Сабақ: Ғылыми жаңалықтар (ашулар) мен технология



Дата25.08.2017
өлшемі116,7 Kb.
#27562
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

САБАҚ: Ғылыми жаңалықтар (ашулар) мен технология



Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 25.04.2017ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Турлыбекова С.К.

Кәсіби даму мақсаты

Оқушылардың шығармашылық қабілетін жазылым дағдысы арқылы қалыптастыру

Сынып: 8 А

Қатысқан оқушылар саны: 20

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ғылыми жетістіктер

Оқу бағдарламасына сілтеме

Т/А6. Сөйлеу мәдениетін дамыту

ӘТН2 Орфоэпиялық норма



Сабақтың мақсаты

Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу.

Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану



Жетістік критерийлері

Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай біледі.

Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады.



Тілдік мақсаттар

Менің ойымша...

Себебі...

Мына дәлелдерді айтар едім...

Менің ұсынысым...т.б.



Сабақта қамтылатын құндылықтар

Өмір бойы оқу: білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу

Пәнаралық байланыс

физика

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдалану үшін интербелсенді тақтаны қолданады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Мәтін тақырыбын және негізгі ойды анықтау дағдылары қалыптастырылды.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

5 минут

І сабақ Қызығушылықты ояту.

http://kazakh-tv.kz/kz/programms/viewArchive?id=15137 1:50

Сабақтың мақсаты таныстырылады.



10 минут


5 минут

10 минут

10 минут


10 минут
15 минут

5 минут

5 минут



Мағынаны тану кезеңі.

«Ақылды роботтар» туралы екі түрлі бейнебаян көрсетіледі.

Нұсқаулық

  1. Мәтіндерді мұқият тыңдаңыздар.

  2. Негізгі ақпараттарды жазып алыңыздар.

Жеке тапсырма.

SWOT тәсілі бойынша талдау жасау.

1.Күшті тұсы

2.Әлсіз тұсы

3.Мүмкіндігі

4.Қатері

« Карусель» жұмыстарымен танысып, ұнаса V белгісін қойып кетеді.
Сынып оқушылары санамалау арқылы 3 топқа біріктіріледі.

Тапсырмаға кіріспе. Ноутбуктен (әр топқа 2 ноутбук)

С. Ғылыми жаңалықтар (ашулар) мен технология туралы көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер мен аргументтер іздестіреді.

Мысалы:



"Ғылым - теңіз, білім - қайық."

"Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім."

"Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын."
Көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді қатыстырып, ғылыми жаңалықтарға байланысты сөйлем құрау тапсырылады.

Бағалау.

«Үш шапалақ»
ІІ сабақ

Алған ақпараттарын қолданып, «Фишбоун» арқылы талдайды.


Тапсырма

Пікірталас

1-топ: «Қазақстанда ғылым мен білім, техника саласы неліктен дамымай жатыр?»

2-топ: «Қазақстан азғана жыл ішінде ғылым мен техникада жоғары жетістіктерге қол жеткізді»

3-топ: Сарапшы топ. Топ мүшелерінің саны тақ болу керек.





  • 1 және 2 топ өз көзқарастары мен ұстанымдарын қорғау үшін жобалық жұмыстар әзірлейді. Екі топтың да мақсаты Сарапшы топтың алдында өз көзқарастары мен ұстанымдарын сенімді дәлелдеп, олардың дауыстарына ие болулары керек. Қай топ көп дауысқа ие болса, сол топтың жұмысы жемісті болды деген сөз.

  • Сарапшы топтың қызметі– жобалық жұмысты қорғау кезінде сұрақтар қоюы, кейін өзінің қай топты таңдағанын және оны неге таңдағаны туралы дәлелдеп бере алуы керек. Сондай-ақ екі топты табыс критерийлері бойынша бағалап, мұғаілмге тапсыру.

  • «Сырт көз» бұл мұғалімнің сарапшылардың жұмысын бағалауы.

Ол сарапшылар қаншалықты сұрақ қоя алды, қаншалықты әділ баға береді. Өз таңдауларын ашып айта алды ма деген тәрізді қадағалау жасайды.

Жетістік критерийі: (әрқайсысына мах 3 ұпай)

1. Түрлі көзқарастар айта алуы;

2. Нақты дәлелдер мен мысалдар келтіруі;

3. Қорғау кезіндегі спикерлердің тілдік байлықтарының молдығы (көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді), тіл тазалағы;

4. Сарапшылардың сұрағына тез әрі нақты жауап беріп, шешім қабылдауы.

Тапсырмадан соң:

2 топ өз жобаларын қорғап болған соң, сарапшы топтар өз пікірлерін айтып, екіге бөлініп тұрған топтың бірін таңдап, солардың қасына барып тұрады.



ҚБ: табыс критерийі бойынша бағаланады.

Кері байланыс:
«Блоб ағашы»




Бейнебаян

дар

Ноутбуктер



А3 парағы

Бағалау парақтары

Кері байланыс парағы



Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия БББК
Үйге тапсырма: Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қайталап келу.


слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Топтар бір-біріне қолдау көрсетеді.

Нәтиже бойынша ажырату, себебі: кейбір топтардың басқаларға қарағанда мәтін жайлы ақпараты аз болуы мүмкін.

Оқытушы әрбір «эксперттің» өздерінің мәтіндерінің не туралы екенін білетіндігін тексереді, себебі: олар жаңа топқа ол туралы баяндайды және түсінбей жатса түсіндіреді.


Меңгеруді бақылау.

Сұрақ және жауап.

Өзара кері байланыс.


Топтарда жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.)

Сұрақтарға жауап беру үшін кезектер алу және жаңа топтарға баяндау үшін жазбалар жазу арқылы басқаларды тыңдау.





Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?



Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Бүгінгі сабақтың оқу мақсаты оқушыларым үшін қолжетімді болды. Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерін тиімді қолдануды үйренді.
Сынып оқушылары жұпта, топта ынтымақтаса жұмыс жасады.
Тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай құрастырғандықтан, қабілетті оқушылар өз сыныптастарына көмектесе алды.
Жоспарланған тапсырмаларым уақытылы орындалды.

Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: SWOT талдау

2:АКТ мен жұмыс

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет