Сабақ ҚЫСҚамерзімді жоспар 1-бөлім. Менің Отаным Қазақстан


Алған білімнің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу



бет4/95
Дата19.02.2023
өлшемі217,13 Kb.
#169299
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95
Байланысты:
ҚМЖ 4-сын. ТОЛЫҚ
ТОП 20-14 Шорабек Жансая СӨЖ реферат, карла циклограмма - 4 жас (1), 1-2023-32-001786360-2-1, Мамандыќ 0314002 «Бастауыш жалпы білім беру»-emirsaba.org (1), Целиноград оқиғасы
Алған білімнің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Қазақстанның табиғаты, оның географиялық нысандары туралы меңгерген білімдері оқушыларға еліміз бойынша саяхат жасағанда керек болады.
Сонымен қатар басқа елдердің өкілдерімен қарым- қатынас жасағанда, әрбір адам елі, оның табиғат байлықтары туралы жақсы біліп, оны әдеміліп баяндай білуі тиіс. Кеңістік перспективасы, қанық және қанық емес түстер туралы меңгерген білімдері оқушылар мұражайға барғанда сауатты көрермен болып, әртүрлі суретшілердің қолынан шыққан жұмыстарды бағалауға мүмкіндік береді.




Материалды түсіндіру

Сабақтың басында еліміздің табиғатын талқылап болғаннан кейін, сызықтық перспектива дегеніміз не екенін, суретші пейзаж салғанда сызықтық перспекти- ваның қандай ережелерін пайдаланатынын еске түсіреді.
Одан әрі мұғалім оқулықтағы «Пейзаждағы кеңістік перспективасы» тақырыбындағы материалдарды пайдаланады. Мұғалім тақтада оқулықтағы сызықтық перспективасының мысалдарын сызып көрсетсе тіпті жақсы (оқулықтың 6-беті). Оқушыларға: «Суретші алыстағы заттар алдыңғы қатардағы заттардан үлкен болып көрінсе, кеңістік перспективасын қалай көрсетеді?» деген сұрақ қоюға болады. Ондай жағдайлар жиі болып тұрады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кеңістік перспективасы анық көрінетін пейзаж фотосуреттерін көрсету керек (оқулықтағы суреттерді пайдаланып немесе көлемі үлкенірек суреттерді таңдап алуға болады). Бәлкім, балалардың ішінде кейбірі алдыңғы және артқы қатардағы суреттердің айырмашылығын анықтап қалар. Егер балалар сұраққа жауап беруге қиналса, онда мұғалім түс үйлесімі туралы сұрақ қояды, ал балалар алдыңғы және артқы қатардағы заттардың түсін анықтайды. Енді мұны істей алады, өйткені бұл кезге дейін қанық және қанық емес түстермен танысты (алыстағы заттар қанық емес суық түсті, ал жақындары қанық әрі жылы түсті болады). 7-бетте берілген кеңістік перспективасының құбылысы осы. Одан әрі кеңістік перспективасы анық көрінетін бірнеше пейзаж репродукцияларын көруге болады. Балалардың назарын тек кеңістік перспективасына ғана емес, сондай-ақ сызықтық

Оқулық.
4-сыныпқа арналған CD- диск.
Әр елдегі пейзажшылардың жұмыстарының репродукциялары мен еліміздің табиғат көрінісінің фотосуреттері.




перспективасына да аудару керек. Егер мүмкіндік болса, онда бірінші сабақтың соңын таза ауада өткізіп, оқушыларға нағыз зерттеушілер тәрізді арақашықтық түстің өзгеруіне қалай әсер ететінін тексеруді тапсырады. Табиғат аясында оқушылар табиғат нысандары шынымен де алыстаған сайын түсін өзгертетініне көздері жетеді. Егер сабақта мұғалім бәрін түсіндірсе, онда экскурсияда оқушылар өздері тәжірибе жасайды. Олар ағаш діңінің, таулар мен жоталардағы, ғимараттардың түсі қандай болатынын өздері айтсын.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет