа алынатын мәселелер;

- Эпизодтармен жұмыста көңіл бөлінетін мәселелер;

- Проблемалық оқытудың эпикалық шығармаларды меңгертудегі тиімділігі;

- Көркем шығарманы жан-жақты шығармашылықпен талдау жолдары;

- Әңгіме жанрын оқыту;

-Мысал жанрын оқыту;

- Ертегілерді оқыту;



3. Бақылау түрі: Сабақ жоспарын құру

(2 б.)
4. Тапсырма сұрақтары:

1.Эпикалық шығармаға сабақ жоспарын құру

2.Эпикалық шығармалардың базалық және жоғарғы сыныптарды берілуі

3. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын оқытудың жолдары: проблемалық оықту

4.Эпостық жырға әдеби талдау жасау сабағы

5. Әңгіме жанрын оқыту

6.Мысал жанрын оқыту

7.Ертегіледі оқыту

8. Батырлар жырын оқыту


5. Бақылау сұрақтары
1.Эпикалық шығарма дегеніміз не?

2.Эпикалық шығармаға нелер жатады?

3. Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктері

4. Эпикалық шығармаларды оқытуда, талдауда міндетті түрде қолға алынатын мәселелер

5. Көркем шығарманың сюжеті, көтерген тақырыбы, проблематикасы.

6.Көркем образдары, образдар галереясы.

7.Автор – көркем туындыны жасаушы, көркем туындыны жазушы. Автор және көркем туынды.

8.Көркем шығарманы талдау неден басталады?

9. Эпизодтармен жұмыста ерекше көңіл бөлінетін мәселелер:

13-апта 5-апта


1. Сабақтың тақырыбы: Мәнерлеп оқу мәселелері

2. Сабақтың жоспары:

1.Оқушыларды тіл мәдениетіне баулу.

2.Ауызша тіл шеберлігіне баулу.

3. Жазбаша тіл дамыту.

3. Теориялық мәліметтер:

Оқушыларды тіл мәдениетіне, ауызша және жазбаша тіл шеберлігіне баулу.

«Өнер алды – қызыл тіл», - дейді халқымыз. Мектепте берілетін бүкіл білім мен тәрбие ең алдымен сөз арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да оқушылардың тілін дамыту – тек әдебиетші, тілшілер мақсаты ғана емес, ол бүкіл мектептің, барлық пән мұғалімдерінің де басты мақсаты, борышы, барлығына тән бірыңғай талап.

«- Ең әдемі сөз – аз сөз» дейді халық. «Көп сөз көмір, аз сөз - алтын» дегені тағы бар. Мәдениетті, әдемі сөйлеу үшін, көп сөйлеу міндетті емес. Қай жерде болсын, айтарыңды қысқа айтуға тырыс. Сөйлемдерің шұбалыңқы, шашыраңқы болмасын. Мәдениетті сөйлеудің бір жолы – қыстырма сөздерді, жергілікті жерлерде ғана пайдаланатын сөздерді пайдаланбау, «әй, өй» деп, өзіңді, тыңдаушыны да мазалай беру әбестік болады.

Сөйлеу мәдениеті деген – ең алдымен әдепсіз, көргенсіз сөздерді қолданбау. Осыған абай бол. Екіншіден, айғайлап, дабырланып, екіленіп сөйлеме.

Пікір таластырып тұрсаң да, сабырлы басыңқы сөйлеуге тырыс. Басқаны толық тыңда, сөзін бөле берме. Өзің де айтарыңды жинақы етіп жеткіз.

Тіл дамыту - әдебиетті оқыту әдістемесінің ең бір күрделі де маңызды саласы. Ол жүйелі түрде шығармашылық бағытта жүргізіледі.

Оқу бағдарламасында тіл дамытуға арнайы сағаттар бөлінген, бірақ оны тек сол сағаттарда ғана жүргізу керек деп ұқпау керек. Жоғарыда айтылғандай, тіл дамытуға мұғалім әдебиеттің әр сағаты, сыныптан тыс жұмыстарда үнемі көңіл аударып отырады. Әдебиет сабағындағы тіл дамыту оқытылып жатқан көркем шығарма негізінде, оның көркем тілін жаңғырту негізінде жүзеге асуы керек. Оқушылардың әдебиет сабағында көркем тілін дамыту үшін де басқа пәндермен байланыстырып оқытудың маңызы ерекше.

Тіл мәдениетіне дағдыландыру, көркем, әдеби тілін жетілдіруде қазақ тілі сабағының орны ерекше. Шебер мұғалім тіл дамытуда осы екі сабақты үндестіріп, бір бағытқа жұмсайды. Қазақ тілі сабағында да тіл дамытуға арнайы сағаттар бөлінеді, әрі әдебиетке бөлінген сағаттардан көп. Міне, осы сағаттарды тиімді пайдаланса, мұғалім оқушылардың көркем тілін қалыптастыруда біршама жұмыстар атқарады.

Әсіресе, оқушылардың ауызша тілін, сөйлеу мәдениетін, шеберлігін арттыруда пікірталасы, айтыс сабақтар, баспасөз конференциясы, брифинг, көзқарас сабақтарының маңызы ерекше. Ал жазбаша тіл дамытуда реферат қорғау, конференция, семинар, семинар-сабақ, т.б. сабақтардың орны зор.

Практикалық сабақтар тіл дамыту жұмыстарына қолайлы болып келеді. Мысалы, І. Жансүгіров шығармашылығын оқытып болған соң, қорытынды сабақты ақын поэзиясының тіл көркемдігі, поэтикалық, эстетикалық нәрі, табысы айналасында өтуге болады. Мұндай жұмыстар тек бала білімін тереңдетіп қана қоймай, тілін дамытуға қазақтың бай тілін меңгертуге, оны бейнелі, образды, көркем түрде пайдалана білуге де жетелейді.

Тіл дамыту жұмыстарын сондай-ақ тарих, биология, т.б. сабақтармен де байланыстыра жүргізуге болады.

Әдебиет сабағының басым көп уақыты оқушылардың да, мұғалімдердің де ауызекі сөйлеу тіліне кетеді. Оқыған әңгімелерін не басқа көркем туындыларын мәнерлеп оқу, мазмұндау - әдебиетті оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдері.

Мұғалім 5-7 сыныптар оқушыларының көркем тілін, ауызекі сөйлеу мәдениетін дамытуда жауаптарының жоспарын жасап үйретулері керек. Ол жоспарды тиімді пайдалануға дағдыландыру – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Жоспар, нұсқау немесе тезис құрылысы мынадай бөлімдерден тұрады:


  1. Кіріспе сөз.

  2. Негізгі ойлар. Ой мен кіріспе арасындағы байланыс.

  3. Негізгі ойды баяндау.

  4. Негізгі ойдың шарықтау шегі.

  5. Ойды аяқтау.

  6. Қорытынды пікір.

Тіл тарихы – халық тарихы. Тіл халық тарихымен бірге дамиды, өзгереді, халықтың рухани дүниесінің жетістіктерін бойына сіңіреді. Ұлттық сананың дамуын сөз төркіндерінен іздеп, олардың сөз шежіресін келешекке жеткізіп, жаңа мағына беру, оларды ғылымиландырып, жаңа сапаға көтеру – мәдениетті, өркениетті елдердің ғылымы мен мәдениетін қалыптастырудың сара жолы. Б. Момышұлы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту», - дейді. Тіл – сан сөздердің жиынтығы. Көркем әдебиеттің негізгі құралы тіл.

Тіл дамыту жұмыстарының негіздері: тіл дамыту жұмысы оқушының әдебиеттен, қоршаған ортадан алған әсері негізінде жүргізіледі. Неше түрлі тақырыпта жазылған туынды, шытырман оқиға, кейіпкер әрекеттері шәкіртке әсер етеді. Сол әсер ойлануға әкеліп, ой қозғап, бейнелі сөз тілге оралады. Мұғалім әрбір оқушыға жаңадан танылған бейнелі сөздің мән-мағынасын ашып, толық меңгертуге жол, әдіс іздейді; тіл мәдениеті бір күнде жасалмайды. Оқыту үрдісін де жүйелілікті, дағдыландыруды қажет етеді. Ауызекі сөйлеу тілі, әдеби тіл бар.



4. Бақылау түрі: Ой бөліс, дебат

5. Ой бөліс, дебат сұрақтары

1. Мәнерлеп оқу лириканы оқып-үйретудегі оның айрықша қызметі.

2.Мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлері

3.Ү-ҮІІ сыныптарда лириканы оқыту әдебиеттік оқу сипатында ұйымдастырылатыны.

4.ҮІІІ-ІХ сыныптардағы көркем оқу.

5.Шығармадан өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндау

6. Шығармадан негізгі кейіпкерлерді жинақтау

7.Шығармадан бір кейіпкердің іс-әрекетінен мысалдар келтіру

8.Түсіндірмелі оқу

9. Мәнерлер оқу кідірістері

10. Оқыған шығармасынан аннотация жаза білу
14-сабақ 5-апта

1.Сабақтың тақырыбы: Пәнаралық байланыс.

2. Сабақтың жоспары:

1.Әдебиетті оқыту методикасының кейбір ғылымдар салаларымен байланысы.

2.Таным теориясымен байланысы

3.Әдебиттану ғылымымен байланысы

4. Тіл білімімен байланысы

3. Бақылау түрі: Коллоквиум сұрақтары

4.Коллоквиум сұрақтары:

1.Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми пән екендігі.

2.Әдебиет пәнінің мектептік пәндер жүйесіндегі орны және өзіндік ерекшеліктері

3.Оқушылардың қазақ әдебиеті пәнінен алатын білім аясының ұлттық құндылықтарға негізделіп философия, тарих, әдебиеттану, т.б. ғылым салаларымен байланыстылығы.

4.Мұғалім және оның әдеби білім берудегі орны.

5. Әдебиетті ғылым және сөз өнері ретінде оқыту әдістемесінің дидактика, әдебиеттану, тарих, музыка, өзін-өзі тану өнері, т.б. сабақтастығы.

6. Педагогикалық, психология мен оқыту әдістемесінің тоғысар тұстары.

7. Әдебиетті оқыту әдістемесінің тарих ғылымымен байланысы

8. Әдебиетті оқыту әдістемесінің тіл білімі ғылымымен байланысы

9.Әдебиетті оқыту әдістемесінің музыка пәнімен байланысы

10. Әдебиетті оқыту әдістемесінің философия ғылымымен байланысы

11. Әдебиетті оқыту әдістемесінің бейнелеу өнерімен байланысы

12. Әдебиетті оқыту әдістемесінің әдебиеттану ғылымымен байланысы

13.Әдебиетті оқыту әдістемесінің эстетика ғылымымен байланысы

14. Әдебиетті оқыту әдістемесінің педагогика ғылымымен байланысы

15. Әдебиетті оқыту әдістемесінің психология ғылымымен байланысы

15-сабақ 5-апта

1. Сабақтың тақырыбы:

Оқытудың түрлері (ұжымдық оқыту)

2. Сабақтың жоспары:



1. Оқытудың түрлері сан алуан олар өтілетін шығармаға байланысты таңдалып алынады

2. Сабақ түрлері өтілетін тақырып ерекшелігіне:

- Сынып оқушыларының құрамы, жас ерекшелігі, білім дәрежесі

- Сабақ мақсатына байланысты таңдалады

3. Мақсаты: білімді, алғыр, жан-жақты, дарынды, зерттеу жұмысын жүргізе алатын оқушыны қалыптастыру

4. Жаңа инновациялық әдістерді пайдалана отырып, ұжымдық оқыту түріне сабақ үлгісін ұсыну

3. Бақылау түрі: Сабақ жоспарын құру

(2 б.)

4. Теориялық мәліметтер:



Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында білім беру жүйесінің міндетінің бірі ретінде оқытудың жаңа технологияларын ендіру туралы айтылған. Осыған байланысты соңғы жылдары жаңа мектеп құруда, мектептің даму үрдісін зерделеуде білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновация дамып келеді. «Инновация» деген сөз латынның «novus» - жаңалық және «in» - енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы – «жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.

Кейбір ғылыми әдебиеттерде инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөледі.

Модификациялық инновация – бұл қолда барды дамытумен айналысу.

Комбинаторлық инновация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған қазіргі кездегі тіл және әдебиетті оқытудың әдістемесі дәлел.

Радикалдық инновацияға білімге мемлекеттік стандартты енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.

Мектептердің қазіргі даму барысында инновациялық ізденіс төмендегідей бағыттарда жүріп жатыр: білім берудің мазмұнын қалыптастыру, жеке тұлғаны дамытуға арналған жаңа әдіс; жүйе; педагогикалық технология құру және оны жүзеге асырып үйрену; жаңа үлгідегі оқу мекемелерін жасау; кез келген инновациялық үрдістің нысаны – оқушы. Олай болса оқушы білімін дамытуда жаңа технологияның райы ерекше деп білемін.

Біз алдымен «техника», «технология», «оқыту технологиясы», «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология» жаңаша педагогикалық терминдерінің мағынасын түсініп алуымыз қажет сияқты. Ол үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының тарихына көз жүгірткен жөн. «Техника» терминінің екі мағынасы бар екені белгілі:


    • біріншісі - өндіріс құралдарының жиынтығы.

    • екіншісі – бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы.

«Технология» термині сол тәсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді.

Білім беру саласындағы технологиялық идеяларды жаңадан пайда болды деуге болмайды. Себебі, оқытуды технологияландыру туралы ойды осыдан 400 жыл бұрын Я. А. Каменский айтқан болатын.



5. Тапсырма:

1. 5-9 сыныптарға, базалық курстарға арналған (әдістемелік әдебиетте жарияланған) ұжымдық оқыту түріне құрылған сабақ жоспары негізінде өздігінен сабақ жоспарын құру

2. 10-11 сыныптарға, жоғары курстарға арналған (әдістемелік әдебиетте жарияланған) ұжымдық оқыту түріне құрылған сабақ жоспары негізінде өздігінен сабақ жоспарын құру
16-сабақ 6-апта

1.Сабақтың тақырыбы:

Оқытудың түрлері (даралап оқыту)

2. Сабақ жоспары:

1. Оқытудың жекелеген жүйелері мен әдістерін меңгеру

2. Дидактикалық материалдарды сабақтың мақсатына қарай таңдай білу

3. Жаңа инновациялық әдістерді пайдалана отырып, даралап оқыту түріне сабақ үлгісін ұсыну

4.Мақсаты: білімді, алғыр, жан-жақты, дарынды, зерттеу жұмысын жүргізе алатын оқушыны қалыптастыру

3. Бақылау түрі: Сабақ жоспарын құру
4. Теориялық мәліметтер

Сабақ – оқытудағы ең негізгі үрдіс. Материалды есте қалдыру, жан-жақты оқушы бойына сіңіре білу - әрбір мұғалімнің өзіндік шеберлігін қажет етеді. Жаңа тақырыпты оқытуда, болжауда шешуші тұлға – мұғалім. Мұғалімнің білімі, шығармашылық ізденімпаздығы жан-жақты көрінеді. Мұғалімнің әрбір әдісті алдын ала болжап, сабақ өту барысында жүйелі әрқайсысын өз орнына қою – оқу мәселелеріндегі ең маңызды кілт. Қай мұғалім болсын сабақ жоспарын жасауда ең әуелі жаңа материалды мазмұндаудың жүйелілігіне көңіл бөлуі тиіс. Сабақ кезеңдерін қалай орналастыруды ойластырғаны жөн. Сонда ғана ғылыми негізделген сабақ жоспары жасалады. Сабақ жоспары – мұғалімнің бір 45 минут ішінде атқаратын жұмысының арқауы. Оқытудың алдын ала болжау ұстанымының мақсаты – сабақ беруде әдістердің ең маңызды әдістерді материалға байланыстырып, оқушының білімін тереңдетіп, әдебиетке құштарлығын оятып, оларға сапалы білім беру жолын табу. Бұл мақсатқа жетуде мұғалім ізденісі шешуші роль атқарады.

Нақты міндеттерді айқындау – мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сабақты меңгерту барысында, оқушы міндетін анық-айқын болжай білуі керек. Мұғалім шығармашылығы мен оқушы шығармашылығындағы үйлесімді нақты болжау маңызды үрдіс. Көрнекті неміс педагогы Адольф Дистервег 19 ғ. өзінде-ақ: «Жас мұғалімнің негізгі кемшілігі - өзіне белгілі материалды балаларға тегіс айтып беруге тырысуы» деген болатын. Ол – жаман мұғалім. Шындықты (материалды) өзі айтып, хабарлайды, жариялайды, ал жақсы мұғалім шәкірттерді оны табуға, болжауға үйретеді деп есептеді. Мұғалім бүкіл сабақ барысында, әрбір кезеңінде оқушылардың танымдық оқу іс-әрекетін жандандыра, белсендіре алатындай нақты міндеттерді айқындап алып, жоспарын түзеді. Жоспар сайып келгенде, ұстаз оқыту үрдісінің нәтижесіне болжам жасай отырып, шәкірттердің білім сапасының жоғарылығы – олардың өз іс-әрекеттерінің сипатына тікелей тәуелді екенін үнемі басшылыққа ала отырып жасалады.

5. Тапсырма сұрақтары:

1. 5-9 сыныптарға, базалық курстарға арналған (әдістемелік әдебиетте жарияланған) ұжымдық оқыту түріне құрылған сабақ жоспары негізінде өздігінен сабақ жоспарын құру.

2. 10-11 сыныптарға, жоғары курстарға арналған (әдістемелік әдебиетте жарияланған) ұжымдық оқыту түріне құрылған сабақ жоспары негізінде өздігінен сабақ жоспарын құру
17-сабақ 6-апта

1. Сабақтың тақырыбы:

Оқытудың түрлері (саралап оқыту)

2. Сабақтың жоспары:

1. Оқытудың жекелеген жүйелері мен әдістерін меңгеру

2. Дидактикалық материалдарды сабақтың мақсатына қарай таңдай білу

3. Жаңа инновациялық әдістерді пайдалана отырып, саралап оқыту түріне сабақ үлгісін ұсыну

4.Мақсаты: білімді, алғыр, жан-жақты, дарынды, зерттеу жұмысын жүргізе алатын оқушыны қалыптастыру

3. Бақылау түрі: Сабақ жоспарын құру

(2 б.)

4. Теориялық мәліметтер:

Оқытудың тәсілдері жетерлік: олар, оқытудың дербес тәсілі, оқытудың топтық тәсілі, даралап оқыту тәсілі. Тәжірибе көрсеткендей, оқытудың жекелеген жүйелері мен әдістері емес, барлық дидактикалық мақсаттарды қуаттайтын технология керек, басқаша айтқанда, педагогика ғылымы мен мектеп тәжірибесінің жетістіктерінен туындайтын жаңа технология керек.

Жаңа технологиямен оқыту ерекшелігі

Мақсаты – білімді, алғыр, жан-жақты дарынды, шығармашылық ізденіс, зерттеу жұмысын жүргізе алатын оқушыны қалыптастыру.

Міндеті – оқушылардың өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

Құралдар – тірек конспект, тірек схема, карта.

Нысандар – ойын, сөзжұмбақ, тест, дидактикалық тапсырмалар, шығармашылық жұмыс арқылы нысанаға жету, тақырыптың мәнін ашу.

Әдістер мен тәсілдер – деңгейлеп оқыту, дамыта оқыту, топтық, ұжымдық, жұптық оқыту.

Нәтиже - өз пікірін білдіре алатын, ой қорытынды жасайтын, қайталау арқылы алған білімді есте сақтайды, ғылыми түрде талдай алады.



Жаңа технология бойынша жұмыс жүргізу бағыттары:

  1. Алдағы аптаға тапсырма беру.

  2. Тапсырма бойынша пікірлесу.

  3. Мәтінмен жұмыс.

  4. Қосымша әдебиетпен байланыстыра өту.

  5. Ғылыми еңбектермен байланыстыру.

  6. Өзіндік жұмыс.

  7. Жүйелеу, жинақтау.

  8. Жазу сызу бойынша модель жасау.

  9. Қорытынды.

  10. Жинақтап бағалау.

5. Тапсырма сұрақтары:

1. 5-9 сыныптарға, базалық курстарға арналған (әдістемелік әдебиетте жарияланған) ұжымдық оқыту түріне құрылған сабақ жоспары негізінде өздігінен сабақ жоспарын құру.

2. 10-11 сыныптарға, жоғары курстарға арналған (әдістемелік әдебиетте жарияланған) саралап оқыту түріне құрылған сабақ жоспары негізінде өздігінен сабақ жоспарын құру

18-сабақ 6-апта

1.Сабақтың тақырыбы:

Шығарма жаздыруға төселдірудің жолдары.



2. Сабақтың жоспары:

  1. Шығарма – мектеп тәжірибесінде жиі пайдаланатын жазба жұмыстардың күрделісі

  2. Шығарма жаздырудың басты мақсаттары:

- Бала білімін бақылау;

- Білім деңгейін тексеру;

- Жазбаша көркем тілін дамыту;

- Теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда пайдалана білу;

- Ойлау еңбегіне өз беттерімен іздендіру;

- Өз пікірлерін салыстыру, қорытынды жасай білуге дағдыландыру;

- Оқушылардың қабілеті, даырнына әсер ету;

- Шығармашылық жұмыстарға баулу.



3. Бақылау түрі: Шығарма тақырыбын ұсыну, жоспар құру

(1 б.)

4.Тапсырма сұрақтары:

    1. Базалық сыныптарға арнап шығарма тақырыбы мен жоспар құру

    2. Жоғары сыныптарға арнап шығарма тақырыбы мен жоспар құру

3.Кез келген тақырыпқа жай жоспар құру

4.Кез келген тақырыпқа күрделі жоспар құру.

5.Шығарма жаздыру – балаға блім беру ісінің ең күрделі, маңызды жұмыстарының бірі.

6.Оқу бағдарламасында шығармаға берілген сағат саны.

7.Оқушының шығарма жазуға мұғалімнің берер көмегі.

8.Шығармаға қойылатын талаптар.

9.Шығарма жазу үшін ең басты мәселе.

10.Шығарма жазуда қолданылатын жоспар түрлері


19-сабақ 7-апта

1. Сабақтың тақырыбы:

Шағын эссе, сыр толғау жаздырту арқылы шығармашылық жұмыстарға бағыттау

2. Сабақтың жоспары:

1. Шағын эссе, сыр толғау жаздырту – мектеп тәжірибесінде жиі пайдаланатын жазба жұмыстардың бірі

2. Эссе, сыр толғау жаздырудың басты мақсаттары:

- Бала білімін бақылау;

- Білім деңгейін тексеру;

- Жазбаша көркем тілін дамыту;

- Теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда пайдалана білу;

- Ойлау еңбегіне өз беттерімен іздендіру;

- Өз пікірлерін салыстыру, қорытынды жасай білуге дағдыландыру;

- Оқушылардың қабілеті, даырнына әсер ету;

- Шығармашылық жұмыстарға баулу.

3. Бақылау түрі:

Семинар тапсырмалары

4. Теориялық мәліметтер:

Жалпы жазба жұмыстары тіл дамытумен қатар, балаларды ойлай білуге, ізденіске жетелейді. 5-7 сыныптардағы жазба жұмыстарының ең ауқымдысы – мазмұндама. Мазмұндама мынадай бірнеше түрге бөлінеді:

а) Мәтінге жуық жазылатын мазмұндама. Мұнда оқиға эпизод, диалог, монолог, баяндау, суреттеу сияқты элементтер сақталынып жазылады.

ә) Ең басты оқиғаларды ғана теріп жазатын мазмұндама.

б) Бір оқиғаның айналасында ғана жазылатын мазмұндама.

в) шығармашылық бағыттағы мазмұндама.

Шығарма жазба жұмыстарының ең күрделісі. Шығармаға дайындық тіл дамыту жұмыстарында жүргізіледі. 5 сыныптан бастап шығарма жаздыруға дағдыландырады. Жазу дағдыларын қалыптастыру біртінділік әдісі бойынша дамып, күрделеніп отырады. 5-7 сыныптарда жай, 8-9 сыныптарда күрделі, 10-11 сыныптарда сыр, эссе, ой-толғау проблемалы шығармаларды жаздырады.

Шығармаға қойылатын негізгі талаптар: Өмірден көргенін көкірекке түйе біліп, қорытынды жасау; көркем туындыдан алған өнегесін өмірмен, өз ой-пікірімен ұштастыра білу; тақырыптың идеясын ашу, дәйектемелерді (қанатты сөздер, мақал-мәтелдер) орынды үйлестіру; шәкірттердің жазба жұмыстарына психологиялық әзірлігі.

Шығарма мазмұнына қарай: әдеби тақырыпқа байланысты; шығармашылық әңгіме; пейзаждық ой-толғау; инсценировка; поэзия негізінде; прозалық жанрға жазылатын шығармалар болып бөлінеді.

Шығарманың түріне байланысты ақындардың шумақтарын; эпиграфтарды орынды пайдалану; жоспарын жасай білу; сол жоспарға сай баяндау, хабарлау, суреттеу, мінездеу әдістерін үйрену; халықтық педагогикалық тәрбие мәнін ашу; шығарманың кіріспесі мен негізгі, қорытынды бөлімдерінің арасындағы байланысты қиюластыру; тақырыпқа, идеяға өз көзқарасын, пайымын ашық үйлесімді жазу.

5. Семинар сұрақтары

1.Базалық сыныптарға арнап шағын эссе, сыр толғау, ой толғау сияқты жазба жұмыстарына тақырып пен жоспар құру

2.Жоғары сыныптарға арнап эссе, сыр толғау, ой толғау сияқты жазба жұмыстарына тақырып пен жоспар құру

3.Кез келген тақырыпқа жай жоспар құру

4.Кез келген тақырыпқа күрделі жоспар құру.

5.Шығарма жаздыру – балаға блім беру ісінің ең күрделі, маңызды жұмыстарының бірі.

6.Оқу бағдарламасында шығармаға берілген сағат саны.

7.Оқушының шығарма жазуға мұғалімнің берер көмегі.

8.Шығармаға қойылатын талаптар.

9.Шығарма жазу үшін ең басты мәселе.

10.Шығарма жазуда қолданылатын жоспар түрлері

20-сабақ 7-апта

1.Сабақтың тақырыбы:

Көркем мәтінмен жұмыс



2. Сабақтың жоспары:

1.Көркем мәтінмен жұмыс

2.Көркем мәтінмен жұмыс түрлері.

3. Бақылау түрі:

Ой бөліс сұрақтары

4. Тапсырма сұрақтары:

Ой бөліс сұрақтары
1.Көркем мәтінмен жұмыс

2. Көркем мәтінді оқыту, оны талдауға баулу жолдары

3.Көркем мәтінмен жұмыс түрлері

4.Көркем мәтінмен жұмыс жасау жолдары.

5.Көркем мәтінді талдау түрлері

6.Тіл дамыту жұмыстарының оқушының сөйлеу мәдениетін қалыптастырудағы қызметі.

7. Көркем туындыны талдаудың тиімді бірнеше жолдары

8. Мұғалімнің талдау барысында ең негізгі екі түрлі қызмет атқаратыны

9.Көркем мәтінмен жүргізілетін ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарының түрлері.

10.Көркем мәтінді меңгертуде мәнерлеп оқи білуге үйретудің маңызы

11 .Мазмұндау оның түрлері

12.Мәтінді меңгертудің талдау-жтнақтау арқылы жүргізілетіні

13 .Көркем шығарманың көркемдік құндылығы мен тәрбиелік құнарының жан-жақты арқылы ашылатыны

21-сабақ 7-апта

1. Сабақтың тақырыбы:

Әдебиет теориясынан берілетін ұғымдарды меңгерту, мысалдар жүргізу



2. Сабақтың жоспары:

  1. 5-сыныпта әдебиет теориясын оқыту.

  2. 6-сыныпта әдебиет теориясын оқыту.

  3. 7-сыныпта әдебиет теориясын оқыту.

  4. 8-сыныпта әдебиет теориясын оқыту.

  5. 9-сыныпта әдебиет теориясын оқыту.

  6. 10-сыныпта әдебиет теориясын оқыту.

  7. 11-сыныпта әдебиет теориясын оқыту.

3. Бақылау түрі: Глоссарий

(1 б.)


4. Теориялық мәліметтер:

Мектептегі әдебиет теориясынан берілетін білім көркем шығарма табиғатын танудың құралы, кілті болып есептеледі. Одан білім беру жеке қарастырылмайды, ол көркем шығармамен тығыз байланыста, оны оқып-үйрену кезінде қалыптасады. Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сыныптарына, онда оқылатын көркем шығармалардың сипатына қарай, берілетін білім мөлшері белгіленген.



Оқу бағдарламасы, сол бойынша жасалған оқулықтарды парақтай отырып, әрі осы сыныптардағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне, оқылатын көркем туындылардың құрамына қарай отырып, әр сынып бойынша төмендегі жүйеде әдеби-теориялық ұғым беруге болады деп есептейміз:

  1. 5-сынып.

  1. Халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша түсінік. Әдебиет туралы кіріспе әңгіме.

  2. Ауыз әдебиетінің негізгі жанрлары: мақал, мәтел, жұмбақтар, батырлар жыры, қиял-ғажайып ертегілер, әдеби ертегілер туралы алғашқы ұғым.

  3. Мысал жанры. Әдебиеттегі дәстүр туралы, аударма туралы алғашқы түсінік.

  4. Өлең, оның өзіндік ерекшелігі, құрылысы жайында кіріспе әңгіме.

  5. Әңгіме жанры. Сюжет, эпизод туралы сөз.

  6. Әдеби кейіпкерлер, олардың портреті туралы.

  7. Лирика, табиғат лирикасы туралы алғашқы ұғым.

  8. Гипербола, эпитет, теңеу, кейіптеу туралы түсінік.

  9. Көркем шығарманың тақырыбы туралы алғашқы әңгіме.

  10. Монолог, повесть, баллада туралы алғашқы ұғым.

  1. 6-сынып

  1. Шыншыл ертегілер, аңыз, әңгімелер, жаңылтпаштар туралы түсінік.

  2. Өлең құрылысы, ұйқас түрлерінен хабар беру.

  3. Суреттеу, баяндау, әңгімелеу, композиция туралы түсініктерін кеңейту.

  4. Өмірбаяндық әңгіме жанры туралы алғашқы ұғым.

  5. Сюжетті өлеңдер туралы түсінік. Лирика туралы алғашқы ұғым.

  6. Теңеу, эпитет, метафора туралы төменгі сыныпта алған білімдерін толықтыру.

  1. 7-сынып.

  1. Батырлар жыры туралы ұғымдарын тереңдету.

  2. Оптимизм, романтика, риторикалық сұрақтар, аллитерация, ассонанс туралы түсінік.

  3. Табиғат лирикасы туралы білімдерін тереңдету.

  4. Ирония, сатира, эпитеттің ұлғайған түрі, антитеза жайында хабар беру.

  5. Әдеби бағыттар. Реализм туралы алғашқы ұғымдар.

  6. Публицистика жанры, көркем шығарма тілі, поэтикалық тіл туралы түсінік.

  7. Суреттеу, баяндау, әңгімелеу жайындағы білімдерін жетілдіру.

  8. «Суреткер ақын», «Лирик ақын» ұғымына түсінік беру.

8-сынып

  1. Поэма туралы ұғымдарын тереңдету.

  2. Сюжет, композиция, көркем шығарма, тақырыбы, идеясы, кейіпкерлері туралы түсініктерін кеңейту.

  3. Тип, прототип туралы алғашқы ұғым.

  4. Ұйқас түрлері туралы түсініктерін кеңейту.

  5. Шешендік сұрау, шешендік лептеулер, анафора мен эпифора туралы ұғым.

  6. Драмалық шығармалар туралы алғашқы түсінік.

  1. 9-сынып

  1. Фольклор туралы түсінік. Аңыз-әңгімелер, шешендікке құрылған аңыздар, эпостық, лиро-эпостық жырлар туралы түсініктерін кеңейту.

  2. Гипербола, тұрақты эпитет, әдебиеттегі типтілік жайындағы білімдерін тереңдету.

  3. Айтыс, импровизация туралы түсінік.

  4. Жыршы, жырау, ақын, толғау, афоризм туралы ұғымдарын қалыптастыру.

  5. Дәстүр мен жаңашылдық, реализм, романтизм, әдеби бағыттар, әдеби ағымдар жайында хабар беру.

  6. Тропа, фигуралардан бұрынғы сыныптарда алған білімдерін тереңдету (ассонанс, аллитерация, эпитет, метафора, антитеза, әдеби шығармалардың көркем тілі).

  7. Поэзиядағы оптимистік сарын, элегиялық сарын, әдеби характер, әдеби тип, лирикалық шегіністер туралы ұғым.

  8. Сын-зерттеу еңбектері, сценарий, либретто туралы алғашқы ұғымдар беру.

  1. 10-сынып

  1. Әдебиеттегі демократтық, ағартушылық бағыт, сыншыл реализм.

  2. Эпистолярлық жанр, публицистика, ғылыми мақалалар туралы түсінік.

  3. Шоқантану, Абайтану, фольклорист, азамат ақын туралы ұғым.

  4. Аударма, мысал жанры туралы түсініктерін кеңейту түрлері, соның ішінде шығыстың «Назира» үлгісі.

  5. Саяси-әлеуметтік, махаббат, достық, философиялық, элегиялық, азаматтық лирикалар, жалпы лирика түрлері жайында әңгіме.

  6. Әдебиеттің халықтығы, жаңашылдық, ақын-жазушы стилі, әдеби тіл, кейіпкер тілі, философиялық трактаттар, қарасөздер туралы түсінік.

  7. Роман жанры, өлеңмен жазылған роман, өмірбаяндық романдар, журналистика, естеліктер, романтикалық поэма, әдебиет теориясы туралы очерк, фельетон жайындағы ұғымдарын тереңдету.

  8. Әнші-ақын-композитор туралы, психолог ақын жайында әңгіме.

  9. Лирикалық кейіпкер, типтік бейне, сатира, аллегория, сюжеттік өлеңдер туралы түсініктерін кеңейту.

  10. Ұйқас түрлері, өлең құрылысындағы жаңашылдық (Абай шығармашылығы) туралы ұғым.

  1. 11-сынып.

  1. Төңкерістен кейінгі әдеби ағымдар (символизм, футиризм, т.б.).

  2. Поэтикалық әдебиет және социалистік реализм туралы (ұтымды, ұтымсыз жағы).

  3. Новелла, баллада, эпопея, тарихи романдар, драматургиядағы тартыс пен характер, трагедия, комедия жанры, суреткердің даралық стилі, шеберлігі, лиро-эпикалық поэмалар, трагедиялық образдар жайында түсінік.

  4. Тип, прототип, көркем шығармадағы деталь, штрих, псевдоним, очерк, фельетон, роман жанрындағы сюжет пен композиция, қарасөзбен жазылған поэма, тарихи тақырыптар, ұлттық тақырыптар, әдебиеттер достығы, халықтық сипаты, дәстүр мен жаңашылдық ұғымдарын кеңейту.

  5. Портрет-эссе, роман-диалог, трилогия, деректі әңгімелер жайында әңгіме.

  6. Әдебиеттегі көркем шындық, тарихи шындық, көркем бейне, стиль мен әдістер, авторлық тұжырым, әдебиеттің тегі мен түрі, өлең құрылысы, өлшемі туралы бұрынғы білімдерін кеңейту.

4. Тапсырма

1. Жоғарыда көрсетілген сыныптар бойынша берілген әдеби теориялық ұғымдарға анықтама беру, меңгерту және мысалдар келтіру

2. Әдеби-теориялық ұғымдарды көркем шығарма негізінде, онымен тығыз байланыста түсіндіру

3.Әдеби-теориялық ұғымдарды сабақтың қай кезеңінде беру тиімді.

4. Фольклор, ауыз әдебиеті, ертегі туралы жалпы ұғымды ертегіні бастайтын алғашқы сабақта, кіріспеде берген жөн.

5.Әдеби-теориялық ұғымдарды берудің келесі бір жолы – салыстырмалы жұмыстар, салыстыру әдістері.



6.Әдеби-теориялық ұғымдар берудің, маңызды бір саласы - әдебиеттің көркемдігі, тропа, фигуралар туралы білім беру. Бұл жұмыс көбінде көркем шығарма тіліне, поэзиялық шығармаларға поэтикалық талдау жасау арқылы, жүзеге асады.

ЕКІНШІ РЕЙТИНГ

БАҚЫЛАУ

ЕКІНШІ РЕЙТИНГ БАҚЫЛАУ







Тақырыптар

Ұпайлар

Апталар реті

Бақылау түрі

22

Көркем шығарманы терең талдаудың сатылары.




8-апта

Тест

23

Тіл дамыту жұмыстары (реферат қорғау, баяндама, тезис).

1,0

8-апта

Глоссарий

24

Тіл дамыту жұмыстары (мазмұндама,шығарма жазу).

2,0

8-апта

Глоссарий


25

Сыныптан тыс жұмыстар, олардың түрлері.




9-апта

Сабақ жоспарын құру

26

Сыныптан тыс оқу жұмыстары.




9-апта

Тест

27

Оқушылардың оқырмандық қызығушылығын арттырудың жолдары.

2,0

9-апта

Ой бөліс, дебат

28

Модульдік оқыту жүйесінің ерекшелігі.




10-апта

Консультация

29

Түсіндірмелі, проблемалық зерттеу әдістері.

1,0

10-апта

Тест

30

Көркем шығарманы талдау жолдары.

1,0

10-апта

Ой бөліс, дебат

31

Шығармаға жоспар жасау (жай және күрделі жоспар)




11-апта

Сабақ жоспарын құру

32

Абай өлеңдеріне әдеби талдау.




11-апта

Семинар

33

Абай өлеңдеріндегі жаңашылдық. Абайға дейінгі қазақ поэзиясында дәстүрлі болып қалыптасқан ұйқастар

2,0

11-апта

Ой бөліс, дебат

34

„Абай жолы” эпопеясын образдар жүйесіне қарай оқыту




12-апта

Сабақ жоспарын құру

35

Көркем шығарманы автор ізімен талдау жолдары (М. Әуезов „Көксерек”)

1,0

12-апта

Тест

36

„Абай жолындағы” Абай бейнесін проблемалап оқыту.

2,0

12-апта

Сабақ жоспарын құру

37

„Абай жолы” эпопеясына сюжеттік талдау жүргізу жолдары.




13-апта

Семинар

38

„Абай жолы” эпопеясындағы әйелдер бейнесін топтап, жинақтап өту.




13-апта

Сабақ жоспарын құру

39

Ежелгі дәуір әдебиетін оқытудың өзіндік жолдары

2,0

13-апта

Ой бөліс, дебат

40

Хандық дәуірдегі әдебиеттің өзіндік ерекшелігі (философиялық – дидактикалық толғаулар).




14-апта

Коллоквиум

Тест


41

Әдебиет пәні бойынша апталықтар өткізу.

1,0

14-апта

Сабақ жоспарын құру

42

Сөздік жұмыстарын жүргізу.

1,0

14-апта

Сабақ жоспарын құру

43

Оқушы білімін тексеру, бағалаудың жолдары.




15-апта

Коллоквиум

Тест


44

Қайталау, қорытынды, жинақтау сабақтары.




15-апта

Сабақ жоспарын құру

45

Аударма шығармаларды оқыту мәселелері.




15-апта

Ой бөліс, дебат

Барлығы: 16+14=30 ұпай


22-сабақ 8-апта
1.Сабақтың тақырыбы:

Көркем шығарманы терең талдаудың сатылары



2. Сабақтың жоспары:

1.Көркем шығарманы талдау түрлері

2.Көркем мәтінді талдау жолдары

3. Көркем мәтінді талдау принциптері

4. Көркем туындыны талдауда басшылыққа алынатын мәселелер

3. Бақылау түрі: Тест тапсырмасы
4. Тест сұрақтары:

1.М. Әуезовтің “Қараш-қараш” оқиғасы повесі бойынша жай сұрақтан проблемалық сипаттағы сұрақты тап?

А) Қалай ойлайсыңдар, Бақтығұл кім?

В) Бақтығұл қандай кейіпкер?

С) Бақтығұл Жарасбайды неге өлтіреді?

Д) Бақтығұлдың ұрлыққа бару себебін түсіндіру

Е) Оның ұрлық жасауы дұрыс па?

2.Құнанбай портреті эпопеяның қай бөлімінде беріледі?

А) “Қайтқанда”

В) “Жолда”

С) “Өрде”

Д) “Қияда”

Е) “Тайғақта”

3.Құнанбай портреті оның айналасындағылардың сипаты, үй іші кім арқылы, кімнің ішкі сезімі арқылы беріледі?

А) Абай

В) Ұлжан


С) Оспан

Д) Тәкежан

Е) Зере

4.Әңгіме, роман, эпопея, мысал, хикаят т.б. жанрлар әдебиеттің қай тегіне жатады?



А) эпикалық

В) лирикалық

С) драмалық

Д) тарихи

Е) дастандар

5.Бір мазмұнға құрылып, сюжеті, композициясы, тақырыбы, көркем бейнелері, яғни көркем компоненттерінің барлығы болатын шығарманың түрі

А) эпикалық

В) лирикалық

С) драмалық

Д) тарихи

Е) дастандар

6.Көркем шығарманың сюжеті, көтерген тақырыбы, проблематикасы: - көркем образдары, - автор және көркем туынды сияқты мәселелер қандай шығармаларды оқып, талдағанда басшылыққа алынады?

А) эпикалық

В) драмалық

С) лирикалық

Д) батырлық

Е) тарихи

7..Эпикалық шығармаларды талдау барысында бастауыш сыныптарда (5-7) неге назар аударады?

А) сюжеті, композициясы, кейіпкерлеріне

В) авторлық көзқарасқа

С) әдебиеттану ғылымының талаптарына

Д) әдеби-теориялық негіздерге

Е) проблематикаға

8.Көлемді шығармаларды талдауда мұғалім қай салаға ерекше ден қоюы керек?

А) көркем мәтінмен жұмыс

В) сюжетке

С) проблемалық мәселелерге

Д) әдеби-теориялық мәселелерге

Е) тақырыпқа

9.М. Әуезовтің “Әженің әңгімесі” қай сыныпта оқылады?

А) 5-сынып

В) 4-сынып

С) 6-сынып

Д) 7-сынып

Е) 3-сынып

10.Эпикалық шығармаларды талдағанда мектепте ең көп қолданылатын дәстүрлі әдіс

А) образдар бойынша

В) авторлық көзқарас

С) зерттеу әдісі

Д) шығармашылық әдіс

Е) салыстыру әдісі

11.Абай шығармашылығы қай сыныпта талданады?

А) 10-сынып

В) 9-сынып

С) 11-сынып

Д) 8-сынып

Е) 7-сынып

12.Кітап оқу кезінде тұжырымды түрде әр бөлімнің басты-басты оқиғаларын қамтып жазып отыру

А) аннотация

В) рецензия

С) пікір

Д) түйін


Е) қорытынды

13.“Ей, қу заман, жүрегімді көрші, міне...” деп басталатын монолог қай кейіпкердің сөзі?

А) Абай

В) Дәрмен



С) Дәркембай

Д) Асқар


Е) Еркебұлан

14.Дәркембайдың Құнанбайды атпақ болуы “Абай жолының” қай бөлімінде

А) “Қат-қабатта”

В) “Тайғақта”

С) “Қияда”

Д) “Кек жолында”

Е) “Еңісте”

15.Құнанбайдың Қодар жеріндаулауы қай бөлімде суреттелген?

А) “Тайғақта”

В) “Қат-қабатта”

С) “Қияда”

Д) “Шайқаста”

Е) “Еңісте”

16.Жұт кезінде кедей жатаққа деген Абай қамқорлығы қай бөлімде?

А) “Қияда”

В) “Кек жолында”

С) “Өрде”

Д) “Қат-қабатта”

Е) “Қайтқанда”

17.Айдаудан келген Базаралыға дем беріп, Тәкежан аулын шаптыруы қай бөлімде суреттелген?

А) “Кек жолында”

В) “Қияда”

С) “Қақтығыста”

Д) “Құз қияда”

Е) “Шайқаста”

18.Базаралының ұлық шабармандарын сабауы, каталашкадағы Абайды арашалап алуы қай бөлімде?

А) “Еңісте”

В) “Қияда”

С) “Тайғақта”

Д) “Қоршауда”

Е) “Кек жолында”

19.Эпопеядағы махаббат, бостандық аңсаушылар?

А) Мәкен, Мағрипа

В) Тоғжан, Әйгерім

С) Керімбала, Үмітей

Д) Салтанат, Нұрғаным

Е) Айғыз, Ділда

20.Абай сүйген арулар?

А) Тоғжан, Әйгерім

В) Мәкен, Мағрипа

С) Керімбала, Үмітей

Д) Салтанат, Қарақас

Е) Шолпан, Баян
23-сабақ 8-апта
1. Сабақтың тақырыбы:

Тіл дамыту жұмыстары (реферат қорғау, баяндама, тезис)



2. Сабақтың жоспары:

1.Тіл дамыту жұмыстары

2. Әдебиет сабағында ауызша тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыра білу

3. Әдебиет сабағында жазбаша тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыра білу

4. Реферат жұмысына қойылатын талаптар

5.Баяндама, тезис түрлері



3. Бақылау түрі: Реферат қорғау, баяндама, тезис жазу

(1 б.)

4. Теориялық мәліметтер:

Жазба жұмыстарына дайындық тіл дамыту арқылы жүргізіледі. 5 сыныптан бастап жазба жұмыстарын жаздыруға дағдыландырады. Жазу дағдыларын қалыптастыру біртінділік әдісі бойынша дамып, күрделеніп отырады. 5-7 сыныптарда жай, 8-9 сыныптарда күрделі, 10-11 сыныптарда сыр, ой-толғау проблемалы шығармаларды жаздырады.

Тіл дамыту жұмыстарына қойылатын негізгі талаптар: Өмірден көргенін көкірекке түйе біліп, қорытынды жасау; көркем туындыдан алған өнегесін өмірмен, өз ой-пікірімен ұштастыра білу; тақырыптың идеясын ашу, дәйектемелерді (қанатты сөздер, мақал-мәтелдер) орынды үйлестіру; шәкірттердің жазба жұмыстарына психологиялық әзірлігі.

Реферат, баяндама, тезис тақырыбы өтілген материалдарды қорытындылап, талдап бере алатындай дәрежеде алынады. Жұмыстың мәтіні, тақырыптың тарихы, теориясы, даналық көзқарасы – тақырыпты ашуда, оны талдауда оқушының саналы түсінуіне жол ашады. Жұмыстың жоспары тақырыптан нені жазу керек екеніне жол көрсетеді.

Үлгі Реферат тақырыбы:Даналық мәйегі (мақал-мәтелдер).


  1. Кіріспе бөлімі.

Мақал-мәтелдер – халықтық мұра, ұлттық өнеге мектебі.

  1. Негізгі бөлімі:

а) Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.

ә) Мақал-мәтелдегі еңбек туралы өзекті ой.

б) Ерлікті дәріптеу, батырлықты марапаттау жайлы халық даналығы.

в) Өнер, оқу-білімнің халық педагогикасындағы көрінісі.



  1. Қорытынды бөлімі.

Мақал-мәтелдердің сөйлеу мәдениетіндегі маңызы.

Мақал – сөздің мәйегі, ойдың дәйегі, халық даналығы.



5. Тапсырма сұрақтары:

1. 5-9 сыныптарға, базалық курстарға арналған реферат, баяндама, тезис тақырыптарын ұсыну, жоспар құру. Қалаған тақырыбында реферат қорғау

2. 10-11 сыныптарға, жоғары курстарға арналған реферат, баяндама, тезис тақырыптарын ұсыну, жоспар құру. Қалаған тақырыбында реферат қорғау
24-сабақ 8-апта
1. Сабақтың тақырыбы:

Тіл дамыту жұмыстары (мазмұндама,шығарма жазу)



2. Сабақтың жоспары:

1. Базалық сыныптарға арнап (5-9 сынып) мазмұндама, шығарма тақырыбы мен жоспарын құру

2. Жоғары сыныптарға арнап (10-11 сынып) мазмұндама, шығарма тақырыбы мен жоспарын құру

3. Шығарма түрлері: нақты тақырыпқа байланысты, еркін тақырыпқа орай

4. Шығарма мазмұнына қарай эпиграфты орынды пайдалана білу

3. Бақылау түрі: Мазмұндама, шығарма жазу

(2 б.)

Мазмұндама мәтіні оқытудың білімдік, тәрбиелік міндеттеріне сай, мазмұны мен тілі оқушыларға түсінікті болуы тиіс. Мазмұндамаға әдебиет бағдарламасында көрсетілген көркем шығармалардан да, бағдарламадан тыс текстер де алынады. Мазмұндама мәтінін мына көлемде алады: 5 с. – 150-200 с., 6 с. – 200-250 с., 7 с. – 250-350 с., 8 с. – 350-450 сөзден аспауы тиіс.

Мектептегі ең көп тараған, тәжірибеде жиі пайдаланатын жазба жұмыстардың ішінде күрделісі де, ең маңыздысы да шығарма жұмыстары болып табылады. Шығарма жаздырудың ең басты мақсаттары мыналар:


  1. Бала біліміне бақылау, білім деңгейін тексеру.

  2. Жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда пайдалана білу.

  3. Ойлау еңбегіне өз беттерімен іздендіру, өз пікірлерін салыстыру, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

  4. Оқушылардың қабілеті, дарынына әсер ету, шығармашылық жұмыстарға баулу.

«Шығарма» деген сөздің негізінде «шығару» деген ұғым жатады (яғни, ойдан шығару, ойлап шығару). Көркем туындыны «көркем шығарма» дейміз. Шығарманың күрделігі сол, бұл – оқу процесіндегі бірден-бір жеке-дара орындалатын жұмыстың түрі. Қарастырылатын мәселе, жазатын тақырып біреу болса да, әр оқушы оны өзінше жеткізеді, яғни тілі, пікірі, қорытындысы сол көркем туынды, не кейіпкерді қабылдау дәрежесіне байланысты.

Мысалы, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры бойынша (9-сынып) «Махаббаттың қос шынары» немесе Қозы, Баян бейнелеріне мынадай жоспар құруға болады (күрделі, әрі шығармашылық бағыттағы жоспар үлгісі):

Кіріспе:


  1. «Қозы Көрпеш, Баяндай бір молада өлсем-ай» (жырдың негізгі тақырыбы, идеясы).

Негізгі бөлім:

  1. «Қыпша бел, алма мойын, сұлу Баян» (Баян бейнесі).

  2. «Сенен басқа хор қызы болса да, көз салмаспын» (Қозының бейнесі)

Қорытынды бөлім:

а) Қозы мен Баян бейнесінің маңызы.

ә) Көркем-поэтикалық тілі.

Күрделі жоспар осындай басты-басты үш бөлімнен тұрады. Үш бөлім де ең негізгі тақырыпты, негізгі мәселені қамтиды. Жай жоспарды да дәйексөзбен, шығармашылық бағытта құруға болады.



4. Тапсырма сұрақтары

1. 5-9 сыныптарға, базалық курстарға арналған мазмұндама, шығарма тақырыптарын ұсыну, жоспар құру. Қалаған тақырыбында мазмұндама, шығарма жазу

2. 10-11 сыныптарға, жоғары курстарға арналған мазмұндама, шығарма тақырыптарын ұсыну, жоспар құру. Қалаған тақырыбында мазмұндама, шығарма жазу

25-сабақ 9-апта

1. Сабақтың тақырыбы:

Сыныптан тыс жұмыстар, олардың түрлері

2. Сабақтың жоспары:

1. Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты

2. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері

3. Әдеби шығармашылық үйірмелер

4. Әдеби шығармашылық бірлестіктер т.б.

3. Бақылау түрі: Сыныптан тыс жұмысқа жоспар құру
4. Теориялық мәліметтер:

Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуге тиіс. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие берудің басты-басты мәселелері сыныптан тыс жұмыстарды тиімді ұйымдастыру арқылы жүргізіледі.

а) Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді. Үйірме жұмыстары – сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры.

ә) Әдеби-шығармашылық үйірмелердің сонымен қатар «Шешендік өнер», «Айтыс», «Термеші» сияқты фольклорға негізделген түрлері, әсіресе, соңғы кездерде тәжірибеге көптеп енгізілуде.

Үйірме жұмыстарының арнаулы органы – қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалынады. Мұндай істерге кейде жергілікті ақын-жазушылар да (өз тілегімен) көмектесіп, белгілі бір секцияны басқарады.

б) Әдеби үйірмелердің бір түріне «Кітап достары» немесе «Кітап – білім бұлағы» деген үйірмені жатқызуға болады. Әсіресе, 5-8 сыныптарда мұны мектеп кітапханасымен бірігіпжүргізудің маңызы ерекше.

5-8 сыныптар бойынша әдебиет үйірмелерімен бірлесе отырып, «Алтын сақа» немесе «Ер Төстік елінде» атты драма үйірмесін жүргізуге болады. Сыныптан тыс жұмыстардың бір түрі – клубтар. Үйірмеге қарағанда клубтардың ауқымы кең. Үйірмеге қабілетті соған икемді ғана балалар тартылса, клубқа қатысам деушілерге ондай шек қойылмайды. Бір сыныпты түгелімен бір клубқа қатыстыруға болады. Мысалы, «Аққу», не «Әлди, әлди, ақ бөпем» клубына қыздар тартылады. Әдеби біліммен қатар, эстетикалық тәрбие беру, сұлулық, әдемілікті сезінуге баулу, ұлттық тәрбиені жүзеге асыруда мектепте өтілетін әдеби кештің атқаратын жұмысы ерекше болып келеді. Клубта әдебиеттегі қыздар бейнесі, ақын-жазушы қыздардың өлеңін оқып-талдау, өнерпаз, білімпаз қыз-келіншектер туралы, сондай-ақ қыздарға өзін-өзі күту, болашақта үй тұрмысын қалай жүргізу, дастархан мәзірінің жайы, бала тәрбиесі, сән т.б. туралы қызықты, маңызды әңгімелер өткізіліп, әр саладағы мамандармен кездесу ұйымдастырылады. «Алтыбақан», «Мұрагер» клубтарын құрып, халықтың өнерін, әдет-ғұрпын, әдебиетін, шешендік өнерін кеңінен насихаттауға болады.

5. Тапсырма. Ақын-жазушыларға байланысты мынадай тақырыптағы кештерге жоспар құру:


  1. «... Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп...» (Ш. Уәлиханов туралы).

  2. «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» (Абай).

  3. «Адамзаттың Айтматовы» (Ш. Айтматов).

  4. «Кінәны жүрекке қой, қойма маған» (М. Жұмабаев).

  5. «Мен кетермін, артта жазған сөзім қалар...» (Шәкәрім туралы).

  6. «Оқыған азаматтың ардағы, бетке ұстар көсемі» (Ахмет Байтұрсынов).

  7. «Өлсе де денем, мен өлмен...» (Ж. Аймауытов туралы).

  8. «Оян, қазақ!» (Міржақып Дулатов).

4. Бақылау сұрақтары

1. Сыныптан тыс оқу дегеніміз не?

2. Сыныптан тыс оқуды қалай ұйымдастыруға болады?

3.Оқушылырды сөз өнеріне тартуда сыныптан тыс жұмыстардың атқаратын рөлі

4. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері

5. Әдеби – шығармашылық үйірмелерге жоспар құру

6. Мәнерлеп оқу үйірмесін ұйымдастыру жолдары

7. Драмалық шығармалардан инсценировка әзірлеу

8. Ақын-жазушыларға байланысты кештер ұйымдастыру

9. Бәйге-жарыстар ұйымдастыру

10.«Абай жолы» эпопеясы айналасында викторина сұрақтарын құру
26-сабақ 9-апта

1.Сабақтың тақырыбы:

Сыныптан тыс оқу жұмыстары

2. Сабақтың жоспары:

1.Сыныптан тыс жұмыстар

2. Олардың түрлері

3. Сыныптан тыс өздігінен оқу мәселелерін жоспарлы түрде ұйымдастыру жолдары

4. Көркем шығарманы оқып үйренудің дағдыларын қалыптастыру

5. Оқушылардың эстетикалық деңгейін көтеру



3. Бақылау түрі: Коллоквиум

4. Тапсырма сұрақтары: Коллоквиум тапсырмалары
1.Сыныптан тыс жұмыстар ы

2.Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері

3.Мерекелік күндерге арналған әдеби шаралар, поэзия кештері, әдеби конференциялар, әдебиет үйірмесі, т.б. жұмыстар оқушының шығармашылық белсенділігі арттыратыны

4. Мектеп оқушысына сыныпта әдеби білім беру ісі сыныптан тыс оқу, сыныптан тыс жұмыстар арқылы да жүргізілетіні

5.Әдеби мұралардың көлемі ұшан-теңіздігі.

6. Сыныптан тыс оқу

7. Сыныптан тыс оқуға басшылық жасауда пән мұғалімі, кітапханашы, ата-ананың рөлі.

27-сабақ 9-апта

1. Сабақтың тақырыбы:

Оқушылардың оқырмандық қызығушылығын арттырудың жолдары

2. Сабақтың жоспары:


  1. Оқушыларды көркем шығарманы сүюге баулу

  2. Оқушылардың оқырмандық қызықшылығын арттыру

  3. Поэзиялық туындыларды оқыту жолдары

4. Прозалық туындыларды оқыту жолдары

5.Драмалық шығармаларды оқыта білу

3. Бақылау түрі: Ой бөліс, дебат

(2 б.)


4. Ой бөліс, дебат сұрақтары

  1. Мәтінді талдап оқуға және пікір алысуға ұсынылатын шығармалар

  2. Шығарманы өз бетімен оқып, мұғалім басшылығымен зерделеп меңгеруі

  3. Шығарманы пайымдап оқу, дұрыс оқу жолдары

  4. Өлеңдер мен прозалық туындыларды, 10-12 өлең (бұған поэмалар фрагменттері де кіреді), 3-4 прозалық туындылар үзінділерін жатқа айта білуі;

  5. Тегі, жанры әр түрлі туындыларды, оларда бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлерге өзіндік қарым-қатынас білдіре отырып, мәнерлеп оқи білуі;

  6. Өзіне бұрын таныс емес кез келген мәтінді (шығарманы) дауыстап та, іштей де дұрыс оқуы;

  7. Жылына талдап оқуға және пікір алысуға ұсынылған ауыз әдебиетінің, Отандық және шетелдік классикалық балалар әдебиеті үлгілерінің мұғалім басшылығымен және өз бетімен кемінде 20-ға тарта туындыларын оқуы;

  8. Оқып зерделенген туындының тектік, жанрлық сипатын білуі;

  9. Әдебиет және фольклор туралы жалпы ұғымдарды, олардың негізгі сипаттарын; қазақ ауыз әдебиетінің басты жанрларының (тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер, эпостық жырлар, лиро-эпостық жырлар) негізгі сипаттарын және әдебиеттің тектерін (эпос, драма, лирика) білуі;

  10. Оқылған лирикалық туындыларға, олардың көркемдік, поэтикалық тіл ерекшеліктерін пайымдай отырып, өзіндік сезінуі, түйсінуі негізінде баға беруі;

  11. Туындыдаға көркем суреттеу, сипаттаулардың (портрет, пейзаж, интерьер және т.б.) баяндаулардың түрлерін, автор позициясын бейнелеу құралдарын (ажуа, мысқыл, сарказм), юмор мен сатира, аллегория түрлерін айыра білуі; оларға қатысты ұғымдарды практикалық қолдану деңгейінде меңгеруі;

  12. Тақырыбы бір-біріне үндес (жақын) шығармалардың кейіпкерлерін, оқиғаларын (анықтайтын мәселемен байланыстыра отырып) салыстыра пайымдай алуы;

  13. Өлең сөздің құрылымдық элементтерінің (өлшем, ырғақ, ұйқас, шумақ) мән-мағынасын, негізгі ұғымдарын білуі және олардың практикалық қолданыста ажырата алуы;

  14. Мәнерлеп оқудың партитурасын, яғни барлық элементтерін (дауыс ырғағы мен екпіні, олардың бірде жоғары, бірде бәсең болуы) білуі;

  15. Оқылған шағын эпикалық туындының мазмұнын (кейбір стильдік ерекшеліктерін сақтай отырып) толық, қысқаша және іріктеп мазмұндап айтып беруі;

  16. Оқылған, зерделенген мәтіннің, өзінің сөйлейтін сөзінің, шығарма жұмысының жай күрделі жоспарын құра білуі;

  17. Проблемалық сұраққа ауызша немесе жазбаша байыпты жауап беруі; мәтінге сұрақтар мен тапсырмалар түзе білуі;



28-сабақ 10-апта

1.Сабақтың тақырыбы:

Модульдік оқыту жүйесінің ерекшелігі

2. Сабақтың жоспары:

1.Білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновацияның мазмұны

2.Инновациялық ізденістердің бағыттары

3.Педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының тарихы

4.Жаңа технология бойынша жұмыс жүргізу бағыттары

5.Модульдік оқыту жүйесінің ерекшелігі



3. Бақылау түрі: Кеңес бере отырып, сұрақ-жауап жүргізу
4. Теориялық мәліметтер:

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында білім беру жүйесінің міндетінің бірі ретінде оқытудың жаңа технологияларын ендіру туралы айтылған. Осыған байланысты соңғы жылдары жаңа мектеп құруда, мектептің даму үрдісін зерделеуде білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновация дамып келеді. «Инновация» деген сөз латынның «novus» - жаңалық және «in» - енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы – «жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.

Кейбір ғылыми әдебиеттерде инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөледі.

Модификациялық инновация – бұл қолда барды дамытумен айналысу.

Комбинаторлық инновация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған қазіргі кездегі тіл және әдебиетті оқытудың әдістемесі дәлел.

Радикалдық инновацияға білімге мемлекеттік стандартты енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.

Мектептердің қазіргі даму барысында инновациялық ізденіс төмендегідей бағыттарда жүріп жатыр: білім берудің мазмұнын қалыптастыру, жеке тұлғаны дамытуға арналған жаңа әдіс; жүйе; педагогикалық технология құру және оны жүзеге асырып үйрену; жаңа үлгідегі оқу мекемелерін жасау; кез келген инновациялық үрдістің нысаны – оқушы. Олай болса оқушы білімін дамытуда жаңа технологияның райы ерекше деп білемін.

Біз алдымен «техника», «технология», «оқыту технологиясы», «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология» жаңаша педагогикалық терминдерінің мағынасын түсініп алуымыз қажет сияқты. Ол үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының тарихына көз жүгірткен жөн. «Техника» терминінің екі мағынасы бар екені белгілі:



    • біріншісі - өндіріс құралдарының жиынтығы.

    • екіншісі – бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы.

«Технология» термині сол тәсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді.

Білім беру саласындағы технологиялық идеяларды жаңадан пайда болды деуге болмайды. Себебі, оқытуды технологияландыру туралы ойды осыдан 400 жыл бұрын Я. А. Каменский айтқан болатын.



  1. Бақылау сұрақтары:

  1. Әдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы ізденістер

  2. Әдебиетті оқытудағы жаңа технологиялар жүйесі

  3. Модульдік оқыту жүйесінің ерекшелігі

  4. Бақылау және тестілеу бағдарламалары

  5. Ақпаратты анықтама жүйелері

  6. Электронды оқулықтар

  7. Модульдік оқыту жүйесі бойынша озық әдіскерлердің тәжірибелері

5. Бақылау тапсырмасы

1.Әдістемелік әдебиеттен «Қазақ тілі мен әдебиеті» модульдік жүйеге құрылған сабақ жоспарын көшіру (5-9 сынып)

2.Әдістемелік әдебиеттен «Қазақ тілі мен әдебиеті» модульдік жүйеге құрылған сабақ жоспарын көшіру (10-11 сынып)

3. Өздігінен модульдік оқыту жүйесіне бір сабақ жоспарын құру
29-сабақ 10-апта

1. Сабақтың тақырыбы:

Түсіндірмелі, проблемалық зерттеу әдістері

2. Сабақтың жоспары:

1. Түсіндірмелі проблемалық зерттеу әдістері

2. Проблемалы зерттеу әдісі

3. Проблемалы зерттеу әдісінің кезеңдері

4. Бұл әдістерді сабақ мақсатына қарай пайдалана білу

3. Бақылау түрі: Коллоквиум

(1 б.)

4. Теориялық мәліметтер:

Проблемалы зерттеу әдісі – экспериментті зерттеу әдісінің қол жеткен табыстарын, әдістерін шығармашылықпен өмірге ендіріп, жаңа әдіспен терең білімнің көзін ашу. Проблемалы зерттеу әдісі арқылы, проблемалы оқыту әдісі туындайды. Проблемалы зерттеу әдісі дидактиканың заңдылықтарына бағынады.

Оның бес түрлі жүйелі кезеңі бар. Олар:

1.проблемалық ситуацияларды туғызу жолын алдын ала болжау;

2.проблемалық зерттеу жұмыстарының құрылымын дұрыс құру;

3.проблемалық зерттеу әдістерін күні бұрын дәл белгілеу.

4.теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу.

5.проблемалық зерттеу нәтижесінде проблемалы оқыту жүйесі дұрыс шешілгендігін тексеру, тиісті қорытындылар жасау.

Әдебиеттегі әдістерді зерттеу – педагогика ғылымының құрамына енетін тарихи жағынан дамыған, жетілген әдістерді зерттеп өмірге, мектепте оқыту саласына ендіретін, бір жүйеге келтіретін ғылыми әдіс. Белгілі жанрға жазылған шығарманың мазмұнының ғылыми сипатын, тәрбиелік, дамытушылық мақсатын толық анықтап, оқушыға жеткізу әдісін табады.



5.Коллоквиум сұрақтары

1. Түсіндірмелі проблемалық әдістер дегеніміз не?

2. Түсіндірмелі проблемалық әдістерді қай кезде пайдаланамыз?

3. Проблемалық ситуация туғыза білу

4. Түсіндірмелі проблемалық зерттеу әдістері қай сыныптарда жүргізіледі?

5.Әдебитті оқытудың әдебиеттің ғылымилығы және сөз өнері ретіндегі жетекші методологиялық принциптеріне сүйенетіндігі

6.Принциптерден туындайтын әдістемелік принциптер

7.Әдебиетті оқыту процесі

8.Оқытуда әдістердің алатын орны, қызметі

9.Әдебиетті оқыту әдістерінің мұғалім мен оқушының бірлескен еңбегін тиімді ете түсетіндігі

10.Әдебиетті оқыту әдістері

11.Олардың оқушының әдеби қабілетін дамытудағы орны

12.Әдебитті оқыу әдістерінің топтары

13.Олардың әдеби білімді бекітудегі орны


30-сабақ 10-апта

1.Сабақтың тақырыбы:

Көркем шығарманы талдау жолдары

2. Сабақтың жоспары:


  1. Жан-жақты толық талдау.

  2. Шолу бағытындағы талдау.

  3. Автор ізімен талдау.

  4. Сұрыптап талдау.

  5. Образдар жүйесіне талдау.

  6. Проблемалық талдау.

3. Бақылау түрі: Ой бөліс, дебат сұрақтары

(1 б.)

4. Тапсырма сұрақтары:

І

  1. Көркем шығарманы талдау жолдары

  2. Жан-жақты толық талдау.

  3. Шолу бағытындағы талдау.

  4. Автор ізімен талдау.

  5. Сұрыптап талдау.

  6. Образдар жүйесіне талдау.

  7. Проблемалық талдау.

  8. Көркем шығарманы талдаудың түрлеріне мысалдар келтіру


ІІ

1.Көркем шығарманың талдау жүйесі бойынша белгіленген әдеби білім көлеміне сай талдау арқылы жүзеге асатыны

2.Мектептік талдаудың оқушының әдеби қабілетін дамытуға қызмет ететіні

3.Көркем туындыны талдаудың педагогикалық принциптері

4.Талдаудың әдебиетті оқытуда кеңінен қолданылып жүрген түрлері

5.Образды бойынша талдау, оның өзіндік ерекшелігі

6.Тақырыптық талдаудың тиімді жақтары

7.Проблемалық талдаудың оқушыны көркем туындыны ішкі әлеміне бойлатудағы айрықша қызметі

8.Тұтас талдаудың шығармадағы авторлық позицияны көре білуге қолайлығы

9.Талдау түрлерінің өзара сабақтасытығы


31-сабақ 11-апта

1. Сабақтың тақырыбы:

Шығармаға жоспар жасау (жай және күрделі жоспар)

2. Сабақтың жоспары:


  1. Шығарма, оған қойылатын талаптар.

  2. Шығарма жоспары туралы түсінік

  3. Шығарманың негізгі түрлері.

  4. Жай жоспар табиғаты

  5. Күрделі жоспар табиғаты

3. Бақылау түрі: Шығармаға жай және күрделі жоспар құру
4. Теориялық мәліметтер:

Жоспар жасауға дағдыландыру, әсіресе, 5-7 сыныптарда күрделі де маңызды мәселе. Оған үйретудің тиімді деген әдіс-тәсілдерінен мұғалім де үзбей үйренуі керек. Көркем мәтінді оқу, мазмұнын меңгерту кезінде мұғалім ең басты мәселелерді бөліп алып, оқушы назарын үнемі соған аудартып отыру керек. Оған қысқа, тұжырымды тақырып қойып, тақтаға, не дәптерлеріне қолма-қол жаздырып отырады.

2. Негізгі, маңызды мәселелер баяндалатын абзацтарға көңіл бөліп, оған ат қойғызады.

3. Эпизодтарға бөлгізеді. Композициялық құрылысын анықтатады (байланыс, шарықтау шегі деген сияқты).

4. Оқиғаларды рет-ретімен жүйелеп, сол бойынша сұрақтар қойып, мазмұндатады.

5. Шығарманы оқу, талдау алдында оның ең негізгі түйінді дәні жазылған («Нені білу керек?» деген атпен жазуға болады) көмекші-нұсқауды кесте-плакатқа іліп қою тиімді. Себебі, жоспар жасауда оқушы оны басшылыққа алады.

Шығарма жазба жұмыстарының ең күрделісі. Шығармаға дайындық тіл дамыту жұмыстарында жүргізіледі. 5 сыныптан бастап шығарма жаздыруға дағдыландырады. Жазу дағдыларын қалыптастыру біртінділік әдісі бойынша дамып, күрделеніп отырады. 5-7 сыныптарда жай, 8-9 сыныптарда күрделі, 10-11 сыныптарда сыр, ой-толғау проблемалы шығармаларды жаздырады.

Шығармаға қойылатын негізгі талаптар: Өмірден көргенін көкірекке түйе біліп, қорытынды жасау; көркем туындыдан алған өнегесін өмірмен, өз ой-пікірімен ұштастыра білу; тақырыптың идеясын ашу, дәйектемелерді (қанатты сөздер, мақал-мәтелдер) орынды үйлестіру; шәкірттердің жазба жұмыстарына психологиялық әзірлігі.

Шығарма мазмұнына қарай: әдеби тақырыпқа байланысты; шығармашылық әңгіме; пейзаждық ой-толғау; инсценировка; поэзия негізінде; прозалық жанрға жазылатын шығармалар болып бөлінеді.

Шығарманың түріне байланысты ақындардың шумақтарын; эпиграфтарды орынды пайдалану; жоспарын жасай білу; сол жоспарға сай баяндау, хабарлау, суреттеу, мінездеу әдістерін үйрену; халықтық педагогикалық тәрбие мәнін ашу; шығарманың кіріспесі мен негізгі, қорытынды бөлімдерінің арасындағы байланысты қиюластыру; тақырыпқа, идеяға өз көзқарасын, пайымын ашық үйлесімді жазу.

Шығарма тақырыбы өтілген материалдарды қорытындылап, талдап бере алатындай дәрежеде алынады. Шығарманың мәтіні, тақырыптың тарихы, теориясы, даналық көзқарасы – тақырыпты ашуда, оны талдауда оқушының саналы түсінуіне жол ашады. Шығарманың жоспары тақырыптан нені жазу керек екеніне жол көрсетеді.

Жамбыл Жабаев шығармаларындағы патриотизм



  1. Кіріспе бөлімі.

... Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлемен сиынбай...

  1. Негізгі бөлімі:

а) Жамбыл қазақ жырының алып бәйтерегі.

ә) Жамбыл Жабаевтың тарихи дастандарындағы патриотизм.

б) Ұлт-азаттық тақырыбы жырларындағы азаматтық сарын.

в) Отанды сүю, Жамбыл өлеңдеріндегі негізгі идея.



  1. Қорытынды бөлімі.

Өлең сөздің Жамбылы. М. Әуезов.

  1. Тапсырма сұрақтары

  1. Лирикалық туындылар бойынша шығарма тақырыбын, жоспарын құру (Абай, Махамбет, Бұхар, Сәкен , Шәкәрім, Мұқағали, Әбділдә т.б.)

  2. Прозалық туындылар бойынша шығарма тақырыбын, жоспарын құру (Ыбырай, Шоқан, М.Әуезов, Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов т.б. )

  3. Ертегілер жанрына шығарма тақырыбын, жоспарын құру

  4. Эпостық жырлар бойынша шығарма тақырыбын, жоспарын құру

  5. Поэмалар жанры бойынша шығарма тақырыбын, жоспарын құру


32-сабақ 11-апта

1.Сабақтың тақырыбы:

Абай өлеңдеріне әдеби талдау

2. Сабақтың жоспары:


  1. Абай өлеңдерінің табиғаты туралы

  2. Абай өлеңдерінің идеялық –тақырыптық мазмұны

  3. Абай лирикасына тән ерекшелік

  4. Абай өлеңдеріне әдеби талдау жүргізу

3. Бақылау түрі: Семинар
4. Теориялық мәліметтер:

Абайдың „Күз” өлеңін (5-сынып) талдаудың үлгісі:

1. Күз суреті Абайда қалай бейнелеген, мәтіннен табу

2. Күз көрініс қай шумақтарда суреттелінеді?

3. Өлең қандай көңіл – күймен жазылған?

4. Ақын күз көрінісін қандай сөздермен бейнелеген?

5. Ақын өлеңінде тек күз суретін ғана берген бе?

6. Адам тірлігі қалай берілген? (Өлеңнен үзінді)

7. Жан-жануарлар тірлігі ше?

8. Өлең арқылы ақын қандай мәселе көтерген?

9. Күз тақырыбы қай ақындарда кездеседі?

10.Өлеңді әуенмен, сазымен мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға ерекше көңіл бөлу.


5. Тапсырма сұрақтары:

Семинар сұрақтары
1.Абай өлеңдерін жатқа білу

2.Абай өлеңдерін тақырыбына қарай бөлу

3.Абай өлеңдеріне әдеби талдау жүргізу

4.Абайдың өмірі мен шығармаларымен танысу

5.Абай өлеңдерін композициялық құрылысына талдау

6. 5 - сыныпта берілген Абай өлеңдеріне талдау жүргізу

7. 6 - сыныпта берілген Абай өлеңдеріне талдау жүргізу

8. 7 - сыныпта берілген Абай өлеңдеріне талдау жүргізу

9. 8 - сыныпта берілген Абай өлеңдеріне талдау жүргізу

10. 9- сыныпта берілген Абай өлеңдеріне талдау жүргізу



33-сабақ 11-апта

1. Сабақтың тақырыбы:

Абай өлеңдеріндегі жаңашылдық. Абайға дейінгі қазақ поэзиясында дәстүрлі болып қалыптасқан ұйқастар

2. Сабақтың жоспары:

1. Абай өлеңдеріндегі жаңашылдық мәселесі

2. Абайға дейінгі қазақ поэзиясында дәстүрлі қалыптасқан ұйқастар (қара өлең)

3. Ақын өлеңдеріндегі жаңа өрімдер

4. Абайдың жаңашылдығы

5. Абай - қазақтың жазба көркем әдеби тілін қалыптастырушы



3. Бақылау түрі: Ой бөліс, дебат

(2 б.)

4. Бақылау сұрақтары:

1. Абай өлеңдеріндегі дәстүрлі өрнектер

2. Абайға дейінгі қазақ поэзиясында дәстүрлі қалыптасқан ұйқастар (қара өлең)

3. Ақын өлеңдеріндегі жаңа өрімдер

4. Абайдың жаңашылдығы – қазақ өлеңін түрлендіруі

5. Абайдың қазақтың жазба көркем әдеби тілін қалыптастырудағы ролі

6. Абайдың жас шағындағы өлеңдері

7. Абайдың азаматтық көңіл – күй танытатын өлеңдері

8. Абайдың философиялық толғаныстағы өлеңдеріндегі жаңашылдық

9.Абайдың махаббат тақырыбындағы өлеңдері

10. Абайдың табиғат суреттерін айшықтаған өлеңдері

11.Абайдың оқу-білім, ағарту, тәрбие мәселелерін жырлауы

12. Абайдың ақындық өнер туралы өлеңдері

13.Абайдың ән өнері туралы өлеңдері

14. Абайдың аудармалық, назиралық өлеңдерге арнап шығарған өлеңдері

15. Абай өлеңдеріндегі ұйқас түрлері
34-сабақ 12-апта

1.Сабақтың тақырыбы:

„Абай жолы” эпопеясын образдар жүйесіне қарай оқыту

2. Сабақтың жоспары:

1. Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдау жолдары

2.Көркем туындыдағы бас кейіпкерлер

3. «Абай жолы» эпопеясын образдар жүйесіне қарай талдау.

4.Образдық талдауда ерекше назарға алатын мәселелер

5.Авторлық көзқарас шығарма негізіндегі басты проблема



3. Бақылау түрі:

Образдық талдау

4. Теориялық мәліметтер:

9 сыныпта М.Әуезовтің „Абай жолы” эпопеясын образдық талдау жүйесі төмендегідей болып келеді:

1 - тапсырма. „Абай жолы” эпопеясының жазылу тарихы. „Абай жолы” деп аталу себебі. Эпопея туралы әдеби теориялық түсінік

2 – тапсырма. „Шыңға шыққан жас шынар”. 1, 2 – кітаптар бойынша Абай бейнесі

3- тапсырма. „Атаның емес, Адам ұлымын!”. 3,4 – кітаптар бойынша Абай бейнесі
35-сабақ 12-апта

1. Сабақтың тақырыбы:

Көркем шығарманы автор ізімен талдау жолдары (М. Әуезов „Көксерек”)

2. Сабақтың жоспары:

1. М.Әуезовтің „Көксерек” повесінің идеясы мен тақырыбы

2. Повестегі авторлық көзқарас

3. Шығарманы автор ізімен талдаудың негізгі мақсаты



4.Әдеби талдаудың үш жолы.

3.Бақылау түрі: Коллоквиум

(1 б.)

4. Теориялық мәліметтер:



Көркем шығарманы талдау сынып ұжымының қатысуы арқылы жүргізіледі. Талдауда мұғалім көпшілік балалардың пікірімен, ойымен танысуға мүмкіндік алады. Әрі бұл жұмыста мұғалімнің басшылық – «көсемдік» орны да ерекше. Оқу баланың тікелей өз еңбегі, өз ісімен жүзеге асса, талдау мұғалім арқылы, оның ұйымдастыруы, ойластыруы арқылы іске асады. Талдауда оқушының жеке жұмысы ұжымдық жұмыспен үндеседі, байланысады да, бір мақсатты көздейді. Біріншіден, оқушының көркем туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын танып-білу, оларды дамыту мақсаты. Екіншіден, көркем шығармаға деген эстетикалық көзқарасын қалыптастыру, көркем туындыны өнер туындысы ретінде түсінуіне әсер ету.

Үшіншіден, талдау арқылы оқушының танымын, қабілетін, қорыта айтқанда, оның ойлау белсенділігін, бүкіл іс-әрекетін дамыту. Сондай-ақ ең басты мақсат – көркем туындыны талдау жолдарын меңгерту, көркемдік-эстетикалық ерекшелігі, оның көтерген тақырыбы, образды жүйесін т.б. бірлікте, кешенді түрде қарастыра отырып, талдауға баулу.

Талдау әрі жүйелі, әрі тұтас, көркем шығарманың барлық нәрі, дәнін аша алатындай, нанымды да ғылыми мазмұнда жүргізілуі керек. Мектепте әдеби талдаудың үш жолы бұрыннан-ақ тәжірибеде кеңінен пайдаланып келеді. Олар: а) автор ізіме талдау, бұны тұтастай, толық талдаудейді; б) кейіпкерлерге талдау жасау, в) тақырыпты проблемалық талдау. Көпшілік мұғалімдер аралас талдауды тиімді деп табады.

Автор ізімен талдау, оның негізгі мақсаттары.

Бұл талдауда мұғалім көркем шығарма сюжеті, эпизодтары, автордың негізгі ойы, мазмұн мен форма жүйесін сақтай отырып, талдауа ерекше назар аударады.

Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдау жолдары

Образдар жүйесіне талдау талдаудың мектеп тәжірибесінде дәстүрге айналған өте көп тараған түрі болып табылады. 5-8 сыныптар оқушылары көркем туындыдағы бас кейіпкерлерге толық толық талдау жасай алмаса да, олардың іс-әрекеттерін назардан тыс қалдыра алмайды.

5. Коллоквиум сұрақтары:

1. М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолы

2. «Көксерек» повесінің жазылу тарихы

3. «Көксерек» повесінің идеясы мен тақырыбы

4. Повесті автор ізімен талдау жолдары

5.Автор ізімен талдаудың негізгі мақсаты

4. Повестің әр бөліміне тақырып қою

5.Шығармада қасқырлар тіршілгі қалай суреттелген?

6. Адам психологиясы мен қасқыр психологиясын параллельдеп көрсету

7.Повестегі орталық қаһарман

8. Шығармадағы авторлық көзқарас
36-сабақ 12-апта

1.Сабақтың тақырыбы:

„Абай жолындағы” Абай бейнесін проблемалап оқыту

2. Сабақтың жоспары:

1. Абайдың феодалдық қоғаммен бетпе- бет кездесуі. Заман шыныдығын түсінуі. Мұхтардың оны көрсетудегі жазушылық шеберлігі

2. Әке мен бала. Абайдың әке жолынан бөлек кетуі. Оның негізгі объективті себептері. Осы мәселедгі Мұхтардың философиялық –идеялық мұраты.

3. Абай және кедей-жатақтар проблемасы. Абай – халық қамқоры.

4. Абай және орыс достары. Білімге бас қою. Михайловқа дейінгі Абай көзқарасы мен Михайловтан кейінгі саяси көзқарасы. Салыстыру, дәлелдеу.

5.Абай және әйелдер тағдыры. Абай – гуманист.

6. Абай – халық деп жырлай бастаған сыншыл, реалист ақын.

7. «Биікте» бөлімі және Абай жеткен биіктік



3. Бақылау түрі: Сабақ жоспарын құру

(2 б.)

4. Тапсырма сұрақтары:

1. Абай бейнесін талдау алдында оқушылар „Абай бейнесінен алған әсерім” атты шағын шығарма жазу

2. Эпопеядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынас арқылы жазушы нені аңғартады? Әке мен бала проблемасының эпопеядағы философиялық түйіні неде?

3. Қалай ойлайсыңдар, „Қайтқанда” бөліміндегі Құнанбай портреті, оның айналасындағылардың сипаты, үй іші неге Абай арқылы, оның ішкі сезімі арқылы беріледі?

4. „Жолда”, „Өрде”, „Қияда” бөлімдеріндегі Абайдың іс-әрекетін сарала. Қалай ойлайсыңдар, бөлімге жазушы неге осылай ат қойған? Осы бөлімдердегі әке мен бала арасындағы қайшылық, келіспеушілік. Оның объективті себебін жазушы қалай көрсеткен?

5.Абайдың Михайловпен кездескенге дейінгі көзқарасы, саяси сана- сезіміндегі қайшылық. Ол қайшылықтың негізгі себептері неде деп ойлайсыңдар?

6. Абай мен халық арасы. Бұл проблема эпопеяда қандай көрініс тапқан?

7. І-ІІ кітаптың аяғындағы ең ақырғы абзацтарды тауып оқыңдар.

8. Осы проблемалық тапсырмалар негізінде сабақ жоспарын құру
37-сабақ 13-апта

1. Сабақтың тақырыбы:

„Абай жолы” эпопеясына сюжеттік талдау жүргізу жолдары

2. Сабақтың жоспары:

1.«Абай жолы» романындағы көтерілген күрделі проблемалар.

2.Жер дауы проблемасының суреттелу тәсілі.

3.Абайдың азаматтық жолының қалыптасу сатысы.

4.Абайдың ақындық жолының қалыптасуы.

3. Бақылау түрі: 4 томды эпопеяға сюжетті талдау жүргізу (семинар)


3. Теориялық мәліметтер:

Төрт томдық эпопеяны оқытудың (санаулы сағаттар ішінде ) ерекше маңызды әрі, қиын мәселе екендігі түсінікті. Сондықтан суденттерге, ең алдымен, эпопеяны өзін оқытуды ұйымдастыра білу керек.

Үлгі:

«Абай жолы» - І кітап



Бөлімдер : «Қайтқанда ». Басты оқиғалар:

а) Абай Семейден елге оралады.

ә) Қодар мен Қамқа өлімі

б) Абайдың ауырып қалуы, ақын Байтастардың Ұлжан мен Зереде қонақта болуы.

Негізгі кейіпкерлер: Абай, Ұлжан, Зере , Құнанбай, Қодар, Қамқа, Майбасар, Бөжей, Сүйіндік.

Эпопеяны қалай талдау керек. Эпопеяны талдау барысында кейіпкерлерді жеке дара қарастырмай, бас кейіпкер, эпопеяның алтын тұғыры-Абай мен оның заманы-феодалдық қоғаммен байланыстыра талдау шығарманың негізгі мәні, қасиеті, құдіретін сақтай отырып, түсіндіруге жол ашады. Талдауға былай келуідің басты себебі, эпопеяда сөз болатын барлық мәселелер Абайға келіп тіреледі, барлығы Абай айналасында, олар өмір сүріп отырған замана қайнауында жүріп жатады:



  1. Абай жолының қалыптасу сатысы.

  2. Абай, феодалдық қоғам және Құнанбайлар.

  3. Абай , феодалдық қоғам және Дәркембайлар, т.с.с., деп жүргізудің, білімділік, танымдық жағынан болса да, маңызы зор болмақ.Себебі не ? Біріншіден, «Абай»- тарихи роман. Бас кейіпкер- тарихи тұлға . Оның сомдалуы, ұлы ақын, демократ, гуманист, ағартушы дәрежесіне жетуі сол өзі өмір сүрген қоғаммен, оның өкілдерімен күресте қалыптасады, күресте толысады.

Эпопеяның әр кітабындағы негізгі оқиғаларды теріп жазып пайдаланудың тиімді жағын : төрт кітаптың негізгі-негізгі оқиғаларынан хабардар ету, естеріне түсіру, әсіресе, кейіпкерді талдау барысында оның көмегі зор болмақ.

М. Әуезов. «Абай жолы», 2-кітап:




Бөлімдер

Негізгі оқиғалар

Абайдың іс-әрекеті

«Абай аға»

  1. Абай жастар арасында

  2. Еңлік-Кебек қабірінің басында

Абай-ұстаз , тәрбиеші, ақылшы. Замана шындығынан сыр шертіп, дала тағыларының сұмдығын жастар алдына ашып тастайды.

Жалғасы.Абай бейнесі (ІІІ-ІҮ кітаптар бойынша)





Бөлімі

Басты оқиғалары

“Тайғақта”

  1. Құнанбайдың Меккеге аттануы.

  2. Дәрменді ертіп келіп, Дәркембайдың бала қарызын талап етуі.

  3. Абайдың Дәркембайды арашалауы,т.с.с.

Ескерту: үзінді ғана көрсетіліп отыр.

Осындай сюжеттік талдау, кейіпкерлерді мәтін арқылы дәлелдей отырып талдау, әрі оқырманға да осындай талап қою да таптырмайтын құрал. Бұл тәсіл оқушыларды тәжірбиеде өте жиі кезігетін құрғақ баяндау, құрғақ мінездеулерден сақтандырады, негізгі оқиғалар, оған байланысты кейіпкер іс-әрекеті арқылы дәлелді талдау жасалады, мәтінмен, кітаппен жұмыс бірінші кезекке қойылады.

4. Тапсырма сұрақтары: (көрсетілген үлгі бойынша 4 томдық эпопеяға сюжеттік талдау жүргізу)


  1. «Абай жолы» эпопеясының 1- кітабына тараулар бойыша сюжеттік талдау

  2. «Абай жолы» эпопеясының 2- кітабына тараулар бойынша сюжеттік талдау

  3. «Абай жолы» эпопеясының 3- кітабына тараулар бойынша сюжеттік талдау

  4. «Абай жолы» эпопеясының 4- кітабына тараулар бойынша сюжеттік талдау


38-сабақ 13-апта

1.Сабақтың тақырыбы:

“Абай жолы” эпопеясындағы әйелдер бейнесін топтап, жинақтап өту

2. Сабақтың жоспары:

Эпопеяда берілген әйелдер бейнесін «Абай, феодалдық қоғам және әйелдер, оны көрсетудегі жазушының идеялық-эстетикалық мұраты» проблемасының айналасында талдау тиімді ( төмендегідей топтап өтуді басшылыққа ала отырып)



3. Бақылау түрі:

Сабақ жоспарын құру

4. Тапсырма сұрақтары:

1. Абай аналары – Зере, Ұлжан („Қарашығым, қоңыр қозым...” )

2. Абай сүйген арулар – Тоғжан, Әйгерім („Жарқ етпес қара көңілім” ...)

3. Абай заманының шерменделері – Керімбала, Үмітей („Жолыңа жаным құрбан”)

4. Абайдың сырласы – Салтанат, ер мінезді Нұрғаным („...Қапастағы еркелер...”)

5. Махаббат, бостандық аңсаушылар – Мәкен, Мағрипа („Сертім сол, сенсіз өмір маған жоқ!”)

6. Абай жақындары, күндестік бұғауындағылар – Айғыз, Ділдә („Күндестің аты күндес те”)

7. Абай ауылының адуынды бәйбішелері – Қаражан, Мәніке („Кедейін сендей жарылқаған бәйбіше көрсем көзім шықсын”)

8. Байлар есігіндегі күңдер – Иіс, Баян, Есбикелер („...Босағада шіріп кеттің-ау...”)

5. Үйде орындап келу: жоғарыда көрсетілген тапсырмалар (қалаған тақырыбына) бойынша сабақ жоспарын құру
39-сабақ 13-апта

1. Сабақтың тақырыбы:

Ежелгі дәуір әдебиетін оқытудың өзіндік жолдары

2. Сабақтың жоспары:

1. Қазақ әдебиеті тарихының кезеңдерге бөлінуі

2. Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиеттің көп ғасырлық тарихы

3.Ежелгі дәуір әдебиетін кезеңдерге бөліп оқыту жолдары



4. Ежелгі дәуір әдебиетін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

3. Бақылау түрі: Ой бөліс, дебат

(2 б.)

4. Теориялық мәліметтер:



Қазақ әдебиеті, қазақ халқының көркем сөз өрнегі бүгінгі бигіне оп – оңай жете қойған жоқ, ол сан ғасырлық жолдардан, асулардан, зар замандардан өтті.

Демек басқа да бауырлас халықтардың әдебиеті сияқты қазақтың жазба әдебиетінің өмірге келу, қалыптасу, есею және кемелдену кезеңдері, яғни өзіндік даму тарихы бар.

Қай халқықтың болмасын әдебиет тарихы, ең алдымен, сол халықтың қоғамдық - әлеуметтік тарихымен тығыз байланысты болып келеді. Қазақ әдебиетінің тарихы да қазақ халқының қоғамдық, әлеуметтік және саяси өмірінің бейнелі көрінісі, сүрлеуі, ізі болып табылады. Сондықта да біз қазақ әдебиетінің түп – төркінін, ежелгі дәуірін ғылыми негізде танып – білу үшін алдымен халқымыздың арғы – бергі тарихынан толық хабардар болу керек дейміз.

Қазақ тарихының ежелгі дәуірден қалыптасып, өсіп, дамып келе жатқан өзіндік материалдық және рухани мәдениеті бар.

Қазақ халқы да бүкіл дүние жүзілік ғылым мен өнердің, әдебиеттің дамуына өзіндік үлес қосты, есімі әлемге мәшһүр ғалымдар мен ақын – жазушыларды, өнер қайраткерлерін тарих сахнасына шығарды.

Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан, сан қырлы әрі бай рухани мәдениетінің маңызды бір саласы – қазақ әдебиеті болып табылады.

Әдебиет тарихы - әдебиеттану ғылымының құрамдас, негізгі бір бөлімі.

Әдебиет тарихы пәні көркем әдебиеттің даму процесін қоғамдық өмірдің нақты жағдайымен байланысты түрде алып зерттейді.

Әдебиет тарихы пәнінің міндеті әрбір халықтың дамуындағы идеялық бағыт – бағдарларды, әдеби ағымдарды және олардың көркемдік ерекшеліктерін сол халықтың қоғамдық – экономикалық құрылысымен байланысты түрде танып – білу. Қазақ әдебиеті тарихы әдебиеттану ғылымының құрамдас бөлімі ретінде көркем сөз өнерінің тарихын халқымыздың төл тарихынан бөліп – жармай, тұтас күйінде зерттейді. Сол арқылы ол әдеби шығарманың туылуын, әдеби өмірдің кемелденуін сан алуан әдеби бағыттар мен көріктеу құралдарының даму кезеңдерін, әдеби процеске ықпал еткен қаламгерлердің творчествосын танып біледі.

Қазақ әдебиеті тарихы – қазақ халқының қадым замандардан бастап, бүгінгі күнге дейін жасаған көркем әдебиет туындыларын қамтиды.

Қазақтар халық ретінде тек XV ғасырларда қалыртасқанмен, қазақ әдебиетінің сан ғасырлық тарихы өте ерте, қадым замандардан, ежелгі дәстүрлерден басталатыны даусыз. Қазақ халқының құрамына негіз болған этникалық процестердің түп тамыры ежелгі заманнан, алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап таптық қатынастар туа бастаған заманнан басталатыны тарихтан жақсы мәлім.

Бертін келе қазақ халқының құрылуына негіз болған ру – тайпалар көне замандардан – ақ қазіргі Қазақстанды, Орта Азияны, оңтүстік – шығыс Сібірді, Орталық Азияны, Еділ бойы мен Каспий жағалауларын мекен етті. Қазақ халқын құраған осы ру – тайпалар кезінде өзбек, қырғыз, азербайжан, түрікмен, ұйғыр, қарақалпақ, хақас, башқұрт, татар халықтарының құрамына енген ру – тайпалармен аралас көршілес өмір сүргені белгілі.

Түркі тектес халықтардың ежелгі мәдени, әдеби және тілдік мұраларын ұзақ жылдар бойы зерттеген Е. Э. Бартельс, А. Н. Самойлович, С. Е. Малов, И. В. Стеблева, Ә. Н. Нәжіп сияқты кеңес ғалымдары қазіргі түркі тектес халықтардың ру – ұлыстық дәуірінде бәріне ортақ жазу – сызуы әліппесі, мәдениеті, тілі, әдебиеті болған деп санайды.

Қазақ әдебиеті тарихын кезеңдерге бөліп, дәуірлеу үшін, бір жағынан, қоғамның жалпы даму заңдылықтарына, екіеші жағынан әдебиет дамуының өзіне ғана тән белгі – сипаттарға негізделуі тиіс.

Демек, қазақ әдебиеті тарихы мынадай екі принципке сүйене отырып жүйелей аламыз :


  1. Адамзат қоғамының жалпы даму заңдылықтарын, соның ішінде қазақ халқының қалыптасып, тарихи кезеңдеріне ықпал еткен әлеуметтік экономикалық факторларды жете білу.

  2. Көркем әдебиеттің қоғамдық – эстетикалық мәні мен қызметінің өсу, жетіле түсу сатыларын, сан қилы әдеби ағымдардың пайда болу жолдарын, әдеби жанрлар мен әдеби тәсілдердің даму кезеңдерін танып – білу қажет.

Белгілі ғалым Б. Кенжебаев бастаған ғалымдар тобы қазақ әдебиеті тарихын төмендегідей кезеңдерге бөліп, жүйелеп қарастырады :

  1. Ежелгі әдебиет, бұл дәуір VI – XV ғасырлар арасын қамтиды. Бұл кейінірек қазақ халқының құрамына енген қазақ ру – тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуірлеріндегі әдебиет. Ерте кездегі түрік ру – тайпаларымен бірге жасалған ортақ әдебиет.

  2. Қазақ хандығы дәуіріндегі (XV – XIX ғасырлар арасы) әдебиет. Қазақтың өзіндік төл әдебиеті.

  3. Қазақтың XIX – ғасырдағы жаңа, сыншыл, реалистік әдебиеті.

  4. Қазақтың XX – ғасыр басындағы (1900 – 1920 жылдардағы) әдебиеті.

  5. Қазіргі дәуір әдебиеті.

  1. VI – IX ғасырлардағы көне түркі әдебиет ескерткіштері. Бұған Орхон жазба ескерткіштері, атап айтқанда Күлтегеін, Білге қаған, Тоныкөк туралы құлыптастарға қашап жазылған жырлар, сондай – ақ “Оғыз - наме” дастаны мен “Қорқыт ата кітабы”, Әбу Насыр әл – Фарабидің әдебиет саласындағы еңбектері енеді.

  2. X – XII ғасырлардағы әдебиет. Бұлар негізінен Қараханид түріктерінің тілінде жазылған әдеби ескерткіштер деуге болады. Жүсіп Баласағұнидің “Құтадғу біліг” (“Құтты біліг”) деген дидактикалық дастаны, Махмұт Қашқаридің “Диуани лұғат ат - түрік” (“Түркі тілдерінің сөздігі”), Қожа Ахмет Яссауидің “Диуани хикмат” (“Даналық кітабы”) атты өлеңдер жинағы, Ахмет Иүгінекидің “Хибатул - хақайық” (“Ақиқат сыйы”) деген дидактикалық сарындағы жыр жинағы, Сүлеймен Бақырғанидің “Хакім ата”, “Жұбан ана”, “Әулие Мария” атты өлең жинақтары т. б. X – XII ғасырларда өмірге келген әдебиет нұсқалары болып табылады.

  3. XIII – XIV ғасырлардағы әдебиет. Бұл кезең әдебиет тариында Алтын Орда – Хорезм дәуірі деп те аталады. Аталған дәуірдегі туындылар жалпы түркі әдеби тілінің (шағатай) қыпшқ диалектісі негізінде азылған. Олар : “Кодекс Куманикус” (“Қыпшақ тілінің сөздігі”), Хорезмидің “Мұхаббат - наме” дастаны, Насыридин Рабғузидың “Қисса – сул Әнбия” немесе “Қиссауи Рабғузи” жинағы, Дүрбектің “Жүсіп - Зылиқа”, Сайфи Сарайидың “Гүлістан бит - түрік”, Құтыптың “Қысрау - Шырын” дастандары. Сондай – ақ Алтын Орда дәуірінде жазылған тарихи мұралар шежіре – кітаптар да баршылық. Қазақтың тұңғыш тарихшысы Хайдар Дулатидің “Тарихи Рашиди”, Қадырғали Жалайридің “Жамиғат - таурих”, Захириддин Бабырдың “Бабыр - наме” атты шығармалары аталмыш дәуірдегі әдебиеттің көрнекті үлгілері болып табылады.

5. Дебат сұрақтары


1. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері

2. Әдебиет тарихын кезеңдерге бөлу принциптері

3. Қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші ғалымдар

4. Түркі текстес халықтарға ортақ әдебиет

5. Ежелгі дәуір әдебиетін оқыту түрлері

6. Ежелгі дәуір әдебиетін оқытудың әдіс-тәсілдері

7. ҮІ-ІХ ғасырлардағы әдеби мұраларды оқытудың жолдары

8. Х-ХІІ ғасырлардағы әдеби мұраларды оқытудың жолдары

9. ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы әдеби мұраларды оқытудың жолдары

10. Ежелгі дәуір әдебиетіне арналған тарихи шежірелер


40-сабақ 14-апта

1.Сабақтың тақырыбы:

Хандық дәуірдегі әдебиеттің өзіндік ерекшелігі (философиялық – дидактикалық толғаулар)

2. Сабақтың жоспары:

1.Хандық дәуір әдебиетін оқытудың жолдары

2. Хандық дәуірдегі әдебиетінің өзіндік ерекшелігі

3. Жыраулар поэзиясының әдебиет тарихынан алатын орны

4. Жырау шығармаларындағы философиялық – дидактикалық толғаулар

3. Бақылау түрі:

Тест тапсырмасы
4. Тест сұрақтары:


  1. Дербес қазақ атымен аталатын әдебиет қай ғасырдан басталады.

А) XV ғ.

В) XVI ғ.

С) XIII ғ.

Д) XII ғ.

Е) VI ғ.


  1. Қазақ хандығының құрылуы туралы жазылған еңбек.

А) “Оғыз-наме”

В) “Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі”

С) “Бақытсыз Жамал”

Д) “Абай айнасы”

Е) “Әдебиет танытқыш”


  1. Қазтуғанның өзіне арналған мадақ жыры.

А) “Алаң да алаң, алаң жұрт”

В) “Қоғалы көлдер қом сулар”

С) “Бұдырайған екі шекелі”

Е) “Бұл заманда не ғаріп?”



  1. Қазтуғанның туған жермен қоштасу жыры.

А) “Ей, Қатаған хан Тұрсын”

В) “Орманбет би өлген күн”

С) “Бағаналы орда, басты орда”

Д) “Алаң да алаң, алаң жұрт”

Е) “... Қырында киік жайлаған”


  1. “Көшпенділер философы” атанған жырау.

А) Асан қайғы

В) Доспамбет

С) Қазтуған

Д) Марғасқа

Е) Тәттіқара


  1. Асан жайындағы аңыздардың ең таңдаулысы.

А) “Су аяғы Қорқыт”

В) “Қараспан”

С) “Жерұйықты” іздеуі

Д) ”Қыз қала”

Е) “Ежен хан мен Асан”

7. Асан қайғы қай ханның тұсында өмір кешті?

А) Абылай

В) Есім хан

С) Тәуке хан

Д) Әз Жәнібек хан

Е) Қасым хан

8. Асанның ханға қаратыла айтқан толғауы.

А) ”Ай хан, мен айтпасам білмейсің!...”

В) “Қырында киік жайлаған”.

С) “Бұл заманда не ғаріп?”

Д) “Алаң да алаң алаң жұрт”

Е) “Қоғалы көлдер қом сулар”

9. Доспамбет жырудың туып-өскен жері.

А) Сарай қаласы

В) Азов шаһары

С) Шым қала

Д) Қашғар

Е) Қыз қала

10. Доспамбеттің толғауы.

А) “Әмірің қатты Есім хан”

В) “Қол-аяғым бұғауда”

С) “Жағама қолдың тигенін”

Д) “Арғымаққа оқ тиді”

Е) “Қырында киік жайлаған”

11. Шалкиіз жыраудың өмір сүрген дәуірі.

А) 1430-1540

В) 1420-1480

С) 1410-1490

Д) 1405-1460

Е) 1465-1560

12. Би Темірдің тұсында ғұмыр кешкен жырау.

А) Шалкиіз

В) Асан қайғы

С) Жиембет

Д) Доспамбет

Е) Бұқар

13. “Аспанды бұлт құрсайды-

Күн жауарға ұқсайды,

Көлдерде қулар шулайды

Көкшіліден ол айуан

Соққы жегенге ұқсайды...” үзінді қай жыраудың шығармасынан алынды?

А) Асан қайғы

В) Шалкиіз

С) Доспамбет

Д) Бұқар

Е) Ақтамберді

14. Есім ханның әскербасы батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы.

А) Асан қайғы

В) Шалкиіз

С) Жиембет

Д) Тәтіқара

Е) Шал

15. “Еңсегей бойлы ер Есім,



Есім сені есірткен

Есіл де менің кеңесім!..” жыр жолдарының авторы.

А) Қазтуған

В) Сыпыра

С) Шалкиіз

Д) Жиембет

Е) Бұқар

16 Марғасқа жыраудың жыры.

А) “Ей, Қатағанның хан Тұрсын”

В) “Еңсегей бойлы ер Есім”

С) “Бұл заманда не ғаріп?”

Д) “Арғымаққа оқ тиді...”

Е) “Қоғалы көлдер қом сулар”

17. Ақтамберді жыраудың өмір сүрген жылдары.

А) 1670-1760

В) 1675-1768

С) 1590-1640

Д) 1678-1748

Е) 1640-1690

18. “Күлдір-күлдір кісінетіп” толғауының авторы.

А) Марғасқа

В) Асан қайғы

С) Ақтамберді

Д) Жиембет

Е) Шалкиіз

19. Ақтамберді толғауларындағы басты сарын.

А) табиғатты суреттеу

В) саяси жағдай

С) әлеуметтік мәселе

Д) ерлікке, батырлыққа шақыру

Е) тұрмыс мәселесі

20. Қазақ тарихындағы ең қиын кезеңде өмір сүрген жырау.(“Ақтабан шұбырынды” оқиғасы)

А) Шалкиіз

В) Ақтамберді

С) Шал

Д) Көтеш


Е) Асан қайғы

21. Тәтіқара ақын қай ғасырда ғұмыр кешті?

А) XV ғ

В) XVI ғ


С) XVIII ғ

Д) XIII ғ

Е) X ғ

22. Қалмақтармен соғыста ерлік көрсеткен қазақ батырларын жырлаған ақын



А) Жиембет

В) Марғасқа

С) Тәтіқара

Д) Үмбетей

Е) Асан қайғы

23. “Қамыстың басы майда, түбі сайда” өлеңінің авторы.

А) Тәтіқара

В) Жиембет

С) Шалкиіз

Д) Доспамбет

Е) Қазтуған

24. Үмбетей жыраудың туылған жылы.


А) 1710-1780


В) 1705-1760

С) 1690-1740

Д) 1706-1778

Е) 1740-1810

25. Қазақ поэзиясында Бөгембай батырдың өшпес образын жасаған жырау

А) Тәтіқара

В) Үмбетей

С) Доспамбет

Д) Қазтуған

Е) Шалкиіз

26 Бөгембай батырдың өлімін Абылай ханға естірткен жырау

А) Тәтіқара

В) Доспамбет

С) Үмбетей

Д) Бұхар

Е) Асан қайғы

27. “Бәкіге”, “Бұқарға” деген арнау өлеңдерін тудырған жырау.

А) Қазтуған

В) Марғасқа

С) Тәтіқара

Д) Үмбетей

Е) Сыпыра

28. 1668-1781 жылдар арасында ғұмыр кешкен жырау.

А) Бұқар

В) Шалкиіз

С) Доспамбет

Д) Қазтуған

Е) Сыпыра

29. Өз дәуірінің данышпан ойшылы, Абылай ханның ақылгөй-кеңесшісі:

А) Асан қайғы

В) Доспамбет

С) Шалкиіз

Д) Сыпыра

Е) Бұқар


30. Толғауларында басты қаһарман етіп, Абылай ханды суреттеген жырау.

А) Бұқар

В) Марғасқа

С) Тәтіқара

Д) Доспамбет

Е) Шалкиіз

31. “Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек” жырының авторы.

А) Асан қайғы

В) Бұқар

С) Марғасқа

Д) Шалкиіз

Е) Сыпыра

32. “Бірінші тілек тілеңіз,

Бір аллаға жазбасқа

Екінші тілек тілеңіз,

Ер шұғыл пасық залымның

Тіліне еріп азбасқа...” жырын тудырған жырау.

А) Сыпыра

В) Қазтуған

С) Бұқар


Д) Шалкиіз

Е) Асан қайғы

33. “Ай не болар күннен соң”, “Керей, қайда барасың?” жырларының авторы

А) Асан қайғы

В) Қазтуған

С) Сыпыра

Д) Шалкиіз

Е) Бұқар


34. Көтеш ақынның өмір сүрген кезеңі

А) 1740-1810

В) 1739-1809

С) 1745-1818

Д) 1790-1840

Е) 1750-1820

35. “Абылай, Ботақанды сен өлтірдің” жырының авторы.

А) Шал


В) Көтеш

С) Бұқар

Д) Ақтамберді

Е) Шалкиіз



41-сабақ 14-апта

1. Сабақтың тақырыбы:

Әдебиет пәні бойынша апталықтар өткізу

2. Сабақтың жоспары:

1. Әдебиет пәні бойынша апталықтар, декадалар өткізудің ерекшелігі

2.Әдеби конференцияларды ұйымдастыру жолдарыъ

3. Әдеби кеш үлгілері

3.М. Әуезов шығармаларына байланысты жүргізілетін жұмыстар

3.Бақылау түрі: Сценарий түзу

(1 б.)

4.Теориялық мәліметтер:

Әдеби конференцияларды үлкен бір проблемалар, тақырыптар бойынша жүйелі өткізіп тұру тиімді. «Қайта оралған есімдер» шығармашылығы бойынша мынадай тақырыптарды қамтуға болады:



  1. Мағжан поэзиясындағы нышан, романтика, миф.

  2. а) Шәкәрім – Шығыс поэзиясындағы жарқын тұлға. ә) Шәкәрім поэзиясындағы Абай үлгісі, Абай әсері.

  3. Ана тілін түрлеген Ахаң.

  4. Жүсіпбек прозасындағы шеберлік пен шешендік.

  5. Міржақып – алғашқы қазақ романының авторы.

Мектепішілік конкурстар, жарыстар, әдеби ойындар, кітап оқу мәдениеті, маңызы т.б. тақырыптарға тәрбие сағаттарын жүргізу, оқырмандар конференциясын өткізудің маңызы ерекше. Мұндай әр түрлі жұмыстарды бір маңызды тақырып айналасында өткізуге болады.
5. Әдеби іс-шаралар тақырыптары:

Мысалы, М. Әуезов шығармаларына байланысты мынадай жұмыстар жүргізуге болады:



  1. Бәйге-жарыстар (конкурстар)

  1. М. Әуезов шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу;

  2. М. Әуезовті ең көп оқыған бала;

  3. «Жеке меншігінде М. Әуезов шығармалары көп», «Әуезов мұрагері» т.с.с.




  1. Әдеби викториналар

Викториналық сұрақтар «Мектеп тынысы» стендісіне ілініп қойылады, балалар жауабы арнайы жәшікке хат үлгісінде жазбаша салынады. Қорытындысы жиналыс, отырыста хабарланады.
Викторина сұрақтары (жоғары сыныптар үшін):

Үлгі:


  1. «М.Әуезов – заманымыздың ұлы жазушыларының бірі». Кімнің сөзі?

  2. «Сіз «Абайды» оқыдыңыз ба? Оқымасаңыз, сіз еш нәрсе білмейсіз! Бұл – таңғажайып, бұл – керемет!» Кімнің сөзі? Кімге айтылған?




  1. Оқырмандар конференциясы

5-8 сыныптарда «Мен сүйетін ертегі», «Мысалдар әлемінде», «Туған жер әуені» тақырыптарды алуға болады.

4-6 сыныптарда «Шыңғыс Айтматов шығармаларындағы азаматтық проблемалар. «Екінші дүниежүзілік соғыс Қасым жырларында», «Шәкәрім шығармаларындағы Шығыс сазы», «Шәкәрім және Абай», «Қазақ әдебиетіндегі суырыпсалмалық өнер», т.б.


6. Тапсырма: жоғарыдағы тақырыптарға сценарий, жоспар түзу
42-сабақ 14-апта

1.Сабақтың тақырыбы:

Сөздік жұмыстарын жүргізу

2. Сабақтың жоспары:

1. Оқушылардың тіл байлығын жетілдіруде сөздік жұмыстарының орны

2. Тіл ұстарту сабағының мақсаты

3. оқушының сөздік қорын молайтудың жолдары

4. Оқушылардың сөздікпен жұмыс істеу ерекшеліктері

3. Бақылау түрі: Сөздікпен жұмыс жүргізу сабағына жоспар құру

(1 б.)

4. Бақылау сұрақтары:

1. Сөздіктер қандай мақсатта қолданылады?

2. Көркем шығармаларды оқытуда түсіндірме сөздігінің орны

3. Фразеологиялық сөздіктерді қолдану жолдары

4. Терминдер сөздігін пайдалану ерекшеліктері

5. Сөздікті қай кезде қолданады?

6. Оқушыларға „Сөздік қоржыны” пасату мақсаты

7. Халық мақал- мәтелдерін меңгертудің жолдары

8. Сөз тіркестерін өткенде сөздікті пайдалану ерекшелігі

9. Шешендік сөздерге арнап тіл дамыту жұмыстарын жүргізу

10. Шығармадағы мағынасы қиын сөздерді түсіндіру жолдары

5. Тапсырма: Жоғарыда аталған сөздіктерді пайдалана отырып белгілі бір сыныпта өтілетін көркем шығарманың мақсатына қарай сабақ жоспарын құру
43-сабақ 15-апта

1. Сабақтың тақырыбы:

Оқушы білімін тексеру, бағалаудың жолдары

2. Сабақтың жоспары:

1. Үй тапсырмалары бірнеше мақсатта беріледі:

- Сыныпта алған білімдерін бекіту;

- Сыныпта алған білімдерін қосымша материалдар арқылы байыту, молайту;

- Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар арқылы қабілеті, дарыны, талантын дамыту, оған әсер ету;

- Алдын ала берілетін тапсырмалар арқылы оқушыларды жаңа сабаққа дайындау.

2.Үй тапсырмасын беру

3.Бала білімін есепке алу жолдары



3. Бақылау түрі:

Коллоквиум
4. Теориялық мәліметтер:

Үй тапсырмасының қандай түрі болмасын, мұғалім даралап (дифференциалдап) оқыту принциптерін басшылыққа алуы тиіс.

Үй тапсырмасын беру оқылып жатқан тақырыптың ауыр, жеңілдігіне де байланысты болады. Мұғалім оған кететін уақытты мөлшерлейді, сондай-ақ басқа пәндердің тапсырмасын да ескеріп отырғаны жөн.

Үй тапсырмасын түсіндіріп беру, үлгі, көмек көрсету оның жемісті орындалуына үлкен әсер етеді. Әсіресе, қабілеті «орташадан төмен» оқушыға мұғалім үнемі көмек көрсетіп, «көмек-нұсқау» беріп отыруы керек.

Үй тапсырмаларының түрлері


  1. Оқулық бойынша берілетін тапсырмаларға мыналар жатады:

а) Тақырып бойынша сұрақтарға жауап.

ә) Тақырыптарды оқу, мазмұндау.

б) Тақырыптардың ең негізгі, түйінді дәнін бөліп ала білу.

в) Тезис конспекті жасау.

г) Өз беттерімен тақырып материалдарына сұрақтар әзірлеу.


  1. Көркем мәтін, көркем туынды бойынша:

а) Сюжеттік, композициялық жоспар жасау.

ә) Аннотация жазу.

б) Поэтикалық талдау жасау (көркем компоненттеріне).

в) Жазушы тілі, стиліне талдау

г) Кейіпкерлердің сөйлеу тілі, іс-әрекетінен мысалдар алу, оны жауаптарында, не шығармаларында пайдалану.

д) Негізгі оқиғаларды сұрыптап ала білу, сол бойынша мазмұндау, не образдардың іс-әрекетін ашу.

Бұл тәсіл, әсіресе, көлемді шығармаларды оқуда пайдалы. Мысалы, 4 томдық «Абай жолын», оның барлық оқиғаларын есте ұстау - өте қиын. Сондықтан әр кітаптың ең негізгі, басты оқиғаларын сұрыптап ала білудің маңызы зор.

5. Коллоквиум сұрақтары

1.Үй тапсырмасын беру және бала білімін есепке алу жолдары

2.Үй тапсырмасын берудегі мақсат

3.Үй тапсырмаларының түрлері



4. Бағалау нормативтері

5. Оқушылардың білімін есепке алу

6. Белгілі бір тақырыптар бойынша үй тапсырмасын беру

7. Ғылыми еңбектер, қосымша метериалдар бойынша үй тапсырмасын беру

8. Абай шығармалары бойынша үй тапсырмасын беру

9. М.Әуезов шығармалары бойынша үй тапсырмасын беру

10. Махамбет поэзиясы бойынша үй тапсырмаларын беру


44-сабақ 15-апта

1.Сабақтың тақырыбы:

Қайталау, қорытынды, жинақтау сабақтары

2. Сабақтың жоспары:

1. Бұл сабақтардың кіріспе сабақтармен және көркем мәтінмен жұмыс кезеңімен тығыз байланысы

2. Қорытынды сабақтардың көркем шығарманың түсініп талдаудың шешуші кезеңі екендігі

3. Алдынғы сабақтарда берілген әдеби білімнің бұл сабақтарда бекітілетіні

4. Бұл сабақтарда іздену, зерттеу жұмыстары шығармашылықпен іске асырылатындығы

3. Бақылау түрі:

Сабақ жоспарын құру

4. Бақылау сұрақтары:


  1. Жаңа сабақты бекітуде қолданылатын әдіс – тәсілдер




  1. Қайталау сабағын өткізу жолдары




  1. Жинақтау сабағының негізгі түрлері мен оның құрылысы




  1. Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан озат мұғалімдердің осы сабақтар төңірегінде пікірлері




  1. Қайталау, қорытынды сабақтарына қойылатын негізгі талаптар




  1. Бұл сабақтарды оқытудың формасы




  1. Сабақты жіктеу тәсілдері




  1. Мұғалімнің сабаққа дайындалу тәсілдері



  1. Оқушылардың өзіндік жұмысының маңызы

11.Жаңа оқу материалын енгізу сабағының құрылымы



5. Тапсырма:

1.Базалық сыныптарға (5-9) арнап қайталау, қорытынды, жинақтау сабақтарының жоспарын құру (қалаған бір тақырыбына)

2. Жоғары сыныптарға (10-11) арнап қайталау, қорытынды, жинақтау сабақтарының жоспарын құру (қалаған бір тақырыбына)
45-сабақ 15-апта


  1. Сабақтың тақырыбы:

Аударма шығармаларды оқыту мәселелері

2. Сабақтың жоспары:

1. Қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысы

2. Аударма жанрының өрістеуі

3. Аударма жанрының өзіндік ерекшелігі

4. Аударма жанрының заман талабынан туған рухани қажеттілігі

5.Қазақ қаламгерлерінің өзге елдер әдебиетінің озық үлгілерін қазақ оқырмандарына жеткізу тәжірибесі



3. Бақылау түрі:

Ой бөліс, дебат

4. Бақылау сұрақтары

1. Қазақ әдебиетінің шығыс әдебиетімен байланысы

2. Қазақ әдебиетінің орыс әдебиетімен байланысы

3. Қазақ әдебиетінің батыс әдебиетімен байланысы

4. Қазақ әдебиетінің түркі әдебиетімен байланысы

2. Аударма жанрының қажеттілігі

3. Абайдың аудармалық шығармалары

4. Шәкәрімнің аудармалық шығармалары

5. Аудармалық-назиралық жанрдың өрістеуі

6. Қазақ жазушыларының ішінде аударма саласымен айналысатын қаламгерлер

7. О.Сүлейменов шығармаларының қазақ тіліне аударылуы

8. Мысал жанрын аударған қаламгерлер

9. Аударма арқылы қазақ ертегілерінің толығуы

4. Аударма жанрының заман талабынан туған рухани қажеттілігі

5.Қазақ қаламгерлерінің өзге елдер әдебиетінің озық үлгілерін қазақ оқырмандарына жеткізу тәжірибесі

5. Тапсырма:

1.Базалық сыныптарда кездесетін (5-9) аудармалық шығармаларды жинақтау, топтау, қалаған бір тақырыбына сабақ жоспарын құру (мектеп оқулығы бойынша)



2. Жоғары сыныптарда кездесетін (10-11) аудармалық шығармаларды жинақтау, топтау, қалаған бір тақырыбына сабақ жоспарын құру (мектеп оқулығы бойынша)

«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінен

Бақылау сұрақтары


  1. Шетел және туыстас халықтар әдебиетін оқыту ерекшеліктері.

  2. Әдістерді таңдап алу жолдары.

  3. Саралап оқыту жолдары.

  4. Әдеби талдаудың негізгі тәсілдері.

  5. Оқытушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

  6. „Абай жолындағы” Абай бейнесін проблемалап оқыту.

  7. Ы. Алтынсарин – ағартушы ұстаз, тарихи тұлға.

  8. Әдебиетті оқытудың зерттеу әдісі

  9. Абайдың „Ғылым таппай мақтанба” өлеңін өту, мәнерлеп жатқа оқу.

  10. Әдебиетті оқытуда тарихи-әдеби курсты жоспарлау әдістері.

  11. Сабақ және оның кезеңдері.

  12. Жазба жұмыстар арқылы тіл дамыту.

  13. Педагогикалық психология мен әдебиетті оқыту әдістемесі.

  14. Әдебиетті оқытудың әдістері мен тәсілдері.

  15. Мұғалім даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика

  16. Әдебиет теориясы мәселелерін оқыту.

  17. Қазіргі кездегі әдебиет сабағына қойылатын талаптар.

  18. Көркем сөз тексін жаттау жұмысы.

  19. Әдебиетті оқыту әдістемесі – ғылыми пәні.

  20. Әдебиетті оқытудың ауызекі әдістері.

  21. Абайдың „Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай” өлеңін талдау.

  22. Сабақта өтілетін көркем шығарманы алдын-ала жоспарлау.

  23. Эпикалық шығармаларды оқытудағы белгілі әдіскер мұғалімдердің әдістемелік тәжірибелері

  24. М. Әуезовтің „Абай жолы” эпопеясын оқытудың жолдары

  25. 1999-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі бетбұрыс.

  26. Көркем шығарманы оқыту.

  27. Әдебиет сабағының көрнекілігі.

  28. Мұғалім және оның әдеби білім берудегі орны.

  29. Жазушы өмірбаянын оқыту.

  30. Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы. Монографиялық тақырыпты өту үлгісі.

  31. Әдебиет пәні бағдарламаларын мемлекеттік білім стандартына сай жетілдіру.

  32. Лирикалық шығармаларды оқытудағы әдістемелік тәжірибелер.

  33. Әдебиет теориясын оқытуға қатысты еңбектерге шолу.

  34. Әдебиетті оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы.

  35. Шығармашылық оқу әдісі.

  36. Әдебиет бойынша сыныптан тыс жұмыстар.

  37. Әдебиетті оқытуда базалық білім курсын жоспарлау әдістері.

  38. Шығарманың сюжеттік-композициялық желісіне талдау жасау жолдары.

  39. „Менің атым Қожа” шығармасына мазмұндама жаздыру.

  40. Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдары.

  41. Кіріспе сабақтар. Ерекшеліктері. Сабақ процесіндегі алатын орны.

  42. Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстары.

  43. Махамбет жырларындағы ақынның өз бейнесі. Шығарма жаздыру.

  44. Оқушының ауызша және жазбаша тілін дамытуға байланысты жұмыс түрлері.

  45. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды жазу әдістемесі.

  46. Драмалық шығармаларды талдау жолдары.

  47. Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуындағы үш кезең.

  48. Оқушылардың көркем шығарманы қабылдау процесіндегі жас ерекшелігі мәселесі.

  49. „Абайдың балалық шағы” шығармасына жоспар жасау.

  50. Шығарманың талдауға жататын құрамды элементтері.

  51. Әдебиетті оқу кітаптарының құрылысы мен мазмұны.

  52. Ыбырайдың оқыту әдістемесіне қосқан жаңалықтары.

  53. Жалпы білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы.

  54. Эпикалық шығармаларды оқыту.

  55. „Өзен” атты өлеңді өтудің сабақ үлгісі.

  56. Қазақ әдебиетін оқытуға байланысты әдістемелік проблемаларды зерттеу мәселесі.

  57. Шығарманы мәнерлеп оқудың жолдары.

  58. Факультативтік сабақ.

  59. Көркем мәтінмен жұмыс кезеңі.

  60. Әр кезеңде мектепке арналған әдебиет пәні бағдарламалары мен оқулықтары.

  61. Әдебиет сабағының түрлері.

  62. Шығармашылық ізденістер. Оның өзіндік ерекшеліктері.

  63. Көркем туындыны талдаудың түрлері.

  64. Оқушы білімін есепке алу мен бағалау.

  65. X-XI сыныптардағы тарихи-әдебиеттік курстың өтілу принциптері.

  66. Проблемалық оқыту, оның эпикалық шығармаларды меңгертудегі тиімділігі.

  67. X-XI сыныптардағы шығарма жұмыстарының түрлері.

  68. Әдеби білім берудегі модульдік жүйе.

  69. Эвристикалық әдіс.

  70. Әдебиет бойынша сыныптан тыс оқу.

  71. Базалық білім (V-IX) сыныптарында берілетін әдеби білім көлемі, өтілу принциптері.

  72. Драмалық шығармаларды оқыту.

  73. V-VII сыныптардағы шығарма жұмыстарының түрлері.

  74. Оқытудың жаңа технологиясы.

  75. Көркем мәтінді меңгертудің жолдары.

  76. „Миллионер” повесін оқыту. Повестке күрделі жоспар жасау.

  77. Әдебиетті оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы.

  78. Әдебиетті оқытудың репродуктивтік әдісі.

  79. Б. Майлиннің „Он бес үй” шығармасын әңгімелеу.

  80. Әдебиетті оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеті.

  81. Қорытынды сабақтар.

  82. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Шолу тақырыбын өту үлгісі.

  83. Әдебиетті оқыту әдістемесі, оның қарастыратын мәселелері.

  84. Әдебиетті оқыту әдістері.

  85. С. Дөнентаевтың „Бозторғай” өлеңін оқытудың жолдары.

  86. Әдебиетті оқыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысы.

  87. Әдебиетті оқытудың практикалық әдістері.

  88. Жамбыл туралы өмірбаяндық мәлімет (кіріспе сабағы).

  89. Әдебиет пәнінің мектептік пәндер жүйесіндегі орны, өзіндік ерекшеліктері.

  90. Оқытудың көрнекілік әдістері.

  91. „Есек пен бұлбұл” мысал өлеңін оқытудың әдіс-тәсілі.

  92. Ғылыми-әдістемелік басылымдар, олардың мұғалім біліктілігін арттырудағы ролі.

  93. Шолу тақырыптарын өтуде әдебиетті оқыту әдістерін пайдаланудың тиімді жолдары.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет