Сабақ беріп көру практикасы



бет4/15
Дата28.01.2022
өлшемі444,5 Kb.
#115415
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Ниязметов Санжар практика
3 дәрістер жинағы
Таным дегеніміз — қоршаған дүниені тануға және бұл дүниедегі өзін-өзі тануға бағытталған адам қызметінің арнайы түрі. Таным қызметі сезім органдары арқылы ақпарат алу ( сезімдік таным), алынған ақпараттарды ойлау арқылы қорыту (рационалды таным) және нағыздықтың тануға болатын бөліктерін материалдық игеруді (қоғамдық практика) біріктіреді.

Түйсік дегеніміз — заттың белгілі бір сапалық жағын алдыға қойып көрсетуден тұрады. Ол сырттағы заттың сезім органдарына әсер етуінің негізінде пайда болады. Көру түйсігі бізге заттың формасы, оның түсі, ашықтығы туралы мағлұматтар береді.

Қабылдау дегеніміз — зерттелінетн объектінің тұтас бейнесі, ол бірнеше сезім органдарының бірлесіп жұмыс атқаруынан пайда болады. Қабылдаудың негізінде түрлі түйсік түрлері қабысады. Бірақ ол қарапайым механиқалық жиынтық емес, ол — синтез. Түрлі сезім органдарынан келіп түскен түйсіктер қабылдауда біртұтас, толық заттың сезімдік бейнесін алдыға алып келеді. Сонымен көрудің және түсінудің негізінде форманың мейлінше тұтас бейнесін және заттың бояуын көз алдыңа келтіреді.

Түйсік және қабылдаудың жиынтығынан түсінік туады. Түсінік дегеніміз — өткен уақытта сезім органдарына әсер етіп, қазіргі сәтте қабылданбайтын заттың талданып, қорытылған сезімдік бейнесі. Егер түйсік пен қабылдау адамның затты көрген кезінде жүзеге асырылатын болса, түсінік затпен тура қатынас жасау арқылы пайда болмайды. Белгілі бір уақыттан кейін белгілі заттың бізге қалай әсер еткенін, оның бейнесін есімізде сақтай аламыз. Мысалы, белгілі бір уақыт өткеннен кейін алма туралы біз оны қолымызға ұстағандығымызды, артынан оны жегендегімізді еске түсіре аламыз. Сонымен, түсінік дегеніміз — сезімнің көрнекі сипатына орай таным деңгейлерінің алғащқы қадамына жатады. Сонымен қоса түсінік сезімдік танымнан рационалды танымға өтетін көпір міндетін атқарады.




Практикадан өту кезеңі

1-апта

Бастауыш мектептің әрбір сыныптарының оқу — тәрбие жұмыстарының мазмұны және ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысу (оффлайн немесе онлайн)..

(Мектеппен қарым-қатынас жасау мүмкін болмаған жағдайда танысу материалдары интернет ресурстардан алынады)


Тәрбие үдерісінің басты кезеңі іс-әрекет қаншама ғанибет сұхбат, кеңес, түсіндірулер мен уағыздар болғанымен, олардан түсер нәтиже жоқтың қасы. Егер бала өз еркіндігін дербес жәрия ету мүмкіндігінен ажыралса, егер ол қателесіп, сұріне "маңдайын жарға ұрмаса", егер ол іс-әрекетке тікелей араласып тәжірибе топтамасы, әрекет-қылықтың көзделген нұсқау-талаптарын ұқпайды. Осыдан да балаларға барын-ша мол ақылға сай еркіндік беріп, олардың қылық-әрекетін іспен байланыстыра, білдірмей әрі әдептілікпен түзетіп, рет-теп бару қажет. Тұрмыста, мектеп тәжірибесінде бұл тәрбие кезеңі таза күйінде дербес өтпейді, ол әрдайым көзқарас, на-ным, сезімдерді қалыптастыру істерімен бірге орындалып ба-рады. Тәрбие үдерісі құрылымында педагогикалық мақсатқә сай, жоғары деңгейде ұйымдастырылған бала іс-әрекетіне, тәжірибелік жұмыстарына неғұрлым көп мән берілсе, тәрбие тиімділігі соғұрлым арта түседі.

Сонымен, тәрбие үдерісі барша кезендерді өтуі тиіс, сон-да ғана ол тиімді. Ал нәтижелілікке сүйеніш болар кезеңдер - білім, наным, сенім - тұрмыстық іс-әрекетпен ажыралмас байланысты болуы заңдылық.

Білім беру  технологиялары және оны  оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет