Сабақ беріп көру практикасы


Білім беру технологиялары  жөнінде  мынандай түсініктер бар



бет5/15
Дата28.01.2022
өлшемі444,5 Kb.
#115415
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Ниязметов Санжар практика
3 дәрістер жинағы

Білім

беру технологиялары  жөнінде  мынандай түсініктер бар.

Білім беру технологиясы – бұл-

1.       Оқытудың жоспарланған  нәтижесіне жету үрдісін суреттеу / И.П. Волоков/

2.       Оқу үрдісін жүзеге асырудын мазмұнды техникасы /В.П. Беспалько/

3.       Өнер, шеберлік, біліктілік, жағдайды өзгерту, қайта өңдеу әдістерінің  жиынтығы. / В.М. Шепель/ және т.б.

Педагогикалық  технология – ғылымда  оқытудың тиімді жолдарын зерттеуші және  оқытуда пайдаланатын әдістердің, принциптердің жүйесі, сондай-ақ оқытудың  нақты үрдісі ретінде қызмет атқарады

Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық – бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді. Ол өзімен бірге дәстүрлі формаларды қайта қарау және қайта құруға, дәстүрлі емес формаларды шығармашылыпен іздестіруге ықпал етеді. Сондықтан оқушылардың оқудан тыс әрекеттері нақты мақсатты көздейді. Белгілі бір нәрсеге қатысты нақтылы қарым-қатынасты дамыту: музыкаға, қылқалам, табиғат, кітап оқуға т.б. Осыған байланысты ұйымдастыру формасы таңдалады: тәрбие сағаты, пікірталас, оқырмандар конференциясы, лектория, саяхат, мектеп балы т.с.с.  Содан кейін барып оқушылардың жас және дара ерекшелігіне, сынып жағдайына байланысты нақтылы тақырып атауы анықталады. Мысалы, «Адамға музыка не үшін қажет?» - пікірталас, «Оқуда менің жетістігімді кім анықтайды»- тәрбие сағаты, «Қоғамдағы өзгеріс, оған менің көзқарасым» - дөңгелек үстел, «Батыл да, күшті, ептілер» - спорттық ойын т.с.с. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы қаншалықты әртүрлі болған сайын соншалықты мақсатқа жету және тәрбие міндеттерін орындау жеңіл әрі жемісті болады.

Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының маңызы, тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы тәрбие жұмыстарын жоспарлауда сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, балалардың жас және дара қасиеттерін ұйымдастыру жұмыстарындағы іс әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі.

Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілеттерін дамыта түсерліктей болғаны жөн. Ондағы материалдың мазмұндылығы, идеялық және әдістемелік сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастырылу тәсіліне байланысты.


Директордың бастауыш сыныптар бойынша орынбасары, әдістемелік бірлестік жетекшісімен кездесу (оффлайн немесе онлайн).

(Мектеппен қарым-қатынас жасау мүмкін болмаған жағдайда аталған кездесу міндеттелмейді


Д.М Карбышев атындағы номері

№16орта мектебі




Күнделік

1

-әр пән бойынша білім мазмұнының ерекшеліктеріне зерттеу (білім мазмұнының мемлекеттік стандарты, оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқулық, тақырыптық-күнтізбелік жоспар.

Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты: 1) орта білімнің базалық (міндетті) мазмұнының жалпы нормаларын, құрылымы мен құрамын анықтайды; 2) білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемін, білім беру процесін ұйымдастыру жағдайларын, білімді бақылау мен бағалау жүйесін регламенттейді; 3) жалпы орта білім беретін ұйымдарда білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді; 4) білім беру процесін жүзеге асыру жағдайларына: мемлекеттік бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, жалпы орта білім беретін ұйымдардың материалдық-техникалық базасын және білім алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды нормативтік қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет