Оқушылардың көпшілігі: кеңістік перспективалы пейзаждарды суреттеп, табиғат нысандарының түстерін анықтап, №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындай алады.
Кейбір оқушылар:кеңістік перспективалы табиғат көрінісін бейнелегенде қанық және қанық емес түстерді таңдап, өзінің шығармашылық ойын түсіндіре алады.
Оқушылар «Менің туған өлкем» (2-сынып), «Жанды табиғат» (3-сынып) тақырыптары арқылы және түстердің қасиеті, сызықтық перспектива, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары туралы меңгерген білімдерін пайдаланады.
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Сабақтың басында тақтаға кеңістік перспективасы айқын көрінетін еліміздің табиғат көріністерінің фотосуреттерін іліп қоюға болады. Қазақ халық музыкасын ақырын ойнатып қойған дұрыс. Оқушыларды олар тек еліміздің табиғатын ғана емес, сондай-ақ әсерлі табиғат көрінісін бейнелейтіндеріне бағыттау керек.
Қазақстандық пейзажшылардың жұмыстарының репродукциялары мен еліміздің табиғат көрінісінің фотосуреттері.