Сабақ Білім күні. Фонетика. Тыңдалым. Оқылым. Білім күні


-сабақ Тыңдалым. Оқылым



бет4/4
Дата23.08.2017
өлшемі0,55 Mb.
#25216
түріСабақ
1   2   3   4
7-сабақ

Тыңдалым. Оқылым.

Досымның отбасы
Менің досымның аты – Шыңғыс. Ол он үште. Біз бір сыныпта оқымаймыз. Ол жетінші сыныпта оқиды. Бос уақытымызды әрдайым бірге өткіземіз. Біздің ата-аналарымыз да бір-бірімен жақсы араласады. Досымның отбасында төрт адам бар. Олар: әкесі, анасы, қарындасы және өзі. Шыңғыс бос уақытында ата-анасына көмектеседі. Кішкентай қарындасын балабақшаға апарады. Өзі кішіпейіл, үлкендерді сыйлайды. Шыңғыс – жақсы дос.

Жазылым.

1-тапсырма. Төменде берілген сөздердің синонимдік қатарын жаз:
әрдайым –

аты –


көмектеседі –

отбасы –
2-тапсырма. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жасау.


Досым, әкесі.
3-тапсырма. Төмендегі сөздерді құрамына қарай талда.
Оқымаймыз, балабақшаға, үлкендерді.
8-сабақ

Оқылым: Мәтінді түсініп оқы. Мәтінге ат қой.

Мемлекеттік тіл


Менің атым – Жанар. Ұлтым – қазақ. Менің ана тілім – қазақ тілі. Менің досым бар. Оның аты – Елена, ұлты – орыс. Оның ана тілі – орыс тілі. Әр адам ана тілін ата-анасынан үйренеді. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол халықпен бірге жасап, ұрпақтан-ұрпаққа қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі – өте бай тіл. Мен осындай ана тілім барын мақтан тұтамын және оны қадірлеймін! Біз Қазақстанда тұрамыз, біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Қазақстанның әрбір азаматы қазақ тілін білуге, құрметтеуге міндетті.
Сөздік:

ұрпақтан-ұрпаққа – из поколения в поколение

қарым-қатынас – общения

міндетті – обязан


Жазылым.

1-тапсырма. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жаз.
2-тапсырма. Төменде берілген сөздерді септе.
Ата-анасы, азаматы.
Тыңдалым: Өлеңді түсініп тыңда.

Ана тілім

Сол тілменен махаббатқа тіл қаттым,

Сол тілменен талай гүлді жырлаттым.

Сол тілменен сәбилерді сөйлеттім,

Талайлардың көз жастарын құрғаттым.

Сол тілменен аспан көрдім, жер көрдім,

Сол тілменен көгершінге жем бердім.

Сол тілменен дүниеден кетемін,



Сол тілменен дүниеге мен келдім.
9-сабақ

Нәтиже сабақ

Отбасы



Жазылым: Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жаз.
Әр демалысты біз отбасымызбен бірге өтк...зем...з. Әкем мен шешем кезекті демал...сқа шықты. Біз отбасым...збен жылда демал...ға барамыз. Б...ылғы жазғы демалысты Ыстықк...лде өткіздік.
Тілдесім: «Отан отбасынан басталады» деген мақалды қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды дәлелдеп беріңдер.
Оқылым: Мәтінді оқы, мазмұнын айтып бер.
Атам мен әжем ауылда тұрады. Олардың үш ұлы, төрт қызы бар. Менің әкем – ұлдарының кенжесі. Атам мен әжемнің он екі немересі бар. Жазда мен атам мен әжемнің үйіне барамын. Үйдің алдында үлкен бақ бар. Бақта түрлі жеміс ағаштары өседі. Жазда біз бақта жұмыс істейміз. Кешке жақын бәріміз жиналып, атамның әңгімесін тыңдаймыз. Біз атам мен әжемді жақсы көреміз.
1-тапсырма. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайында.

2-тапсырма. Мәтіннен септік жалғауы бар сөздерді теріп жаз.
3-тапсырма. Мына сөздерге фонетикалық талдау жаса.
Ауылда, жұмыс, үш.
10-сабақ

Оқылым: Мәтінді түсініп оқы.

Менің отбасым қай тілде сөйлейді?
Біздің отбасымызда 6 адам бар. Мен өз отбасымды өте жақсы көремін және құрметтеймін. Біздің үй қашан да думанға толы. Менің атым – Айгүл. Мен өз ана тілімді өте жақсы көремін. Біріншіден, ол менің ана тілім. Менің отбасым қазақ тілінде сөйлейді. Қазақша кітап, газет, журналдарды көп оқимыз. Біз өз тілімізді қастерлейміз. Атам маған «Тіл әрбір адамда ана сүтімен бірге еніп қалыптасады»,-дейді. Қазақ тілі – атадан балаға қалып отыратын баға жетпес мұра.
Жазылым: Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаз.
Әр халықтың ... ... ... болады.

Қазақ тілі - ... бай тіл.

Мемлекеттік тіл - ... тілі.

Тіл - ... құралы.


Тілдесім: Сұрақтарға жауап бер.
Сенің отбасың қазақ тілінде сөйлей ме?

Сен қанша тіл білесің?

Тағы басқа қандай тілдерді үйренгің келеді?

Отбасыңда қандай газет-журналдарды оқисыңдар?



Тіл туралы қандай мақал-мәтелдерді білесің?
Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет