Сабақ Білім күні. Фонетика. Тыңдалым. Оқылым. Білім күні



бет3/4
Дата23.08.2017
өлшемі0,55 Mb.
#25216
түріСабақ
1   2   3   4
6-сабақ

Тыңдалым.

Анашым

Жер бетіндегі ең әдемі сөз – ана. Адам алғашқы сөзін осыдан бастайды. Ананың қолы ең аялы қол. Ол нені болса да істей алады. Ананың жылы сөздері қуат, күш береді. Біз өз анамыздың ақ сүтін ақтауымыз керек. Аналарымызды ардақтап, құрметтеуіміз керек. Біз алысқа кетсек, ол әрқашан бізді ойлап, уайымдайды. Ол бүкіл өмірін балаларына арнайды.

Мен «анам аман болса екен» деп үнемі тілеп жүремін.
Оқылым.

Менің анам.


Менің анам Павлодар қаласының №41 мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. Ол өзінің оқушыларын өте жақсы көреді. Биыл оның сыныбында отыз оқушы. Оқушыларының жартысы оқу озаттары. Анамның аты – Шолпан Елемесқызы. Оның көзі, шашы қара. Орта бойлы, аққұба адам. Ол кісі өте мейірімді, жұмыста оны бәрі сыйлайды.

Біз де анамызды құрметтейміз. Менің анам тамақты өте дәмді пісіреді. Ол сурет салғанды, ән шырқағанды ұнатады. Үйде жүргенде көбіне әндетіп жүреді. Оның салған суреттері менің бөлмеме сән беріп тұр.


Сөздік:

Күш, қуат - сила, энергия

Уайымдау - переживать

Арнайды - посвящает

Үнемі - постоянно, все время

Оқу озаттары - ударники

Мейірімді - добрая
Айтылым.


  1. Мәтінді түсініп оқы.

  2. Мәтінде кім туралы айтылаған?

  3. Мәтіннің көмегімен өз аналарың туралы әңгімелеңдер.

2. Төмендегі сұрақтарға жауап бер:

Сенің анаң қандай адам?

Ол қайда жұмыс істейді?

Анаңнің жасы нешеде?

Оның шашы, көзі қандай?

Сен анаңа қалай көмектесесің?

Ананы не үшін сыйлауымыз керек?

Сенің қандай арманың бар?
Жазылым.

1 тапсырма. Мәтін соңында берілген сөздіктегі сөздерді пайдаланып, бірнеше сөйлем құрап, дәптеріңе жаз.
2 тапсырма. Төмендегі сөздерді сөз құрамына қарай талда.
Алақанына, ақ сүтіңді, жұмысыммен, үйімнің, жанында, баласын.
Ү л г і: алақанына-алақан (түбір сөз)+ы (т.ж.ІІІ ж.)+на (Б.с.)
3 тапсырма. Мына сөздерге мағыналас сөздерді тауып, жанына жаз:
Мейірімді - Алғашқы -

Ұстаз - Қуатты -

Мереке - Ана -
Тілдесім: Төменде берілген ана туралы мақал-мәтелдерді түсіндір.
1. Анаңды құрметтегенің, алланы құрметтегенің.

2. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.

3. Ана жақсылығын, ауырсаң білесің.

4. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызынан құтыла алмайсың.



5. Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды.



Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет