Сабақ беретін сыныптарында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс-жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда



бет5/11
Дата02.02.2022
өлшемі25,1 Kb.
#116900
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Нұсқаулық КБ Негізгі және орта мектеп (1), Қмж, Қмж
Мінездеме

Сәрсепбаева Шолпан Махатаевна еңбек жолын 1992 жылы бастаған. М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде неміс тілі пәнінің мұғалімі ретінде қызметін бастап, кейін 2007 жылы ағылшын тілі мамандығын Шымкент әлеуметтік- педагогикалық университетінен алып қазіргі таңда ағылшын тілінен сабақ беруде. Білімі жоғары, бірінші санатты ұстаз. Еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып жүрген ұстаздардың бірі. Еңбек жолында аудандық, мектепішілік алғыс хаттар мен марапаттар иеленген. Мұғалімнің ретінде оқушылардың шығармашылығын арттыра отырып, жаңаша білім беруді көздейді. Білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды. 2015-2016 оқу жылында «Много языков на свете разных» атты апталықта 6 сыныппен өткізген ашық сабағы жақсы деңгейде бағаланды. «Халық педагогикасын сабақтарда қолдану» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасап, оны үнемі сабақта қолдануда. 2015-2016 оқу жылында ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Ағылшын тілі» пәні бойынша біліктілігін арттырып, сертификатталды.
Сонымен қатар Шолпан мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласуда. Ол адамгершілігі мол, үлгілі ұстаздардың бірі. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол отбасының анасы, аяулы жар. 
Сәрсепбаева Шолпанның оқушының білімін жетілдіруге үлес қосатын ұстаз екеніне сенімдіміз.

Мектеп директоры: Ғ.Байзахов







Орыс тілі пәнінің мұғалімі Курмангалиева Умит Тезекбаевнаға



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет