Сабақ беретін сыныптарында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс-жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда



бет8/11
Дата02.02.2022
өлшемі25,1 Kb.
#116900
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Нұсқаулық КБ Негізгі және орта мектеп (1), Қмж, Қмж
Мінездеме
Ибрагимова Пакизат Сатынбековна 2003 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметін атқарып келеді.Білімі жоғары, екінші санатты мұғалім. Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Мұғалімнің ретінде мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру. 
Сабақ беретін сыныптарында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс-жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсауда. 2015-2016 оқу жылында «Тіл достық пен келісімнің тірегі» атты тілдер апталығында «Тіл ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты «өте жақсы» деп бағаланды. « «Мақал сөздің мәйегі» қазақ тілі сабағында мақал-мәтелді пайдалану» тақырыбында шығармашылықпен жұмыстанып, оны үнемі сабақта қолдануда.
Сонымен қатар ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас маман. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол бес баланың анасы, аяулы жар. 
Пакизат заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол.



Мектеп директоры: Ғ.Байзахов

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Бурбекова Роза Ермановнаға




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет