Сабақ беретін сыныптарында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс-жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда



бет4/11
Дата02.02.2022
өлшемі25,1 Kb.
#116900
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Нұсқаулық КБ Негізгі және орта мектеп (1), Қмж, Қмж
Мінездеме

Алмасбекова Шолпан Мейрамхановна еңбек жолын 2002 жылы бастаған. М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде қызметін атқарып келеді.Білімі жоғары, бірінші санатты мұғалім. Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Еңбек жолында облыстық, аудандық, мектепішілік алғыс хаттар мен марапаттар иеленген. Мұғалімнің негізгі мақсаты - оқушылардың шығармашылығын арттыра отырып, жаңаша білім беру. Білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды. 2015-2016 оқу жылында «Тіл достық пен келісімнің тірегі» атты тілдер апталығында «Love learning English» тақырыбында сыныптан тыс шарасы , «Revision of grammar» тақырыбындағы ашық сабағы « жақсы» деп бағаланды. «Жас ерекшеліктеріне сай оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту» тақырыбында шығармашылықпен жұмыстанып, оны үнемі сабақта қолдануда. 2015-2016 оқу жылында ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Ағылшын тілі» пәні бойынша біліктілігін арттырып, сертификатталды.
Сонымен қатар Шолпан мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ол адамгершілік, сыйластық деген ұғымдарды бірінші орынға қояды. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол 4 баланың анасы, аяулы жар. 
Алмасбекова Шолпанның білімді де, білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол.



Мектеп директоры: Ғ.Байзахов



Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сәрсепбаева Шолпан Махатаевнаға



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет